Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:11, реферат
Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу». Менің рефератым негізгі бес бөлімнен тұрады: 1. Тауар және оның негізгі қасиеттері;
2. Тауардың өмірлік цикл кезеңдері; 3. Өндіріс және өндіріс факторлары туралы түсінік; 4. Өнімді сатып өткізу; 5. Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тауар және оның негізгі қасиеттері
2. Тауардың өмірлік цикл кезеңдері
3. Өндіріс және өндіріс факторлары туралы түсінік
4. Өнімді сатып өткізу
5. Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу». Менің рефератым негізгі бес бөлімнен тұрады: 1. Тауар және оның негізгі қасиеттері;
2. Тауардың өмірлік цикл кезеңдері; 3. Өндіріс және өндіріс факторлары туралы түсінік; 4. Өнімді сатып өткізу; 5. Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері.
Мен, бірінші бөлімде жалпы алғанда
«тауар» деген түсінікке
1.Тауар және оның негізгі қасиеттері
Тауар өндірісінің өзекті категориясы — тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқталайық.
I. Маркстік теорияда, тауар —
сатуға арналған, адамға пайдалы
еңбек өнімі ретінде
II. Австрияның экономикалық
Тауарлы өндірісте өнім тауар түрінде
өндіріледі. Бірақ, кез келген өнім
тауар емес, ал кез келген тауар –
өнім. Сонда тауар дегеніміз не?
Тауар дегеніміз–оқшауланған өндірісші
өзі тұтынуы үшін емес, басқалар тұтынуы
үшін, рынокта сатып пайда табу үшін өндірілген
өнім. Қысқаша айтқанда, тауар дегеніміз–бастапқыдан
рынокта сату үшін өндірілген өнім (зат
және зат емес түрдегі). Демек, кез келген
өнім (зат және зат емес түрдегі) тауар
сипатына өте бермейді. Егер өндіруші
ол өнімді өзі тұтыну үшін өндірсе, ол
тауар емес.
Сонымен қатар, өнім кез келген жағдайда тауарға айнала бермейді. Өнім тауарға айналуы мүмкін, егер оның екі қасиеті бар болса:
1.Тұтыну құны;
2.Айырбас құны.
Тауардың тұтыну құны дегеніміз
– оның адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандыра алу қабілеті. Шындығында,
кез келген өнім тұтыну құны болып табылады.
Өзі тұтынады ма, әлде басқалар үшін өндіреді
ме, бәрібір, ешкім ешқашан пайдасыз өнім
өндірмейді. Адам өндірген өнім белгілі
бір жеке қажеттіліктерді қанағатандыра
алады немесе басқа өнімдерді ендіру құралы
бола алады. Демек, кез келген заттың тұтыну
құны бар, сондықтан экономикалық теория
тілінде зат тұтыну құны немесе пайдалылық
де аталынады. Есте ұстайтын нәрсе, тұтыну
құны немесе пайдалылық адам еңбегінің
нәтижесі түрінде ғана болуы шартты емес.
Мысалы, табиғат сыйлаған, бірақ адамдар
тұтынып жатқан «тегін» игіліктерді де
тұтыну құны деп айтуға болады (жабайы
жемістер мен жидектер, таза су, орман
және тағы басқалар).
Қарапайым заттан тауардың айырмашылығы
және ерекшелігі — зат тауарға айналуы
үшін ол қоғамдық тұтыну құны болуы тиісті,
яғни тауар оны өндірген адамның емес,
сатып алған адамның қажеттілігін өтеуі
тиісті. Қоғамдық тұтыну құны дегеніміз
тауар ретінде өндіріліп жатқан өнімдердің
рынокта сатылып, белгісіз басқа біреулердің,
қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра
алу қабілеті. Демек, тауардың тұтыну құны
тек нарық арқылы анықталады. Егер нарықта
тауарға сұраным бар болса, оны басқалар
сатып алып жатса, онда тауар түрінде өндірілген
сол зат қоғамдық тұтыну құны болғаны.
Қысқаша айтқанда, ол — қоғамға пайдалы
тауар. Осыдан барып келесі қорытынды
туындайды: кәсіпкер «нені өндіру керек?»
деген мәселені «әрқашан тек сұраным бар
тауарды ғана өндіру керек» деген тұрғыда
шешуі керек.
Тауардың екінші қасиеті — айырбас құны, яғни белгілі бір пропорцияда басқа тауарға айырбастала алу қасиеті. Тауардың айырбас құны сандық қатынас түрінде нақты көрініс табады: тұтыну құны түріндегі бір тауардың белгілі бір саны тұтыну құны өзгеше басқа тауарға айырбасталады. Мысалы, 1 жылқы 10 қойға айырбасталған кезде айырбасталып жатқан тауарлардың сандық қатынасы, яғни айырбас құны көрініп тұр. Айырбас кезінде тұтыну қасиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлар белгілі бір саны арқылы бір-бірімен теңестіріледі.Тұтыну қасиеттері мүлдем үйлеспейтін әртүрлі тауарларды айырбас кезінде не нәрсе теңдестіреді, оларды қалай бірдей етеді? Демек, оларды теңдестіретін ортақ негіздің бар болғаны. Ол қандай негіз? Ондай негіз ретінде тауарлардың көлемі, массасы, түрі мен түсі, физикалық-химиялық қасиеттері сияқты сипаттамалары роль атқара алмайды. Бұл сияқты пайдалы қасиеттері арқылы тауардың тұтыну құны ғана анықталады. Айырбасталатын тауарлардың тұтыну құндарының әртүрлі болуы — айырбастың қажетті шарты, өйткені ешкім бір затты (тауарды) дәл сондай затқа (тауарға) айырбастамайды.
2.Тауардың өмірлік цикл кезеңдері
Өзгеріс бар жерде даму,
ілгерілеу де бар. Олай болса, тауардың
өзіндік ерекшеліктері
Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтынушысына ұсынылуына дейінгі циклі бес кезеңге бөлінеді.
Алғашқы (нөлдік) кезең. Болашақ
тауар жөніндегі идея дүниеге
келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын
мақұлдау, қабылдау және қажет саналса,
сол өндірілетін тауарды
Өндіріс — тауардың дүниеге
келуіндегі бірінші әрі шешуші кезеңі,
осы кезеңде келешектегі тауар
өтімдігінің сәтті немесе сәтсіз
болуы анықталады. Енді дайын тауарды
зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға және
өткізу жағын ұйымдастыруға жұмсалған
алғашқы шығындардың орнын
Бұл тауардың өсу және даму кезеңі деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін. Міне, сонда ғана сатылымнан түскен табыс арта түсіп, өндіріс шығындарын жабумен қатар, біршама пайда түсіретін болады. Бұл — тауар дамуының үшінші кезеңіне бет алғанының нышаны.
Тауар бұл кезеңде өзінің жоғары деңгейіне жетіп сандық және сапалық жағынан жетіле түсіп, тұрақты пайда алуға қол жеткізеді. Іскер де сергек кәсіпкер тап осы кезеңде өз тауарын одан әрмен жарнамалау жолдарын қарастыра отырып, оны өткізуді ынталандыруға күш салады. Нарық конъюнктурасының өзгерістерін де үнемі қадағалаудан қол үзбейді. Өйткені бәсеке жағдайындағы тауар өткізу процесі қашанда «қауіп-қатерге» толы және онық жалғасуына күтпеген оқиғалар кедергі келтіріп, тауардың нарықтан тыс қалуы да мүмкін.
Әйтсе де объективтік зандылық
бойынша, көп ретте жаңа оқиға
— ескі тәртіптің қойнауында пайда
болады. Сол себепті «тауар әлеміндегі»
өзгерістің көрініс беруі кездейсоқ
оқиғаның нәтижесі емес, оның да әлдебір
нышандарын алдына ала аңғару шындыққа
жуықтайды. Міне, осындай кезде кәсіпкердің
тапқырлығы мен болжампаздығы ауадай
қажет. Сол үшін де ол конъюнктураның
кернеу көзге өзгеруі өз тауарын
ығыстырмай қоймайтынына көзі жеткен
тұста-ақ өндірістегі тауар жаңартудың
бұрынғы тәртіптерін қайта
Тауардың өмірлік циклінің төртінші кезеңінде нарықта тауардың өтуі біртіндеп немесе кенет қыскарады. Мұның себептері әр түрлі. Жалпы алғанда, басты себеп сұраныстық жеткілікті қанағаттандырылуы деуге болады. Бұған қоса, тауар өндірісі технологиясының ескіруі, көптен бері өзгермеген тауарлардың тұтынушыларды жалықтыруы, кейбір тауарларға деген қажеттіліктің мәні жойылып кетуі немесе оның орнын соған басқа ұқсас тауарлар алмастыруы т.б. тәрізді себептер де әсер етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мұның бәрі де нарықтағы тауар қозғалысының тұтынушылардың сұраныс қарқынынан қалып қоюының, ал тереңдей қарасақ, тауар өндірушілердің нарықта белгі беріп келе жатқан сәйкессіздікке мән бермеуінің немесе одан бейхабар болуының нәтижесі. Бұл жағдайдағы аса ұтымды шешім — нарықка жаңа тауар ұсыну арқылы нарық айналымына қосылу болып табылады және ондай тауарлардың нарық сегментінде өмірлік циклі ұзақ уақытқа созылатыны сөзсіз.
Тауар қолдануда әрбір дәуір өз жаңалығын бірге ала келіп, айналымдағы тауардың өмірлік цикліне елеулі өзгеріс ендіріп отырады. Материалдық игіліктерді тұтынудағы ерекше шарықтау кезеңі, әсіресе, үстіміздегі ғасырдың екінші жартысынан бастап, жалғасын табуда. Электрондық есептеу машинасы кез келген адамның үйреншікті құралына айналып, күнделікті тұрмысқа компьютердің небір жаңа түрлері енуде. Адамзат қоғамының қазіргі өркениетті дамуы ғарыш ғажайыптарының сырына үнделуде…
Тауардың өмірлік циклі және оның кезеңдері тауар атаулының бәріне бірдей қатысты емес. Олардың ерекшеліктеріне және қолданатын елдері мен аймақтардың технологиялық, экономикалық және мәдени даму дәрежелерімен бірге, әрбір тауардың тұтынылатын жерінің экономикасында алатын орнына сәйкес тауардың өмірлік циклі мен кезеңдері де әр түрлі болады. Мысалы, өндіріс процестерінде қолданатын тауарлар мен көпшілік қолды тауарлардың сол тауарлардың өзінің әр қайсысының жоғары дамыған елдер мен дамуға бет алған елдерде қолдануларына қарай өзіндік өмірлік цикл кезеңдеріне құралып отырады. Тауарлардың өмірлік цикліне тұтынатын жеріндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы да басқа ұлттық өзгешеліктер әсерін тигізеді. Әдетте тауар неғұрлым көбірек қолданылатыи жерде оның нарық айналымындағы өмірлік циклі онша ұзаққа созыла қоймайды
Тауардың өмірлік циклі бірнеше кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Егер шикізатты алғашқы тауар ретінде алсақ, оның өмірлік циклі мынадай екі кезеңге бөлінеді: 1) тауар өндірілген кезден бастап, тұтынушыға сатылғанға дейінгі кезеңі;2) өндіріс процесі барысында қолданысқа түсіп, соңынан дайын өнім құрамын шыққанға дейінгі кезең; яғни оның бұл жердегі өмірлік циклі өндіріс кезеңімен тең болады.
Көпшілік қолды тауарлардың өмірлік циклінде, әсіресе, оның нарықтағы кезеңінде алдын ала болжауға келмейтін жағдайлар қалыптасуы мүмкін. Шындығында, қандай бір тауар түрін өндіруші болсын, ол өз тауарының нарықта ұзақ уақыт тұрақтап қалуын тілейді. Өйткені тап осы жағдайға байланысты ғана тауар иесіне тұрақты пайда түсіп отырады. Ал тауардың пайдалы болуы онық нарықтағы айналымы жылдам әрі көлемді болуы дегенді білдіреді. Тауардың нарықта тұрақтай алуы — сегментті-сұранысты жоғалтпауға тырысу немесе соны ұзағырақ ұстап тұру мақсатын көздесе, тауардың айналым мезгілі мен көлемі- сол сегментті кеңейту, яғни нарыққа тереңірек және кеңінен ену мағынасын береді. Тауар өндірушінің ынта-ықыласы оның жеке бастық ізгі ниеті ретінде көрінеді. Бірақ бұл ұмтылыстың, нақты жүзеге асуы сол нарыққа таласушы басқа да бәсекелестердің іс-әрекеті мен мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады. Сонымен тауардың нарықтағы және айналымдағы өмірлік циклі тауар өндірушінің жеке бастық ынта-ықыласы мен мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар нарықтық ортадағы басқа да үміткерлердің ұмтылыстарына тәуелді болады.
Информация о работе Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу