Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 11:47, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экономика".
32 Институционализмнің пайда болуы және дамуы.
Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдық психология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы, мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Нео-иституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік-психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау.
36 Утопиялық социолизмнің пайда болуы және дамуы
Утопиялық социализм
– ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
туған және қоғамдағы қанауға
қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық
социализм еркін еңбекке