Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:30, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

5
1.1
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
5
1.2
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
7
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
17
2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

22
2.1
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
22
2.2
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау

32
2.3
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы

44
3
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары

3.1
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары

3.2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

Шағын бизнес субъектілерінің  бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі  кемшіліктері:

- тәуекелдің жоғары  болуы;

- нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;

- ірі кәсіпорындарға  тәуелді болуы;

- басшылықтың біліктілігінің  төменгі деңгейі;

- қаржы ресурстарын  тартудағы қиындықтары;

- істі басқарудағы  жетіспеушіліктер.

Әрине, шағын бизнес субъектілерінің  сәтсіздіктері ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады.

Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздікке  ұшырауы басқарушылық білімнің төмен  болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталуының басты себептері:

- біліктіліктің төмен  болуы;

- тәжірибенің жоқтығы;

- коммерцияда, қаржы мәселесін шешудегі тәжірибенің аздығы;

- бизнеске салқын қарау;

- кәсіпкер денсаулығының  нашар болуы немесе ерсі әдет-қылықтары;

- алаяқтық;

- табиғи апаттар, өрт  және тағы басқалар.

Сонымен катар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебиторлық қарызды өтеудегі қиындықтарды көрсетеді. Сауда саласына жоғарыда аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы және қойма шаруашылығын баскарудағы қиыншылықтар жатады.

Қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім қажет. Кей кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше жағдай да болуы мүмкін.

 

 

1.2 Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде

 

Қазіргі уақытта шағын  кәсіпорындар елде жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды.

Бұл, сөзжоқ, мемлекеттің  салыстырмалы түрде алғанда қысқа  мерзім ішінде елеулі жұмыс атқарғанын куәландырады.

Сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қабылданған шешімдерді орындауға іркілес те байқалды. Бұл жердегі негізгі себеп – бюрократияның жергілікті жерлерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тіркеуден бастап, олардан алымдар жинауға дейін қысым жасауы табылады.

Шағын және орта кәсіпорындардан алым жинау бұдан да нашар құбылысқа айналды. Осы он бес жыл ішінде кәсіпкерлер үшін қылмыстық жүгенсіздік ең басты қауіп – қатер еді. Мемлекет жаппай құбылысқа айналған рекетті ауыздықтады. Бірақ ашығын айтқанда, оның орнына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, шенеуніктердің едәуір бөлігінің бопсалауы бой көтеріп отыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, шағын және орта бизнес өкілдерінің 60%  прокуратура,салық, кеден қызметкерлеріне, толып жатқан бақылаушыларға пара беруге мәжбүр болды. Президент сыбайлас жемқорлықтың осы түрін түп тамырымен құрту жөнінде  барынша қатаң іс-шаралар қолданатынын атап көрсетті.

Мұны істеу  мейлінше қажет.Өйткені кәсіпкерлер  тексеруші органдармен кез келген қақтығыстықтан аулақ болуға тырысатын  болды.

Шағын кәсіпорындардың, сауда нүктелерінің қызметін сотсыз,тергеусіз жауып тастау, тоқтатып қою қалыпты іске айналды. Шағын бизнестің едәуір бөлігінің жасырын салаға кетуіне басқа да себептер болды. Бизнесшілердің көзқарасы тұрғысынан келгенде шағын және орта бизнесті ресмилендіруге қандай жағдайлар қажет? Бірінші орында үш фактор тұр. Олар – кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын пәрменді жүйе жасау, тексеруші органдардың санын азайту және рұқсат беруші құжаттардың санан кеміту. Облыстардағы кәсіпкерлердің 70% шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламасы туралы ештеңе білмейді.

Шағын және орта бизнеске бюрократтық қысым жасау  мәселесі  саяси мәселе сипатына ие. Сондықтан жергілікті өкіметті Президени пен Үкіметтің өкімдерін  орындамағаны үшін қыса беруден ештеңе шықпайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің едәуір артқанына және шағын кәсіпорындардың экономика секторларында анық көпшілік болғанына қарамастан, шағын бизнестің мемлекеттік бюджетке салық түсірудегі үлесі өте аз.

Мемлекет басшысы  шағын және орта бизнестің күрделі  мәселелерінің бірі несиелік ресурстарға қол жеткізудің қиындығы екенін атап көрсетті. Өйткені несие алу үшін  кепілге қоятын балама айлық жоқ. Сонымен қатар несие алғысы келетіндердің қолында нақты бизнес жоспары бола бермейді, бұған қоса білікті менеджерлері де жоқ. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға банктерн де құлықсыз. Осы үшін Үкіметтің несиелік инвестициялық тетіктерді іске қосуы қажет. Шағын бизнеске кедергі келтірілетін нәрселердің қатарына осы бір өзіндік ерекшелігі мен стратегиялық маңызы бар саладағы салық базасына ішінара өзгерістер енгізетіндігі де, кедендік баж салығын да, лицензиялау және сертификаттау проблемалары да жатады.

Сұрау салудың  нәтижелері көрсеткендей, шағын және орта бизнес кәсіпорындары басшыларының үштен екі бөлігі консалтингтік  қызметке, заңгерлік қызмет көрсетулерге, сыртқы нарық туралы ақпараттар алуға мұқтаж болып отырғанын көрсетті. Жоғары атқарушы орган шағын және орта бизнестің өнімдеріне деген біздің кәсіпорындарымыздың сұранысын ұйымдастыруы қажет. Мұны бюджет тарапынан да жүзеге асырған жөн. Әскер, денсаулық сақтау, ішкі істер министрлігі және өздерінің ведомствалары үшін бюджет қаражаты есебінен не қажеттің бәрін сатып алатындардың баршасы да импорттан бас тартуы тиіс. Үкіметтің ең басты міндеті- елдің ішінде және олардан тыс жерлерде кепілдік беретін нарықтарқұру, ірі корпорациялардың өздерінің төңірегінде шағын және орта бизнесті құрып, оның қызметін кең ауқымды пайдалануды ынталандыру.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі  бағыттары:

1 кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуде  кәсіпорынды құру,  кейбір кәсіпкерлік іс түрлерін лицензиялау тәртібі және осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі қаралады. Тіркелмеген кәсіпорындардың табыстары сот арқылы өндіріліп, жергілікті бюджетке беріледі;

2 кәсіпкерлік істің қажетті жағдайы оның лицензиялануы. Кейбір кәсіпкерлік іске лицензия беру тәртібі және жауапкершілігі арнайы заң актілермен тағайындалады. Мысалы тауар биржалары туралы заңмен  лицензия беру тәртібі, жинақтау мен оның күшін тоқтату тауарлық биржаларды лицензиялау Ережесімен анықталады;

3 шаруашылық субъектілерінің монополиялық іс әрекеттерін тежеу және ескеру макқсатында  кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің құқықтық, ұйымдастыру негіздері қаралған;

4 мемлекеттік баға және тарифті реттеуі бойынша қабылдаған нормативтік актілерді бұзғаны үшін мемлекеттік тәртіпті бұзғаны ретінде жауапты;

5 өнімді стандарттау, сертификациялау туралы заңдарды бұлжытпай орындауға жауапты;

6 салық туралы заңдарды орындамағаны және бұзғаны үшін кәсіпкердің жеке жауапкершілігі бар. Ондай тәртіп бұзғандарға  салық  санкциясы қолданылады.

Қазіргі таңда  еліміздегі өзекті мәселелердің бірі-шағын  және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені  ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  дамыту бағдарламасын шешу барысындағы  қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Жекелеген дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп өндірісмінің 50-70 пайызын құрасы, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз аралығында. Біздің елімізде де  қазіргі таңда экономиканың аталмыш секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым көңіл бөлінуде. Елбасы ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасының бөлімдерінің біріелдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршамызға мәлім. Жаңа салық кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы  режимі қарастырылып, банктер тарапынан әртүрлі несиелер берілуде. Осындай қол жеткізген нәтижелерімізді  одан әрі жетілдіру барысында  жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасау керек. Атап айтқанда макроэкономикалық тұрақтылық, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен несиелендіру,  артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі –инфляция қарқының төмен деңгейде ұстау.Инфляцияға қарсы саясатты бюджет тапшылығын неғұрлым төменгі деңгейге жеткізбейінше жүзеге асыру қиын мәселе. Бюджет шығысын бюджет кірісінің негізінде қалыптастыру оның негізгі институты-салық жүйесі арқылы іске асырылады. Бұл ретте салық жүйесі идеологиядан тыс және саяси бейтарап болуы шарт. Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі көрсеткендей, салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге,бюджет кірісін қамтамасыз етуге,қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан мемлекеттер салықтакр, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстау шарт. Сонымен бірге, салық жүйесі салық қатынастарының негізін қалыптастыратын белгілі бір қағидаларға негізделеді. Демек салық салу қағидаларының ғылыми зерделеніп талдануы мен жүйелендірілуі смэкономикалық қатынастар үшін маңызды. Баршамызға белгілі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әділеттілік, қарапайымдылық, үнемділік тәрізді классикалық қағидалардан өзге нарықтық экономикалы өрокениетті елдердің салық жүйесін құруда мынадай қағидалар қалыптасқан:

1 төлем қабілеттілік қағидасы, яғни салық салу ауыртпалығы алынған табыс мөлшеріне байланысты болуы керек;

2 ұтымдылық қағидасы, бұл жерде салықты берілген мемлекеттік игіліктерден барынша көп немесе соған тең түсім алған тұлғалар төлейді.

2001 жылғы 12 маусымда қабылданған  Салық Кодексіне еліміздің өзінің  салық салу қағидалары тұжырымдалған.  Олар:

- салық салудың  міндеттілігі, яғни салық төлеуші  салық заңдарына сәйкес салықтар  және бюджетке төленетін басқа  міндетті төлемдерді толық әрі уақытылы төлеуге міедетті;

- айқындылығы,  яғни салық төлеушілердің салық  міндеттемелерінің туындауының,  орындалуының, тоқтатылуының барлық  негіздері мен тәртіптерін салық  заңнамаларында бекіту мүмкіндігін  көрсетеді;

- салық салудың  әділеттілігі, яғни Қазақстанда салық салу жалпыға бірдей міндетті болып табылады, ал жеке сипаттағы салық жеңілдігін беруге тиым салынады;

- салық жүйесінің біртұтастылығы, яғни  Қазақстан Республикасының  салық жүйенсі бүкіл ел аумағында  барлдық салық төлеушілерге қатысты  біртұтас болып табылады;

- салық заңнамаларының  жариялылығы, яғни салық салу  мәселелерін реттейтін нормативтік  құқықтық актілерін ресми басылымдарда  міндетті түрде жариялануға тиіс


 

1 - сурет – Шағын және орта бизнестен түскен салықтар мен төлемдер және шығару көлемінің динамикасы

 

Қазақстанның  салық салу қағидалары көптегкн талаптарға жауап береді. Дамыған шет мемлекеттер тәжірибесі дәлелдеп отырғандай мемлекеттің экономиканы жанама реттреуі, тікелей реттегенге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Салық салу қағидалары, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдарын ұтымды пайдалана бюілген ретте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өзіндік оң әсерін тигізеді. Мемлекеттің экономикалық қызметі-шағын және орта бизнес өкілдерінің іс әрекетіне араласпай, экономика саласындағы әрекетін ретке келтіріп  отыру. Соның ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Салықтық реттеу экономикаға, экономикалық үрдістерге салық түрлерін, салық ставкаларын. Салық жеңілдіктерін өзгертуге, салық салудың жалпы деңгейін арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал ету, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке тұлға табысының бір бөлігін алу арқылы олардың өндірістік және өндірістік емес мүмкіндігін кеміті арқылы әсер ету болып табылады.

Әлемде еш ойланбастан  басшылыққа алатындай қайта  құрудың  ешқандай да жақсы үлгісі жоқ. Әрбір ел өз экономикасының, құқығының, саясатының, моральінің және халық психологиясы ерекшелігін, әлемдік  шаруашылықтағы өзінің жағдайын ескере отырып, өзінің жеке стратегиясын әзірлеп шығарады.

Реформалау  тәжірибесі адам капиталының жай- күйі жаңа құрылымды, жалпы алғанда нарықтық қайта құруларды жасау жолындағы елеулі фактор борлып табылатынын көрсетеді. Республика халқының едәуір бөлігі жаңа жағдайда іс қимыл жасауға дайын емес болып шықты, олардың тиісті білімлдері, біліктіліктер, кәсіпкерлік дағлылары жеткіліксіз екені анық. Бірінші кезекте бұл басшы буынға қатысты. Ескі директорлық корпустың өкілдері жаңа әдеттепбеген жағдайға қиындықпен үйренуде; олардың экономикалық бет алшысы көбіне өзгере алмай отыр; бұрынғы жұздеген мемлекетртік кәсіпорындардың негізгі назарында нарық және өнімді өткізу мәселелері емес, өндірістік қуаттылық, шығарылым көлемі туралы әдеттегідей уайым ғана тұр. Қазақстандыцқ экономикада нарықтық ортаға дерлік беріле отырып, алдына қойғаны толық нарықтық мақсат емес өндірушінің мүлдем ерекше түрі қалыптасып, бірнеше жылдан бері әрекет етуде.

Шағын бизнес Қазақстан  үшін көкейкесті болып табылатын  жұмыссыздық пен қоғамның әлеуметтік қорғалуы мәселелерін шешуге қомақты  үлес қосуға қабілетті. Экономикадағы  нарықтық қағидаттарды бекітуде оның рөлі едәуір. Шағын өндірістің дамуы  мен қоғам үшін өте қажет нарықтық ой пікір мен бірілнің таралуы. Нарықтың бағыттың орныңып бекуі, халықтың иек артатын дәстүрлі өмірлік ұстанымы және оның мемлекет тарпынан көмек пен қолдауға деген бағдары жойылуы тиіс. Жаңап негізде шаруашылықты дамыту үшін бәсекелестікті ьжандандыруда шағын және орта бизнестің едәуір әлеуетінің елеулі мәні бар. Әлемдік нарықтарды. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді бекіту, зеттеулер көрсеткендей ел ішіндегі бәсекелестікті дамыту дәрежесіне тікелей байланысты. Көптеген нарықтарда монополиялар үстемдік құрып отырған біздің жағдайда бәсекелестік катализаторы шағын және орта кәсіпорындар болуы мүмкін және болуы тиіс.

Отандық шағын  бизнестiң дамуындағы 15 жьлға жуық уақытта Қазақстанда кәсiпкерлiк  жеткiлiктi түрде дамыған жоқ, оньщ алдында 5 жьл бойы кооперативтiк қозғaлысты дамыту жьлдары өттi. Кәсiпкерлiк жiктің басым бөлiгi өз стратегиясын нақты өндiрiске көшуге мүлдем бағыттамастан, өз бизнесiн сауда-делдалдық салада құруды жaлғастыруда.

Шағын бизнес кәсiпорындарыньң үлес салмағы елдiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi жалпы санының басым бөлiгiн алып отырғанымен, ЖІӨi үлесi бар болғаны-20 пайыз бюджетке түceтін салықтық түсiмдердегі үлесi -10 %-ға жуық.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу