Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа

Описание

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание

І. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
1.1. Жұмыссыздықтың түрлері, оның себептері және формалары
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және Оукен заңы
ІІ ТАРАУ Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау
2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау
2.3 Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау
ІІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 ҚР тұрғындарын жұмыспен қамтуға мемлекеттің саясаты
3.2 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері
3.3 ҚР-дағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық КУРСО.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

  Жұмыспен қамту  проблемаларын және басқа әлеуметтік проблемаларды шешуде жеке меншік секторларының рөлін күшейтетін шаралар қолданылуда. Шағын деңгейде жалақының өсуін тежеу, жұмыс аптасының ұзақтығын ұзарту, жұмыспен қамтудың толық емес нысандарының әр түрлерін кеңінен қорлдану саясаты жүргізіледі. Соңында дағдарыстық жағдайлар шиеленіседі.[7]

   Тәжірибе жүзінде  халықты есепке алу жұмыспен  қамтылудың түрлерге бөлінуін  қажет етеді. Жұмыспен қамту  толық, нәтижелі және еркін  таңдалған түрлерге бөлінеді.

   Толық жұмыспен  қамту – ол кәсіптік еңбекпен қамтылу жеке адамға, оған және оның отбасына жеткілікті тіршілік етуге табыс әкелетін құбылыс. Нәтижелі жұмыспен қамтылудың негізгі мәні, жалпы алғанда төмендегіге саяды. Кез келген жұмыс қоғамдық тиімді болып саналмайды, тек маңызды екі талапқа сәйкес қана.

  Біріншіден, адамның  жеткілікті өмір сүру жағдайын  қамтамасыз ететін жұмыспен қамту,  еңбекшілерге табыс әкелуі тиіс. Бұдан жұмыспен қамту саясатының  табыс саясатымен тура байланысты, инфляцияға қарсы әсерімен шығатынын  көрсетеді. Екіншіден, нәтижелі еңбекпен қамту ресми еңбекпеғн қамтуға қарама-қайшы. Мысалы, жұмыссыздықты жасыру үшін ресми жұмыс орындарын ашу немесе артық жұмыскерлерді ұстау. Мемлекеттің саясаты қоғам үшін әр адамның еңбегін экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай және ең жоғары нәтижелі болуына мүмкіндік туғызуы тиіс.

  Еркін, таңдалған  еңбекпен қамту ұсынады, еңбеке  деген жеке меншік қабілеттікті  иелену құқы жұмыскер күші  иесінікі, яғни жұмыскердің өзінікі.  Бұл ұстаным әр жұмыскерге  құқықты кепілдейді жұмыспен  айналысу мен айналыспау арасын таңдауды, әкімшілікті еңбекке тартуға тиым салынады.

  Жұмыспен қамтудың  жоғарыда көрсетілген түрлері  халықтың жұмысқа және жұмыс  орындарына қажеттілігі арасындағы  сандық және сапалық жасалған  балансын көрсетеді, қоғамның  әлеуметтік – экономикалық прогрестеріне қолайлы жағдай жасайды.

  Нарықтық қатынастарға  өтпелі жағдайда еңбек тиімділігі  өсуіне байланысты, кәсіптік еңбекпен  қамтылу деңгейі жалпы ел бойынша  төмендейді. Өйткені тиімді экономика  неғұрлым аз жұмыскерлер санын  қажет етеді, сонымен қатар халықтың өздерінің жұмыс орындарына қажеттілігі төмендейді, олардың ынтасы қоғамға пайдалы қыжметтің басқа саласына ауысады. 

  Жұмыспен қамту  сандық жағынан сипатталады, жұмыспен  қамту деңгейі екі әдіспен   есептелуі мүмкін:

  1. Жалпы халық санындағы жұмыспен қамтылғандар үлесі:

        Үқ=Хқ/Хс

  1. Экономикалық белсенді халықтағы жұмыспен қамтылғандар үлесі:

             Үқ=Хқ/(Хқ-Хж)

   Халықтық статистикада  негізгі көрсеткіш жұмыспен қамтылуды  талдауда қолданылатын экономикалық  белсенді халықтың үлесі:

        Үқ=(Хқ – Хж)/Хс

 Хқ – жұмыспен  қамтылғандар саны 

 Хс – жалпы халық  саны 

 Хж – жұмыссыздар  саны

  Жұмыспен қамтылу  қатынастары экономикалық, демографиялық  және әлеуметтік процестермен  шарттасады. Жұмыспен қамтылудың  экономикалық мазмұны жұмыскер өзіне тұрарлық өмір сүруін өзінің  еңбегімен қамтамасыз етуі және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасау мүмкіншіліктерімен көрінеді, әлеуметтігі – жеке адамның қалыптасуы мен дамуында. Демографиялық мазмұны – жұмыспен қамтудың халықтың жынысты сипаттамалары мен оның құрылымдарының өзара тәуелділігін көрсетеді.[7,8,9]

  Қазақстан Республикасының  жұмыспен қамту заңына сәйкес  Қазақстанның мемлекеттік саясаты  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге  бағытталған:

  • нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
  • жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
  • кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға, кәсіп пен жұмысқа ие болуды бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;
  • халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясатын басқа да бағыттармен үйлестіруге;
  • еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру;
  • мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметіне байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақты ұымдастыруға;
  • жұмыспен қату саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған;

   Халықты жұмыспен  қамтудың мемлекеттік белсенді  саясатын жүргізу халықты жұмыспен  қамтудың республикалық және  аймақтық бағдарламасын жасау  және іске асыру негізінде  жүргізіледі, еңбек нарығындағы жағдай мен оның даму болжамынан шыққан.

   Жұмыссыздық мәселесін  шешуде ерекше орынды еңбек  биржалары (тұрғындарды жұмыспен  қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы  – бұл тұрақты негізде қызмет  жасайтын мекеме, мұнда еңбекті  жалдау кезінде жұмыскер мен  кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1930-шы жылы жабылып, жұмыссыздықтың көзі жойылғандығы айтылды.

  Бүгінгі қалыптасқан  өмір шындығы, барлық еңбек  нарығы элементтерінің қайтадан  пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991-ші жылы шілденің 1-нен бастап жұмыс істей бастады. Қоғамдық қатынастарды дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып, оның мақсаты жұмыссыздарға көмек көрсету еді. Уақыт өте келе бұл елдегі еңбек қатынастарының дамуына сай олардың міндеттері мен қызметтері өзгерді. Соңғы жылдары еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті болып, жұмыспен қамту саясатын жасап, әрі оны өмірге ендірді.

  Мемлекет кәсіпорын  және ұйымдар мүддесін ескере  отырып биржа арқылы еңбек  нарығына әсер етеді. Еңбек  биржасы берген жұмысқа жолдама  – кәсіпкер үшін ұсыныс болып  табылады. Себебі олар жұмысқа  кімді аламын десе де таңдау  еркіне құқылы және өзінің  кадрлар бөлімі арқылы жұмыскерді жалдауға мүмкіндігі бар.[2,9]

  Қазірде жұмыспен  қамту саласында, өндіріске қажетті  жұмыс күші мен олардың жұмыстың  жағдайына қоятын талабы арасында  елеулі қайшылықтар бар. Оның  шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан  көрінеді. Миллиондаған адамдар өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар, ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.

  Біздің елдегі  еңбек ресурстарының саны 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті немесе  халықтың жалпы санының 55%-ін  құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық саларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81%-і экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әліде басым екендігін, яғни нарықтың еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.               

  Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен қамту туралы»  заңына сәйкес жұмыстан босап  қалып жұмыссыз деп тіркелген  азаматтарға бұрынғы жұмыс орнындағы  негізгі жалақысының 50%-тен кем  емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүруі минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

   Осылармен бірге,  мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын  азайту үшін иммиграция(шетел  азаматтарының келуі) шектеу – шетел жұмысшыларының репатрияциясын(отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын демалысқа (пенсияға) шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасы жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейілінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.

  Нарықтық қатынастары  дамыған көп елдерде жұмыссыз  жүрген әр түрлі топтағы адамдарға,  әсіресе жастарға арналған арнайы шаралар қолданылады.

 

 

                   3.2. Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері

 

2004 жылға арналған  Астана қаласының халықты жұмыспен  қамту аймақтық бағдарламасы 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті  төмендету жөніндегі Бағдарламаның құрамдық бөлігі болып табылады.

Жұмыспен қамту саласындағы  басты мақсат - еңбекке жарамды  халықты тиімді жұмыспен қамтуды  қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыру және төмендету болып  табылады.

2003-2005 жылдарға арналған  кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу атты аймақтық Бағдарламаға сәйкес жұмыссыздықты қысқарту және оны шешудің негізгі мәселесіне жұмыс орындарын сақтап қалу және оларды көбейту жатады. Биылғы жылы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің аймақтық Бағдарламасында 3340 жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі көзделген. Жұмысқа орналастыру денгейі 2004 ж. маусым айында, яғни жарты жыл ішінде 2015 мың адамға жеткен. Яғни 60,3% құрайды.

Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 2004 ж. маусым айында (0,90/0), бұл 2003 ж. маусым айымен салыстырғанда (-0,1%) кеміген. Бұл қаладағы шағын және орта бизнестің дамуымен байланысты. 2003 ж. аяғында Астана қаласында шағын бизнеспен шұғылданатын 9773 кәсіпорыны тіркелген, оның ішінен 85% жұмыс істейтіндер және ол 2002 жылмен салыстырғанда 20,5% өскен. Бұл салада 36,8 мың адам жұмыс істейді. Ондағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қосымша жұмыс орындарын құру қажет. Қаланың барлық экономикалық саласында 12552 жұмыс орны бар. Оның ішінде шағын бизнес саласында 6951 жұмыс орындары құрылған.

Жұмыспен қамтамасыз ету саясаты жұмысқа орналастыру  түрімен, сондай-ақ халықты жұмыспен   қамтамасыз   ету  тобына   жататындар, кәсіптік дайындық және жұмыссыздарды  еңбек нарығындағы сұранысқа  байланысты қайта дайындық және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамтамасыз етуін реттеу механизімдері арқылы жүргізіледі.

Жұмыс күшіне сұраныс  жұмыс күші жетіспейтін жұмыс  орындарынан құралды, 2002 жылдан бастап жаңа жұмыс орындарының пайда  болуы жұмысшылардың жұмыстан шығуынан болды. Жұмыс күшіне сұраныстың өсімі жұмыс орындарын толтыру үшін қосымша еңбек ресурстарын қажет етті.

Жұмыс күшінің ұсынысы  мынадан тұрады: жұмыс іздеуші  азаматтар, бірақ әлі таппағандар, 2002 жылдан бастап ауысқан жұмыс іздеуші  азаматтардың ішіндегі жұмыстан шыққандар және жұмысқа қайта оралушылар; бірінші рет іздеуші тұлға, ұзақ мерзімнен кейін өзінің еңбек қызметін жалғастырғысы келетіндер, жаңа қоныс аударғандар, оқушылар және студенттер, екінші жұмыспен қамтамасыз етушілер.

 

3.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары

 

Жұмыстан босатылатын  қызметкерлер мен жұмыспен қамтылмаған  халықтың жұмыссыз азаматтарын кәсіби оқыту мақсатында, еңбек рыногының  болжамы мен жұмыс берушілердің жеке қажеттілігіне келісу негізінде оларға әр түрлі білім қызметтерін ұсыну арқылы жұмысқа орналастыру мақсатында бәсекеге жарамдылығын көтеру болып табылады.

2003 жылғы аймақтық  бағдарламада қаралған есеп жоспарында  жұмыссыздардың 950 кәсіптік оқуды  қамту, жұмыссыздардың 1315 кәсіптік оқуға жіберілген, оның ішінде 138%, жұмыссыздардың 1237 оқуды аяқтады, 1080 адамы қала ұйымдарына жұмысқа орналасқан. Осы мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 194111,3 мың теңге жұмсалды.

Кәсіби оқытуды ұйымдастыру  серіктестік жөнінде екі жақтылық келісім жасаған 12 білім ұйымдары арқылы өткізілді. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау жеке меншік кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыра отырып, сондай-ақ жалданып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 39 әр түрлі мамандықтар бойынша жүзеге асырылды. Ең беделі жоғары компьютерлік курстары, мамандықтары қажет болды: аспазшы, шаштараз, бухгалтер, автокөлік жүргізуші. Еңбек рыногында электрдәнекерлеуші, арматуршы, бетоншы, штукатур-әктеуші, электромонтер, т.б. осы сияқты талап еткен жұмыс мамандарына топтар жинақталған.

Сонымен қатар қоғамдық жұмыстардың әрі қарай дамуына  уақытша жұмыс орындарын құру және жұмыссыз азаматтарды қосымша  жалақымен қамтамасыз етуді болжайтын, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің үлкен ресурсы салынған. Осыны  есепке ала отырып, қала әкімшілігімен «Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды. Осы қаулыны жүзеге асыру белгілі бір нәтижелер берді. 2004 жылдың басынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстарга 2042 адам хабарласты. Аймақтық бағдарламада қарастырылған жылдық көрсеткіш 100%-ға орындалды.

                               

Информация о работе Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты