Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 07:51, лекция
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департамаентінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 28,9 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 34 сақтық үйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 – шетелдіктердің қатысуымен және екеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлердің, 30 актуарийлердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитын жүзеге асыруға лицензиялары бар.
Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіп орындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең щеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру сертификаты – сақтандырушы сақтанушыға бас полистің күші жүретін жекелеген жүктің сақтандырылғанын растау ретінде беретін құжат.
Сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық С.ш. болуы мүмкін.
Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, сақтанушыға шартта уағдаласылған сақтандыру жағдайы басталғанда келтірілген зиянды өтеуге немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенген мамандандырылған ұйым (мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, аралас ұйым).