Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 15:47, курсовая работа

Описание

Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп, түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.
Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.

Содержание

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------------3

I Тарау Жастардың әлеуметтік сипаты.

1.1 Жастарды әлеуметтанушылық зерттеудің бағыттары: психоаналитикалық,
құрылымдық-функционалдық, мәдени------------------------------------------------5

1.2 Жастардың әлеуметтенуі-----------------------------------------------------------------7

II Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар

2.1 Еңбек нарығындағы жастар-------------------------------------------------------------9

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------18

Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------------21

Работа состоит из  1 файл

Ғылым және білім жүйесіндегі қазіргі жастар.DOC

— 105.50 Кб (Скачать документ)

-         жоғарғы білім беру;

-         жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру,

-         мамандарды қайта даярлау жүйесі.

 

29 жас

28  докторантура

27

26

25  аспирантура

24

23   магистратура

22   мамандар

21

20   бакалавриат

19

18    толық емес орта білім    бастауыш кәсіби білім     БПУ

17                     толық білім беру

16      гимназия          лицей          мектеп             ПУ

15

14

13

12      НЕГІЗГІ  БІЛІМ   БЕРУ

11

10

9       БАСТАУЫШ  БІЛІМ  БЕРУ

8

7

6

5       балалар бақшасы          мектепке дейінгі тәрбие

4                                                         мен білім беру

3                                              
2         балалар  бақшасы

1


Қазіргі заманда білім берудің формальды жүйесін атқарып отырған қызмет ін кез-келген әлеуметтік институт атқара алмайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлдем  қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан, білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала болып табылады.

Білім беру мекемелдерінде әр жас студент немесе шәкірт қалыпты, жүйеленген ережелерге сәйкес әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалармен ережелерді сақтауды алға  тартады.

Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби, мамандандырылған білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпауымыз керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер ету арқылы оқытушыдан шәкіртке, үлкеннен кішіге өтіп отырса, ал дәл қазіргі қоғамда стандартты формада формальды түрде іске асырылып жатыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтендіру факторына және құралына айналдырады.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру ісіне аса назар аударылып отыр. Оның сесебі қазіргі жастарымызға сапалы да салиқалы білім беру болып табылады. Білім беру жүйесіндегі көптеген реформалар Қазақстандағы жастарға білім беруге бағытталған. Жастар қоғамның күші, еліміздің болашағы дейтін болсақ,  біздің еліміз жастарға білім беру жолында еш аянып қалмауы тиіс.

Әрине, бұл күндері білім аламын деген талапты жастарға мейлінше жағдай жасалынған десек те болады.  Мектеп бітіруші түлектерімізге тегін білім алуға мүмкіндік беретін грант саны да жыл сайын өсу үстінде. Онымен қоса шетелде білім аламын деушілерге де жол ашық. Яғни жыл сайын елімізде шет елде білім аламын деп талпынған студенттерге «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш мың тегін орын бөлініп отыр. Дегенмен дәл осы жүйенің кейбір шикі тұстары да бар. Бұл мәселелер әлі де қаралу үстінде.

Білім берудің бүгінгі жағымды пайдалы жүйесі болашақ қоғамның кемелденуінің жарқын бейнесі. Яғни білім берудің дамыған жүйесі әлеуметтендірудің негізгі қызметін атқарады.

Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі кездерде білім беру саласында көптеген реформалардың енгізіліп жатқаны рас. Мысалы  еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша бір жастың өзіне көптеген қаржы жұмсап, шет елде оқуына жағдай жасап отыр. Ал, сол бағдарлама бойынша шет елде даярланған маман алған білімін өз елінің пайдасына ұқсатып жатыр ма? Жоқ әлде сол елде қалып қоюда ма? Әрине осы сұрақтар бойынша кейінгі кездері көптеген әңгімелер қозғалып жатыр. Сонша қаржы жұмсалып шет елде маман даярлаған соң сол маман өз білімін  еліміздің экономикасында  пайдаға жаратқаны дұрыс емес пе.

Соңғы кездері жастар қоғамның барлық саласында өздерінің белсенділігін таныту үстінде. Саясатта, өнерде, білімде, спортта, және тағы да басқа салаларда. Бұрынғыдай емес қазіргі кезде жастардың білімге деген ұмтылысы да басқаша. Дәл қазіргі заман талабына сәйкес, білімді, оқыған азамат өмірде өз орнын таба біледі. Өйткені қазір ақпараттың, жаңа технологияның заманы. Сондықтанда білім алуға келгенде жастарымыз өз мүмкіншіліктерін жіберіп алмағаны дұрыс.

Мамандық таңдау барысында да жастарымыз  дұрыс қадам жасай білсе екен. Өйткені біздің қоғам дәл қазіргі кезде қаптаған экономисттерді немесе заңгерлер мен қаржыгерлерді емес, кәсіби біліктілігі жоғарғы құрылыс саласындағы мамандарды, техника және технология саласындағы мамандарды қажет етуде.

Әрбір еңбекке қабілетті адамның өмірінің бөлінбес бөлігі жұмыс болып табылады. Жұмыс істеушіге қойылатын талаптар деңгейі, оның мазмұны, қиындығы мен жауапкершілігі, біліктілігіне қарамастан жұмыс оның бүкіл өмірлік орнын анықтап, индивиттің субъективті құндылықтар жүйесі, жақын және алыс жетістіктерін айқындайды. Жұмыс «сондай – ақ адам өміріне әлеуметтік роль (түр – келбет) береді.  Түрлі кәсіби қызметтер қоғамның даму  деңгейін анықтап, олардың алдында тұрған мақсаттың мінездемесі, қоғамдық сананың кәсіптік бағалауы. Оның «беделдігін» айқындап береді. Бұл адамдардың мамандық таңдауы, оқу мекемесі мен ұсынылған жұмыс орнын таңдауында  еңбекке қанағаттануын қалыптастырады.

      Өндірістер мен кәсіпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың құлдырауының жиілеуі жоғары дипломы бар манадар арасында бұрынғы материалдық деңгейін төмендетіп алуға соқтырады. Қосымша жұмыс іздеуші адамдар қатары көбеюде.

      Жас адамдар әлі кәсіби болмаса да, өмірлік жолын мамандық  алу өмір сүру жол таңдау тиіс. Олардың өміріндегі маңызда мәселе (оқу, тұрмыс, тұтыну, қарым-қатынас) мазмұнды әрі  өндірістік еңбек етуге мәлімет бере отырып, индивиттің қоғамдағы әлеуметтік  орнын анықтап қамтамасыз етілуін (материалдық ахуалы, білім деңгейі, беделі).

     70 жылдар аяғында оқушылар үшін идеал ой еңбегінің жоғары кәсіби  мамандығы болып табылады. Ол жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің жалғыз жолы болып қабылданды.

     Қазіргі кездегі оқушылар үшін беделді мамандықтар түрлі кәсіпкерлік қызметтер, өндіріс сервисі, демалыс орындары мен көңіл көтеру орындары т.б. мамандықтар тез баюға мүмкіндік беріп жеке ұйымдастырушылық коммуникативті қасиеттерін дамытуға ең бастысы алдын-ала ұзақ кәсіби оқуды жиі талап етпейтіні ыңғайлы болды.

     Кәсіп таңдау және жұмыс орнын іздеу қиындығы қазіргі жастардың сапалық білім түрі мен еңбек мазмұнына сәйкес келуі болып отыр. Академиялық білім күделікті өмірде практикалық қолданылу орнын таба бермейді. Сондықтан жас адамдардың қызметтік карьерасын білім деңгейі мен біліктілік дәрежесімен байланыстыра бермейтіндері аз емес.

     Кәсіби білім алу барысында көптеген  оқитындар мен студентер арасында алып жатқан мамандығына көңілі толмаушылық болады. Кейбір жеке пәндердің ұнамауы кәсіптік таңдау дұрыстығына күдік туғызып  оқуға деген қызығушылықта төмендейді. Осы кезде кәсіптік таңдау дағдарысы орын алады.. Ол ереже бойынша кәсіби білім алудың бастапқы және соңғы  жылдарында аса қатты байқалады. Бұл дағдарыс оқу мотивациясының әлеуметтік – кәсібилікке ауысуында жойылады.

      Кәсіби білім алу аяқталғаннан кейін кәсіби бейімделі кезеңі басталады. Жас мандар өзіндік қызметін бастайды.

      Мамандық таңдауда жас адам өзінің болашақ жұмысы жайында ойлайды. Кәсіби оқу мекемесінде бұл кеңейтілді.

     Мамандық таңдау – бұл көбінесе адамның қоршаған ортаға бағынуы бейімделу стратегиясы арасындағы таңдау, бір жағынан жеке тұлғаның дамуындағы ішкі ресурстардан арылу старатегиясы, құндылықты – руқани проблемаларды шешуге қабілетті және қоршаған ортаға қарсы тұру қажеттілігі.

     Мамандық таңдаудың индивдуалдың жағдайы (кәсіби жолды проектілеу мен жылжу) әр адамда жалпы құрылымды құрайды. Оның маңызды болашақта жастардың кәсіп таңдауын сегіз жағдайға бөлеміз.

1.      Отбасының үлкен мүшелерінің көзқарасы (немесе олардың орындағылары).

2.      Құрдастар көзқарасы (жолдас, құрбы) отбасында тыс қарым-қатынастағы маңызды адамдар.

3.      Мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, мектеп тпсихологы (оқушы тарпынан) егер бар болса олардың көзқарастары..

4.      оқушының сол кездегі жеке кәсіби жоспарлары (оптанттық толық анықсыздығы белгіссіздік болса да).

    Жеке кәсіби жоспардың (теоретикалық идеалды) жалпы құрылымы (болашақта) толық былай көрсетіледі.

      басты мақсат (жас адам болашақта не істейді, қоғамдық – халықтық іске қандай еңбекті үлесі бар, кім болғысы келеді, неге қол жеткізгісі келеді, қандай өмірлік идеалы мен қызмет түрі бар).

      Жақын арадағы және кейінгі мақсаттары – «өмірлік жетістік» (қызметтің алғашқы саласы ойлауға болатындай жалғыз мамандық жұмыс өз күшінің мүмкін алдын – ала врианттары мүмкін кәсіби оқу мекемелері кәсіби оқу мекемесінің, еңбектік орны - өзінің жұмыс күнін көру мүмкіндігі, кәсіби іскерлікті көтеру, оқу, карьера құру).

Жастар мәдениетінің ерекшеліктері.

Қазіргі жағдайда коғамдағы ең жылжымалы барлық әлеуметтік процестердің ішінде жастар мәдениеті жас адамның мәдени қызметінде мәдени дамудың мазмұндық жағының бағытталу денгейіне тең.  В.Я.Суртаев жастар мәдениетін  келесі  факторлармен белгілейді:

1. КСРО   құлағаннан    кейінгі    қоғамның   әлеуметтік   құрылымындағы қайта құрудың   басталуы  мен байланыстың шиеленісін нарықтық экономикаға   өтудегі   жүйелік   дағдарыс   занды   түрде     әлеуметтік бейімделудің    дәстүрлі  құндылықтардың    ауысуына    алып  келді. Кеңестік ұлттық және    "батыстық" құндылықтарға деген    бұқаралық  сана - сезім бәсекелестігі тұрғындардың әлеуметтік анемиясы мен өзгерісіне  алып келмеуі мүмкін емес,  жастардың    құндылықтар    әлеміне    әсер етіп    қарама-қайшы. аласапыран  әрекеттер       кейде болады.     Әлеуметтік  -   экономикалық    жағдайдың    жаңа     жолдарын қарастыру мен   жылдамдатылған   статустық    қозгалыс, бейімделудің   жаңа түрлері жастар мәдениетіне өз ықпалын тигізді.

2.   Қазіргі     мәдениеттің    институционалдық,  субъективті     қызметтік деңгейі  коғам     секілді    дағдарыс жағдайында. Бір   жағынан тұрғындардың   мәдени даму   маңыздылығы   дағдарыстан   шығу   жолдарының әлеуметтік    проектілері    сәтті жүзеге    асуы үшін    басқару органдарымен    мойындалады,    екіншіден -мәдени    процестің    мәденилігі   жоғарғы      мәдениеттен    орта     ашулы мәдениетке  ауысты. Оның ең көрнекті  түрі  бұқаралық ақпарат  құралдары    болып табылады.

3. Мемлекеттік    көлемде    гуманитарлы әлеуметтендіру    бағдарламасы      тұтас    орындалуын қамтамасыз етуге    тырысу    сәтсіз  аяқталды. Бүгінгі ортақ  гуманитарлы  тәрбие  мүлдем  жоқ ал бұл саладағы   жеке мемлекеттік    жоғарғы  оқу    орындарындағы    жастар тобының    ұмтылыстары тек    кейбіреулерін    ғана қамтиды, Көптеген    мектептерде гуманитарлы  әлеуметтену    гуманитарлы пәндерді    стандартты түрде шектеп "оқудан тыс" деп аталатын мәдени құндылықтармен жас адамдарды біріктіретін топтар кейде бұзады. Гуманитарлы әлеуметтену коммерциялық мінездеме екені көбінесе жасырын емес, мәселен "элиталық білім". Гуманитарлық әлеуметтену оқушының немесе жас адамның ата-анасының кіріс деңгейіне  мөлшерленген.

4.    Жасөспірімдік  жас (15-18 жас) белгілі  бір  деңгейлі ашушаңдық тілектер тұрақсыздығы, шыдамсыздық, бірбеткейлік мінездерімен ерекшеленіп әлеуметтік статустық көңіл-күйіне әсер етуі шиелінісе түсетін кезең болып табылады (ол бала да емес, есейген де жоқ). Дәл осы кезең құрдастар арасында іс-әрекет стилі. мода (сән) өзара қарым-қатынас, байлығы қанағаттандырылмайды. Құрдастар тобы әлеуметтік шеттету көңіл - күйін басынан кешіреді. Әрине, бұл топтарда өзіндік  мәдени нормалар мен дәстүрлер ең алдымен эмоционалдық-сезімдік қабылдауы  арқылы ерекше қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Қорытынды

Білім  беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану  секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың  әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттеді. Білім беру әлеуметтану білім жүйесі  әлеуметтік институты ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін  ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласынан бөлініп шығуы бөлімінің  тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты  дербесшілігіне, оларды тудырушы қоғамдық  қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алуы қабілеттілігіне негізделген.

Білім беру әлеуметтануының  пәні  әлеуметтік  институт  ретінде  білім  (оның  қоғам  қызметі  мен  басқа  институттармен  байланысы)  әлеуметтік  ұйым  ретіндегі  оның мекемелері  мектеп,  жоғары  оқу  орын  т.б.  Сонымен  бірге  білім  саласындағы  әлеуметтік  саясат  болып  табылады.  Білім  беру  әлеуметтануы  сондай – ақ  білім  жүйесінің  әлеуметтік  институт  ретінде  қоғаммен  және  оның  негізгі элементтерімен  өзара  әрекеттесулермен  зерттеледі.  Мысалы,  қоғамның  өндіріс  элементтері,  экономикалық  қатынастар  элементтері,  саяси  жүйе  элементтері,  рухани  өмір  элементтері.

Информация о работе Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар