Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:13, курсовая работа
Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық жағдайларға әсері көрсетілген, реттеу әдістері сипатталды.
Кіріспе 5
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері 7
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 7
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі 9
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы 12
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланысы 15
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары 20
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34
2001 жылдан бастап тоқсан сайынғы негізде Қазақстанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу жүргізіліп келеді. Зерттеу Республиканың барлық өңірінде жүргізіледі. Тоқсан сайын 21 мың үй шаруашылығы (бас жиынтықтан 0,5 % ) зерттеледі, бұл іріктеменің репрезентативтілігін өңірлік деңгейде қамтамасыз етеді. Байқау бірліктері үй шаруашылығы және онда тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады.
Халық пікіртерімі үй шаруашылығындағы әрбір мүшені сипаттайтын ақпараттан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жыл бойы тоқсан сайын жүргізіледі. Сауалдама сұрақтардың логикалық тізбектілік принципі бойынша құрылған, соның негізінде жұмыспен қамтылғандар экономикалық тұргыдан белсенді немесе жұмыссыздар экономикалық тұрғыдан енжар денгейлері бойынша жіктеледі. Барлық жауаптар респонденттердің сөздерінен жазылады.
Яғни, егер де қаралып отырған кезеңде респондент жұмыссыз болғандығын, және оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын екендігі туралы жауап берген жағдайда онда ол жұмыссыздарға жатады.
Жұмыссыздық бойынша статистикалық деректер жынысы, жасы, білім деңгейі, тұрғылықты жері, жұмыс болмау уақытының ұзақтығы мен себебін, және де басқа белгілері бойынша қалыптастырылады. Қазіргі таңда жалпы жұмыссыздық деңгейінен басқа «жастар жұмыссыздығының деңгейі» және «ұзақ мерзімді жұмыссыздық» есептеледі. Барлық көрсеткіштер тұтастай ел бойынша және өңірлер бөлісінде жарияланады. Казір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. Кадр дефициті
2. Жұмыссыздық
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. Білім беру
2. Жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.
«Жұмыспен қамтылғандар»
белгілі бір қысқа кезең - не бір
апта, не болмаса бір күн ішінде
мынадай: «жалдамалы қызметкерлер»
немесе «өз бетінше жұмыспен қамтылғандар»
санаттарына жатқызылған
Аталған айырмашылыққа назар аудару керек, жұмыспен қамту – ол тек жалақы үшін жұмыс емес, сонымен қатар кіріс алу және меншікті тұтыну үшін өндірісті қоса отбасы кірісі үшін жұмыс. Бір үй шаруашылығында меншікті түпкілікті тұтыну үшін тауарлардың немесе қызметтердің өндірісі түріндегі экономикалық қызметпен айналысатын тұлғалар, егер өндіріс үй шаруашылығының жалпы тұтынуына айтарлықтай үлесін қосатын болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар ретінде қаралады.
Өз бетінше жұмыспен қамтылу анықтамасы бойынша – бұл сыйақысының мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіру (өткізуден) түскен табысқа тікелей байланысты жұмыспен қамтылу, мұнда меншікті тұтыну табыс бөлігі ретінде қаралады.
Халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуы жұмыс уақыты ұғымымен, яғни істеген уақыт мөлшерімен тікелей байланысты. Халықаралық стандарттарға сәйкес «белгілі бір жұмыс» есептік кезеңдегі «кем деген де бір сағат ішіндегі жұмыс» дегенді білдіреді. Көрсетілген «бір сағаттағы критерийі» бір апта немесе бір күнде есептік кезеңге қолданылады. Мұндай тәсіл жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық көрсеткіштерінің халыкаралық салғастырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында, нарықтық қайта құрылулар мен статистиканы реформалауды жузеге асырып жатқан елдер үшін бірыңғай болуы тиіс.
Өз бетінше жұмыспен камтылғандар |
|||||||
Жұмыс берушілер |
Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер |
Кооператив мүшелері |
Отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері | ||||
Жеке негіздегі жұмыспен қамтылғандар |
Жеке үй шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар |
Сурет 3. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық
Еңбек нарығы бойынша ақпаратты алу үшін негіз – 2001 жылдан бастап тоқсан сайынғы негізде жүргізілген халықтың жұмыстылығын іріктеп зерттеудің деректері болып табылады. Зерттеуде республиканың барлық өңірлері қамтылады. Зерттеудің байқау бірлігі – үй шаруашылықтары және 15 жастағы және одан да үлкен жастағы адамдар болып табылады. 2002 жылдан бастап жеке мамандығы мен лауазымы және экономикалық қызмет түрлері бойынша деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жалақының статистикасы бойынша іріктеп зерттеулер жүргізіледі. [18]
Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылып, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2009 жылға белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалады.
ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.
ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі. [19]
Сонымен қатар, халықаралық
еңбек ұйымы 2007-2010 жылдар аралығында
халықтың жұмыссыздық деңгейі әсіресе,
дамыған елдерде өсе
Сөйтіп, қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша алғанда Қазақстан өз ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой көрсетіп отыр. Бұл әрине, үлкен жақсылық. Елбасының еліміздегі халықтың әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала бастағандығының бір көрінісі.
Оның үстіне үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстанда «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен табысын арттыру болып табылады. Бұл бағдарлама үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырыла бастайды.
Бағдарламаның қандай бағыттар бойынша жүргізілетіндігі, қалай іске асырылатындығы туралы осыдан бір-екі апта бұрын ғана газетіміздегі «Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы» деген мақаламызда кең көлемде жазған болатынбыз. Сондықтан онда жазылған жәйттерді қайталап жатпас үшін біз бұл жолы мақаламыздың басында айтылғандай, жұмыспен қамту, жұмыссыздықпен күрес мәселелерінің әлемдік ағымдарына тоқталмақпыз. Осы ағымдармен сәйкес Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шараларды салыстыра көрсетпекпіз. [20]
Түрлі табиғи факторлар мен адамзат өркениетінің, соның ішінде өнеркәсіптің кенжелеп дамуына байланысты жер шарының халқы планета аумағында өте әркелкі орналасқан. Мәселен, қазіргі күні Жер шары халқының 70 пайызы планетаның құрғақ бөлігінің 7 пайызында ғана өмір сүріп жатыр. Соның ішінде Шығыс жарты шарында әлем халқының 80 пайызы шоғырланса, Солтүстік жарты шарда 0,9 пайызы ғана тұрады.
Жыл басынан бері уәкілетті жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп 4041 жұмыссыз хабарласты. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 1950 жұмыссыз жұмыспен қамтылды. Жұмыс іздеп хабарласқандардың жұмыспен қамтылу үлесі 48,3%.
Жұмыспен қамту органдарының жолдамасымен 2309 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға қатысты.
Кәсіби
даярлауға, қайта даярлауға
Халықтың
нысаналы топтарына жататын
2010 жылдың 1 наурызына облыста 1590 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жұмыспен қамту органдарында ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыздар саны 2792 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 1,1% құрады. Жыл басынан бері уәкілетті жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп 4041 жұмыссыз хабарласты. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 1950 жұмыссыз жұмыспен қамтылды. Жұмыс іздеп хабарласқандардың жұмыспен қамтылу үлесі 48,3%.
Жұмыспен қамту органдарының жолдамасымен 2309 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға қатысты.
Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және кәсіби біліктілігін арттыруға 2025 жұмыссыз жіберілді, оның 1509-ы Жол картасы жобалары бойынша кәсіби даярлықтан өтуде. Күні бүгінге жұмыссыздар 45 мамандық түрлері бойынша кәсіби мамандыққа дяарлануда. Оқу құнының ішінде 7500 теңге көлемінде шәкіртақы бар.
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалар үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды. 2010 жылдың 1 наурызына 187 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
2010 жылдың 1 наурызына облыста 1590 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жұмыспен қамту органдарында ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыздар саны 2792 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 1,1% құрады. [19]
Одақтың ыдырауы, шаруашылық және экономикалық байланыстардың үзілуі қазақстандық еңбек рыногының жағдайына кері әсерін тигізді. 90-жылдардағы ахуал халықты жұмыспен қамтудың төмендеуімен, жұмыссыздықтың өсуімен, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігімен сипатталады. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 1991 жылғы 7,7 миллионнан 2000 жылы 6,2 миллионға дейін төмендеді. 1999 жылдың аяғында жалпы жұмыссыздық деңгейі 13,5 %-ды құрады. Еңбек рыногын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін өтпелі кезеңнің алғашқы он жылдығында нарықтық экономикаға сәйкесті нормативтік құқықтық база әзірленген болатын. Кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, іске асырылды. Бұл шаралардың барлығы жұмыспен қамтылғандар санын 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылдың соңында 1 млн. адамға көбейтуге мүмкіндік берді. Аталған кезеңде жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 8,1 %-ға төмендеді. [18]
Жұмыспен қамту саясатына әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс елеулі түзетулер енгізді. 2009 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың өңірлік стратегиясы ( “Жол картасы”) әзірленген болатын. “Жол картасы” шеңберінде Үкімет қабылдаған шаралар жалпы еңбек рыногындағы ахуалға және елдегі жұмыссыздар санын тұрақтандыруға оң әсер етуде. 2010 жылғы маусым айының аяғында жұмыссыздар саны 498 мың адамға, ал жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызға төмендеді. Жұмыспен қамту саясатын одан әрі қалыптастыру үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде де белсенді жүргізіле беретін болады. [14]
Қорытынды
Cонымен қорытындылай
айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі
қазіргі кезде бүкіл дүние
жүзі бойынша ауқымды да, күрделі
мәселеге айналып отыр. Американдық
еңбек базарында жүргізілген
көптеген зерттеулер
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.
Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
Жұмыссыздық – бүкілдүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.