Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 18:37, реферат

Описание

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

шетел инвестиция.doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда айтылған шаралар, мемлекеттің шетел капиталын тарту саласындағы саясатын жүргізуге жол ашады. Ол шетел инвесторлары мүддесімен ұлттық мүдделердің байланыста болуына көмек береді./34, 23 б/.

Шетел капиталын тарту саясаты Қазқстан дамуының жалпы экономикалық стратегиясынан бет алады. Бұл стратегияда ұзақ мерзімді перспективадағы құрылымдық қайтақұрудың басым жақтары айқындалған. Шетел капиталы экономиканың басым салаларында жеке секторлардың дамуында маңызды орынға ие болуы қажет, болашақта жағымсыз процестердің болуына жол бермеуі тиіс.

 

3.2 Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары

 

Бірлескен кәсіпорындардың кемшілігіне қазақстандық кәсіпкерлер -  қатысушыларының кәсіпорынды басқару деңгейінен айрылуын жатқызуға болады. Табыстың маңызды бөлігі шетелдік инвестор меншігіне айналып,  ол жарғылық қордағы үлесіне сәйкес пропорционалды түрде төленеді. Осымен байланысты бірлескен кәсіпорындар құруға жаңа жолдарды іздестіру, олардың қызмет түрін тұтас өзгерту мәселесі туындап отыр.

Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие емес салаларда (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету) шетел капиталына жататын шағын және орта кәсіпорындарды құруға бет - бұрыс берілуі керек.

Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.

Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел капиталын тарту үшін қажетті құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында “Шетел инвестициялары туралы” Заң қабылданған. “Шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен келісім жасауда жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және оны беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты - маңызды өндіріс пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық белсенділікті көтеру мәселесін шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар ағымына қолайлы жағдай жасау.

              Шетел инвестициялары ағымын ынталандыру бойынша жүргізіліп отырған іс - шаралар арқасында капитал салымы көрсеткіштері жоғарлауда. Бұл инвестициялық ахуалдың жақсаруын, іскерлік белсенділіктің жоғарлауын,  біздің елімізге шетелдік және отандық инвесторлар жағынан сенімділіктің өсуін дәлелдейді. Жағдайды жақсартуда инвестициялар жөніндегі Комитеттің құрылуының маңызы өте зор. Сонымен бірге, Қазақстанға шетел капиталын тарту көлемі республика экономикасында ірі құрылымдық қайтақұруларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз, олардың қолданылу бағыты мен тиімділігі қоғамдық мүддеге сәйкес келмейді.

 

Фактор атауы

Балл саны

Фактор категориясы

Саяси тұрақтылық

Экономикалық тұрақтылық

Заңнамалық тұрақтылық

Табиғи ресурстар байлығы

Перспективті нарықтық потенциал

Салықтық жеңілдіктер

Еңбек ресурстарының төмен құны

Еңбек ресурстарының қажетті білім деңгейі

31

14

6

31

27

3

19

14

1

4

5

1

2

6

3

4

 

Сурет 4. Әсер етуші позитивті факторлар.

              Сурет 4 қарасақ, Қазақстан Республикасының инвесторлары үшін басты тартымдылық - оның саяси тұрақтылығы, табиғи және шикізат ресурстарының төмен құны, экономикалық тұрақтылық және жоғары сапалы еңбек ресурстарының болуы. Қазақстан бұл салада көп іс атқарғанымен, респонденттерді елдің заңнамалары мен салық жүйесіндегі жеңілдіктер қызықтырады.                                                                                

              Әсер етуші негативті факторларды бағалау бойынша сұраунаманың нәтижесін сурет 5 қарастырайық. Барлық факторлар үш категорияға бөлінген: тежеуші күшті факторлар, орташа факторлар, әлсіз факторлар.

 

Фактор атауы

Балл саны

Фактор категориясы

Дамымаған өндірістік инфрақұрылым

Дамымаған құқықтық инфрақұрылым

Дамымаған әлеуметтік инфрақұрылым

Салықтық режим

Тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы

Бюрократизм

Нарық мамандарының жетіспеушілігі

Мемлекеттің геосаяси жағдайы

Ақпараттың жоқтығы

Саяси тұрақсыздық

Мәдени және тілдік тосқауылдар

18

26

11

33

30

32

13

3

3

2

1

2

1

2

1

1

1

2

3

3

3

3

 

Сурет 3. Әсер етуші негативті факторларды бағалау

Сөйтіп, респонденттердің пікірінше, инвестициялық процесті салық режимінің, бюрократизмнің әлсіздігі, тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы, дамымаған құқықтық инфрақұрылымның болуы тежейді.

Шетел инвесторы үшін басты тәуекелдердің бірі – құқықтық тәртіпсіздік. Бұл тұрақты заңнамалық режимнің қажеттілігін айқын көрсетеді. Соңғы кезде меншікке, инвестициялық қызметке, салық салуға, пайдалы қазбаны қолдануға қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін бірқатар жарлықтар қабылданған. Бірақ реформалық жарлықтардың өзі, шетел инвесторымен кең ауқымды қызметті қамтамасыз ету үшін жеткілікті құқықтық акт ретінде қабылданбайды. Шетел инвесторы үшін қабылдайтын мемлекетте заңның Президенттен жоғары болуы маңызды мәнге ие./36, 23-56 б/.

Бізде заңның девальвациясы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициялары туралы” Заңы шетел инвесторлары үшін ұлттық режимді көздейді, яғни ұлттық және шетел инвесторларының қызмет шарттарын теңдестіреді. Біздің заңнамаларымызда отандық кәсіпкерлер үшін протекционистік шаралар қолданбаған. Бұл дамыған батыс елдерінің заңнамаларына тән емес белгі.

Бюрократизм, жемқорлық – шетел инвесторларының келуін тежеуші фактор. Қазіргі таңда көптеген құрылған алып бірлескен кәсіпорындар әрекетсіз, тек жаһан бизнеспен – мұнай, газ, энергетикамен байланысты кәсіпорын ғана қызмет етуде. Экономикада басты рөлге шағын және орта бизнес ие.

Тікелей шетел инвестицияларының теориялық пайдасының тәжірибеге сәйкес келмеуін келесі мысалдардан көруге болады: инвестор жергілікті жұмыс күшінің орнына өз елінен оны импорттайды.

Мемлекетке жаңа технологияның тартылуы әлсіз. Көбінесе инвесторлар өндірістік ақпаратты жаңартуға ынта танытпайды. “Ноу - хау” деңгейіндегі күрделі капитал салымдарының жоқтығы инвестициялардың қысқа мерзімді сипатқа ие инвесторлар мүддесін растайды.

Сөйтіп, тікелей шетел инвестицияларын тарту саласындағы жағдай статистика көрсеткіштеріне қарамастан, қолдаушылықты қажет етеді. Екінші жағынан, бұл жағдайды өзгерту үшін іс - шаралар қолдануда.

Қазіргі таңда тікелей шетел инвестицияларын мұнай саласына тарту керек. Менің ойымша, Мексиканың тәжірибесін кең ауқымда қолдану керек: инвесторларды игерілген кен орындарына емес, ізденіс жүргізу орындарында өнімді бөлу әдісі бойынша кен орнын жөндеу құқығын беру арқылы тартты. Біздің республикамыздың мұнай - газ потенциалы әлі де игеруді қажет етеді. Ол үшін ірі капитал салымын талап ететін кеңейтілген ізденіс жұмыстары қажет.

Негізгі бағыт әрине дайын өнім өндірісі саласына шетел инвестицияларын тарту. Бүгінгі таңда Қазақстан руда, минералды шикізат, жылу - энергетикалық ресурстардың үлкен қорына, бағалы металдың үлкен қорына ие. Машинажасау базасының, жоғары тауарлық дайындыққа ие өнімді шығару өндірісінің жоқтығы. Республикада ғылымды қажет ететін, техникалық күрделі өнімді өндіретін сала дамымаған, химиялық өнеркәсіп потенциалы, ауыл шаруашылық өнімнің қайта өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.

Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тежеуші факторларды жойып, қолайлы жағдай жасайтын факторларды дамытуға ұмтылыс таныту қажет. Негізгі жағдайлардың бірі - салық заңнамасын жетілдіру, себебі инвесторлар тұрақсыз заңнамалық база туралы айта отырып, салық Кодексін немесе кедендік реттеуді есепке алады. Менің ойымша, нарықтық экономиканы реттеуші ретінде, салық салу және кедендік салымдар жүйесін қолдану ұстанымы жағынан, нақты және тізбекті салық пен кедендік саясатты құрастыру қажетттілігі туындады.

Қазақстанда атқарушы құрылымдардың пайдасыз звеноларын тізбектей қысқарту. Осыған байланысты, менің ойымша, инвестициялаудың жалпы процесі мен онымен байланысты звенолардың өзара іс - әрекет ету тізбесін құру қажет.

Қазақстанның әлемдік аренада рейтингі жоғарлауда. Республика Үкіметі оны күшейту үшін іс - шаралар жасауы керек. Бюрократизмді тудыратын барлық факторларды жоюға қол жеткізу керек. Заңнамалардағы бұзушылықтар жойылуы тиіс.

Перспективада, Үкіметке республика халқының әл - ауқатын көтеру және экономиканың балансталған дамуына өз үлесін енгізуі үшін инвестициялық климатты жақсарту, сала және аймақ бойынша инвестициялық ағымды реттеу бойынша басталған жұмысты жалғастыруы керек./32, 56-63 б/.

Қазіргі таңда, Үкімет инвестициялар жөніндегі Комитетке Қазақстанға шетел инвестициясын тартудың біртекті стратегиясын құрастыруды тапсыруы  керек. Республикаға өз қорларын инвестициялауды көздейтін жеке мемлекет пен компаниялардың мамандандырылған және технологиялық даму деңгейімен таңдалынған экономикалық басымдықтарды байланыстыруы қажет. Осыған байланысты Қазақстанның салыстырмалы артықшылықтары есебімен инвестор үшін тартымды аймақ пен саланы анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу керек.

Менің ойымша, экономика құрылымын рационалдау мақсатында, тікелей шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды өндіріс пен экономиканың басым секторларын қалыптастыру және реттеу жүйесін әрқашан жетілдіріп отыру қажет.

Қазақстан экономикасы инвестицияны қажет етуде. Терең инвестициялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру керек. Болжам айтушы экономистердің пікірінше, 1991 жылғы деңгейге жету үшін ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4 пайыз болатын 7 - 8 жыл қажет. Бір уақытта оның материалдық - техникалық базасын жетілдіру, құрылымды қайтақұру керек. Өткен жүйеден қалған мұра болып табылатындықтан, бұл мәселені капиталды қажет ететін құрылысты жүзеге асыру негізінде шешу қажет.

Қазіргі таңда, Қазақстан өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру әдістері, жаңа техника - технология негізінде өз экономикасын кең ауқымда жөңдеу жұмыстары және ірі құрылымдық қайтақұруды жүргізу үшін қажетті инвестициялық қорларға ие емес. Қазақстанның бәсекеқабілетті тауарларды өндірмеуі мәселені күрделендіре түсуде: көлік құрал-жабдық, трубалар, конструкторлық материалдар, т.с.с.

Сөйтіп, шетел инвестицияларын тартудың негізгі стратегиялық және ағымдық мақсаттарына келесілер жатады:

1) экономиканы тұрақтандыру мен динамикалық дамуы үшін қажетті қосымша инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;

2) ел экономикасына шетел инвесторлары сенімділігінің жоғарлауы;

Информация о работе Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары