Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 18:37, реферат
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді.
Қазіргі келісімдерде әр түрлі шетел инвестицияларының шарттары кездеседі: концессиялық келісім, бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім және өңдеуші сектордағы өнімді бөлу.
Қазіргі концессиялық келісімдер басқа нысандар белгілерімен сәйкестендіріліп, Қазақстанға Каспий теңізінде Батыс Қазақстанның, Қызылорда және басқа шалғай орналасқан аймақтарда көмірсулар мен химиялық шикізат орындарын, шельфтерді игеру және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін.
Өнімді бөлу туралы келісімдер экспорттық салаларда, әсіресе, мұнай -газды игеру, мұнай өңдеуші өнеркәсіпте, металлургияда қолданылады.
Техникалық қызметтер туралы келісімдер, қазіргі таңда, әлемдік нарыққа шығу үшін халықаралық мәнге ие темір жолдарды, республика территориясында мұнай және газ құбырларын салу үшін қолдануы керек.
Қазіргі кезде, Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың бірі – еліміздің әлемдік экономикалық қауымдастыққа жедел енуі. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қажетті шарттаға ие: маңызды шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, кадрлық потенциал мен республикадағы тұрақты қоғамдық - саяси жағдайдың болуы.
Экономиканы қайтақұру мәселесі сыртқы экономикалық қызмет саласында айқын көрініс тапты. Қазақстанның инвестициялық саясатын жүзеге асыруға сыртқы экономикалық байланыстарының рөлі маңызды көлемде өсуде, себебі сыртқы экономикалық байланыстар шетел капиталын тарту есебінен, капитал салымдары үшін қосымша қорларды ашудың және бірлескен кәсіпорындар құрудың маңызды жолы.
Еуропалық континентте Қазақстан үшін ерекше қызығушылыққа Еуропалық Одақ ие. “Үлкен жетілік” елдерімен екі жақты байланыстар күшеюде: ең алдымен, Ұлыбритания және Германия. Азия бағытында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониямен өзара экономикалық байланыстарға үлкен назар аударылуда.
Шетел инвестицияларын тартудың негізгі басымдықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін салалар мен экспортқа бағытталатын өндіріс – мұнай - газ және мұнай - химиялық салалар, электр энергетика, металлургия, коммуникация және агроөнеркәсіп кешені, себебі Қазақстан бидай, жүн, мақтаның ірі өндірушісі. Мұнай - газ саласында мұнай және газды игеру мен экспорттауды көтеру, сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға назар аудару керек./37, 23-30 б/.
Сөйтіп, шетел инвестициялары - дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми - технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет.
Информация о работе Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары