Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:30, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

5
1.1
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
5
1.2
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
7
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
17
2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

22
2.1
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
22
2.2
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау

32
2.3
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы

44
3
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары

3.1
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары

3.2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

cҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

         С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

 

Ескендирова Л.Д.

Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу

(Павлодар обылысының  мысалында)

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

мамандығы 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар

2010

 

 

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

 

        С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті                                                                                                                                         

Кафедра _________________________________________________

Қызметтік қолдану үшін (қажет жағдайда)

                      

 

Қорғауға жіберілді

«___»_______20___ж.

Кафедра менгерушісі ____________ ____________

                                                                                 (қолы)                 (аты-жөні, тегі )

дипломдық жұмыс 

 

      

Тақырыбы ____________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________

мамандығы _____________ ______________________________

                                                                        (шифр)                                                    (атауы)

Орындады                            ______________         _________________

Тобы  ____________                                 (қолы)                                                  (аты-жөні, тегі )

Ғылыми жетекшісі

______________                  _____________        ___________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)                                                      (қолы)                                              (аты-жөні, тегі )

Нормоконтроль                 _____________       ____________________

                                                                                                   (қолы)                                                  (аты-жөні, тегі )

 

 

 

 

\

Павлодар

20__

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің  теориялық аспектілері

 

5

1.1

Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні

5

1.2

Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде

7

1.3

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың  шетелдік тәжірибесі

17

2

Мемлекеттік реттеу –  шағын және орта бизнесті дамыту шарты  ретінде

 

22

2.1

Павлодар облысының  шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы

22

2.2

Павлодар облысындағы  шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау

 

32

2.3

Павлодар облысындағы  шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы

 

44

3

Қазақстан Республикасында  шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары

 

59

3.1

Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары

 

59

3.2

Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде

 

65

 

Қорытынды

80

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

82


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.

Нарықтық экономика  жағдайында шағын және орта бизнес – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика шағын және орта бизнесті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

Жалпы өркениетті елдердің қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын және орта бизнеске арқа сүйейді. Себебі шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар сондай-ақ қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Шағын және орта бизнестің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:

- шағын және  орта кәсіпкерліктің теориялық  алғы шарттарын зерттеу;

- шағын және  орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау  мен зерттеудің құрал-жабдықтарын  анықтау;

- аймақтың статистикалық  деректерінің сараптамасын өткізу;

- шағын және  орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың  әдістерін оңтайландыру бойынша  ұсыныстар жасау;

- шағын және  орта кәсіпкерлікті ынталандыратын  мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың  іс-әрекеттерінің басым бағыттарын  анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Павлодар облысындағы іс-әрект жасаушы шағын және орта бизнес.

Жұмыстың зерттеу  пәні: шағын және орта бизнестің  дамуын мемлекеттік реттеу.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теоретикалық негізі ретінде - кәсіпкерлікті дамыту саласындағы шетелдік және қазақстандық экономист-ғалымдардың ғылыми жарияланымдары болды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, экономикалық және салыстырмалы сараптамалардың әдістері қолданылынды.

Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазіргі таңдағы  еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – кіші және орта бизнесті дамыту. Өйткені  ол әлеуметтік – экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Жекелеген дамыған елдерде кіші және орта бизнес өнеркәсіп өндірісінің 50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына әсіресе мемлекет басым көңіл бөлуде.

Экономиканы реформалаудың  бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық аумақтағы шағын кәсіпкерлікті  қолдау және дамытуға тұжырымдамалық көқарастар жасалынды. Одан әрі олардың негізінде жүйелі түрде қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, нормативті-құқықты база және сәйкес ұйымдық-экономикалық механизімдер құрыла бастады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы Үкімет тарапынан ұдайы түрде бақылау кезінде жүзеге асып отырғанына қарамастан, оның құрылу үдерісі күрделі және қарама-қайшылықты түрде өтуде; өсудің тұрақты үрдісі кезінде шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің саны жалпы өнімнің көлемінің өсуінде, жұмыспен қамту проблемаларын шешуде айтарлықтай еш рөл атқармайды. Шағын бизнес үшін қызықтыратын сауда және қызмет көрсету салалары болып отыр, ал өндіріс, ауыл шаруашылық салаларында шағын бизнес кәсіпорындары үшін тиімсіз немесе мүлдем жұмыс істемейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

 

 

1.1  Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні

 

Экономиканың тұрақты  болуы және оның бәсекелестік сипатын  қалыптастырудың басты күштерінің бірі шағын және орта бизнесті жетілдіру болып табылады. Жалпы шағын және орта бизнесті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

- кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;

- кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық шарттары қалануы керек.

Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін  кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі  формада, түрде, типте болуын қалайды.

Шағын және орта бизнес – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.

Шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс – қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.

Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі шағын бизнес халықтың әл – ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді.

Шағын бизнес субъектілерінің  санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:

- қоғамдық қажеттіліктерді  толық қанағаттандыратын бәсекелестік  және нарықтық қатынастардың  қалыптасуы;

- тауар ассортиментінің  кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру,  оның сапасының жоғарлауы;

- экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;

- өндіріс пен қызмет  көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;

-жеке қаражаттың өндірісті  дамытуға жұмсалуы;

- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;

- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

- еңбекке қоғамның  жекелеген кейбір топтарын тарту;

- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;

- мемлекеттен тиімділігі  және табысы аз кәсіпорындарды  сатып алуы немесе қолға алуы.

Шағын бизнестің осындай басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары шағын бизнесті дамьпу мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Шағын және орта кәсіпорындардың  ірі ұйымдармен тиімді ынтымақтастық  құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мең қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік әртараптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет ереді. Шағын бизнес нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.

Нарықты экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипатын  зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:

- жергілікті жерде  шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;

- шағын бизнес субъектілерінің  іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;

- шешімдер қабылдауда  және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;

- салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;

- жеке тұлғаның өз  идеяларын іске асырудағы зор  мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;

- қорға деген аз  сұраныс, енімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;

- капитал айналымының  жоғары болуы.

Халықаралық еңбек бюросының  баяндамасында шағын және орта кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдыңғы орында тұрады.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу