Жалпы эконмика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 16:57, курсовая работа

Описание

«Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық экономика.docx

— 70.37 Кб (Скачать документ)

Экономика

    «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. 
Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсер етуінің тәсілін технология дейміз. 
Аталған факторлардың күрделі бөлікте өмір сүруі, адамдардың еңбекке қатынасуы өндірісті ұымдстырумен қамтамасыз етеді. 
Өндіргіш күш-қоамдық өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді. 
Өндіріс процесінде адамдар сонымен қатар өзара қатынаста болады, яғни өндіріс қатынасына енеді. Бұл да күрделі жүйе. Оған меншік қатынасы да, өндіріс шығаратын өнімді бөлу, алмастыру және тұтыну да жатады. Тұтыну өндіріске байланысты. 
Материалдық игілікті шығару адам қоғамының материалдық негізін құрайды. Ол үдіксіз жүріп жатуы тиіс.

Экономикалық қатынас  жүйесіндегі адам 
Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы немесе сатып алушы рөлін атқарады. Ақша қоғам жасаған материалдық және рухани байлықтан адамның өзіне тиістісін сатып алуға мүмкіндік береді. 
Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адамның меншігі – оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы мен қабілеті. Адамның интеллектуалды меншігі – оның ашқан жаңалығы, өзі жасаған өнер туындылары, шығармалары мен ғылыми еңбектері. 
Адамның жеке меншігі – оның үй-мүлкі, киім-кешегі, машинасы, саяжайы, т.б. 
Біздің елімізде адам еңбек шаруашылығының (ұсақ кешендердің), шаруа және қосалқы шаруашылықтың меншік иесі. Бұлар оның еңбегі мен одан түскен пайдасы арқылы жасалады. 
Бұл аталған меншіктің бәрінің де иесі – адам. Ол өз меншігін еркімен пайдаланады, тұтынады, басқа біреуге бере алады, өзінің ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Оларды қорғайды, дамытады, байытады,тиімді түрде тұтынады. 
Демократиялық қоғамда жұмысшылар ұжымдық кешен құрады, өз акциялары арқылы өндірісті басқаруға немесе өнім шығаруға, бөлуге қатысады. 
Адамды еңбектен шеттеуді жоюдың негізгі бағыты – мемлекеттік кешендерді басқаруды демократияландыру, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде еңбек ұжымының құқығын арттыру. 
Екінші бағыты – еңбек жағдайын ізгіліктендіру, еңбектің мазмұнын өзгерту, оны ақыл-ой еңбегі арқылы байыту. Бұл өзгерістер жаңа техника мен технологияның жетістіктеріне тікелей байланысты. 
Өндірістегі адамның орны қандай болмақ? Ғылыми-техникалық прогресс адамның өндірістегі орнын өзгертеді, оның еңбегі мен қызметінің мазмұнына әсер етеді. Ғылыми-техникалық революция ой еңбегінің, адамның жағдайды бағалау және дербес шешім қабылдау қабілетін, шығармашылық, бастамашылдық рөлін арттырады. 
Жаңа техника мен технология адам қабілетінің артуына жағдай жасайды, оны ынталандырады, сонымен қатар еңбекке қатаң талап та қояды. 
Еңбек өнімділігінің артуының негізгі бұлағы-адам. Мәселе оның кәсібінің жоғарылығында, қабілетінде, еңбекке қатынасында. 
Адамның еңбекке қатынасы адам мен қоғамның әндіріс процесіндегі байланысын көрсетеді. Демократиялық қоғамда көпшілік адамдар саналы еңбек етеді. Олар өздерінің ұйымшылдығын, ұқыптылығын көрсете біледі, жалқаулықпен, тәртіпсіздікпен күреседі. Бұған қоғам да, адам да мүлделі болады, адам өзінің жоғары сипатты кәсіби, оның сапасын мақтаныш тұтады, одан моральдық қанағат алады. 
Тұтыну қатынасындағы адам. Адам-тұтынушы. Ол тұтыну мәселесін шешу үшін басқалармен қатынасқа түседі. 
Адамның тұтыну қажеттілігі қоғамның дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл ретте адам өз шаруашылығында, кәсібінде қандай өнім шығару, нені сатып алу, еңбегін қаблетін қалай қолдану керектігін білуі қажет. 
Адамның тұтыну қажеттілігі өндірісті реттеушілік те рөл атқарады. Мәселен, бұрын теледидар болмады, адамдар бұл саладағы қажеттіліктерін театрға, киноға барумен қанағаттандырды. Теледидар пайда болған соң оның сапасына назар аударылды, түрлі-түсті теледидар қажет болды. Ал бұл қажеттілік теледидардың осы түрін шығару мақсатын қойды. 
Адамның тұтыну қатынасында оның ұқыптылығы үлкен рөл атқарады. Алған жалақысы немесе қосымша табысы отбасының, әрбір ұйымның өмір сүруін қамтамасыз етеді. 
Демек, адам отбасылық өнімнен бастап, қоғамдық өндіріске дейін экономикалық қатынасқа тікелей араласады. Оның жоғары сапалы кәсібі, ұқыптылығы, икемділігі шешуші рөл атқарады. Адам – өнімді шығарушы ғана емес, оны бөлуші және тұтынушы. Ол – экономикалық өмірдің шешуші тұлғасы.

 

 

Ұлттық экономика

Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Адам Смит

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің  назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]

Вальрастың  тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық  тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.

Экономикалық  өсу және оның түрлері.

Экономикалық  өсу түрлері және себептері.

Экономикалық  өсудің типтері мен факторлары.

Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

      Негізгі түсініктер мен терминдер

Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

       Дәріс мән-мәтіні

Экономикалық теорияда мағызды  сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі  мақсаттары – халықтың әл-ауқатын  көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты  материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы  болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы  мүмкін, сондықтан экономикалық өсу  де бірнеше типке бөлінеді.


 



 

 

 

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен  сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды  мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.  Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

Информация о работе Жалпы эконмика