Имандылық- инабаттылық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:07, лекция

Описание

Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.

Работа состоит из  1 файл

Сынып сағаты.doc

— 87.00 Кб (Скачать документ)

Имандылық – инаббаттылық негізі

   Білімділік мақсаты: 
  Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу. 
   Дамытушылық мақсаты: 
Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. 
  Тәрбиелік мақсаты: 
  Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

  Түрі: Сұхбат - кездесу сабақ. 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, дін туралы газает- журналдар

   Мұғалім:  Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі. 
   Міне, сол себепті біз «Имандылық - инабаттылық айнасы» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

  Мұғалім: Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. 
Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.  
   Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз. 
  Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған «Имандылық – инабаттылық негізі » атты ашық тәрбие сынып сағатымыздың қонағы, біздің сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған  
  Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдарды біледі екен, соған кезек берелік. 
  Матвеева Екатерина:  Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды. 
    Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды. 
Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма. 
Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді. 
  Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер. 
   Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі. 
Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы бар. Олар: 1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін мойындау 
2. Намаз оқу 
3. Ораза ұстау 
4. Садақа беру 
5. Қажылыққа бару.

     Рахымжан Әділ: Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде.   Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады. 
  «Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған. 
   «Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды. 
  «Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен. 
  «Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған. 
  «Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

  «Қадиян»  тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді. 
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты: 
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру; 
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату; 
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу; 
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.

  «Уаһһабилер» Сауд Арабиясында дүниеге келген. 
  Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері: 
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда       Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

Секталар: «Иегова күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер. Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырған. Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне мыңдаған миссионерлер жөнелтуде. 
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ. 
  Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты: 
1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау. 
2. Адам ойына үстемдік жүргізу. 
3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу. 
4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу. 
5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.

 Саентология деген  не? 
Олардың сырт көзге білінбестен гипнозбен, зомбыландыруымен адамда ішкі психологиялық сәттілік сезімі пайда болады. Сектаға тартылған адамдардың психологиялық күйі күннен күнге асқына береді. Саентология ілімдерін қолданатын бизнес - мектептері: «Дианетика», «Нарконон», «Кримиан», «Рубикон», «Перформия». 
  «Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

  «Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды. 
  «Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

  «Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған. 
  «Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады. 
  «Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.

Бүгінгі біздің кездесуімізге келіп отырған  Есіл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы.   (Қонаққа сөз кезегі беріледі)

 

Қонақпен  сұхпат

Ислам діні туралы айтып өтсеңіз?

Мұсылман адам деп кімді айтамыз?

Хиджаб кию  сән бе, алде мұсылман әйел адамның  парызы ма?

Имандылық, инаббаттылық, адамгершілік қасиеттерді адам бойына қалай қалыптастыра аламыз?

Мұғалім сөзі: Адамгершілік, имандылық, асыл дініміз Ислам туралы бабаларымызда айтып өткен. Ендеше сөзіміздің кезегін оқушыларға берсек:

«Иманым» Шәкәрім Құдайбердіұлы толғауы

Айбек:   Пайғамбар Мұса жолықса,

               Сөйлесіп көңілім орнықса:

              «Адасты жебірей, -дер едім,-

              Тауратты қайта толықта»

 

               Дәуітті көрсем, ән салып,

               Қуанар едім қарсы алып:

               «Ақында қалды иманың,

              Тағы үйрет, - дер ем, - бір барып».

 

                Зардушке айтсам кезі кеп:

                «Үйреттің ақыл нұр ғой деп.

                Ұға алмай отқа шоқынып,

                Бұзылды елің боғын жеп ».

 

Томирис:   Будданың ұстап білегін,

                    Айрылмай бірге жүремін:

                    «Жәдігөй, бақсы ламаға,

                    Шоқынды елің білемін».

 

                    Айсаны көрсем егер мен:

                   «Ен,- дер едім, - қайта сен.

                    Сені Құдай деді де,

                    Айрылды халқың дінінен».

 

                    Мұхаметті көре алсам,

                    Сөз айтып, жауап бере алсам:

        «Адасты молда, - дер едім,-

        Құранды үйрет, келе алсаң ».

 

Русана:         Бұл күнде дұрыс иман жоқ,

                       Шатақ дін нәпсі тиған жоқ.

                       Ақылы саудың ойына,

                       Алдамшы діндер сиған жоқ.

 

                      Анықты ешкім тапқан жоқ,

                      Іздемей қарап жатқан жоқ.

                      Өлімді залым қылатын,

                      Шатақ діндей қақпан жоқ.

 

                      Ақыл да безді олардан,

                      Із қарап жүр сонардан.

                      Байқамай көбі адасты,

                      Көңілге бірақ сол арман.

 

Эльмира:     Көрмеді сынап дүние ісін,

                      Білмеді құдырет киесін.

                     Денеге жанды жегізіп,

                      Таба алмай қойды Иесін.

 

                      Затшылдық көзін байлады,

                      Адастырып айдады.

                      Жан билемей тән билеп,

                      Ақылдың соры қайнады

 

                      Ғылым деп уды жегізді,

                      Денесіз зат жоқ дегізді.

                      Дәлелсіз паңмен перделеп,

                      Тапқызбай қойды негізді.  

 

Дәулет:      Бірінші тілек тілеңіз,

                    Бір Аллаhқа жазбасқа,

                    Екінші тілек тілеңіз,

                    Әзәзіл, пасық, залымның,

                    Тіліне еріп азбасқа.

                    Бесінші тілек тілеңіз,

                    Бес уақыт бес намаз,

                    Біреуі қаза қалмасқа...  (Бұқар)

 

Меруерт:   Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

                    Қаймағың быт- шыт болды қайдан  Бүгін?!

                    Құбылаға бет алып қол қусырып,

                    Сәждеге бас қоятын қайда күнім?

                    Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

                    Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

                    Таппайтын күнде тыным, түнде  тыным,

                    Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін...   (Мұқағали)

 

 

   Айнұр:   Иман- қой, ақыл- қойшы, нәпсі – бөрі,

                   Бөріге қой алдырмас ердің ері,

                   Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

                   Жоламас ешбір пәле шайтан- пері    

 

                   ... Жарлығы екі болмас Хақ құдайым,

                   Жанында серігі жоқ, дақ құдайым,

                   Жанымды алсаң, құдая, иманмен  ал,

                   Шайтанның қазасынан қақ, құдайым. ( Шал) 

 

Алдияр:    Бұл дүниенің мысалы

                  Ұшып өткен құспен тең,

Информация о работе Имандылық- инабаттылық негізі