Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:05, реферат
Швейцария — өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жоғары дамыған мемлекет. Ол - дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып саналады. Еуропаның алғашқы банктері дәл осы жерде пайда болған. Қазіргі таңда Швейцарияда шамамен 4000 қаржы институттар, 400 астам банктер орналасқан. Швейцария банктерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. 1815 жылы Вена конгресінде Швейцария бейтараптылығы бекітілді. Содан бері бұл мемлекет еш соғыстарға қатыспаған. Ішкі жағдайдың тұрақтылығы, банктік құпия кепілдігі, тұрақты ішкі валюта - қазірдің өзінде Швейцария банктеріне қуатты күш беруде.
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы қатынастар
2. Швейцария экономикасы
Негізгі бөлім
1. Швейцариядағы экономикалық дағдарыс: көрсеткіштер мен себептері
2. Швейцария Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары:
Қаржы - саяси шаралар
Экономикалық өсудi ынталандыру бойынша шаралар
Сыртқы экономикалық қызметті іске қосу бойынша саясат
Мәселенің халықаралық аспектісі
3. Швейцарияның тәжірибесі Қазақстан Республикасында қолдануға келе ме?
Қорытынды бөлім
Швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданған шараларының тиімділігі
Алайда Швейцария ұлттық банктiң валюталық интервенцияларының әсері дегенмен бұл есептiң шешiмi үшiн жеткiлiксiз болды.
2008 жылғы қарашаның ортасында Швейцария үкiметi халықаралық конъюнктура дағдарысы жағдайында елдегi жұмыспен қамтылу деңгейiн және кәсiпорындарды жұмыспен жүктеуiн сүйемелдеуге бағытталған шаралар кешенін қабылдады. Осы мақсаттарға 1, 5 миллиардқа швейцария франкі дейiн бағыттауға жоспарлаған.
Дегенмен, үкiмет сол кездегi дүниежүзілiк қаржы және экономикалық дағдарыс өзге дамыған мемлекеттермен салыстырғанда Швейцария экономикасын соншалықты қозғамағанын ескерген.
Елдегі
инвестициялық процестерді
Бірінші кезең 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Бұл кезеңде бюджет шығындары 350 млн. шв. франкіне ұлғайтылды. Оның 205 млн. шв. франкі -жүзеге асырылып жатқан қорғаныс, білім, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік жобаларға; 66 млн. шв. франкі – табиғаттың кездейсоқ апаттарынан қорғай бойынша жобаларға; 45 млн. шв. франкі – тұрғындық құрылысты қолдауға; 20 млн. шв. франкі – мемлекеттік ғимараттарды реконструкциялау бағдарламаларына; 5 млн. шв. франкі – экспортты қолдау бағдарламаларының қаржыландыруын ұлғайтуға жұмсалды.
Сондай-ақ, үкіметтің экономикалық дамуды ынталандырудың жанама шарасы болып 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап 650 ұйымдарға «жұмысқа орналастыру резевтерін» қайтарып беру шешімі болды. Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өндіріске қосымша 550 млн. шв. франкін берді.
Дағдарысқа қарсы шаралардың екінші кезеңі 2009 жылдың басында мемлекетте экономикалық жағдайдың одан әрі нашарлауын ескере отырып, қабылданған. 2009 жылғы 11 ақпандағы шешіммен үкімет дағдарысқа қарсы қаржыландырудың екінші траншын бекіткен, бұл транш мемлекеттік шығыстардың 700 млн. шв. франкіне одан әрі көбейтілуін қарастырған болатын. Оның 530 млн. шв. франкін инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттау жоспарланған. Сонымен қатар, швейцариялық кәсіпорындарда болуы мүмкін жұмыстан шығару толқынының алдын алу мақсатында жартылай жұмысбасты қызметкерлерді мемлекеттік қолдаудың максималды мерзімін 12 айдан 18 айға ұзарту жоспарланған болатын.
Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші кезеңі әлі жасалу барысында. Ол салынатын салық ауыртпалығын азайту арқылы жеке тұтыну деңгейін қолдауға бағытталған. Бұндағы басты мақсат – ішкі сұранысты ынталандыру болып табылады. Салық салу жүйесін реформалау Швейцарияның ішкі шаруашылықтарына шамамен қосымша 1,2 – 1,3 млрд. шв. франк әкелуі тиіс. Швейцариялық үкіметтің бұл ұсыныстары швейцария экономикасы бойынша жыл сайынғы баяндаманы жасау мақсатында Швейцарияға келген Халықаралық Валюталық Қор миссиясы тарапынан қолдау тапқан. Мемлекет заңнамасына жасалатын өзгертулерді Швейцария парламенті тез арада мақұлдаса, аталған шараларды қолданудың тиімділігі 2011-2012 жылдарда өз нәтижесін беруі қажет. Швейцариялық үкіметтің баңалауы бойынша қазіргі күні қалыптасқан жағдай аталған шараларды тез арада іске асыруды қажет етпейді. Дегенмен, мемлекетте экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда ұлттық экономикаға дем беру үшін қосымша ынта керек болады.
Швейцариялық экономиканы дамытуда сыртқы экономикалық байланыстар ерекше орын алады. Үкімет Швейцариялық экономиканы дамытуды ынталандырудың маңызды бағыты ретінде шейцариялық экспортшылардың әлемдік нарықтарға еркін шыға алуын санайды.
Швейцария үкіметінің сыртқы экономикалық саясат туралы жыл сайын жасайтын баяндамасының 2009 жылғы қаңтарда жасалған нұсқасында бұл мәселені шешуге негізгі ұсыныстар бағытталған болатын.
Үкімет осы саладағы негізгі күштерді :
1)
Әлемдік Сауда Ұйымының
2) еркін сауда туралы келісімдерді екі тарапты негізде және Еркін Сауда Еуропалық Ассосиациясы мен үшінші елдер арасындағы келісімдерді жасауға қарқын беру;
3) Еуропа Одағымен ынтымақтастықты тереңдетуге бағыттауды жоспарлаған. Баяндамада Швейцария мен БРИК (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) елдерінің арасында сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
Осылайша, Швейцария өткен жылдың ақпанында Жапониямен еркін сауда аймағын құру туралы екіжақты келісім жасаған. Ағымдағы жылдың барысында осындай сипаттағы келісім Парсы шығанағы мемлекеттерінің ынтымақтастығы бойынша Кеңеске мүше мемлекеттермен де жасалатын болады.
Сонымен қатар, Үндістан, Таиланд және Алжирмен еркін сауда аймақтары туралы басталған екіжақты келісімсөздерді қайта жандандыру жоспарлануда. Және де Швейцарияның Миниэкономисттері Қытаймен де осындай сипаттағы келісімсөздер жасауға дайындық жүргізуде.
Осы жылы Ресей мен Еркін Сауда Еуропалық Ассосиациясы мемлекеттерімен еркін сауда келісімін жасау мәселесі бойынша келісімсөздер басталуы қажет.
Швейцария Еуропалық одақпен ауыл шаруашылық тауарларды еркін сату туралы келісім жасау мәселелері бойынша келісімсөздер жүргізуде, өйткені 1972 жылдан бастап қолданыстағы Швейцария және ЕО арасындағы еркін сауда туралы екіжақты келісімде аграрлық өнімге қатысты мәселе қатты қарастырылмаған.
Швейцария бұған дейін басым сипатта болмаған әлемнің көптеген мемлекеттерімен, оның ішінде Иран, Венесуэла, Түркиямен сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыруда.
Швейцария
үкіметінің дағдарысқа қарсы саясаты
әлемнің басқа мемлекеттерінің
үкіметтері қабылдаған шаралармен ұқсас.
Олардың көбісі банктік секторды
сауықтыру және рекапитализациялаудан
бастаған. Содан кейін өндірісті
ынталандыруға бағытталған
Сонымен қатар үкімет қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралар Швейцариядағы экономикалық рецессияны жеңіп шығуға мүмкіндік бермей жатыр. Экономикадағы негізгі және күрделі мәселе болып экономикалық өсімді тежейтін дефляция болып табылады. Американдық «Ситибанк» Швейцариядағы бағалар деңгейінің төмендеуі 2009 жылғы шілдеде өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,7% құрауы мүмкін деп болжам жасаған.
Швейцария «Үлкен 20-лықтың» Лондонда өткен саммитіне бақылаушы форматында болса да шақыру алу үшін сан рет талаптанған. Дегенмен шақыруға ие бола алмады.
Швейцария экономикасының, оның ішінде банк секторына төніп тұрған қауіп болып АҚШ, Германия және Франция сияқты мемлекеттер тарапынан швейцариялық банктер қолданатын оффшорлық бизнес тәжірибесін тоқтатуға көрсетілетін қысым болып табылады. АҚШ пен Германия бұл тәжәрибе швейцариялық банктерде сақталатын мыңдаған миллиардтардың салық салудан айналып өтетіндігіне себеп болып табылады деп санайды. 2009 жылғы 2 сәуірде Лондонда өткен «Үлкен 20» мемлекеттері елбасыларының ақырғы кездесуінде Швейцария Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының мемлекеттері ұсынған оффшор мемлекеттердің «сұр» тізіміне енгізілген де болатын. Мемлекет үшін өты пайдалы болып табылатын оффшорлық бизнестен айырылып қалуы мүмкін болса да тәуекел ете отырып, Швейцария капиталдың қылмыстық сипатын немесе оның иесі өз мемлекетінде салықты саналы түрде төлемегені дәлелденген жағдайда банк ақпаратын беру мәселелері бойынша Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының мемлекеттерімен ынтымақтастық жасауға келісім берді. Швейцария бұл норманың жаңартылған келісімдерде қарастырылуы үшін қос салық салуды болдырмау мақсатында екіжақты келісімдерді қайта қарайды. Ең алғашқы болып АҚШ-пен және Жапониямен жасалған аталған келісімдер қайта қаралатын болады.
Сонымен бірге, біздің ойымызша швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары айтарлықтай орныққан және нақты мүдделерді сипаттайды.
Алдымен, мен ұлттық экономиканы қолдауға бюджеттен бөлініп жатқан қаражат бюджет тапшылығына әкеп соқпайтындығын және федералдық бюджетінде тапшылықтың болмауы туралы қолданыстағы заңнамалық нормамен қатаң түрде шектелгендігін айтып өткен дұрыс деп ойлаймын.
Және де, Швейцария ең либералды экономикасы бар мемлекеттің бірі деген өз атауын сақтауда және дағдарыс жағдайында да үкімет экономикалық реттеу және экономикаға мемлекеттің араласуының арасындағы шекараны сақтай білді. Мемлекеттің экономикаға араласпауын жағдайлары нашар болса да мемлекет кәсіпкерлерлерінің өздері және олардың федералды қоғамы – «Экономисуисс» қолдауда.
Одан әрі, дағдарысқа қарсы шаралар орталық банктің үкімет пен парламентке тәуелсіз болуы себеп болып табылатын ұлттық алтын-валюта қорларын қысқартумен сабақтастырылмаған.
Швейцария ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 0,25% жеткізе отырып, базалық пайыздық мөлшерлемені пайдаланып отырған.
Мемлекеттегі
инвестициялық үрдісті
Халықаралық-құқықтық қызметті жандандыру арқылы Швейцария өз кәсіпорындарының сырқы экономикалық қызметіне ұтымды жағдай жасайды және ең бастысы негізгі нарықтарға экспорттың кеңеюіне ұтымды жағдайлар жасайды. Аталған контекстте Ресей-Қазақстан-Белоруссия одағына үшінші елдермен еркін сауда туралы екіжақты келісімшарттардың желісін жасаған Еркін сауда Еуропалық Ассоциациясының (Швейцария, Норвегия, Исландия, Лихтенштейн) қызметі ерекше қызығушылық тудырады.
3. Швейцария тәжірибесі Қазақстан Республикасында қолдануға келе ме?
Әрине Қазақстан үшін Швейцария тәжірибесінің барлығы қолдануға келе бермейді. Қазақстан экономикасы мен қазақстандық қауымның швейцарлықтардан айырмашылықтары көп. Швейцария екі ғасыр бойы соғыссыз өмір сүруде және дәйекті түрде өзінің демократиялық және нарықтық институттарын дамытуда.
Дегенмен
швейцарияның дағдарысқа қарсы шаралары
көрсеткендей, мемлекеттің әлеуметтік-
Менің ойымша Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастығы, тіпті онымен еркін сауда туралы келісімге қол қою, Қазақстанның стратегиялық мүдделерінде жатуы тиіс.
Бұл
жағдайда Қазақстан мен Швейцарияның
сауда-экономикалық жақындасуын - екі
мемлекеттің эккономикалық
Швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданған шараларының тиімділігі
Не дегенмен, Швейцарияның ғаламдық дағдарыстың мемлекеттік экономикаға келтірген әсерін бәсеңдету талпынысын ескермеуге болмайды.
Біріншіден, Швейцария Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені іс жүзінде нөлге дейін төмендетті. Екіншіден, ол ұлттық валютаның күшеюіне белсенді қарсы әрекет етті. Доллар және құнды қағаздардан көңілі қалған көпшілік дәл осы швейцария франкіне ұмтылғандығынан, бұл оңай болған жоқ. Үшіншіден, швейцариялықтар өздерінің ең ірі UBS банкін банкрот болудан сақтап қалды.
The Economist Intelligence Unit мәлімдеуі бойынша
ағымдағы және болжамды экономикалық көрсеткіштер
|
Информация о работе Швейцария Конфедерациясы: 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан шығу жолдары