Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 07:51, лекция
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.
Сақтандыру компаниялары
Сақтандырудың экономикалық мәні.
Сақтандырудың даму тарихы.
Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар.
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі.
Сақтандырудың даму тарихы.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық
ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды,
мүліктерді, өндіріс процестерін
қоғамдық және ұжымдық қорғау
болып табылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың
негізгі мақсаты – мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің мүддесін
қорғаудың нақты құралы бола
алатын толыққанды, орнықты жұмыс
істейтін ұлттық сақтық рыногын
қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру
жүйесін құру сақтық қызметі рыногын
сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде
шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен
іске асыруды талап етеді. Бұл қағида
Қазақстан Республикасында сақтандыруды
дамытудың мемлекеттік бағдарламасының
шеңберінде жүргізіледі.
Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
сақтандыру түрлерін нақтылау;
қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық
ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы,
сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы,
сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін
ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жүмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды.