Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:07, лекция
Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.
Шолпан: Өлімнен құтылмассың қашсаң- дағы,
Атадан арсытан туып ассаң- дағы,
Аллаhтан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Жігіттер ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы, Аллаhты ойыңа алсаң,
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.
Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай –ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай- ақ,
Жігіттер жас кезіңде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып – жұмғандай- ақ!
Сөз кезегін қонағымызға береміз.
Мұғалім сөзі: Біз дін туралы, адамгершілік, имандылық жайында көптеп мәліметтер алдық. Бір- бірімізге деген қамқорлығымыз, жылы сөздеріміз таусылмасын деп, жүрек жылуын ұсынып бір- бірімізге жаксы тілектер жазайық. (Оқушылар тақтада ілулі тұрған өмір талына өздерінің бар тілегін жазып, талға іледі.)
Қорытынды сөз: Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.
Н.Ә.Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін- ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
Ұлттың өзін –өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар- тілі, діні, тарихы, ата мекені, дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы: тілі мен діні. Кез келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дінге мықты болған халықтың санасы сергек, іргесі тұтас болады. Осымен сынып сағатымыз аяқталды, Қазақ халқының беделін арттырып, иманды елдің ұрпағы болайық!
Дін және заң бөлімі.
«Діни диверсияға құқықтық тосқауыл».
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы» заңнан үзінді.
Зайырлықтың мына қағидаларын тұратынын
көрсетеді
Мемлекеттік билікке діни бірлестіктердің
араласуына жол бермейді.
Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің
қызметіне заңсыз араласа алмайды.
Діни бірлестіктерге партия ретінде құрылуына
жол бермейді.
Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.
Белгілі бір дінді мемлекеттің білім дағдарламаларына
арнайы пән ретінде енгізуге болмайды.
Білім беру орындарында дінтану
пәндері танымдық негізде өткізілуі мүмкін.
«Даурс Салам» діни бірлестігінің еліміздегі
іс - әрекеті сот шешімімен заңсыз деп
танылып, бірлестік жұмысы тоқталды. Сондай
- ақ «Грейс» евангелді - христиан миссионерлік
діни бірлестігінің жетекшісі 14 жылға
бас бостандығынан айырылды.
Дін және уақыт (қорытынды бөлім)
«Ел мен дін мұраты – ынтымақ пен
бірлік»
Тоғыз інжу әдісі.
Теріс бағыттағы діни ағымдар.....
Елдің тәуелсіздігіне қарсы бағытталған
әрекет.
Әрбір адам абай болатын аса қауіпті бағыт.
Заманның жаңа ағымынан туындаған бағыттар.
Діни сауаты бар адамдардың
мазасыздануына тұрарлық мәселе емес.
Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі
ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам
дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны
абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды
ислам дінінің хақ жолынан адастырып,
теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден
бойымызды аулақ ұстауымыз керек!