Жетилген басеке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 22:58, реферат

Описание

Бұл қарастырғалы отырған жұмысымыз белгілі бір нарықта көптеген сатушылар мен қатар сатып алушылардың да саны көп болуына, тауарды нарыққа өткізуде өндірушілер арасында бәсекенің болуына негізделген. Демек, жетілген бәсекелестік кезінде біртектес өнімді өндіретін және сататын фирмалар саны көп болады. Шаруашылық субъектілерінің саладан еркін шығуы және еркін кіруі ештеңемен шектелмейді. Нарық ұсынысының жалпы көлеміндегі әрбір жеке фирманың үлесі өте аз, сондықтан ол тауардың нарықтағы бағасына әсер ете алмайды. Керісінше ол өзі нарықтың стихиялық күшіне тәуелді болады және тыстан берілген бағаны қабылдайды.

Работа состоит из  1 файл

жетилген басеке.docx

— 65.49 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Бұл қарастырғалы отырған  жұмысымыз белгілі бір нарықта  көптеген сатушылар мен қатар  сатып алушылардың да саны көп  болуына, тауарды нарыққа өткізуде өндірушілер арасында бәсекенің  болуына негізделген.  Демек, жетілген бәсекелестік кезінде біртектес  өнімді өндіретін және сататын фирмалар саны көп болады. Шаруашылық субъектілерінің  саладан еркін шығуы және еркін  кіруі ештеңемен шектелмейді. Нарық  ұсынысының жалпы көлеміндегі әрбір  жеке фирманың үлесі өте аз, сондықтан  ол тауардың нарықтағы бағасына әсер ете алмайды. Керісінше ол өзі  нарықтың стихиялық күшіне тәуелді  болады және тыстан берілген бағаны қабылдайды. [1, 252-бет]

Сонымен жетілген бесекелес  нарығының орнығуы төмендегі  шарттардың орындалуына негізделген:

    1. Нарықтағы біртекті және стандартты тауарлар сататын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болады.
    2. Әр фирманың нарықтағы сату үлесі елеусіз. Сол себептен де, өндірушінің өндірген өнім көлемі нарықтағы сұранысқа да, сонымен қатар бағаға да әсер ете алмайды.
    3. Баға, фирманың алатын пайдасы және технологиясы туралы ақпараттар белгілі болады.
    4. Жаңа фирмалардың салаға кіріп-шығуына ешқандай тосқауылдар қойылмайды.

Осы аталған шарттардың орындалуы  нарқыта жетілген бәсекенің қалыптасқанын  көрсетеді. [1, 253-бет]

С.Фишердің пайымдауынша баға соғысын жүргізіп отырған екі  фирма бар нарықты біз бәсекелес  нарық деп атаймыз. Алайда  экономикалық терминология бойынша ол жетілген бәсеке болып табылмайды. Экономистер үшін жетілген бәсеке бағаға ұсынған тауарлары  арқылы ешқандай ықпал ете алмайтын көптеген сатушылары бар нарық болып  табылады. Алайда шынайы жағдайда көптеген нарықтарда жекелеген сатушылар  бағаға өз ықпалын тиігізе алады. Және де С.Фишер өз еңбегінде жетілген бәсекеестік орныққан нарықтың тиімділін  теория  жүзінде болса да түсіндірген. [2, 155-бет]

Енді осы бәсекелік  нарықта фирманың пайдасын максимизациялауды  және зиянын минимизациялауды қалай  жүзеге асырып, оның фирмаға тигізер  пайдасы мен зиянын қарастырып көрейік.

Қандай нарық болмасын кез келген фирманың мақсаты аз шығын  жұмсай отырып, пайданы мейлінше арттыру  болып табылады. Сол себептен де пайданы арттыру мен зиянды азайтудың  не үшін қажеттілігі бар екендігі туралы да сұрақ тумайды. Алайда, пайданы  максимизациялау мен шығындарды минимизациялау қандай жағайда орнап, фирманың мақсатына жету үшін фирманың қабылдайтын шешімдері қандай болады деген сұрақ туады. Осы сұрақтарға жауапты теориялық негізде экономист  ғалымдардың жұмыстарынан қарастырып, оны практикалық негізде нақтағы  бір фирманың экономикалық іс-әрекеттері негізінде қарастырамыз.

Сұрақтарға жауапты қарастырмас  бұрын, неге осы мәселені таңдау себебім  туралы айтар болсам, кез-келген фирма  нарықта өз пайдасын арттыру үшін қызмет жасайды. Алайда бәсекелес орта болғандықтан фирма үнемі пайда бірқалыпты пайда ала бермейді. Фирма өз шығындарын азайту туралы шешімдер қабылдап, пайданы арттыруға әрекет жасайды. Сол себетен де, фирманың қызметі барысында оның пайданы арттыру мен зиянды кеміту үшін қандай іс әрекеттер жасайтыны туралы, ол қандай жағдайға қол жеткізгенде орнығатыны туралы, өнім қандай көлемде шығарылуы және пайданы есептеу туралы, фирманың қызметін жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауына әсер ететін нарықтық жағдайлар туралы мәліметтерді білу және оларды есептеу өте маңызды болып табылады. Осы себептен де мен жетілген бесеке нарығындағы фирманың пайдасын арттыру және зиянын мейлінше азайтуы туралы мәселелрді қарастыруға ұйғардым.

Ал бұл жұмыста қарастырған  мысал жетілген бәсекелестік нарықтағы  белгілі бір фирманың бірінші  жартыжылдықтағы көрсеткіштері  бойынша пайданы максималдау, яғни ең тиімді өндіріс көлемін табу болды. Фирмаға ең көп пайда алып келетін  өндіріс көлемі Q=318 болғанда орнайды. Осы санды табу үшін өндіріс көлемін  табу керек немесе бір-екі өндіріс  көлемі бойынша шекті шығынды  анықтап алып, оның бағамен қиылысу  нүктесі арқылы қажетті өндіріс  көлемін анықтап алу керек. [5]

Ал анықталған ең тиімді өндіріс көлемінің негізінде, яғни Q=318 болғандағы жағдайда орташа шығындарды анықтап алып, бір өнім бірлігінен түсетін пайданы және жалпы пайданы  анықтауға болатындығы анықталды.

Өндіріс теориясы өндірісте  қолданылатын өндіріс факторлары мен  осы факторларды қолдану барысында  дайындалатын дайын өнімдер арасындағы байланысты көрсетеді. Ал өндіріс негізінде пайда болатын тауарлар көлемі өндірісте осы факторларды қаншалықты тиімді қолдана отырып, өндірістік технологияны дұрыс жоспарлап, жүргізуіне байланысты болады. [1, 168-бет]

Өндіріс теорисында негізінен  өндіріс факторлары мен уақыттың өндіріс көлеміне қаншалықты әсер ететіндігі туралы қарастырылады. Ал кез-келген өндіріс  орнының негізгі мақсаты шығындарды барынша тиімді жұмсап максималды пайда  алу. Ал онда негізінен қарастырылатын проблема ол таңдау проблемасы. Яғни қандай факторларды және қаншалықты өзгерте отырып шығындарды азайтып, мол табысқа жету. Мысалға С.Фишердің еңбегінде берілген мысал бойынша, автомобиль өндіріснде өндіріс орны көптеген қарапайым жұмысшыларды жалдап өнім шығара алады немес бағасы қымбатқа түсетін роботтарды сатып алып жұмысшылар санын азайтып көліктер шығаруына болады. Осылардың барлығы негізінен өндіріс теориясында қарастырылып зерттеледі.[2, 119-бет]

Жалпы теория негізінде алатын болсақ микроэкономиканың бұл бөлімінде  негізінен өндірістік функциялардың  қасиеттері мен түрлері, өнім түсінігі мен олардың арасындағы байланыс, факторлардың икемділігі мен олардың  өзара бірін-бірі алмастыруы және толықтыруы, өндірістік ауқымның өсу тиімділігі секілді мәселелер қарастырылады.

Осы мәселелердің ішінен менің негізгі қарастырғалы отырған тақырыбым: өндіріс ауқымының өсу тиімділігі мәселесі мен ондағы Кобб-дугласс функциясы.

Кез-келген фирма еш уақытта бір факторлардың түрі мен көлемін сақтап, өзгертусіз қалдырып қоймайды. Олар пайдалықты арттыру үшін экономикалық тиімді шешімдерді қарастырып, тиімді факторларды арттырып отырады. Ал фирманың ұзақ мерзімдік стратегиясын талдау кезінде фирманың қажетті ауқымын немесе көлемін жобалап, оны таңдап алудың маңызы зор.  Ал ұзақ мерзімді стратегиясы дегенде өндіріс орнындағы факторлардың барлығы айнымалы болатындығын, яғни өзгеретіндігін білуге болады.

Өндіріс ауқымын ұлғайтқан  уақытта мамандандыру және еңбекті  бөлу нәтижесінде өндіріс факторларының  өнімділіг жоғарылайды,сондықтан  бұл өндіріске оң әсерін тигізуі  мүмкін. Ауқымы тиімділігі тұрақты  болғанда фирманың көлемі қолданылып отырған факторлардың өнімділігіне әсер етпейді. Ал теріс әсер үлкен  ауқымды өндірісті үйлестіріп басқара  алмау қиыншылығынан тууы мүмкін.

 

Өндіріс ауқымының өсу  тиімділігі дегеніміз ол өндіріс  факторларын арттыру нәтижесінде  өнім көлемінің қаншалықты артатындығын, оның өндіріс орнына тиімділігі мен  тиімсіздігін анықтайды.

Бұл мәселені таңдау себебім, фирмалардың негізгі өнімділігін  арттыру үшін ол барлық факторлар  санын арттыру керек болады. Алайда ондай өзгерістердің барлығы  барлық уақытта тиімді бола бермейді. Факторлардың өсуі қандай фактор болмасын, ол шығындардың өсуін білдіреді. Демек біз факторлар санын арттыру мақсатында шығындарды арттырып, өндірілетін өнім көлемін арттыра алмайтын болсақ ол фирма үшін тиімсіз жағдайды тудырар еді. Сондықтан да өндіріс ауқымының өсу тиімділігін зерттеп білудің фирма үшін маңыздылығы жоғары. Ол салыстырмалы түрде фирмалардың жұмысы туралы анализдік зерттеулер жүргізген уақытта да ерекше рөл атқарар еді.

Сонымен қатар ол өнімділік  көлемін факторлардың өсу көлемінен  арттырып көптеген пайдалық алып келуі  де мүмкін. Немесе ол ешқандай өгеріс алып келмеуі де мүмкін. Осы жағдайлардың барлығы өсу ауқымының  тиімділігі негізінде көрініс табады.

Өндіріс ауқымының өсу  тиімділігінде қарастырылатын негізгі  функция ол Кобб-Дугластың функциясы  болып табылады. Негізінен Кобб-Дуглас функциясына мынадай анықтама беріледі: өндірілетін өнім көлемінің оны  өндіруде қолданылатын факторлар санына тәуелділігі.

Енді осы аталған мәселелерді  теориялық және тәжирибелік тұрғыда  терең қарастырып көрейік. Ол үшін бірінші бөлімде кітаптар мен оқулықтарда жазылған мәліметтерді салыстырып, екінші бөлімінде осы мәліметтерді белгілі бір фирманың жұмысы негізінде қарастырып көремін.

ІІ. Әдебиеттерді шолу

Өндіріс ауқымының өсу  тиімділігін классикалық оқулықтардан қарастырар болсақ, С.Фишердің Экономика  атты еңбегін қарастыруға болады. Ондағы өндіріс ауқымының өсу  тиімділігі негізінен график негізінде, яғни изокванта сызықтары арқылы белгіленген.

Кез-келген фирма пайдалықты максималды арттыру үшін технологиялық  өндірістердің ішінен шығындарды минималдандыратынын, басқаша айтқанда ең тиімді әдісті таңдау керек.


Ол еңбекте изоквантаны, яғни фирма қолдана алатын технологиялық  мүмкіндіктерді сипаттайтын функцияны  пайдалана отырып технологиялық  әдісті таңдау тәсілдері көрсетілген.  Онда негізінен изоквантаға мынандай анықтама береді – ол бірдей өндіріс көлемін беретін еңбек пен капитал факторының әртүрлі комбинациялары.

Тиімді өндіріс көлемі таңдалған соң, фирма осы деңгейде тауар өндіру керек пе немесе мүлдем өндірісті тоқтатуы тиіс пе деген  сұрақ туады. Себебі фирма баға мен  шекті шығын теңескен жағдайдың  өзінде де пайда таба алмай, шығындарға батуы мүмкін. Бұл жағдайда фирма  өнім өндіруді жалғастыра отырып шығындарды азайтуы мүмкін немесе өндірісті  тоқтату арқылы олардан мүлдем құтылуы  мүмкін.

Біз қарастырып отырған жағдайымыз қысқа мерзімді кезең болғандықтан фирма өзінің қызметін тоқтатқан  күнде де, оның тұрақты шығындары  өзгеріссіз қалады. Ал фирма толығымен  шығындардан құтылу үшін фирма өз қызметін мүлдем тоқтатуы тиіс болады.

С.Фишердің еңбегі бойынша  түсім айнымалы шығындарды толық  өтеп, тұрақты шығындардың бір  бөлігін өтей алса, қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызмет етуін жалғастырған жөн. Ал түсім айнымалы шығындардың  өзін өтей алмаса онда фирманы жабу керек  деп түсіндіреді.Негізінен көптеген баламалы технологиялар бар болса, онда графикте тегіс келген I, I', I'' қисықтар тобы пайда болар еді. Ол 1-суретте белгіленген. Берілген изокванталардың әрқайсысы капитал мен еңбек факторлары негізінде бірдей өнім шығаруға мүмкіндік беретін комбинациялар жиынтығы негізінде пайда болған. І қисығындағы кез-келген нүктені ала отырып, еңбек көлемін арттыра біз І'  қисығына қол жеткізе аламыз. Сол сияқты біз факторларды көбейте отырып І'' қисығында І' қисығына қарағанда көп пайда таба аламыз.      [2, 284-бет]

      1-сурет

Изокванталардың орналасуы  масштаб қайтарымдығын бейнелейді. Егер оның көлемі тұрақты шамаға тең  болса, онда факторлардың екі есеге  өсуі шығарылған өнім көлемін екі  есеге, сол сияқты үш есеге өскен факторлардың саны өнім көлемін үш есеге, т.с.с. өсіреді. 1-суреттегі В'' нүктесіндегі факторлар шығыны В нүктесіне қарағанда екі есеге көп. Демек фактордың масштабын тұрақты өзгерткен кезде, І'' қисығындағы өнім көлемі сәкесінше І қисығына қарағанда екі есеге көп. Егер масштаб қайтарымдылығы теріс болса, онда І'' қисығындағы өнім шығару көлемі І қисығына қарағанда 2 еседен кем, ал қайтарымдылық оң болса, онда өндірілген өнім көлемі І қисығына қарағанда 2 еседен артық болады. [2, 284-бет]

Жалпы теория негізінде алатын болсақ микроэкономиканың бұл бөлімінде  негізінен өндірістік функциялардың  қасиеттері мен түрлері, өнім түсінігі мен олардың арасындағы байланыс, факторлардың икемділігі мен олардың  өзара бірін-бірі алмастыруы және толықтыруы, өндірістік ауқымның өсу тиімділігі секілді мәселелер қарастырылады.

Осы мәселелердің ішінен менің  негізгі қарастырғалы отырған тақырыбым: өндіріс ауқымының өсу тиімділігі мәселесі мен ондағы Кобб-дугласс  функциясы.

Кез-келген фирма еш уақытта  бір факторлардың түрі мен көлемін  сақтап, өзгертусіз қалдырып қоймайды. Олар пайдалықты арттыру үшін экономикалық тиімді шешімдерді қарастырып, тиімді факторларды арттырып отырады. Ал фирманың ұзақ мерзімдік стратегиясын талдау кезінде фирманың қажетті ауқымын  немесе көлемін жобалап, оны таңдап алудың маңызы зор.  Ал ұзақ мерзімді стратегиясы дегенде өндіріс  орнындағы факторлардың барлығы  айнымалы болатындығын, яғни өзгеретіндігін білуге болады.

Өндіріс ауқымының өсу  тиімділігі дегеніміз ол өндіріс  факторларын арттыру нәтижесінде  өнім көлемінің қаншалықты артатындығын, оның өндіріс орнына тиімділігі мен  тиімсіздігін анықтайды.

 

Дәл осы мәселе, яғни өндіріс  ауқымының өсу тиімділігі Қазақстан  авторларының оқулығында да берілген. Мысалға Н.Қ.Мамыровтың Микроэкономика кітабында: барлық қолданылып отырған факторлар бір пропорцияда өзгеретін болса, мысалы, а рет (a>0), онда фирма өндіріс ауқымын өзгертеді деген. Егер осы кезде өнімді шығару көлемі а реттен көп өссе, онда бұндай өсу өндіріс ауқымының оң тиімділігі деп аталады. [1, 177-бет]

Өнімді шығару көлемі а рет өскен кезде тұрақты тиімділік орын алады, ал а реттен аз болса, онда өндіріс ауқымының теріс тиімділіг орны алады.

Өндіріс ауқымын ұлғайтқан  уақытта мамандандыру және еңбекті  бөлу нәтижесінде өндіріс факторларының  өнімділіг жоғарылайды,сондықтан  бұл өндіріске оң әсерін тигізуі  мүмкін. Ауқымы тиімділігі тұрақты  болғанда фирманың көлемі қолданылып отырған факторлардың өнімділігіне әсер етпейді. Ал теріс әсер үлкен  ауқымды өндірісті үйлестіріп басқара  алмау қиыншылығынан тууы мүмкін.

Информация о работе Жетилген басеке