Ұлттық құндылықты жаңғырту – қасиетіміздің қайнары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 17:41, доклад

Описание

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен.

Работа состоит из  1 файл

жоба ұлттық құндылық - Көшірме.docx

— 61.69 Кб (Скачать документ)

 Қазақ халқының ғасырлар  тұңғиығынан бері тарихымен біте  қайнасып келе жатқан ұрпақ  тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге  сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық  құндылықтарын құрайтын ұлттық  әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби,  музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар  мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен  бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы  халықтың рухани дамуына байланысты  ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет  Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари,  Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының  мұраларынан, билер мен шешендердің  тәлімдік сөздерінен көреміз.   

 Әр адам өзінің ұлттық  тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін  түсіне алады. Өз халқына деген  сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне  өз халқы өмір сүретін ортаға  деген сезіммен ұласып жату  керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының  байлығы, патриоттық сезім Отанға  деген сүйіспеншілігін қалыптастырады  өзіне тән ерекшеліктері оның  халықтық педагогика мұраларының  мазмұны мен түрлерінде бейнеленген.  Көне заманнан-ақ қазақ халқында  жазбаша педагогикалық еңбек  жазып қалдырмаса да білгір  педагогтар.                                                                                                                    

 Қазақ отбасының осындай  өнегелері жеке бастың мінез-құлқы  мен рухани мәдени құндылықтарын  қалыптастырудың баспалдақтары  болды.   

 Сонымен қатар, қазақ  отбасы тәрбиесіндегі мәдени  құндылықтары деп төмендегілерді  айтуға болады: 

1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу. 

2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын»     

 тәрбиелеу. 

3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу,  яғни «Малым жанымның садағасы, жаным    

 арымның садағасы». 

4. Жеті атасын білуге  тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген  жетесіз».    

Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы  кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.

Сонымен қорытындай келе, осындай  халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен  ғасырлардан өшпес мұра болып  қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың  таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды  әрбір қазақ бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген  патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ұлттық құндылықты жаңғырту – қасиетіміздің қайнары