Шпаргалка по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 11:47, шпаргалка

Описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экономика".

Работа состоит из  1 файл

экономика.doc

— 129.50 Кб (Скачать документ)

Сисмондинің экономикалық көзқарастары.

Швейцариялық  экономист Сисмонд де Сисмонди (1773-1842 жж) Франциядағы классикалық мектептің аяқтаушысы және экономикалық романтизмнің негізін салушы болып саналады. Сисмонди өзінің басты еңбегі «Саяси экономияның жаңа бастауында» классикалық мектептің экономикалық көзқарастарына сын тұрғыдан баға берді. Ол былай деп санады: саяси экономия – бұл адамгершілікті ғылым, адам  факторы (сезім, қажеттілік және т.б.) алынған  оның негізі етіп абстрактылы категориялар (еркіндік, теңдік, бақыт және т.б.) абстрактылы түсіндіктерінен тұрады, осыған сәйкес тарихты оқып-үйрену де адамдар тәжірибе  сабақтарын алуға тиіс. Сисмонди былай деп тұжырым жасады: жұмысшылар жұмыстарынан айырылады, көшеге лақтырылып тасталады; жұмысшылардың еңбекақылары төмендейді; өндірілген өнімдерге деген олардың сұранысы мен  тұтыну  қажеттілігі төмендейді; экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды. Дағдарыстардың себептері өткізілген өнімдер құнының қоғамның табысымен сәйкес келмеуінде,  жинақтау процесінің себебінен тауарлардың толық тұтынылмауында. Сисмондидің дағдарыстар теориясындағы қателігі, қоғамдағы өндірістік және жеке тұтынуды шектемеуінде болды, яғни ол станоктар мен машиналар нарығы тұтыну тауарлар нарығынан тәуелсіз, айырықша нарық  жасалатындығын түсінбеді. Сисмонди ең жақсы экономикалық жүйе деп ұсақ тауар өндірісін санады;  өндірістің цехтық жұмыс тәртібін қорғады, ал бәсекелестік пен жалдамалы еңбекті теңсіздіктің себептері деп қарады. Оның пікірі бойынша еркін бәсекелестік тауар өндірушілер мүдделерін қақтығыстырады, сондықтан да оны мемлекеттің араласпау қағидаларын заңды түрде жойып, байлықты шоғырландыру мөлшерін белгілеп, қалғанын ұсақ кәсіпкерлер арасында бөлінсін деді. Сисмондидің экономикалық көзқарастарын қорытындылай келіп, былай деп айтуға болады: ол өндіріс пен тұтыну арасындағы қарама қайшылықты тұтас түрде қарастырды, сонымен ол капитализмнің өзіндік қарама қайшылықтарының негізгі формаларының бірі болып саналатындығын көрмеді. Ол ірі машина өндірісінің прогрестік рөлін жете бағаламады, капиталистік мемлекет ірі өндірістің дамуын тежейді деп жалған болжам жасап, мемлекеттің таптық сипатын жоққа шығарды.

    1. Прудонның экономикалық көзқарастары.

Пьер – Жозеф Прудон (1809-1865 жж) капитализм  қалыптасу кезеңіндегі ұсақ буржуазиялық саяси экономияның идеологы. «Меншікті теріс мақсатта пайдалану қоғамдағы кәсіпкерлер арасындағы теңдіктің бұзылуының басты себебі болып саналады» – деді ол. Прудон өнеркәсіп капиталистерінің пайдасын олардың еңбекақысының өзіндік түрі деп, ал капиталды ақшаның бір түр деп түсіндірді. Ол қосымша құнды сіңірудің бірден бір формасы пайыз деп санады, ал қанаудың экономикалық негізін пайыздың өмір сүруінен деп санады. Осы жерде оның идеясы – айырбас (халық)  банкесін  ұйымдастыру арқылы, ұсақ тауар өндірушілер мен жұмыскерлерге «несиені сыйға беру» деген ұсыныс шығарды. Осылай Прудон ақшасыз, капиталсыз және пайызсыз тауарлы-ақша шаруашылығын сақтауды ұсынды. Ұсақ буржуазияның  саяси экономиясының  өкілдері С. Сисмонди мен П.Ж. Прудон ұсақ тауар өндірушілердің мүдделерін қорғап, оны мәңгілік етуді армандады.

    1. Т.Мальтустің тұрғылықты халық теориясы.

Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның  негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мальтустің бас  пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді.  Мальтустың пікірі бойынша  табиғаттағы халықтың саны мен өмір сүру жабдықтарының арасындағы сәйкестікке эпидемиялар, аштықтар, соғыстар, адамдардың жаппай бөлігін күштеп ауыр еңбекке салу арқылы қол жеткізуге болады деді. Халықтың шамадан тыс өсу проблемасын Т. Мальтус еңбекақыны өзгерту арқылы шешті. Халықтың өсуі еңбек ақының төмендеуіне әкеледі бұл болашақтағы халықтың өсуін шектейді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық заңдармен анықталады.

23. К.Маркстың «Капиталы».

«Капитал» - Маркстің 1851 жылдан бастап өмірінің соңына дейін жасаған негізгі еңбегі. 1857-1858 жылдары «Капиталдың» тұңғыш нұсқасы, алғашқы жобасы – «Саяси экономия сыны» қолжазбасы жарық көрді. Онда алғашқы рет тауар арқылы жүзеге асқан, еңбектің екі жақтылық сипаты туралы ереже алға жылжытылды, тұрақты және өзгермелі капитал түсінігі, абсолютті және салыстырмалы қосымша құн түсінігі енгізілді, «қосымша құн» және «пайда» категорияларының арқатынасы қарастырылды. 1859 жылы алғашқы рет және жалғыз басылым – «Саяси экономия сыны» жарыққа шықты, осыдан кейін Маркс зерттеушілік қызметпен және үлкен біртұтас туынды «Капиталды» жарыққа шығару жұмыстарымен айналысты.  «Капитал» - К. Маркстің 4 томнан тұратын негізгі шығармасы. Бірінші томның зерттеу пәні – қосымша құн өндіру және капиталды жинақтау процесі. Екінші том – ұдайы өндіріс процесін өндіріс пен үздіксіз айналымның тұтастығы ретінде зерттеу. Үшінші том пайда нормасының төмендеу үрдісін талдайды, бұл қосымша құн нормаларының азаюына әкеледі және пайда нормасын қысқартады. Төртінші том экономикалық теорияның даму тарихына арналған.

    1. Маржинализмнің пайда болуы және дамуы.

ХІХ ғ. соңғы 30жыл ішінде классикалық  саяси экономияның орның маржиналдық экономикалық теория басты. Маржинализмнің негізгі идеясы – шекті экономикалық шамалардың фирма, сала, бүкіл халық шаруашылық масштабында экономикалық жүйенің өзара байланысты құбылысы ретінде зерттеу.  Маржиналдық теорияның өзгешелігі:

  • болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;
  • маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;
  • маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;
  • маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы.
    1. Маржинализмнің Австриялық мектебі.

Австриялық  мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда болды. Аса  көрнекті өкілдері Вена университетінің  профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар «маржинализм» бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.  Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Австриялық мектептің басқа  өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.). О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша  капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді. Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның  заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).    Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай  тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.

26 А.Маршалдың Кембридждік мектебі.

Кембридж  мектебінің  көрнекті өкілдерінің  бірі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.). Ол өзінің   «Экономика принциптері»  еңбегінде  «Саяси экономия немесе экономикалық ғылым адамзат қоғамының тіршілігін зерттеумен айналысады. Кембридж мектебінің өзіндік ерекшілігі – бұл неоклассикалық мектебінің өндіріс негіздерінен, ресуртарды пайдаланумен, өнімдерді бөлуден және бағаны белгілеуден  бас тарту. А.Маршалл нарықтық баға теориясын әзірлейді, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің проблемаларын зерттеп, «сұраныс икемділігі» деген ұғымды енгізді.

27 Дж.Б.Кларктің Американдық мектебі.

Маржинализмнің  американдық мектебінің негізін  салушы Джон Бейтс Кларк (1847-1938 жж.) болды. Оның көрнекті еңбектері: «Байлықтың философиясы» (1886), «Байлықты бөлу» (1899). Оның ғылыми жетістіктерінің бірі өндіріс факторларының шекті өніділік теориясы болып табылады. Кларктың ойынша, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы өнім мөлшеріне сәйкес келеді. Жұмысшыларды жалдағанда кәсіпкер қосымша табыс әкелмейтін жұмысшы санын өсірмейді Яғни шекті өнім шекті табысқа тең болады. Еңбек ақы қоры жұмысшылар санына көбейтілген шекті өнімді түсіндіреді. Кәсіпкердің  кірісі - еңбек ақы қоры мен жасалған өнім шамасы арасындағы айырмашылық. Егерде еңбек ақы шекті еңбек өнімділігімен анықталса, онда кәсіпкердің кірісі – капиталдың шекті өнімділігімен анықталады. Кларктың концепциясы бойынша,  кәсіпкерлердің кірісі, өндіріс құралдарына жұмсалған капиталдың проценті. Пайда - капитал иесінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Кларктың бөлу концепциясының ерекшелігі мынада: ол шығындар принципіне сүйенбейді, ол өндіріс факторларының нәтижелік принципіне негізделеді.

28 М.Фридменнің монетарлық концепциясы.

Монетаризм  – бұл кейнсиандыққа қарсы  шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда  ақша теориясы басты мәселе ретінде  қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.) М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру. Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Монетаристік саясаттың негізгі принципі – ақша массасының өсімінің тұрақты қарқынына қол жеткізу, бұл нарықтың өзін-өзі реттеу негізінде өндірістің өсіміне және жұмыспен қамтудың жоғарғы дәрежесін сақтайды. Монетаризмді жақтаушылар инфляцияның жалғыз көзі ақша массасының өсімі, ал нөлдік инфляция шартсыз және экономикалық саясаттың анықтаушы мақсаты болып табылады деп есептеді.

30 Л.Эрхардтың  экономикалық реформасы.Эрхардтың экономикалық реформасы елге инвестиция тарту мен оны тиімді пайдалануда да өз жемісін берді. Ол елге келген инвестицияның өндірістің басты салалары болып табылатын - химия өнеркәсібіне, металлургияға, машина жасауға және электротехникалық кәсіпорындарға бағытталуына көңіл бөлді. Солардың нәтижесінде жаңадан жеңіл және өңдеуші өнеркәсіптер құрылды, кіші және орта бизнестің жандануына қолайлы жағдай туды. Экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындарға ерекше қолдау көрсетілді. Картелдердің қызметіне қатаң шектеу қойылды, оларға бәсекелестікті әлсіретуге және бағаны негізсіз өсіруге тыйым салынды. Эрхард реформасы бойынша орта таптың жағдайын жақсартуға және нығайтуға да көп көңіл бөлінді. Денсаулық сақтау мен мәдениетке бөлінетін қаржы едәуір көбейтілді. «Ақыл-ойдың елден кету» тенденциясы басталысымен-ақ ғылым мен интеллектуалды салада істейтіндердің жалақысы едәуір көбейтіліп, мемлекет қолдауына ие болды. Эрхард реформасының жедел табысқа жетуінің сыры экономиканы ырықтандыруда ғана болған жоқ. Экономикалық бағыттың басты стратегиясы қатаң ақша реформасының тұрақтандыру әсерін пайдаланумен қатар бағаны ырықтандыру да болды. Бұл үшін шаруашылық субъектілерінің бастамасына тежеу салатын көптеген реттеушілік механизмдер мен қаулылардың күшін жоюға да тура келді. Инвестицияның халық тұтынатын тауарлар саласына бағытталуына күш салу, тұрғын үй құрылысын дамыту, сонымен бірге халықтың аз қорғалған және әлсіз топтарын қорғауға бағытталған шараларды іске асыру Эрхард реформасының басым бағыттары болды. Эрхардтың сөзімен айтқанда, «мүмкіндік болған жерде - бәсекелестік, қажеттілік болған жерде - реттеушілік» орын алды. Эрхард реформасының басты белгісі: бір жағынан экономикадағы бәсекелестік қатынасты, екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктерді үйлестіруден тұрды.

31 Дж.М.Кейнстің «Сұраным тиімділігі». Мультипликатор.

Жиынтық аграгирленген (бір тұтас көрсеткішке бірігу) экономикалық параметрлерді талдау негізінде, Кейнс экономикалық ғылымға  жаңа ынталардың бастауын ұсынды. Сұранысты, ұсынысты, бағаны жекелеген фирмалармен тұтынушылардың деңгейінде, яғни микродеңгейінде қараған Маршаллмен салыстырғанда, Кейнс макроденгейінде функционалдық байланысты құру қажеттілігінің тұжырымдасын ұсынды. Ол бүкіл рыноктың өзара байланысты екендігін, сол себепті оларды біртұтас бөлінбейтін жүйе ретінде зертеудің қажеттігін көрсетіп берді. Кейнс тағы да былай деді, сұраныс моделі өз - өзінен ұсыныстың соңынан жүрмейді. Сұраныс, табыстардың деңгейімен анықталып, табыстар динамикасынан  артта қалып отырды. Егер сұраныс өндірілетін өнімнен (ұсыныстан) төмен болатын болса, онда  өнімдердің бір бөлігі өткізілмей қалады. Ортақ өндіру төмендейді. Кейнсиандық теорияда “сұраныс тимділігі” деп аталған тұтыну шығындары мен инвестициялар саласы, маңызды орын алады. Яғни ұлттық табыс өндіру динамикасы мен жұмыспен қамту деңгейі, өз ресурстарын өсіруді қамтамасыз етуші сұраныс факторларымен анықталады.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономике"