Зейнетакы жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 05:35, реферат

Описание

Осы сөздің өзінен–ақ бәрі түсінікті. Біз еңбек өтіліміздің барысында ай сайын өзіміздің еңбекақымызға қарай белгілі бір соманы (қолданыстағы заңнама бойынша 10%) төлеп отырамыз (жұмыс берушіміз төлейді).
- Қайда төлейміз?! Кімге? Не үшін?
- Дәлірек айтсақ, өзіміз таңдап алатын зейнетақы қорына аударамыз.

Работа состоит из  1 файл

Зейнетақы жоспары.doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)


 

 

Зейнетақы жоспары

                    Басты

                     > 

                    Зейнетақыны жоспарлаймыз

 

Зейнетақы жарналары

Осы сөздің өзінен–ақ бәрі түсінікті. Біз еңбек өтіліміздің барысында ай сайын өзіміздің еңбекақымызға қарай белгілі бір соманы (қолданыстағы заңнама бойынша 10%) төлеп отырамыз (жұмыс берушіміз төлейді).

- Қайда төлейміз?! Кімге? Не үшін?

- Дәлірек айтсақ, өзіміз таңдап алатын зейнетақы қорына аударамыз.

Солайша айлар өткен сайын біздің зейнетақы шотымызда бізге зейнеткер болған уақытымызда төлемдер ретінде берілетін қаражат сомасы жинақталады.

Бұл қалайша жүзеге асатындығы туралы, және зейнетақы төлемдерінің түрлері жайында төменнен оқыңыз.

Зейнетақы жарналары – бұл зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ақшаны сақтауға беру ғана емес, сонымен қатар бұл шын мәнінде инвестиция жасау.

Зейнетақы қоры – бұл өзінің салымшыларына пайда әкелетін қаржылық құрал. Азаматтар төлейтін ақша ПИФ сияқты жұмысқа енгізіледі

Жарналардың түрлері:

- Міндетті – жарналар заңнамада бекітілген мөлшерде ай сайын жұмыс берушінің шотынан ЖЗҚ шотына аударылып отырады.

- Ерікті – өзі айтып тұрғандай, – салымшы өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорына ҚР Заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шартта бекітілген тәртіппен алушының пайдасына енгізілетін ақша.

- Кәсіби – салымшылар өз бастамаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына заңнамада және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шартта бекітілген тәртіппен ҚР Үкіметі белгілеген кәсіптер тізімі бойынша жұмыскерлердің атына салатын ақша. Яғни жұмыс беруші Сізге міндетті төлемдермен қатар, ерікті түрде төлемдер жасап өзінше көмектеседі. Көбіне мұндай жарна түрі зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға қатысты болады.

Жоғарыда айтылғанға қарағанда, зейнетақы жарналары бақылауға жататын үрдіс екендігі түсінікті болды, және сіз инвестициялардың мөлшерін ерікті жарналар арқылы көбейте аласыз.

Тәжірибе жүзінде зейнетақы қорын таңдамастан бұрын:

Зейнетақы жүйесімен танысу керек

Зейнетақы қорын таңдау керек

Екі жолдың бірін таңдау керек: қалыпты салымдар немесе инвестициялық портфельді өзіндік бақылау.

ЖЗҚ–ымен шарт жасау керек.

Біздің сайттағы басқа да пайдалы ақпарат:

Зейнетақы жарналары – сіздің болашағыңызға жасаған инвестиция. Біз Сіздерге «Қамсыз қарттық» атты ақпараттық–танымдық кітапты ұсынуға қуанышты боламыз.

- Аннуитетті сақтандыру

– Егер сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар бізден!

- Форумда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқарып үйреніңіз

- Біз Сіздер үшін Зейнетақы жарналары атты тақырыпта және басқа да қызықты тақырыптарда қызықты басылымдар жинаймыз.

- Әлеуметтік көмек.

- Зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) және басқа компаниялардың анықтамасы

 

Зейнетақы нарығындағы оқиғалар легі қазақстандық салымшыны тек зейнетақы қорының табыстылығы туралы ғана емес, сонымен қатар өз жинағының сақталатындығы туралы ойландырды.

Зейнетақы нарығындағы оқиғалар легі қазақстандық салымшыны тек зейнетақы қорының табыстылығы туралы ғана емес, сонымен қатар өз жинағының сақталатындығы туралы ойландырды. Қордың табыстылығы мен сенімділігінің басты белгілері қандай?

 Қазіргі кезде Қазақстандағы зейнетақы нарығындағы жағдайдың қалай қалыптасқандығы және жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының неге көңіл бөлу керектігі туралы  «Қазақстан Халық банкісі» ЖЗҚ» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Қаңтар Орынбаев «Капитал.kz»мен ой бөлісті.

 Қорлар өз инвестициялық қоржындарында  дефолт қағаздармен қалай күреседі?

Дефолт қағаздармен күресудің ең ұтымды тәсілі – оларды сатып алмау. Қазіргі кезде барлық зейнетақы қорларынан дефолт компаниялардың қағазын табуға болады. Барлығында  саны әр түрлі. Мысалы, біздің қоржынымызда 31 дефолтты компанияның тек 4 ғана бар.

Егер  қазір  зейнетақы қорының қоржынында сапасыз компаниялардың үлкен саны айқындалса, демек, онда дағдарысқа дейінгі кезеңде  ол эмитенттердi таңдауда талғамсыз болды.  Оның артынан жаңа дефолттар болуы да мүмкін, сондықтан да қордың төмендеу ықтималдығы зор. Сонымен ашылған үлестерді шектеудің қажеттігі жоқ. Инвестициялық комитеттің немесе несие аналитиктерінің жұмысын, несиені талдау сапасын бағалау үшін, дағдарысқа дейін компанияның не істегендігін жай  қарастыру қажет. Сонымен қатар, біз, қорлардың инвестициялық қоржындарында дефольт қағаздарды қысқарту үшін нарыққа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тұжырымдамасын ұсындық.  Осы бағдарлама эмитенттер алдында зейнетақы қорларының рөлін ұлғайту және оларға ықпал ету  тетіктерін  беру қажет. Осылай біз бұрынғыны қайтарып алу күресіне көңіл бөлмей, келешекте бұндай жағдай қайталанбауына ерекше көңіл бөлеміз.   Тұжырымдама 2009 жылдың басында қаржы бақылау (ҚБА) бойынша агентікке және зейнетақы қорына ұсынылды.  Қазіргі сәтте бағдарлама 50%-ға жүзеге асырылған.

 Осы тұжырымдаманың ең маңызды сәттерінің бірін атай аласыз ба? 

 Атап айтсақ, эмитенттер үшін ковенанттардың міндетті болуын алуға болады. Нарық бізбен ковенанттар – бұл инвестор мен эмитенттің арасындағы келісімшарт деп дауласты. Иә, біз оған келісеміз. Ковенанттарды  тiркеудегi қиыншылық, оны барлық зейнетақы қорларының пайдаланбайтындығында болып тұр.  Яғни, эмитенттер де берілген жаңалыққа ілесуге асықпайды. Тұжырымдаманың басты мақсаттарының бірі – бірлестік атынан шыққан өкілді құру және бағалы қағаздарды ұстаушыларды біріктіру. Біз компания-эмитенттерге әсер ету тетігін беретін, өкілеттіліктерге сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушыларды бөлгіміз келеді.  Жалпы алғанда, идеялар өте көп. Барлығы дағдарысқа дейінгі кезеңде жіберілген қателерді талдау арқылы құрастырылған.

 

Қазақстанға қанша зейнетақы қоры керек?

                    Басты

                     > 

                    Жарияланымдар мен шолулар

 

Артқа

Бүгіндері жинақтаушы зейнетақы активтерінің 45 пайызы мемлекеттік бағалы қағаздарға, 15 пайызы шетелдік мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға, 32 пайызы қазақстандық ұйымдардың қағазына, ал тек 5 пайызы депозиттерге салынған. Алайда одан түсетін табыс елдегі инфляция көрсеткішінен де төмен. Яғни жинақтаушы зейнетақы активтерінің бұл салымдары пайда әкеліп жатқан жоқ. Бұл туралы кеше Алматыда Саяси шешімдер институты өткізген «Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі: кепілдендірілген әлеуметтік стандарттар немесе «бос» инвестиция ма?» деген дөңгелек үстел барысында Қазақстанның зейнетақы қауымдастығының президенті Айдар Әлібаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қор биржасы дұрыс жұмыс істемей жатқандықтан жинақтаушы зейнетақы активтерінің салымы табыс әкелмей жатыр. 

– Оған басты себеп – нарықта инвес­тиция салатын тартымды бағалы қағаздар жоқ. Сол себепті қорлар табысы мардым­сыз бағалы қағаздарды пайдалануға мәжбүр. Біздің қор биржамыз жұмыс істеп жатқанымен ондағы эмитенттердің саны мардымсыз. Яғни жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін салатын құралдар да санаулы. Ал қор биржасы қарқынды жұмыс істеу үшін бізде бизнестің қанат жайып, көркеюіне жағдай жасалуы керек. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсетіп отыр­ған­дай, біздің заңнамалар тұрақсыз, олар қайта-қайта жаңалана береді. Сәй­кесінше, соған байланысты жасалған келісім­шарттар да бұзылады. Ал бұл инвестор үшін қауіпті нәрсе, – дейді А.Әлі­баев өз сөзінде. 

Сөз кезегінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Ысқақов: «жинақтаушы зейнетақы активтерін қандай да бір қаржы құралына салғанда, ең алдымен, оның қауіп-қатері ескеріледі. Сондықтан мұндағы кез келген табыс ел экономикасының конъюк­тура­сымен тығыз байланысты», – дейді. Осы­лайша ол: «Біздің дағдарысқа тап келуіміз зейнетақы қорларының табысына көлеңке түсірді. Мемлекеттік бағалы қағаздар неге зейнетақы қорларының активіне орналас­қан дейсіз? Өйткені ол мемлекетпен кепіл­дендірілген. Иә, ондағы табыс көлемі 6-8 пайызды құрайды, ол жоғары болып саналмайды, ал басқа қағаздар бойынша ше? Ондағы қауіп-қатер деңгейі, тіптен жоғары» деп әріптесіне қарсы уәж айтты. 

Н.Ысқақовтың айтуынша, қор нары­ғын­дағы жағдай тым құбылмалы, сон­дықтан мемлекеттік бағалы қағаздарға активтерді орналастыру мұндағы қауіп-қатер деңгейін төмендетеді. «2008 бен 2009 жылдар дағдарыстық кезең бол­ғанын біз жақсы білеміз. Қор нарығына мем­лекеттік бағалы қағаздардың қандай жағдайда орналастырылғанынан да хабар­дармыз, тіпті көптеген банкроттықтың да куәсі болдық. Осы жағынан алғанда, біздегі табыс инфляция көрсеткішінен төмен болса-дағы, оны өте қиын жағдай деп бағалауға болмайды. Өйткені біз зейнетақы қорларының дефолт болуына жол бермедік. Себебі ол біздің халқымызға қажет жинақ, әлеуметтік капитал болып табылады. Сондықтан зейнетақы қорлары­ның тиімділігін сараптауда макроэконо­микалық жағдаймен де есептесуді ұмытпау керек», – дейді маман. 

Сондай-ақ бұл отырыс барысында Чи­ли­дегі жағдайдан мысал келтірген А.Әлі­баев жинақтаушы зейнетақы активтері бойынша өндіріс, ірі компаниялар құруға болатындығын айтты. «Бүкіл халықтың жинақтаушы зейнетақы активтеріне «Чили­телеком» акциясын сатып алуда олар осы елдегі телефон жүйесіндегі тариф­ті 60 пайызға дейін төмендетті. Сөйтіп, нарықтағы ірі бәсекелесті қалыптастырды. Ал чилиліктерден біздің қай жеріміз кем?», – дейді ол. Бұл ретте ҚР Үкіметі және Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы басқармасы төрағасының кеңесшісі Шәміл Дауранов, «Досжантеміржолы» АҚ-тың бағалы қағаздарына салынған активтердің бұлың­ғыр жайын еске сала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін орналас­тыруда өте сақ болу керектігін айтты. Ал сарапшы-маман Марат Қайыр­ленов, зейнетақы жинағының еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша қолға алынып жатқан жобаларға тарту үшін, ең алдымен осы нарыққа қатысушыларды топтастыруды ұсынады. «Яғни белгілі бір мерзімді белгілеп, сол уақыт аралығында жинақтаушы зейнетақы қорларын бір-біріне қосу арқылы ірілендіру керек. Қазақстанға төрт-бес жинақтаушы зейнет­ақы қоры жетіп жатыр. Сонда олардың арасында таза бәсеке қалыптасады», – дейді ол. 

 

Зейнетақы жүйесі

                    Басты

                     > 

                    Жарияланымдар мен шолулар

 

Артқа

Қазақстанның зейнетақы реформасы. 10 жылдан кейін. Қалай болды

Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 10 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 10 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті.

Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі қирады. Бұрынғы жүйе жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді.

Зейнетақы жалақы қоры сомасынан бекітілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады.

Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді.

Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші-қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне. Сондықтан мынандай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік-командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін-өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе, атап айтқанда: көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жүйесін құру.

Дамыған елдердің экономикасында мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуында оң процестерді белсендендіретін бюджеттен тыс түсімдердің тұрақты көзі ретінде шығатын нарықты тұрақтандырудың мықты құралы болып табылады.

Ресейліктер он жыл бұрын мемлекеттік емес зейнетақы қорларын (МЗҚ) құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры тіркелді.

Қазіргі таңда МЗҚ қызметі әлеуметтік климатқа оң әсер ететінін сенімді айтуға болады, ең алдымен бұл еңбекке ынталандыруды арттырудан көрінеді. Көптеген зейнетақы жүйелері жалақының пайыз үлестеріне негізделген, бұл кәсіби өсуге ұмтылдырады. Жұмыс берушілер ЖЗҚ көп төлемдер жүргізу арқылы қажетті мамандарды ұстап қалуға мүмкіндігі бар (кейбір елдерде ондай төлемдерге салық салынбайды). Қоғам саяси оқиғалар аз орын алатын тұрақты, берік сипатқа ие болып жатыр, бұл тұрақты орта кластың қалыптасуын тездетіп жатыр.

 

09.02.12.

Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауында Елбасымыз жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесіне өзгерістер енгізу пісіп-жетілген мәселе екенін ашық айтты. 

Иә, осы уақытқа дейін Чили үлгісі бойынша жасалған қазақ­стандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі, турасын айтқанда, «та­маша» жұмыс істеді. «Тамаша» деген сөзді тырнақшаға алуы­мыз­дың өзіндік мәні бар. Бі­ріншіден, барлық жалақылық төлемдерден 10 пайыздың мін­детті түрде осы қордағы есепшот­тарға аударылып отыруы бұл­тартпайтын заңға айналды. Осы заңның нәтижесінде бұл күндері қорлардағы жинақталған қара­жаттың жалпы сомасы 17 мил­лиард АҚШ долларын құраған екен. Бұл аз қаражат емес! Екін­шіден, осынау мол қаражат жи­нақтаушы зейнетақы қорларының «құлағын ұстағандарға» үлкен пайда келтірген іс болды. Баршаға белгілі елдегі зейнетақы қорла­рын бастапқы құрушылар не­гізінен олигархтар - банк иелері болған. Міне, солар жинақтаушы зейнетақы қорларының қара­жатын қажетінше пайдалана алды. Әрі-берідесін «кешегі» ел­дегі ең мықты деген қаржы инс­титуттарының өздерін тәлті­ректетіп кеткен дағдарыс дауы­лы­нан сол институттардың аман қалуына, біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «көмегі», екін­шіден, осы жинақтаушы зей­нетақы қорларындағы мол қа­ражат басты себепкер болды. Бұл екеуі де «құтқарушылық» қызмет атқарды. 
Десек те, жинақтаушы зей­нетақы қорларын басқарушылар салымның негізгі иелерін соңғы жылдары мүлде «елемейтін» бол­ды. Бұған жинақтаушы зей­не­тақы қорларындағы салымның инвестициялық өсімі жыл сайын­ғы инфляцияны да жаба алмай­тындай жағдайға жеткендігі дә­лел. Егер біз ақиқатқа тереңірек үңіл­сек, онда алдан мүлде түңі­лісті жағдай шығады. Себебі біріншіден, халықтың көлемі 5 миллион теңгелік депозиттік салымдары арнайы заңмен ұжымдық «қорғауда, кепілдікте» болса, дәл осындай ұжымдық қорғау, кепілдік бұл жүйеде мүлде жоқ. Екіншіден, «бір пәленің боларын сезген» депозит са­лым­шылары банктерден бұл ақша­ларын талап етуге құқылы, ал жинақтаушы зейнетақы қорла­рындағы қаражат салымшы зей­неткерлікке шыққанша қай­тарылмайды. Демек, ол мүлде жойы­лып кету жағдайында деуге болады. Үшіншіден, ЖЗҚ са­лым­дары ең жақсы, ең жарыл­қады деген жылдың өзінде 10 пайыздық инвестициялық өсім алады. Ал доллардың алтынға шаққандағы бағасы соңғы кездері жыл сайын 10 пайыздан астамға төмендеп бара жатқаны мүлде ескерілмеген. Бұдан шығатын қо­рытынды, халықаралық валю­таға, соның салдарынан ұлттық және аймақтық валюталарға реформа жасалатын кез мүлде алыс емес деген сөз. Олай болса, қазір теңгемен өлшенетін зей­нетақы қорларындағы байлы­ғымыз түптің түбінде тиын-тебен болып қалуы әбден мүмкін. Кәдімгі кеңестік рубльмен Кеңес одағы азаматтарының кассаларда жинаған ақшасы секілді. Иә, сол Кеңес одағы кезінде бірқатар табысы жоғарылар 100 мың тең­гедей байлықты кассада ұстаған екен. Бұл сол кездегі үлкен одақ­тағы ең мықты автокөлік - «Волганы» сатып алуға жетіп- артылатын қаражат еді. Ал рубль құнсызданып кеткен шақта әлгі ақшаға «бір шиша» ғана сатып ала алатын болды. Обал-ақ! Осыны көзбен көрген Ел­ба­сымыздың жинақтаушы зей­нетақы қорларының жұмысын түбірінен өзгерту жөнінде ат­қарушы билікке тапсырма беруі халыққа жаны ашыған­дықтың нағыз өзі дей аламыз. Олай болса, алдан мынадай сұрақ туындайды: «ЖЗҚ жүйесін қалай құрған тиімді?». Бұл мақалада атқарушы биліктің осы саламен айна­лы­сатын жұмыс тобындағыларға пай­дасы тиер деген үмітпен өз ойымызды ұсынып отырмыз. 

1. ЖЗҚ дербестігін қалыптастыру керек
Жасыратын несі бар, жинақ­таушы зейнетақы қорларын құру жөніндегі алғашқы заңымыз дүниеге келісімен есепсіз ақша­ларын қайда саларын білмей жүр­ген отандық олигархтар бір-бір ЖЗҚ құрып алды. Иә, ЖЗҚ жүйесіндегі алғашқы капитал осылайша пайда болған еді. біз бұл үшін отандық олигархта­ры­мызды ғайбаттаудан мүлде аулақ­пыз. Десек те, бертін келе, олар бұл қорларды пайда табудың тиім­ді көзі ретінде пайдаланды. Айталық, қорға 10 пайыздық үстеме беріп риза етіп, ал өздері мол қор қаражатын халыққа 20 пайыздық тұтыну несиесі ретінде ұсынды. Кейбіреулері, тіпті елі­мізде тұрғын үй шаршы метрінің бағасы шарықтап кетуінде осы ЖЗҚ жүйесіндегі мол ақшаның әсері болды дегенді айтады. Олар ипотека содан күйреді дейді. Әрине, даулы мәселені біз ақиқат ретінде ұсына алмаймыз. Десек те, бастапқы құрылтайшылардың ЖЗҚ қаражатын пайдаланып, мол табыс тапқаны ешкімге де жасырын сыр емес. Енді жаңа заң бойынша «жинақтаушылар» ЖЗҚ жүйесінің басты құрыл­тайшысы ретінде қарасты­рыл­ғаны жөн. Бұлай етпейінше ЖЗҚ жүйесіндегі атқарушы билік бәрібір алғашқы құрылтайшы олигархтың байлаулы бұзауы болуын қоймайды. Екіншіден, ЖЗҚ қаражатын тек қана «мем­лекеттік құнды қағаздарға салуға болады» деген талап жойылғаны жөн. Еш жерде, еш мемлекетте құн­ды қағаздар мол табысты емес. Мінеки, бар болғаны осы екі міндеткерліктен ЖЗҚ жүйесін ажыратсақ, әрі қарай іс өз бетінше дамуы әбден мүмкін.

Информация о работе Зейнетакы жоспары