Шетел тұлғаларның салық салу ерекшеліктерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 08:37, курсовая работа

Описание

Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.
Бұл курстық жұмыс жеке табыс салығының мазмұнын ашып көрсету,оның қалыптасуы мен дамуы туралы мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету.Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер жеке табыс салығы бойынша жалпы мағлұмат береді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні
1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық
қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18

ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау

2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу
обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23
ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,
оны шешу жолдары 29
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

Работа состоит из  1 файл

shetel_tulgalaryna_salyk_salu_erekshelikteri.doc

— 262.00 Кб (Скачать документ)

Жеке тұлғаларға салынатын  табыс салығы прогрессивтік сипатта, 0-ден 56,8% ставкасында.

90-жылдарда жеке тұлғалардан табыс салығы салықтық сипаттағы әлеуметтік аударымдармен толтырылды. 1991 жылы Қаржы туралы заңмен белгіленген жалпы әлеуметтік аударым жылжымалы және жылжымайтын мүліктен түскен барлық табыстың 1,1%-ды құрайды. Мұнымен қоса, салым бойына пайыз түрінде алынған, табыс базасында есептелген әлеуметтік аударымдар бар. ПАуңдарым ставкасы - 1%. Сондай-ақ арнайы әлеуметтік аударымдар да бар.

 Германияда табыс  салығы прогрессивті. Оның минималды  ставкасы - 53%. Салық салынбайтын минимум, жалғыз адамдар үшін, айына – 1536 марка және отбасыдағы екі адам үшін – 3072 марка. Бұдан соң балалардың салық жеңілдіктері, жасқа байланысты жеңілдіктер, төтенше жағдайлардағы  жеңілдіктер (ауырып қалу, төтенше жағдай). Мысалы, 64 жасқа келген максималды ставкасы, табысы 120 мың маркадан асатын азаматтар үшін, 240 мың марка отбасылық екі жан үшін пайдаланылады.

Табыс салығының салу обьектісі – адамн.ың барлық табысы : жалдамалы еңбек, өзіндік жұмысы, кәсіпшілік қызмет немесе ауыл және орман  шаруашылығы қызметіндегі, капиталдан түскен, мүлікті жалға беруден және алудан, сондай-ақ басқа түсімдер.

 Салық салынатын табысты анықтау үшін, түсімдерден шығындар алынады. Бұл жағдайда ерекше шығындар есепке алынады, мысалы,

ерлі-зайыптылар айрылысқаннан  кейінгі алимент, медициналық сақтандыру жарналары мен өмірді сақтандыру, шіркеулік салық, кәсіптік білім алудағы шығындар және тағы басқалар. Жалдамалы жұмыскерлерден алынатын табыс салығын, жұмыс беруші оларға еңбекақы төлеген кезде ұстап қаладыжәне органдарына аударады.

Еңбекақы салығын анықтауда  салық класстары, салық кесетелері мен салық карталары сияқты категориялар пайдаланылады. Жалдамалы жұмыскерлер  мен қызметкерлер топталатын, алты салық класы бар.

І класс – балары жоқ  бойдақ жұмыскерлер;

ІІ класс – бойдақтар, баласы бар айырылысқан немесе жесір қалған адамдар;

ІІІ класс – үйленгендер, егер дн отбасында ерлі-зайптының біреуі ған жұмыс істесе. Егер екеуі де жұмыс істесе, оның біреуі өзара  келісіммен Ү класқа көшеді;

ІҮ класс – күйеуі мен әйелі жұмыс істеген жағдайда, екеуі де салықты бөлек төлейді;

Ү класс – жұмыс істейтін үйлегендер, оның біреуіне ІІІ класс бойынша  салық салынады;

ҮІ класс – бірнеше жерде  еңбекақы алатын жұмыскелер;

Салық кестелері кластары, отбасныдағы шаруашылықтың бірлесе  немесе жеке жүруін есепке алады. Кестелер сондай-ақ салық жеңілдіктерін есепке алады.

Еңбекақыдан салықты ұстау салық  картасының негізінде жүргізіледі. Карта тұратын жері бойынша қауыммен толтырылады. Онда салық класы, балалар  саны, жұмыскердің дін тұтуы куәландырылады. Сондай-ақ мүгедектігі, 64 жасқа толғаны және  т.б. көрсетіледі.

1994 жылы Германия салық түсімі  түрінде 786 млрд. марка алады. Олар  былай бөлінген: федералды бюджетке  – 379 млрд. марка, жер бюджетке  – 269 млрд., қауым бюджетіне –  97,3 млрд., Еуропа Одақ қорына – 40,7 марка көлемінде.

Көптеген дамыған елдердегідей, Италиядағы мемлекеттік табыстың көзі жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы болып табылады. Табыс салығы прогрессивтік сипатта және күнтізбелік  жыл ішінде жеке тұлғалармен алынған  кешендік таза табыс ескеріледі. Салық жер меншігінен, капиталдан, жалдау бойынша жұмыстан, кәсіпкерлік қызмет пен басқа да көздеоден алынған табыстардан құрылады.

Жер меншігінен алынған табыс өз кезегінде, жер учаскелері мен құрылыстан алынған табыстан құрылады. Оның біріншісі  жерді иемдену фактісінен немесе аграрлық қызметті жүзеге асырудан жасалады. Екіншісі тікелей иеленушінің ғимараттар мен үйлерге эксплуатация жасаудан алынған табыстан және оларды жалға бері нәтижесінде  түскен табыстан құрылады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының ставкасы прогрессивтік сипатта. Өзгерістер инфляция индексі есебінде жыл сайын енгізіліп отырады. 1993 жылшы 7,23 млн. лирге дейінгі табыстар 10%-қ ставка бойынша, 7,2 млн-нан 14,4 млн. лирге дейінгі табыс - 22%, 14,4 млн-нан 30 млн. лирге дейін - 27% және осы түрде 50%-ға дейін салынған. Асырауында адамдары бар отбасы тұлғалары немесе 5,1 млн. лирден төмен табыс табатындар салық жеңілдіктерін пайдаланады.

Табыс салығы, төлеушінің салық органдарына тапсырған табыс туралы декларацияны толтыру жолымен есептеледі.

 

ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау

 

2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер  және салық салу обьектілері,

жеке тұлғалардың салық  салынбайтын табыстары

 

        Төлеушiлер:

Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi салық төлеушiлер) болып табылады.

Жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:

1) төлем көзiнен  салық салынатын табыстар;

2) төлем көзiнен салық  салынбайтын табыстар.

           Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары:

           1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

2) балаларға  және асырауындағы адамдарға  алынған алименттер;

3) жеке тұлғаның  өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген  зиянды Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өтеу;

4) жеке тұлғалардың  қаржы рыногы мен қаржылық  ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4-1) Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

5) мемлекеттiк  бағалы қағаздармен және агенттік  облигациялармен жасалған операциялардан  түскен табыстар;

5-1) пайлық инвестициялық  қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;

6) әскери қызмет  міндеттерін атқарған кезде әскери  қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

7) тиісті қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  ең төменгі жалақының 50 проценті  шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

8) тиiстi жылға  арналған республикалық бюджет  туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;

9) гранттар қаражаты  есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);

10) тұрақты жұмысы  жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру  сипатында болатын не қызмет  көрсететiн учаскелер шегiнде  қызмет бабындағы сапарлармен  байланысты жағдайларда Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  мөлшерде төленетiн төлемдер;

11) экологиялық  апат немесе ядролық сынақ  полигонындағы ядролық сынақтар  салдарынан зардап шеккен азаматтарды  әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  төленетiн төлемдер;

12) Ұлы Отан  соғысына қатысушылардың және  оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген шегiндегi табысы;

13) өткізілер  күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде тұратын  акциялар мен облигацияларды  өткiзу кезіндегі құн өсiмiнен  алынатын табысы (*листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде);

13-1) олармен  азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы  қаласы өңірлік қаржы орталығының  арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

14) мемлекеттiк бюджет  қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы  төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден  басқа);

15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген шегiндегi төлемдер;

16) қызметтiк  iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;

17) қызметкер  ұйымымен бiрге басқа жерге  жұмысқа ауысқан не көшкен  кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;

18) Қазақстан  Республикасының азаматтары болып  табылмайтын дипломатиялық немесе  консулдық қызметкерлердiң ресми  табыстары; 

19) шет мемлекеттiң  мемлекеттiк қызметiнде жүрген  шетелдiк жеке тұлғалардың сол  елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;

20) Қазақстан  Республикасының азаматтары болып  табылатын және Қазақстан Республикасының  шет елдердегi дипломатиялық және  оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде  қызметте жүрген жеке тұлғалардың  мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;

21) Зейнетақы  төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан  берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

22-1) жұмыс берушiнiң  жиынтық жылдық табысты алуға  байланысты емес және шегерiмдерге  жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;

23) Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру  жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң  далалық жабдықталым ақшасы;

24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);

25) Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;

26) жұмыс берушінің  вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн  адамдарға өндiрiс объектiсiнде  болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы  мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;

26-1) Мемлекеттiк  әлеуметтiк сақтандыру қорынан  төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

27) Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;

28) бiлiм беру  ұйымдарында оқитындарға Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;

29) Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  нормалар бойынша берiлген арнаулы  киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа  да жеке қорғану және алғашқы  медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;

30) өздерінің  қызметін жүзеге асыру мақсатында  жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат  алған мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;

31) iзгiлiк, қайырымдылық  және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

31-1) он алты  жасқа толмаған балалар үшін  балалар лагеріне жолдамалардың  құны;

32) еңбек (қызметтiк)  мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң  өмiрiне және денсаулығына зиян  келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің  жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

33) сақтандырудың  кез келген түрi кезiнде төленетiн,  шарттың қолданылу кезеңiнде басталған  сақтандыру оқиғасына байланысты  сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;

34) өз қызметкерлерiн  мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;

Информация о работе Шетел тұлғаларның салық салу ерекшеліктерi