Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 10:42, реферат
Біз нарықты талдауды сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс - нарықтық экономиканың әр адамға да жақын әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы да қатысады.
Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарыктың кызмет істеу механизмін талдауға арналған.
Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 тенгеге дейін жоғарылағанда оған деген сұраныс көлемі 40 литрден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда / 3 а-сурет/ сұраныс қисығының бойында болады. Ал енді осы уақытта автомобиль нарығында да өзгеріс болады. Ал енді осы уақытта автомобиль нарығында да өзгеріс болады /3 ә-сурет/ басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда автомобильге деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды
Дәрістің мақсаты: Нарықтағы жағдайларды зерттеген уақытта сұраныс пен ұсыныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгерненін зерттеу үшін икемділік коэффицентін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Нарықтық сұраныс – барлық тұтынушылардың кезкелген бағамен сатып алатын тауарларының жалпы көлемі.
Нарықтық сұранысқа әсер ететін негізгі фактор – тұтынушылардың саны. Нарықтық сұраныс жеке сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты өзгереді. Нарықтық сұранысқа халықтың саны, оның демографиялық құрылымы, отбасындағы адамдардың саны мен шетелдік туристер әсер етеді.
Сұраныс және ұсыныс икемділігі.
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэфициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегеліп отырған сұраныс функцияның факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:
Сұраныстың бағалық икемділігі.
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті ( Ep ) заттың бағасы 1% — ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді;
2) икемсіз;
3) икемділігі бірге тең;
4) өте икемді;
5) өте икемсіз.
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардағы бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін график түрінде көрсетейік.
Бұл графикте сұраныс
көлемі бағаның өзгеруіне
Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр.
Түсім дегеніміз – тауарлардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: TR = P*Q,
Мұнда, TR – түсім, m;
P – тауардың бағасы, m;
Q – сатылған тауардың көлемі, дана.
Көбінесе, ауыстырушы (субститут) тауарлары көп болатын тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы, «Сұлтан» макаронына деген сұраныс икемді болады, себебі оны ауыстыратын басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын: тоңазытқыз, телевизор, қысқа толқынды пеш сияқты тауарларға сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа, тұтынушылардың оларға деген сұранысы өте азайып кетеді.
Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсу процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады
Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін бағасы шамаға өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады.
Сұраныстың бағалық икемділігінің төмендегідей екі ерекше түрі бар.
Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулаларды қолданамыз.
Ep(D)= - нүктелік икемділік.
Ep(D)= - доғалық немесе сызықтық икемділік.
Q1Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;
P1P2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен , (1<|Ep|<) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні (0<|Ep|<1)|Ep|=1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер |Ep|=1 бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.
Егер Ep(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары болады
СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.
СБИ |
Жалпы түсім (шығындар өзгеруі) | |
Баға төмендегенде |
Баға жоғарыланғанда | |
Икемді сұраныс (Ep>1) |
көбейеді |
азаяды |
Икемсіз сұраныс (Ep<1) |
Азаяды |
көбейеді |
Икемділігі бірге тең сұраныс (Ep=1) |
өзгермейді |
өзгермейді |
Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
Сұраныстың табыстық икемділігі.
Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Е1 – оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда E1 >0. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні E1 >0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.
EI(D)- 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті.
dQ/dI – сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы туындысы;
І – тұтынушы табысы;
Q – сұраныс көлемі.
Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:
Мұнда, Q1,Q2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.
Ұсыныс икемділігі.
Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған таардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.
Ep(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлемз:
1>EP(S)>06, икемсіз ұсыныс.
Ep(S)>1, ұсыныс икемді.
Ұсыныс икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады:
1) егер ұсыныс функциясы берілген болса,
ұсыныс функциясының Р арқылы алынған алғашқы туындысы.
Р – қарастырып отырған тауардың бағасы;
Q – осы тауарды ұсыну көлемі.
2) нүктелік икемділік:
3) доғалық икемділік:
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі: