Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:13, курсовая работа
Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық жағдайларға әсері көрсетілген, реттеу әдістері сипатталды.
Кіріспе 5
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері 7
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 7
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі 9
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы 12
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланысы 15
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары 20
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34
Еңбек нарығы қазіргі заманғы экономиканы дамытудың негізгі және стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ондағы бар бос орындарды ескере отырып жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансқа жетумен тұжырымдалатын оның басты міндетін шешу еңбек нарығын қалыптастыру факторларын айқындауды талап етеді.
Нарықтық қатынастар мен еңбек нарығының қалыптасу үрдісі жұмыскердің өндіріс құралдарынан бөлініп, осымен оған заңды еркіндік беру сәтінен басталады. Егер адам еңбегі затқа айналған, өзі жасаған тауарды сата алмаса, онда өзінің өмір сүруіне қаражат табу үшін өзінің жұмыс күшін сатуы тиіс. Сондықтан еңбек нарығын қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі, бір жағынан, жұмыс орындарын ұсынатын көптеген жұмысберушілердің болуы болып табылса, ал екінші жағынан, тауар ретінде жұмысшы күшін ұсынатын жалдамалы жұмысшылардың болуы болып табылады. Бұл жағдайда аталған көпшілік мемлекет, кәсіпорындарда жұмыс беруші ретінде болатын жоспарлы экономикадағыдай, формальді түрде болмауы тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз қазіргі заманғы еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар ретінде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты белгілеуге болады деп есептейміз.
В.Ф.Потуданская, В.А.Цыганков, И.В.Цыганкова жұмыскерлердің кәсіби-біліктілік құрылымын қалыптастыруға әсер ететін ұсыныс пен сұраныс факторларын ерекшелейді.
Жұмыс күшіне деген сұраныстың кәсіби-біліктілік құрылымына әсер ететін факторлар туралы айта келіп, осы зерттеушілер шығарылған өнімдер мен қызметтерге сұраныстың өзгеруі, экономикалық-географиялық жағдайы, қаржы-несие жүйесінің жай-күйі және т.б. жататын макроэкономикалық және микроэкономикалық деп бөледі, бұл - кәсіпорын жұмыс істейтін кезеңде еңбекті ұйымдастыру формасы мен басқарудың ұйымдық құрылымы, еңбек құны және т.б.
Жұмыс күшін ұсынудың кәсіби-біліктілік құрылымына әсер ететін факторларды қарастыра отырып, осы зерттеушілер экономикалық, демографиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды анықтады.
Экономикалық әдебиетте зерттеушілер, олардың ішінде Г.Г.Руденко және Б.Ч.Муртозаев ішкі еңбек нарығын қалыптастыру факторын ерекшелейді. Оларға әлеуметтік-экономикалық, аймақтық, ұйымішілік және жекелер жатады. Осы зерттеушілердің пікірлерінше, аталған факторлардың өзара іс-қимылы нәтижесінде еңбек өнімділігі, орындалатын жұмыстар сапасы, іскерлік белсенділік деңгейі, еңбек тәртібінің жай-күйі, еңбек өмірінің сапасы, еңбекке қанағаттанушылық және т.б. осылар сияқты ұйымның еңбек нарығын қалыптастырудың объективті және субъективті бағаланатын нәтижелеріне қол жеткізілуі тиіс.
Аймақтық еңбек нарығының қалыптасуына алуан түрлі факторлар топтары әсер етеді, оларға географиялық орналасуы, табиғи-климаттық жағдайлары, экономиканың негізгі салаларының дамуы және олардың мамандандырылуы, инвестициялық саясат, өңір экономикасының салалық құрылымын сипаттайтын әртараптандыру деңгейі, демографиялық жағдай және басқалар жатады.
Заманауи еңбек нарығының
қалыптасуына ықпал ететін факторлар
қандай да бір өзіне тән ерекшеліктермен
немесе белгілермен жүйеленбеген және
топтастырылмаған. Сонымен қатар,
жоғарыда көрсетілген факторлармен
қатар жастардың еңбек
Бүгінде оның қалыптасуы мен даму үдерісіне тікелей әсер ететін институционалдық, әлеуметтік-психологиялық, ұйымдық, демографиялық, экономикалық және саяси факторларды кешенді зерттеу арқылы жастардың заманауи еңбек нарығын зерттеу қажеттігі пісіп-жетілді.
Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен жұмысберушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты мұнда еңбек нарығының нормативтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар үшін, бір жағынан, мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде жұмыспен қамту қорлары құрылатын жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты.
Жастардың заманауи еңбер нарығының қалыптасуына ықпал ететін факторлардың келесі тобына әлеуметтік-психологиялық фактор жатады. Олардың ішінен кәсіптік бағдар беру, кәсіптік оқыту, бейімделу, мамандықтың беделділігі, еңбек сипатының мазмұны, еңбек қызметінің сипатын ауыстыруға дайын болу, оқу мен жұмысты қатар алып жүру мүмкіндігі, сондай-ақ кәсіби өсу келешегі.
Еңбек ресурстарының қалыптасуына ықпал етуші демографиялық факторлар еңбек ресурстарының сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Сандық сипаттарын құрайтындарға мыналарды жатқызу керек:
1) еңбек ресурстарының саны;
2) еңбек ресурстарының
Халық еңбек ресурстарының демографиялық факторларын сапалық құрастырушыларға келесілерді жатқызу керек:
1) жалпы білім беретін, мәдени
және кәсіптік-білікті
2) ой және дене еңбегімен
3) еңбекке жарамды жұмыс күшігнің еңбекке дене күші жағынан қабілеттілігі және денсаулығының жай-күйі;
4) еңбек ресурстарының ұлттық-этникалық құрылымы және басқалар.
Еңбек нарығын қалыптастырудың келесі демографиялық факторы – көші-қон болып табылады.
Экономикалық факторлар
Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде еңбек ресурстарын басқаруға тырысуда. Сондықтан заманауи еңбек нарығын, оның ішінде жастарды қалыптастыру саяси факторлардың әсеріне де байланысты.
Барлық ТМД мемлекеттерінің арасында шетел жұмыс күшін жалдау туралы келісімдерге қол қойылған. Сондықтан интеграция үрдісінің факторлары және басқа елдердегі жастардың кәсіби қызметі жастардың еңбек нарығын қалыптастырудың саяси факторы болып табылады.
Біз қарастырылған еңбек нарығын реттеу жүйесін жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту саясаты аясында жүзеге асыру керек деп есептейміз. Жастардың еңбек нарығы туралы айтқанда, біздің ойымызша, мемлекет жастарды оның жоғары емес кәсіптік бәсекелестік қабылеті мен кәсібилігіне барынша қолдау көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда, осы қолдау өзінің ықпалы бойынша еңбек нарығы өз бетімен реттеу механизмі көрсететін деңгейден төмен болмауы тиіс.
Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі, біздің көзқарасымызша, жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.
Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне жастардың көші-қонын реттеу механизмі де жатады. Жастар, әлеуметтік жік ретінде жалпы көшіп-қонушылар санының үлесін елеулі көбейтеді және көші-қонның басым бөлігінің жастар құбылысы ететін белгілі бір сапалық сипаттамаларды иеленген. Жастарға ата-аналарынан бөлініп, өз бетімен тәуелсіз тұру тілегі тән. Басқа қалаға немесе тіпті басқа елге көшіп-қону өз бетімен өмір сүруді және тәуелсіздікті көбейтеді, жас адамның ересектенуін тездетеді.
Қазіргі жастар халықтың басқа көптеген топтарына қарағанда жоғары бейімделу дәрежесіне ие, бұл олардың жаңа жердегі өмірді игеруі мен реттеуін жеңілдетеді. Сондықтан мемлекет жастардың еңбек нарығындағы көші-қон механизмін реттеу кезінде аталған үдерісті әлеуметтік қорғауға, оңтайлы салық салуға, қаржы және көлікпен қамтамасыз етілуіне, заңдық қолдауға және т.б. тұжырымдалған қажетті құқықтық және экономикалық нормалармен қамтамасыз ету туралы қамқор болуы тиіс.
Кесте 1. Жастар жұмыссыздығының деңгейі (пайызбен)
Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне сондай-ақ кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс істеуін жатқызу керек. Қазіргі жағдайларда оқу орындары өздерінің бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарына бейімдеуге тырысады. Сондықтан бұл жерде негізгі курсқа қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін немесе көбіне кәсіптік-техникалық, орта арнайы және жоғары оқу орындарының бірлескен күшімен жүзеге асырылатын біріктірілген бағдарламалар деп аталатынды енгізу қажет. Соңғылары түлектерді «оқып-үйренуге», яғни біртіндеп барлық күрделірек мамандықтарды игеруге және өз қабылетінің деңгейіне байланысты біліктіліктерін арттыруға үйретуге бағытталуы тиіс.
Экономиканың бүгінгі ахуалы экономикалық
болжау теориясы мен практикасының алдына
күрделі міндеттер қояды. Соңғы жылдар
ішінде экономикада елеулі өзгерістер
орын алды және осы мән-жайға байланысты
болжамдық зерттеулер проблематикасына
деген тәсілдемелер де өзгерді. Бұл әсіресе
жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деңгейлерін
болжауда, еңбек нарығының таяу болашақтағы
ахуалын бағалауда біздің даму типімізге
қатысты қандай да бір әзірленген әдістемелердің
саны әлі де болса өте аз қазіргі сәтте
өзекті болып отыр. Көп нәрсе сынамалар
және қателіктер әдісімен орындалуда.
Бұл біздің ойымызша, негізінен бүгінгі
заманның экономикасының өзінің ашықтығына
байланысты әлі де болса біршама тұрақсыз
болып табылатынымен байланысты болуы
тиіс, өйткені оның дамуына түрлі тұрақсыздандырғыш
факторлар теріс ықпал етеді.
Әрине, болжамдар әрдайым ақтала бермейді,
өйткені нақты өмір әдетте олардың нәтижелерінен
өзгешелеу болады. Кейде ондай нәтижелер
болжанбаған жағымсыз жағдайлардан –
апаттар мен катаклизмалар салдарынан
туындайтын регрессивті сипатта болады
немесе қазіргі заманғы қоғам өмірінің
әлеуметтік, экономикалық, мәдени және
басқа салаларындағы жетістіктермен
байланысты прогрессивті сипатта болады.
Демографиялық болжаудың
диапазоны елдің немесе аймақтың
халқының болашақтағы санын жалпы
бағалаудан халықтың жорамалдағы жас-жыныстық
құрамын егжей-тегжейлі есептеуге дейін
әр түрлі болуы мүмкін. Демографиялық
болжамдар кез келген әлеуметтік болжам
жасау мен жоспарлаудың негізінде жатыр.
Олар негізінен аталған әлеуметтік үдерістерге
болашақ қатысушылардың санын жынысы
мен жасы бойынша айқындауға байланысты.
Халық санын болжау, өз кезегінде, еңбек
нарығындағы еңбек ресурстарының санын
болжау үшін негізгі болып табылады.
М.Г. Назаров алда тұрған кезеңге олардың санын есептеуді білдіретін еңбек ресурстарын болжауды жеке жіктейді. Еңбек ресурстарының ең маңызды бөлігі еңбекке жарамды жастағы халық болғандықтан, еңбек ресурстарын болжау, зерттеушінің пікірі бойынша, келешектегі демографиялық ахуалды айқындауға және халықтың жынысы мен жасы бойынша келешектегі санын есептеуге негізделеді.
Табиғи өсім көрсеткіштерін қолдануды қарастыра отырып, туылғандар және қайтыс болғандар санын қандай да бір бөлек-бөлек алынған халықтың жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтары мен еңбек ресурстарын емес, олардың жалпы жиынтығын есепке алу керек. Бұл, біздің ойымызша, халық саны бала туу есебінен ұлғая және өлім-жітім есебінен азая отырып, үнемі динамикада болуына байланысты. Яғни өлім-жітім мен бала туу жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді.
Сонымен бірге еңбек ресурстарының болжамды санына көші-қон көрсеткіштері де әсер етеді. Мұнда еңбек ресурстарының саны еңбек ресурстары кеткенде азая, келгенде көбейе отырып динамикада болады. Келгендер мен кеткендер саны арасындағы айырмашылықты көші-қон сальдосы көрсетеді.
Осыған сәйкес, табиғи өсу көрсеткіштері жағдайында, механикалық өсім нәтижесінде келгендер мен кеткендер саны жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді.
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы
Экономикалық саясат үшін шешуші сұрақ – экономика жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6 % - ке тең болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 % төмендету қауіпті деген пікір айтылады, өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер жұмыссыздықты 7 % төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар әрекетке көшеді дегенді айтады. [20]