ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:53, реферат

Описание

Тұтыну мінез-құлығының маржиналистік теориясы экономикалық үрдістердің, жеке алғанда, игіліктерді тұтыну үрдістерінің талдауын адамдардың субъективті (жеке) ұнатуларын тауып, осының негізінде игіліктердің пайдалылығын табудағы қағидаларға негізделеді. Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес болса да.

Содержание

1. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтарых
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі

Работа состоит из  1 файл

тутынушы.docx

— 93.64 Кб (Скачать документ)

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ  ТЕОРИЯСЫ

 

1. Пайдалылықты анықтаудың  кардиналистік және ординалистік  жолдары (тәсілдері)

 

Тұтыну мінез-құлығының маржиналистік  теориясы экономикалық үрдістердің, жеке алғанда, игіліктерді тұтыну үрдістерінің талдауын адамдардың субъективті (жеке) ұнатуларын тауып, осының негізінде  игіліктердің пайдалылығын табудағы қағидаларға  негізделеді. Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды. Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализм және ординализм. Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын келтірген.

Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған  нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп  көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады және т.с.»

Пайдалылық функциясы  – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр – игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: – нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар.

  • әр қайсысының бағасы бар
  • тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.
  • тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады – басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады. Жеке бюджеттің шектелген жағдайында тұтынушы көптеген баламалардан таңдау жасауға мәжбүр. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.


           TU

           

                                                 

                0 1 2 3    4 5                   Q

а)

 

            MU

 

                                         MU теріс

 

 

 

б)  0  1   2    3    4       5                      Q

 

 

25 сурет. Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері

 

X,Y,Z игіліктердің әрқайсысынан 10 бірлігін  тұтынушы сатып алады дейік.  Осы игіліктердің пайдалылығы  және бағалары жөніндегі мәліметтер  келесі кестеде келтірілген:

Игіліктер

Игілік-

тер саны

Шекті пайдалылық (MU)

Бірліктің бағасы (Р)

Шығындар бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P)

X

10

1000

100

10

Y

10

400

20

20

Z

10

900

60

15


Тұтынушының пайдалылықты жоғарылату ұмтылысында Х және Z тауарларға ақша шығару оңтайлы емес, ұтымсыз  екендігіне, Y тауарының ең жоғары пайдалылығына  көзі жетіп, (20-10 мен 15 қарсы), Х игілігінің соңғы бірлігінің орнына Y игілігінің тағы да 5 бірлігін сатып алады. (Х  игілігінің бағасы 100 тең). Бюджеттің  бұндай қайта бөлінуі (үлестіруі) тұтынушыға пайдасы көп нәтиже береді (5∙400 = 2000, бұл алғашқы үлестіруден 1000 ютильге  көп). Сонымен, тұтынушы Х тауардың 9 бірлігін, Y тауардың 15 бірлігін, Z тауардың 10 бірлігін сатып алады. өз бюджетін оңтайландыру, ұтымды қылу мақсатымен сатып алушы әрі де қайта бөліп, үлестіруін әрі қарай жалғастыруына  болады. Бірақ, Y тауардың неғұрлым көп  санын (бірлігін) сатып алса, оның келесі бірліктерінің шекті пайдалылығы  соғұрлым түседі. Сонымен бірге, Х  игілігінің бірқатар бірліктерінен  бас тартқан сайын, қалған бірліктердің шекті пайдалылығы өседі. Бір  игілікті екіншісімен ауыстыру жолымен  одан арғы бөлуге (үлестіруге) ынта азая береді.

Нәтижесінде жаңағы жасалған ауысулар тұтынушыға игіліктер пайдалылығының тең деңгейін қамтамасыз ету керек. Мұндай бөлу (үлестіру) келесі кестеде  келтірілген:

 Игіліктер

Игіліктер саны

Шекті пайдалылық (MU)

Бір бірліктің бағасы (Р)

Шығынның бір бірлігіне шекті  пайдалылық (MU/P)

X

8

1500

100

15

Y

20

300

20

15

Z

10

900

60

15


Бір игіліктің шығын бірлігіне  келетін шекті пайдалылығы басқалардан  көбірек болса, шығындарды соның  пайдасына қайта үлестіру (бөлу) мақсатқа лайықты (сәйкес) болып келеді. Жаңағы мысал (кесте оны айқын  көрсетеді). Барлық сатып алатын игіліктердің шығындар бірлігіне келетін шекті пайдалылығы тең болғанда (теңескенде), тұтынушының тепе-теңдігі орын алады. Тұтынушы тепе-теңдік жағдайда, егер: MU/PX = MUY /PY = MUZ /PZ = … = MUn /Pn = λ, мұнда λ – ақшаның шекті пайдалылығы.

Бұл ереже Госсеннің екінші заңында тұжырымдалған: игіліктер жиынтығын тұтынудан пайдалылықтың ең көбін (жоғары деңгейін) тұтынушы шығындар бірліктеріне келетін тұтынған игіліктердің шекті пайдалылықтарының теңдігінде алады. Оңтайлы, тиімді таңдаудан басқа кез келген тұтынушының өз ұнатымдары болады. Осыған сәйкес функционалды және функционалды емес  сұранысты айырады. Оларды ең алғашқы болып американдық экономист Х.Лейбенстайн талдаған.

Функционалды сұраныс – тауардың тұтыну қасиеттерімен, оның пайдалылығымен себептелген сұраныс.

Функционалды емес сұраныс – басқа факторлармен, ең алдымен пайдалылыққа сыртқы ықпалдармен себептелген сұраныс. Бұл сұраныс 3 құрауышқа бөлінеді:

1. Көпке қосылу әсері, көппен болу себебінен туған сұраныс, бұл тауарды басқалар сатып алса, мен де олардан калмаймын деген тілек.

2. Сноб әсері, яғни «топтан ерекшелену» тілекпен себептелген сұраныс. Ол «көпке қосылу әсеріне» қарсы бағытта әрекет жасайды.

3. Веблен әсерімен себептелген сұраныс, яғни жұртқа көрсету, мақтану үшін туындайтын сұраныс.

Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы (Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген:

1. «Толық тәртіпке келтіру»  аксиомасы. Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық жиынтықтарын реттеп, таңдап, салыстырады (А жиынтығы, В немесе С жиынтығы), осындай салыстырудың нәтижесінде біреуін не бірнешеуін таңдайды, тіпті ешқайсысын да алмауы мүмкін.

2. «Транзитивтік» аксиомасы – егер А жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал В жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А және В бірдей, тең болса (парықсыздық тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер А ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы С ұнатымдылау.

3. «Қанықпау» аксиомасы – игіліктердің сапасы олардың жиынтығын (себетін) салыстарғанда тапсырылған шама болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып (бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1 тауар позициясы (орны) бойынша сан жағынан артықшылығы (басымдығы) болса, он ұнатымдылау болып келеді.

4. «Рефлексивтік» (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің 2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр қайсысы басқасынан кем еместігін табады.

Тұтынушы ең пайдалыны барлық нұсқалардан  ұнатымдысын таңдау әдісімен бағалайды. Сонымен, игіліктің пайдалылық категориясы  реттік ұнатымдық түсінігіне тең.

 

2. Тұтынушының ұнатулары  және талғаусыздық  қисық сызықтары

 

Тұтынушының таңдауын модельдеу (үлгілеу) үшін ординалистік теориясында талғаусыздық қисық сызықтары қолданады.

Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір. 26 суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір, қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1.

       Y

         A


         3 

                              

         2                              субституция аймағы

 

         1                                  B 

                                                                  U

 

1       2       3                          X

26 сурет. Талғаусыздықтың қисық сызығы

 

Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі).

 

 

 

 

 


               U2

         Y         U1

 

Информация о работе ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ