«Жас саясаткер» клубы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 06:56, реферат

Описание

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген.

Работа состоит из  1 файл

Жас саясаткер.doc

— 231.50 Кб (Скачать документ)

Президент Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына аса назар аударады, ТМД-ні реформалауға дайын екенін ескертеді. Оның Шығыс елдеріне қатысты жаңа ойларының бірі Орталық Азия мемлекеттерінің достастығына байланысты.

XV ғасырдың аяғына дейін Орталық Азия әлемдік экономикадағы маңызды аймақтардың бірі болды. Біздің аймақ Батыс пен Шығысты байланыстырып отырды. Халықтар территорияларға, ұлттарға бөлінбеді. Жібек жолының тоқтауынан бұл аймақ арта қалды. Енді 500 жылдан кейін бұл жер қайтадан әлемдік экономика үшін маңызды экономикалық аймақ бола бастады. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді бекіте бастадық, әлемдік нарықта құнды тауарларды таситын елдің бірі бола бастадық. Ол: мұнай, газ, кен және ауылшаруашылық шикізаттары. Қазірден белгілі, бұрынғы Жібек жолын жаңғыртатын мұнай газ жолдары мен авто- және темір жодарды салу басты мақсат болып отыр.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке  түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің қарама  қарсы  тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке  түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің

қарама  қарсы  тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз  көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде,  әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

 

САЯСИ ҮРДІС. МОДЕРНИЗАЦИЯ

 

Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.

Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.

Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.

Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.

Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.

Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

Қазақстандағы демократиялық модернизация

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:

ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;

әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды  қатаң қадағалау;

құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

 



Информация о работе «Жас саясаткер» клубы