Жылжымайтын мүлікті табыстық тәсілмен бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 20:59, курсовая работа

Описание

Бағалау – материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзіге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалау курделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында бағалау жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндіріс қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданады. Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады.

Содержание

І. КІРІСПЕ....................................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары............................................4

2.2 Кәсіпорын(бизнес) құнын бағалаудағы әдістемелік тәсілдер
(Табыстық тәсіл бойынша).......................................................................11

2.3 Тікелей капитализация әдісі...............................................................13

2.4 Ақша ағымын дисконттау әдісі..........................................................21

2.5 Кәсіпорын капиталының құны мен капитал салымның пайдалылық нормасы................................................................................28

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............

Работа состоит из  1 файл

проект 30.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жұмысымызда жалпы бизнесті (кәсіпорынды) бағалау қағидалары мен олардың анықталу тәсілдері жайлы сөз болып отыр.

Бизнес дегеніміз жалпы заңды және жеке тұлғалардың нақты қызметі болып табылады. Бизнесті бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.

Айрықша құқықтар портфелінің көмегімен тауар нарығының ірі секторларын басқару бойынша компаниялардың мүмкіндіктерін бағалау, олардың айырықша құқықтар мен бизнесін бағалауына қосылады.

Кез келген мүліктің құнын, бір – бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.

Кәсіпорын құнын бағалау 3 әдістік тәсілмен жүргізіледі:

1.                                Табыстық тәсіл - объект құнын потенциалды табыс әкелу мүмкіндігі негізінде бағаланатын, әдістер мен тәсілдер жиынтықтарын көрсетеді. Табыстық тәсілді қолдана отырып, бағалаушы жылжымайтын мүлікті иемденуде болашақта алатын табысын ағымдағы құнын өлшейді.

2.                                Шығындық тәсіл – бағаланатын объектінің қайта қалпына келтіру құны есебі кезіндегі ағымдағы құнын және бағалау күніне сәйкес функционалды физикалық және техникалық жағдайын анықтау.

3.                                Салыстырмалық тәсіл – жылжымайтын объектілерді салыстыру үшін табыс қатынасын сату бағасына жиі қолданады. Бұл жағдайда салыстыру объектісі болып валюталық рента, мультипликатор немесе капитализация коэффициенті болып табылады.

Мүліктің құнын бағалау нақты бір мақсатпен жүргізіледі бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолдағанда, мүліктін құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатында құнның бағалануынан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің тоқталу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.

Бұл жұмыста келтірілген қағидалар жалпы түрде әмбебап және мүліктің барлық түрлеріне қолданылады. Олардың құрамы объектінің ерекшеліктеріне тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Асқарова Ж.А. «Бизнесті бағалау», оқу құралы. Алматы – 2007ж.

 

2. Ондасынова А.И. «Баға белгілеу» оқу құралы. Алматы – 2003 ж. 

 

3. Есипов В, Маховикова Г, Терехова В «Оценка бизнеса»  Питер – 2002ж.

 

4. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә, «Кәсіпорын экономикасы»,

       оқу құралы. Алматы. «Экономика – 2003»

 

5. Акимбеков С.  «Экономикалық теория»  Алматы – 1999ж.

 

 

 

             

 

13

 



Информация о работе Жылжымайтын мүлікті табыстық тәсілмен бағалау