«Жас саясаткер» клубы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 06:56, реферат

Описание

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген.

Работа состоит из  1 файл

Жас саясаткер.doc

— 231.50 Кб (Скачать документ)

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792-1750 жж.). Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы жайлы бағалы және жан-жақты мәліметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биік базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңірісі Шаман құдай және оның алдында ілтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөліктерінде заңдар сыналап ойып жазылған.

Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті қызғыштай қорғайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрініс тапты және дамытылды. Діни-этикалық бұл ағымның негізін қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмір сүрген Заратустра болып саналады. Кейбір тарихшылар оның туып өскен жері Сыр бойы деп есептейді. Қалй болған да ағым діни сипатта дамып, кейін едәуір территорияға ықпалын тигізді. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, Греция, Орта Азия елдеріне кең тарады. Зороастризмнің негізгі қағидасы бір-біріне қарама-қарсы екі күш – жақсылық пен жамандықтың өзара күресі мазмұнында өрбиді. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдыреті көп көрсетіледі.

Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресіне көмектеседі. Адамдардың өмірі мен тұрмысы да күрес нәтижесінде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билігінен кейін әрдайым жақсылық жеңіске жетіп отырады.

Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып табылады. Мемлекет билеушісі – монарх – жердегі Орузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Қоғамның әлеметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыбайластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.

Платон – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.

Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.

Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.

Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;

Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.

Ежелгі Үндістандағы саяси ілім  үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани   және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.

Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» - «білім, кіріспе» (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген «дхармаға» - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген.

«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан «Веда» ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.

«Ману заңдары» бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айырылады» деп айтылады. «Ману заңдарында»  жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі «таяқ» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында «басқару өнері» (данданиттер) деген мағына береді.

Б.з.д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды білдіреді) деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама «ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі» деп үйретті. Буддистер үшін брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесі емес, қарапайым адамдардың бірі.

Будда ілімін жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретінде көреді. Саналы мінез-құлық үшін танымның қажеттілігі, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендігі дәріптеледі.

Дхарма түсініктемелерінде адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беру арқылы ғана бұл әлемді ізгілікті өмірге қол жеткізетіндігі баяндалады. Буддизм ілімі бойынша адамдардың балығы тең дәрежеде.

 

Ежелгі Қытай қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин») Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы – аспан астындағы билеушіден тәуесіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделеді, ал «дао» «алғашқы түп негіз» дегенді білдіреді.

Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.

Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылдығы мен белсенді әрекеттерден тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымен бірге соғыстың барлық түрі мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мен тікенектер ғана өседі, үлкен соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірге қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға «дао» жолымен жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты мақсаты – елдегі тәртіп пен заңдылықты  сақтау ғана.

Қытайдағы саяси ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған  б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді.

Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын жасады. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырады. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін ұстанған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынады.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда  жарық көрген «Шан цзюн шу» («Шан облысы билеушісінің кітабы») трактатында баяндалған.  Бұл тарктаттың негізгі бөлімдерін Шан Ян деген атпен белгілі болған Гунсунь Янь жазды. Легизм ілімінің негізін салған ол Шан облысының билеушісі болыд. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл «кімді кімнің жеңетіні» туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның

айтуынша, «халық өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, әрі қуатты болады».

Легистер қайырымдылық пен адамгершілік қылмысқа апаратын тура жол, ал нағыз қайырымдылық пен сүйіспеншілік өзінің бастауын жазалаудан алады деп дәріптеді. Яғни олар мейірімділіктен бұрын қорқынышты алдыңғы орынға қояды. Олардың пікірінше елде жаппай тәртіпсіздік болмас үшін, мейірімділіктен гөрі жазалау басым болу керек. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей мен қорқыныш тудыру керек. Олардың бұл қағидасы үрей мен қорқыныш қана елде тәртіп пен заңдылық орната алады дегенді білдіреді.

Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді. Легистер ілімін Шан Яннан басқа да Цзын Чань, Шэн Бу-хай, Ханфэй және т.б. одан әрі дамытты.

Көне түріктердің де қазіргі кейбір шығыс мемлекеттерінің қалыптасуы мен мемлекеттік идеологиясына әсерін тигізді. Бұған шолу жасасақ.

Ерте түрік мемлекеттерінде VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсініктері, наным-сенімі, ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.

«Күлтегін» ескерткіш жырының авторы Иоллық тегін өз дәуірінің саяси қайраткері, қағанның кеңесшісі, тарихшысы болған. Ол бұл еңбегінде Түркі қағанатының қашан және қалай құрылғанын, қағанатты құрған және нығайтқан ұлы қағандар мен олардың қолбасшыларының өмірбаянын, қағандықты ұстап тұру үшін жүргізген ерлік күрестерін баяндайды. Қағандық билікті қолдаған Иоллық тегін түркі елінің бүтіндігі мен тәуелсіздігі үшін әкімдер мен бектерді өз уысында ұстап отыруды, олардың қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп есептейді.

«Жоғарыда Көк тәңірі төменде Қара Жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата-бабаларым Бумын қаған, Істемін қаған үстемдік қылған. Таққа отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, үкім-билігін жүргізген. Дүниенің төрт бұрышы түгел оларға дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышының халқын түгел бағындырған» деп басталатын «Күлтегін» жазуының кіріспесінде түркі мемлекетінің қалай құрылғаны туралы мифтік көзқарастармен бірге, мемлекеттегі басқарудағы қаған билігі мен ол құрған тәртіптер жайы да айтылады.

Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар

Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.

Информация о работе «Жас саясаткер» клубы