Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:35, реферат
Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз мен өз бетiнше жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн қойды.
Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк өтiнiмдерi Республикалық бюджет комиссиясында қаралатын болады, онда мемлекеттiң қаржы мүмкiндiктерi ескерiле отырып, Бағдарламаны қаржыландырудың 2012 – 2015 жылдарға арналған лимитi айқындалатын болады.
Екiншi кезеңде: 2012 – 2015 жылдары – Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерi әзiрленiп, келiсiлетiн болады және орындала бастайды, әлеуметтiк қолдау көрсету шарттары мен тәртiбiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
Үшiншi кезеңде (2016 – 2020 жылдары) еңбек нарығында туындайтын қатерлердi басқару және жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Қорытынды
Еліміздегі жұмыссыз адамдардың саны азаятын күн де алыс емес. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар бере келе халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Кемел келешектің кілтіне айналар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 млн. қазақстандық жұмыспен қамтылып, кедейлік көрсеткіші 6 пайызға дейін азаяды.
Халықты жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие болуына жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың алдына өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды анықтап, оларды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту, еліміздің индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кадрлар әлеуетін дамыту, еліміздің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін алдыға қойылып отырған жаңа міндеттер аясында жетілдіру сияқты шараларды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Сөз болып отырған осы мәселелер ескеріле келе жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру үшін бірінші кезекте халықты оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, осы іске жәрдемдесуге мән беріледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулеріне қолайлы жағдай туғызылады.
Бағдарламаның аталмыш үш бағытына
тоқталсақ, бірінші бағыт – еңбек
нарығындағы өзін өзі жұмыспен қамтушыларды,
жұмыссыздарды, аз қамтылған отбасылар
мүшелерін оқыту, оларды жұмыспен қамтыса,
екінші бағытта кәсіпкерліктің ауылдық
жерде дамуына жәрдемдесу жүзеге
асырылады. Ал, үшінші бағыт – еңбек
ресурстарының жинақылығын
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жоспар
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер