Солтүстік Қазақстан облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:50, реферат

Описание

Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің серпінді өсімімен сипатталады. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 10,5%-ды құрады, құрылыс жұмыстарының көлемі 24%-ға, бөлшек тауар айналымы 13,6%-ға өссе, негізгі капиталға инвестиция салу 2 есе артты.

Работа состоит из  1 файл

Солтүстік Қазақстан облысы.docx

— 29.90 Кб (Скачать документ)

Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің серпінді өсімімен сипатталады. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 10,5%-ды құрады, құрылыс жұмыстарының көлемі 24%-ға, бөлшек тауар айналымы 13,6%-ға өссе, негізгі капиталға инвестиция салу 2 есе артты. 

 

Облыс экономикасының негізгі субъектілері кәсіпорындар мен ұйымдар болып  табылады. Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық бизнес тіркеліміне сәйкес 2012 жылғы бірінші тоқсанда тіркелген заңды тұлғалардың саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға (+334 бірлік) өсіп, 8968 бірлікті құрады, оның ішінде: шағын кәсіпорындар (50 адамға дейін) – 8294 (92,5 пайыз); орта кәсіпорындар (51-250 адамға дейін) – 602 (6,7 пайыз); ірі кәсіпорындар (250 адамнан артық) – 72 (0,8 пайыз). Олардың 21,8%-ы мемлекеттік меншік нысанында, 74,6%-ы – жекеменшік, 3,6%-ы – шетелдік меншікте.

Тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге тиесілі, 2012 жылғы 1 сәуірде ол 26%-ды құрады. Екінші орында – білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 13,1%, жылжымайтын мүлікпен операциялар, басқа қызмет түрлерін ұсыну – 13,4%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 11,0%, өнеркәсіп – 6,5%.

Әрбір екінші кәсіпорын белсенді болып табылады (4650 заңды тұлға), 5,5%-ы – уақытша енжар (жаңалар), 3,6%-ы (319) – әлі белсенді емес, 56 субъект (0,6%) таратылу жағдайында тұр. 2012 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің өсімі 110,5%-ды құрап, өсім қарқыны бойынша республикада 4-ші орынға сәйкес келді (өткен жылғы ең жоғары нәтиже – 8-ші орын). Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қосалқы өндірістер 26,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Өңірдегі өнеркәсіп негізін өнеркәсіп өндірісі көлемінің 67,5%-ын иеленетін өңдеу өнеркәсібі құрайды. Бұл саладағы өндіріс өсімінің қарқыны 12,6%-ды құрап, орташа облыстық көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болды.

Өңдеу өнеркәсібінің елеулі үлесі тамақ өнімдерінің өндірісі иеленеді (58,5%). Өсімдік майы (1,8 есе), ұн (1,7 есе), өңделген сүт және кілегей (16,1%-ға), құрғақ сүт (45,2), сары май (33,0), макарон (41,7), минералды су және алкогольсіз сусындар (2,7%-ға) өткен жылғы қаңтар-наурыздағыдан артық өндірілді.

Облыста автокөлік құралдарын өндіру (өсім көлемі 10 есе), дайын металл бұйымдар (7,2 есе), электр жабдықтарын (6,7 есе), ағаш бұйымдарын (3,7 есе), жиһаз (2,8 есе), негізгі фармацевтикалық өнімдер (2,2 есе), металл емес минералдық өнімдер (2,1 есе) өндірісі сияқты өңдеу өнеркәсібінің салалары жоғары қарқынмен дамуда. Мамандандырылған автомобильдер (12 есе), бір орталықтан жылыту қазандықтарын (2,6 есе), индикаторлық панельдер (7,3 есе), кеңсе жиһаздарын (6,7 есе) шығару артты.

Тау-кен өнеркәсібі үлесінің салмағы шамалы (0,9%) болуына қарамастан, соңғы кезде мұнда да дамудың жағымды үрдісі байқалады. Өткен жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда құм өндіру 22,0 есе, киыршық тас 6,6 есе өсті. Титан-цирконий кендерін және қоспаларын өндіру бұрынғысынша белсенді жүргізіліп, 0,9 мың тоннаны құрады, тұз өндіру 2,4 мың тонна болды.

Облыс экономикасының негізі ауыл шаруашылығы болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің алдын ала бағалауы бойынша облыста 12,5 млрд. теңге сомасында ауыл шаруашылығы өнімдері (қызметтері) өндірілді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің физикалық көлемінің қарқыны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда біршама төмен (11,1%-ға) қалыптасты, алайда солтүстік өңірдегі облыстардың (Ақмола, Қостанай) қарқынынан біршама жоғары болды.

Облыстағы ет және сүт өндірісінің негізгі көлемін қосалқы шаруашылықтар қамтамасыз етеді. Олар еттің 84,4%-ын (тірі салмақта), сүттің 79%-ын өндірді. Облыстағы жұмыртқаның негізгі көлемі болып табылатын 86%-ды ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірді.  
2012 жылғы қаңтар-наурызда алдын ала бағалауды ескерумен құрылыс жұмыстарының көлемі 678,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 24%-ға артық болды. 
Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда 2010-2014 жылдары Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылатын Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылында мүйізді ірі қара мал төлінің 1040 басын өсіруге және семіртуге арналған, Қызылжар ауданы Вознесеновка ауылында 440 бас репродуктор-мал шаруашылығы кешені және басқа да нысандар пайдалануға берілді. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардан Айыртау ауданындағы Кирилловка ауылында 240 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп, М.Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылында шіркеу және Образец ауылында Мәдениет үйі іске қосылды.

2012 жылы бірінші тоқсанда тұрғындар мен кәсіпорындар облыс аумағында жалпы көлемі 3884 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді, ол 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 93,1%-ды құрады. Жалпы көлемнің 98%-ы тұрғындар қаражаты есебінен пайдалануға берілсе, бюджеттік қаражат есебінен тапсырылғаны – 2%.

Тұрғын үй құрылысына 215,4 млн. теңге игерілді, ол 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 120,7%-ды құрады. 
Негізі сауда болып табылатын қызмет көрсету саласы облыс экономикасына аса маңызды үлес қосуда. Сауданың дамуы – экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелі жағдайларының бірі саналады. Өңірлік өнім өндіру көлемінде бұл саланың үлесі 13-15 пайыз аралығында.

2012 жылғы қаңтар-наурызда біздің облыста бөлшек сауда көлемі өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 13,6%-ға өсіп, 16,4 млрд. теңгені құрады. 
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым. Олар 10,9 млрд. теңгеге өткізілді (жалпы көлемнің 66,8%-ы). Бұл жағдайда өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда бөлшек сауда көздері арқылы азық-түлік емес тауарлар 2,5%-ға, азық-түлік тауарлары 38,6%-ға артық сатылды.  
Жалпы көлемнің үштен екісі сауда кәсіпорындары жүйесі арқылы өткізілді – 10,9 млрд. теңге (өткен жылғы І тоқсанмен салыстырғанда өсім 11,5%), үштен бірі – 5,4 млрд. теңгенің тауарлары базарларда және жеке кәсіпкерлермен (өсім 17,8%-ға).

Бөлшек саудамен айналысатын 101 кәсіпорынның 32-сінде жұмыскерлер саны 50 адамнан артық, қалғандары шағын кәсіпорындар. Облыста ірі бөлшек сауда кәсіпорындары жоқ.  
2012 жылғы І тоқсанда жан басына шаққанда бөлшек сауда көлемі 19%-ға өсіп, 27,9 мың теңгені құрады.

Көлікте тұрақты даму серпіні сақталуда. Үстіміздегі жылғы 3 айда барлық санаттағы тасымалдаушылармен 10 млн. тоннадан артық жүк (2011 жылғы сәйкес кезеңге 110,5%) және 113 млн. жолаушы (125,7%) тасымалданды. Көлік кәсіпорындарының жүк тасымалдауында астық, құрылыс материалдарын, көмір тасу басым. Жолаушы тасымалында бұрынғыша автобустар негізгі тасымалдау құралы болып табылады, оларды 4 жолаушының 3-еуі пайдаланған (84,3 млн. адам). Әрбір төртінші жолаушы такси қызметін пайдаланған, ол адамдардың өмір сүру деңгейінің жақсарғанын көрсетеді.

Облыс экономикасының тиімді қызмет көрсетуі үшін қомақты инвестициялық салымдар қажет. Үстіміздегі жылғы үш айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бағалаудың есебімен 8,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы осы кезеңдегіден 2 есе артық болды. Қаржыландырудың басым көздері шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаты болып қалуда (жалпы инвестиция көлемінің 86%-ы). Займдық қаражаттар – 10%-ды, бюджеттік 4%-ды құрады. Инвестицияны игеру бойынша басым сала, өткен жылдағыдай, өнеркәсіп (жалпы инвестиция көлемінің 38%-ы), ауыл, орман және балық шаруашылығы (32%), көлік және қоймалау (17%) болып табылады. 2010-2014 жылдарға арналған елімізді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жалпы инвестиция көлемі 31 млрд. теңгеден артық 24 ірі жоба анықталды. Олардан құны 11,1 млрд. теңге болатын он жеті жоба жүзеге асырылды. Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда бір жоба – “СБИ-Агро-Ташкентка” ЖШС-де 440 мал басына арналған бір асылтұқымды репродуктор-шаруашылық жобасы жүзеге асырылды. 2012 жылғы 1 сәуірде 13 жобада өндіріс басталды. Жобалардың көпшілігі енді ғана іске қосылып, өнім шығара бастады, кәсіпорындар қосымша өткізу нарығын іздеуде.  
Облыс экономикасында маңызды орынды сыртқы сауда алады. Кеден одағы аясында құрылған Бірыңғай экономикалық кеңістік арқасында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасында өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді. Кеден одағына кіру ЖІӨ өсуіне айтарлықтай қолдау жасайды. Сыртқы экономикалық байланыстар кеңейіп, сауда айналымы өсуде.

2012 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Кеден одағы елдерімен өзара сауда жасаудағы тауар айналым көлемі 174,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе өткен жылдың сәйкес мерзімінен 31,5%-ға артық. Облыстың негізгі сауда-экономикалық серіктесі ұзақ жылдар бойы Ресей Федерациясы болып қалуда. Жалпы тауар айналым көлемінде Ресейдің үлес салмағы 97,8%-ды құрады.

Осы жағдайда Кеден одағы елдеріне экспорт 82,1%-ға өсіп, 10,8 млн. АҚШ долларын құраса, импорт та 29,2%-ға өсті (164 млн. АҚШ доллары). 
2012 жылғы қаңтар-наурызда Ресей Федерациясына экспорт 10764,9 мың АҚШ долларын, импорт – 160060,0 мың АҚШ долларын құрады, Беларусь Республикасына сәйкесінше 21,6 және 3914,2 мың АҚШ доллары. 
Импорт көлеміндегі ең көп үлес салмақта минералдық отын, мұнай және оның өнімдерін айдау, битуминоздық заттар, минералдық балауыз 53,3%-ды (87432,5 мың АҚШ доллары), экспорт көлемінде – бидай 64,4%-ды (6918,2 мың АҚШ доллары) құрайды.

Бизнесті жан-жақты дамыту көкейкесті болып қалуда. 2012 жылғы 1 сәуірде облыста 37865 шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектісі тіркелген. ШОК-тың нақты дамуын көрсететін барынша маңызды көрсеткіштердің бірі – белсенді субъектілердің саны болып табылады. Облыста тіркелген ШОК субъектілері санының (25123 бірлік) 66,3%-ы белсенді саналады. 2011 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда, белсенді кәсіпорындардың саны 24,0%-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері құрылымында барынша жоғары үлес 80,3% жеке кәсіпкерліктің үлесіне тиесілі, шаруа қожалықтарының үлесі 11,0%-ды, заңды тұлғалардың үлесі 8,7%-ды құрады. 2012 жылғы 1 наурызда әрбір үшінші белсенді кәсіпорын саудаға бағытталған, әрбір төртінші – ауыл шаруашылығы қызметімен, әрбір сегізінші – құрылыспен айналысады. 

Шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты жұмысының және қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – өнім өндіру болып табылады. 2012 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 35 млрд. теңгенің өнімін өндірсе, олардың 76,3%-ы заңды тұлғаларға тиесілі. Өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда өнім өндіру көлемі 3,7%-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – халықты еңбекпен қамтамасыз ету. 2012 жылғы 1 сәуірде облыстың шағын және орта кәсіпкерлік аясында қамтылғандар саны 102 мыңнан артық адам болып, 2011 жылғы 1 сәуірдегімен салыстырғанда 10,6%-ға өсті. 
Облыстың тұтыну рыногында жыл басынан бергі кезеңде айтарлықтай қалыпты бағалық жағдай қалыптасқаны атап өтілді. 2012 жылғы І тоқсанда инфляция 0,3%-ды құрады (2011 жылғы сәйкес кезеңде – 3,8%). Бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 0,8 пайызға төмен. 
Инфляция деңгейін анықтайтын барлық үш құраушы бойынша баға өсімінің қарқыны орташа республикалық деңгейден ақылы қызмет тобы бойынша – 2,1 пайыздық пунктке, азық-түлік тауарлар тобы бойынша – 0,1 пайыздық пунктке төмен, ал азық-түлік емес тауарлар бойынша – 0,2 пайыздық пунктке.

Жыл басынан инфляцияның қалыптасуына тұрғын үй-коммуналдық қызметтері (жылу, ыстық су) мен жолаушы көлігі қызметтері тарифтерінің төмендеуі әсер етті. Инфляцияға 1,6%-ға қымбаттаған азық-түлік айтарлықтай әсерін тигізді (орташа республика бойынша – 1,7%-ға). Облыста қант, кондитерлік бұйымдар, жемістер мен көкөністер, май мен мал майы бағаларының өсу қарқыны республикалық орташа көрсеткіштен асып түсті. 
Азық-түлік емес тауарлар мен халыққа ақылы қызмет көрсету қызметтері ішінен білім беру, мейрамхана және қонақүй, мәдениет және демалыс, байланыс қызметтері бойынша бағаның өсу қарқыны республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы беталысы демографиялық процестердің дамуында әсер етеді. 2012 жылғы 1 наурыздағы ағымдағы деректер бойынша, облыс халқының саны 582,9 мың адамды құрады, оның ішінде 1 облыс орталығы және 4 аудандық деңгейдегі 5 қалада 238,9 мың адам (облыстың барлық халқының 41,9 пайызы) тұрса, ауылдық/селолық 703 елді мекенде 344,1 мың адам (59 пайыз) өмір сүреді. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда облыс бойынша тұтастай халық саны 5,7 мың адамға немесе 1 пайызға қысқарды. 
2012 жылғы қаңтар-ақпанда облыс халқының табиғи өсімі 34 адамды құрады (2011 жылғы қаңтар-ақпанда 139 адамға табиғи кему орын алған). Облыста үстіміздегі жылғы екі айда 1379 сәбидің (696 ұл, 683 қыз) туғаны тіркелді. Жалпы туу коэффициенті мың адамға шаққанда 14,2 сәбиден (2011 жылы – 13,1) келеді.

2012 жылғы қаңтар-ақпанда облыс халқының табиғи кемуі 1345 адамды құрады, ол өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден 5,5 пайызға кем. Мың адамға шағып есептегенде жалпы өлім коэффициенті 13,8 адам болды (14,5). 
2012 жылғы қаңтар-ақпанда 587 неке және 303 ажырасу тіркелді. 2012 жылғы қаңтар-ақпанда көші-қонның жағымсыз айырымы 776 адамды құрады (-550). 
2012 жылғы қаңтар-ақпанда 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда облысқа көшіп келгендер және көшіп кеткендер саны сәйкесінше 9,0%-ға және 17,5%-ға өсті.

Ел ішіндегі негізгі миграциялық алмасу көші-қонға байланысты болып отыр. Облысқа Ақмола облысынан, Астанадан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан, Германиядан көшіп келеді. Солтүстікқазақстандықтар Астанаға, Ақмола, Қарағанды облыстарына, Ресей, Беларусь, Германияға қоныс аударады. Халық санының біршама кемуіне қарамастан тұрғындардың еңбекпен қамтылуы ұдайы өсуде, ол облыстың үдемелі дамып отырғанын көрсетеді. Жалдамалы жұмыскерлердің саны (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) 2012 жылғы екі айда 143,1 мың адамды құрап, өткен жылғы сәйкес мерзімнен 2,7%-ға жоғары болды. Еңбекпен қамтудың салалық құрылымы өзгермейді. Әрбір төртінші адам білім беруде (40 мың адам), әрбір алтыншы – ауыл, орман және балық шаруашылығында (22 мың адам), әрбір сегізінші – мемлекеттік басқару және қорғаныста, міндетті әлеуметтік қамсыздандыруда (18 мың адам), әрбір тоғызыншы – өнеркәсіпте, әрбір оныншы – денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде (15 мың адам) істейді. 
Қаңтар-наурызда “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына 944 адам хабарласқан. Бағдарламаға қатысуға 914 адам өтінім берген, 813 адам әлеуметтік келісімшартқа қол қойған, олардың 793-і (97,5%) – жұмыссыз, 424-і (52,2%) – 16-29 жас аралығындағылар, 345-і – әйел (42,4%).

Тұрғындардың экономикалық белсенділігін арттыру олардың табыстарының өсуіне жағымды әсер етеді. 2012 жылғы қаңтар-ақпанда алдын ала бағалау бойынша тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы белгіленген ақшалай кірістері 85255 теңгені құрады. 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғандағы өсім – 21,5%, тұтыну бағасы индексі есебімен өсім – 15,3% болды.

Үй шаруашылықтарын зерттеудің алдын ала деректері бойынша 2011 жылғы орташа жан басына шаққандағы кірістер 295743 теңгені құрады немесе бір айда орташа 24645 теңге. Тұрғындар кірістері құрылымында негізгі бөлімнің 69,5%-ын – еңбек қызметінің кірістері, 25,1%-ды – әлеуметтік трансферттер (зейнетақы, шәкіртақы, мемлекеттік әлеуметтік көмек АСП, ЖСП), 5,4%-ды – өзге ақшалай түсімдер (меншіктен кірістер, туысқандардың көмегі, алименттер) құрайды.

Тұрғындардың ақшалай шығындары құрылымында барынша жоғары үлес салмақты тауар сатып алу және қызметтерге төлеу шығындары алады. Шығындардың 40%-ы – азық-түлік тауарларын сатып алуға, 25%-ы – азық-түлік емес тауарларға, 22%-ы – ақылы қызметтерді төлеуге, ал қалған 13%-ы – туыстары мен таныстарына материалдық көмек көрсетуге, алимент, салық, түрлі төлемдер, кредит пен қарыздарды жабуға жұмсалады. 
Тамақтану шығындары құрылымында барынша жоғары үлес салмақ ет және ет өнімдерін (25%), жарма бұйымдары мен нан өнімдерін (19%), қант, кондитерлік тағамдар (11%), сүт өнімдерін (9%), жеміс-жидектер (8%), көкөністер (7%) сатып алуға келеді.

Информация о работе Солтүстік Қазақстан облысы