Солтүстік Қазақстан облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:50, реферат

Описание

Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің серпінді өсімімен сипатталады. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 10,5%-ды құрады, құрылыс жұмыстарының көлемі 24%-ға, бөлшек тауар айналымы 13,6%-ға өссе, негізгі капиталға инвестиция салу 2 есе артты.

Работа состоит из  1 файл

Солтүстік Қазақстан облысы.docx

— 29.90 Кб (Скачать документ)

Ақылы қызметтер шығынында тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау (46%), байланыс қызметтері (16%), көлік және білім беру (әрқайсысы 12%-дан) қызметтері басымдыққа ие. 
Үстіміздегі жылғы екі айда тұрғындардың ақшалай кірістерінің негізгі көзі болып табылатын орташа белгіленген айлық еңбекақы 63988 теңгені құрады. 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғандағы өсім – 23,0%. Тұтыну бағаларының өсуін ескерсек, өсім 16,8%-ға жетті. Еңбекақы өсіміне өткен жылғы бюджеттік еңбекақының 30%-ға көтерілгені айтарлықтай үлес қосты, еңбекақы коммерциялық секторда да біршама өсті. Салалық құрылымда барынша жоғары еңбекақы (117,8 мың теңге) орташа облыстық деңгейден 1,8 есе артық. Ең төменгі еңбекақы ауыл, орман және балық шаруашылығында – 37,5 мың теңге (орташа облыстағыдан 1,7 есе кем). Білім беру жүйесінің жұмыскерлерінің еңбекақысы 27,2%-ға өсіп, 57,6 мың теңгені құрады, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметте 34,3%-ға өсті (70 мың теңге).  
Жалпы экономикалық жағдайдың және өздерінің үй шаруашылығындағы өзгерістері туралы халықтың түрлі топтарының субъективті көзқарасын көрсететін “Тұтынушының сезіну индексін” конъюнктуралық зерттеу нәтижесі облыстағы экономикалық климаттың өздігінше бір барометрі болып табылады. Әрбір үшінші респондент тұтастай елдегі, сондай-ақ жеке үй шаруашылығындағы экономикалық жағдайды оң бағалады. Дүниеге сеніммен қарайтын жауаптар санының өсу үрдісі байқалады. Әрбір төртінші респондент елдегі және жеке үй шаруашылығындағы экономикалық жағдай алдағы уақытта жақсарады деп үміттенеді.


Информация о работе Солтүстік Қазақстан облысы