Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 16:57, курсовая работа
«Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Елбасы Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан
халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың
бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға
интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе
алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының
жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе
жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың
басты қортындыларын бағалай отырып, сөз
жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті
түбегейлі өзгергенін мойындау керек.
Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің
бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық
жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың
үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық.
Еркіндік пен демократияны жариялауды
өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық
қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай
көрінген бұл кезең принципті тұрғыда
өз рөлін орындады. Реформалардың басты
қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың
еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен
бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам
шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай
ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция,
өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың
пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз
жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға,
қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге,
нарықтық экономика қағидаларын қабылдау
мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық
бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және
экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен
демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен
ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен
ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай
отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді.
Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік
нышандары жеткілікті дамыған елдерде
монитаризм шеңберінде қолдануға болатын
қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз
үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды.
Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге
асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу
шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық
жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым
жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге,
сонымен бірге отандық өндірісті нақты
көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды
ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат
ұстанған, елдің экономикалық тынысын
нақты сезінетін және экономикалық бағытты
түзеу қажеттігін аңғарған Президент
Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған
бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық
өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын
қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың
бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық
жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі
өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді.
Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға
айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан
өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен,
ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл
жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті.
Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен
өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген
техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз
өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек.
Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары
жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан
экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі
кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін
айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет
етті.
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі
ірі өндірушілердің біріне айналды және
әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар
позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің
қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы
10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде
республиканың экономикадағы дәстүрлі
басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі
міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат
байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде
болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің
абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша
да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда
жүниежүзінде бірінші орынға ие.
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат
кешеніндегі өзінің күшті позицияларын
сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл
үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі
қазіргі заманғы технологиялардың дамуын
қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық,
тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005
жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың
жылына 2 млрд. доллар және одан да артық
көлемде инвестициялар салуы көзделінген.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік
инвестициялар экономикалық қайта құруға
жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді.
Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік
инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда
өсімге қол жетті, бұл да экономиканың
жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды
фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында
біржақтылыққа жол бермеуі керек.
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа
класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң.
Егер республиканың шикізат рыногына
қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер
рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан,
инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық
компаниялардан тұратын кедергілер бар.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа
Индустриялық-инновациялық бағдарламасын
жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты
қарауы керек болады.
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы
қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық
дамудың басым бағыттарының бірі бола
алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай,
жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан,
әлемде болаттың беріктігі жоғары тат
баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі
өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа
түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың
болжамына қарағанда, таяудағы жылдары
болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс
есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік
болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт
жоғарылай алады.
Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына
қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец
рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен
Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда.
Республиканың елеулі резервтерінің бірі
болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде
мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту
болып табылады. Жалпы метеллургияның
дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары
сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар
шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан
астам табыс әкеле алады.
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар
екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі
елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл
асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін,
терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты
дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді
талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына
қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан
ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп,
уақыт ұтқанда ғана жетеміз.
1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі
60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер
ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс
Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама
бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі
өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1
Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз.
Бір кездері күрделі экономикалық реформалар
жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне
олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі
үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған,
біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол
жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған
қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен
елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген
жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып
отырған саясаттың дұрыстығын растайды.
Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла
сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан
тиіп отырғанын мойындауымыз керек.
Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы
2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге
жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар
ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып
отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз
Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден
басқа барлық ТМД елдерін басып оздық,
Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.
Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың
адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз
көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз.
Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында
келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында
болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына
қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан
артық. Яғни біздің адам басына табысымыз
осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі
де осыған сәйкес төмен
Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында елдің экономикалық өсу жолдарына талдау жасалған
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет Мәжіліске Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.
Мәжіліс депутаттары бұл құжатты ел бюджетін қарау кезінде негізге алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елдің 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.
Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын және 2010-2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеуге негіз болып табылады.
Аталған құжатта елдің
экономикалық өсу жолдарына талдау
жасалған. Атап айтқанда, 2000 жылдан 2007
жылға дейін Қазақстан
Экономика өсуінің баяулауы 2007 жылдың екінші жартысында басталды. 2007 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 8,9 пайызңға төмендеді.
2008 жылдың екінші жартысында
әлемдік қаржы және тауар
Ірі қаржы институттарының банкротқа ұшырауы мен биржалық баға белгіленімінің төмендеуіне әкеп соққан әлемдік қаржы нарығындағы кезекті тұрақсыздық толқыны әлемдік экономиканың баяулауына ұласты.
Егер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,7 пайызды құраса, екінші жарты жылдығында - бағалау бойынша 1,4 пайызды құрады. 2008 жылы Статистика агенттігінің деректері бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 3,3 пайызды құрады.
Қазақстан экономикасы өткен жылдың соңынан бастап негізгі саудадағы серіктес елдер экономикасының баяулауының, соның салдарынан Қазақстанның экспорттық өнімдерге сұраныстың қысқаруының жағымсыз әсерін өзінде сезеді.
Өндіріс көлемдерінің қысқаруы байқалады. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі (9,5 пайызға) сияқты, электр энергия, газ және суды бөлуде де (6,5 пайыз) төмендеуі есебінен өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,7 пайызға қысқарды.
Құрылыста белсенділіктің төмендеуі байқалады, оның көлемі 10,9 пайызға қысқарды.
Нақты ЖІӨ бағалау бойынша 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2,3 пайызға дейін төмендеген.
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Мақсаты: Экономикалық цикл және оның кезеңдерін, жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, оның зардаптарын, инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдарын, инфляция түрлері, инфляцияға қарсы саясат туралы студенттерде түсінік қалыптастыру.
Негізгі терминдер мен түсініктер
Дағдарысқа қарсы саясат, Жандану,Рецессия (дағдарыс), Стагфляция, Тоқырау, Экономикалық цикл, Жасырын жұмыссыздық; Жұмыссыздық; Құрылымдық жұмыссыздық; Филлипстің қисық сызығы; Фрикциондық жұмыссыздық; Циклдық жұмыссыздық.
Дәріс мәнмәтіні
Техникалық прогрес пен
адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық
экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер
әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне
қарай белгілі ырғақ пен
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
Жандану фазасының сипаттамасы:
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.
Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
14.1. кесте
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар |
Тоқырау фазасында |
Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты |
Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. |
Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2. Фискальдық саясат |
Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. |
Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты |
Жалақыны өсіру. |
Жалақыны төмендету. |
4. Мемлекеттік инвестициялар |
Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. |
Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: |
Шаруашылық белсенділігін ынталандыру |
Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері |
Ұзақтылығы |
Себептері, ерекшеліктері |
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» |
2-4 жыл |
Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
2. К.Жуглярдың «орташа |
10 жыл |
Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
3. Кузнецтің циклдары |
18-25 жыл |
Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты |
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын |
40-60 жыл |
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. |
5. Форрестердің циклдары |
200 жыл |
Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
6. Тоффлердің циклдары |
1000-2000 ж. |
Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.
Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.