Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:11, реферат
Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу». Менің рефератым негізгі бес бөлімнен тұрады: 1. Тауар және оның негізгі қасиеттері;
2. Тауардың өмірлік цикл кезеңдері; 3. Өндіріс және өндіріс факторлары туралы түсінік; 4. Өнімді сатып өткізу; 5. Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тауар және оның негізгі қасиеттері
2. Тауардың өмірлік цикл кезеңдері
3. Өндіріс және өндіріс факторлары туралы түсінік
4. Өнімді сатып өткізу
5. Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алдын-ала ойланып таңдайтын тауарларды сатып алуда асығыстық жоқ. Өйткені оның сапасы, жарамдылығы, бағасы, сыртқы тартымдылығы тексеріліп барып, соған ұқсас өзге де тауарлармен салыстырылу нәтижесінде оны алуға шешім қабылданады. Мұндай тауар түрлері, әдетте, қымбат бағалы болады да, айналымы баяу және нарықтық өмірі жиі өзгермейтін топтарға жатады. Бұл тауарлар қосымша белгілері бойынша бір-біріне ұқсас және ұқсамайтын түрлерге бөлінеді. Ұқсастарының сапасы бірдей дерлік, бірақ өзара салыстырғанда бағаларының аздаған айырмашылығы болуы мүмкін. Және бағандағы болмашы өзгешеліктер ондай тауарларды сатып алуға бәлендей кедергі келтіре алмайды. Ал бір-біріне ұқсамайтын тауарларға келсек, ең әуелі олардың, қасиеттері тұтынушылар үшін шешуші мағынаға ие болуы мүмкін, сол себепті тұтынушы өзі қалаған тауарын бағасының айырмашылығына қарамай, сатып ала береді. Сондықтан да өзара ұқсастығы жоқ тауарларды алдын-ала таңдау тәсілімен сату барысында олардың түр-түрін көбейтіп шығару қажет болады.
Сирек кездесетін аса құнды кейбір тауарлар ерекше сұранысқа ие болады. Оларды алу үшін тұтынушылар қосымша күш салуға дайын келеді. Соңғы үлгідегі сәнді киімдер, автомобильдер, үй жиһаздары осындай тауарларға жатады да, бұлардан гөрі, құнды да тартымдылау тауар пайда болғанға дейін нарықта біршама уақыт бойы тұрақтап қалуы мүмкін.
Енжар сұраныстағы тауарлар қатарына сирек қолданатын немесе тіршілікте бәлендей маңызы жоқ, тұтынушылар онша біле бермейтін және білген күннің өзінде айтарлықтай мән беріп, оны сатып алу жөнінде ой келмейтін бұйымдар немесе әр түрлі заттар жатады. Мұндай тауарларды өткізу үшін әдетте дербес сату, жарнамалау тәрізді тәсілдерді қолдануға көп күш салынады. Дербес сатудың нағыз шебер тәсілдері тап осы енжар сұранысты тауарларды өткізуге ұмтылудың нәтижесінде пайда болған.
Тауарларды осы тұрғыдағы топтарға, кластарға немесе түрлерге бөліп қарастыру — маркетингтің ұнамды әдістерінің бірі. Сол арқылы әр түрлі тауарлардың арнаулы өзгешеліктері мен қолдану тәсілдерін таңдап, нарықты сегменттеуді, өндірісті үйлестіруді және сұранысты терең әрі жан-жақты зерттеуді жүзеге асыруға болады. Қайбірде физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес бір түрлі тауардың өзі бірнеше мұқтаждықтарға қолданылуы мүмкін. Ал, бұған керісінше, көптеген тауарлар бірінің орнын бірі басу қабілетіне ие болуы себепті ортақ қажеттілікке пайдалануы мүмкін. Сондықтан кейбір тауарларды кластарға, топтарға бөлу салыстырмалы түрде ғана сипатталады. Бұл өндіріс процестеріне арналған тауарларға қатысты жайт.
Тауар өндіруші өз тұтынушыларына баса көңіл бөле отырып, олардың тапсырыста көрсетілген талап-тілегіне сәйкес тауар өндіруге, оның жаңа түрлерін ұсынуға және тауар сатылғаннан кейін де соңғы қызмет түрлерін көрсетуге әзір тұруы кажет. Бұл арада жарнама, т. б. шаралардың ішінен, әсіресе, тауарды жеке сату техникасының маңызы ерекше.
3. Өндіріс
және өндіріс факторлары
Өндіріс – өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
Экономика тілінде өндіріс факторлары
деп аталатын бұл төрт элемент
тиісінше – жер, капитал, еңбек және
кәсіпкерлік ұғымдарымен
Өндіріс түрі (үлгісі) – өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айқындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).
Жаппай өндіріс – ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.
Өндірістік қуаттылық – уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс (іс- амал) – осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.
Өндіріс қорлары – өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.
Өндірісті қайта құру – өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.
4.Өнімді сатып өткізу
Өткізу – өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс – әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай – ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы:
Арнаның өткізу қызметтерін
тек өндірушілер де, делдалдар
да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін
жалпы сипаттай келе, оның арналар,
деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары
деген құрамдастарын бөліп
Өткізу арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін тарату арналары, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей.
Өткізу арналарын таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
Тәжірибеде өткізу арналарының тікелей және жанама деген 2 негізгі типі қолданылады. Олардың әрқайсысы бірнеше топтарға бөлінеді.
Тікелей өткізу арнасы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делделдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей өткізуді жиі қолданады, өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады. Мысалы, Алматы ауыр машина зауыты (АЗТМ), «Қазмұнайгаз» және «Қазхром» компанияларына поршеньдік насостарды, тербелмелерді, редукторларды, ал Соколов – Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне (ССГПО) – сым созатын станоктарды.
Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін – тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі мүмкін. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде өндірушілер әдетте тауаларын көтерме саудагерлер арқылы сатады, ал олар бөлшек сауда дүкендерімен жұмыс істейді.
Өткізу арнасын
Нөлдік деңгейдегі арна. Бұл арна тұтынушы мен өндірушіден ғана тұрады. Ол екеуінің арасында өткізу деңгейі болмайды, сондықтан тікелей маркетинг деп аталады.Тікелей маркетингке шығарып сату, үйде сату, телемаркетинг, пошталық сауда және тағы басқалары жатады.
Бір деңгейлі арна. Құрамына бір делдал кіреді. Тұтыну нарығында делдал ретінде әдетте бөлшек сатушы, ал өндірісте пайдалану тауарлары нарығында – өткізуи жөніндегі агент, дистрибютор және дилер атқарады. Мысалы: тұрмыстық техникалық негізгі түрлерін, жиһазды, теледидарды өндірушілер өз өнімдерін ірі бөлшек сатушыларға сатады, ал олар оны түпкі тұтынушыларға өткізеді.
Екі деңгейлі арна. Құрамына екі делдал кіреді. Тқтыну нарығында көтерме және бөлшек саудагерлер, өндірістік құралдары нарығында – дистрибьютор және дилерлер. Мұндай арналарды әдетте азық-түлік, дәрі-дәрмек өндірушілер және тағы басқалары қолданады.
Үш деңгейлі арна. Құрамында үш делдал: көтерме, ұсақ көтерме және бөлшек саудагер болуы мүмкін. Мысалы, ет өңдеу өндірісінде көтерме сауда және бөлшек сауда сатушыларының арасында ұсақ көтермелеуші орналасады.
Өндіріске арналған тауарларды
өткізудің тұтыну тауарларын өткізуге
қарағанда, өзіндік ерекшеліктері
бар. Осындай нарықтарда сатушылары
мен тұтынушылары аз болғандықтан және
тұтынатын тауарлардың
Белгілі бір өткізу түрін қолдану, өзіндік (собственные) және сыртқы (сторонние) арналарды таңдауды талап етеді.
Өзіндіктер - бұлар тікелей кәсіпорынға жататын өткізу органдары. Құқықтық тұрғыдан қарағанда, олар дербес немесе дербес емес болуы мүмкін.
Кәсіпорындардың өзіндік өткізу органдарына мыналар жатады:
Сыртқы өткізу ұйымдары категориясына мыналар жатады:
5.Өнімді
өткізудің маркетингтік
Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының құрылымына байланысты болады.
І. Дәстүрлі – бұған тәуелсіз өндіруші, бір немесе бірнеше көтерме немесе бөлшек сатушы кіреді. Жүйенің әрбір мүшесі өз қызметін атқарып, максималды табыс табуды көздейді. Жүйе мүшелері бір-бірінің қызметін толық бақылай алмайды. Таратудың дәстүрлі арналарының басшылығы пәрменсіз және тиімділігітқмен болады. Бұл жүйенің әрбір арнасы басқаларға тәуелсіз және тек қана өзінің пайдасын көбейтуге болады.
ІІ. Тік маркетингтік жүйелер (ТМЖ). ТМЖ алдыңғы қатарлы өткізу жүйесі ретінде есептеледі. Дәстүрлі арнаға қарағанда, ТМЖ (ВМС) бір бүтін жүйе ретінде қызмет ететін өндірушілерден, бір немесе бірнеше, көтерме және бөлшек саудагерлерден тұрады. Осы кезде арнаның бір мүшесі қалған фирмалардың меншік иесі болып келеді немесе олармен келісім-шартқа отырады, сондай – ақ оның қуаттылығы арнада белсенді орын алып, басқа қатысушыларға ықпалы зор болады. ТМЖ-да басшы ретінде өндіруші немесе көтерме бөлшек фирмалары да болуы мүмкін. ТМЖ өткізу арнасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оған қатысушылардың арасында болатын қақтығыстарды шешу үшін құрылады.
ТМЖ-ның корпоративтік, келісімді, басқарылатын деген негізгі үш типі бар.
КорпоративтікТМЖ негізінде өндіріс пен өткізудің кезеңдері және өткізу арналарының қатысушылары бір билікте болады. Тарату жүйесінде иелік ететін өндіруші меншігіне осы жүйедегі бөлшек сауда дүкендері жатады. Өндірушінің бөлшек сату желісіне меншігі алға бағытталған интеграция деп аталады, өйткені копания тарату тізбегінің тұтынушыға жақын бір ұяшығын сатып алады. Мысалы, мұнай компаниясы меншігіндегі жанармай құю стансалары арқылы жанармай сатады. АҚШ-та Сиарс әмбебап дүкендер дүйесінде сатылатын тауарлардың 50%-ын оның толықтай немесе жартылай меншігіндегі компаниялар өндіреді. Көтерме және бөлшек фирмалар жабдықтау көздерін бақылай алатын болса, мұндай жеке меншік нысаны, артқа бағытталған интеграция деп аталады.
Келісімді ТМЖ – үлкен коммерциялық жетістікке жету мақсатында, арна қатысушылары арасындағы келісімді қатынастарды орнату жүйесі. Келісімдер олардың қызмет көрсету өрісін толығымен қамтиды.
Информация о работе Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу