Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 21:11, курсовая работа
Африка –оңтүстік жарты шардағы материк.Африканың экватор дәл ортасынан кесіп өтеді.Екі тропик шеңберінң аралығында орналасқындықтан, материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және оңтүстік шеті ғана суьтропиктік белдеуге енеді.бастапқы метидиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің пішіні оңтүстікке қарай сүйірене түседі. Африканың географиялық орнынн аталған ерекшеліктері оның табиғатың оңтүстік жараты шар мтериктеріне ұқсамайтын өзіндік сипатын қалаыптастырады. Африканың еуропадан онша терең емес әрі енсіз Гибралтара бұғазы мен Жерорта теңізі бөліп тұр. Солтүстік-шығысында оны енсіз Суэц мойнағы Еуразия материгімен жалғастырады.
І .Кіріспе.
ІІ. Африканың ішкі суларына сипаттама беру.
ІІ.1.Африканың жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздері.
ІІ.2.Африканың өзендері.
ІІ.3. Африканың көлдері.
ІІ.4.Африканың жер асты суларына сипаттау.
ІІІ.Қорытынды.
VI.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Африканың негізгі ірі өзендері.
Африка | Ұзындығы | Алабының ауданы | Орта су шығыны |
Ніл (Кагерамен бірге) | 6 671 км | 2870 | 2260 |
Конго(Лаулабамен бірге) | 4320 км | 3691 | 46000 |
Нигер | 4160 км | 2092 | 9300 |
Замбези | 2660 | 1330 | 1600 |
Материкте ең ірі сарқырама –Оңтүстік Африкада орналасқан Тугела,оныңи біктігі 933 м.Материктегі ірі өзен жүйелеріне Ніл,Конга, Нигер, Замбези өзендері жатады.
Ніл-жер шарындағы ең ұзын өзен. Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ұзындығы 6671 км, алабы ауданы 2870 мың км 2 орташа су иағыны Асуыан маңына 2600 м3 \с (әрі жылдары 500 м3 \с -тан 15000 м\с -қа дейін) ауытқиды. Ніл өзені Виктори және тағы басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Жерорта теңізіне барып құяды.Таулы үстіртен шыққанна кейін өзен аса кең жайпақ қазаңшұңқырларды басып ағады. аңғарларында кристал тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар падй болады. Осы аралықта өзенде көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар бар. Бірнеше салаларды қосып алып, суы молайған өзен жазыққа шыққан соң Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы маңында Эфиопия таулы қыратынан ағып шыққан Көк Ніл өзеніімен қосылып, Ніл деп деген жалпы атқа ие болды. Ніл орта ағысы кристалды жыныстар жауып жатқан үстірттер арқылы ағып, шоңғалды болып келеді. Асуан бөгеті салынғанан кейін өзен кеме қатынасына жарамды өзенге айналды. Төменгі ағысында Ніл баяулап , Жерорта теңізіне үлкен атырау жасап құяды. Бұл атырау жылдан –жылға өзен тасып әкелген жыныстар есебінен ұлғаюда. Ұзақ уақыт бойы Ніл өзені Сахара тұрғындары мен еуропалықтар үшін жұмбақ болып келді. Олар Сахара арқылы ағып өтетін Ұлы өзеннің қаншама су буланып, құмға сіңіп кетіп жатса да өзен алабына жаңбыр сирек жауса да, суының сарқыламайтына , керісінше жаздың аяғында аптап ыстықта Нілдің арнасынан асып тасыитындығы таңқалған. Ніл өзені жаңбыр көп жауатын экваторлық белдеуден кесіп өтеді. Оның деңгейін көл сулары да толықтырып отырады. Ніл өзені нің деңгейін сақтауда Эфиоофия таулы қыратының басталатын Көк Ніл жетекші орын алады. Бұл өзеннің жазда материктің шығысынан алып келетін мол суы Нілдің атырауына жаздың аяғы мен күздің басында жетеді.Ніл аңғарын адамзат ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға немесе кеме қатынасына халақты сумен қамтамасыз етуге балық аулауға пайдаланып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97 %тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған.(ең ірісі-Асуан СЭС-і )кеме жүзетін су жолының ұзындығы 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартун, Асуан, Каир, атырауында Александрия сулары орналасқан.
Конго (Заир)-Орталық Африкада Конга Демократиялық Республикасы, Конго республикасы ангола мемлекетерінің шектесетін жерінін бойлай ағатын өзен. Негігі бөлігі Конга Демократиялық Республика аумағында Африка өзендерінің ішінде ұзындығы жөніне екінші орында алабының ауданы мен суының молдығы жағынан Африкада бірінші ,ал дүниежүзінде Амазонадан кейінгі екінші орында. Өзен бастауын Конга Демократиялық Республикасы елінің оңтүстік-шығысынан , Замбия елінің шекарасынан таяу орналасқан үстірттен алады.Өзеннің ұзындығы 4700 км. Су жиналатын алабы ның аумағы 3,7 млн. км 2 жуық. Өзен сағасындағы жылдық орташа ағын 46 мың км2-ге м3\с. Кога өзені Солтүстік және Оңтұүстік жарты шарлар да ағадыда экватордан 2 рет кесіп өтеді. Атлант мұхитына құяды. Орталық бөлігінде Конго қазаңмұңқырында аңғарларының ені 20км –ге жетеді.. Төменгі ағысында Оңтүстік Гвения қыратының терең шатқалдармен ағып, көптеген шоңғалдар мен сарқыламалыр ( стэнли, ливингстонт.б. ) түзеді. Олар өзен сағасында жнткенде тарамдалып енді әрі терең эстуарий мен аяқталады. Басты салалары:Муфира, Лувуа,т Лукуга,Арувили, Итим бири, Убанги, сонга, Ломами, Лус, Онга, Руки, Касай, өзен суының деңгейі жоғары бөлігінде ; қараша –желтоқсанда , орта және төменгші ағысында мамыр- маусым және қараша –жалтоқсанда көтеріледі. Конго өзенінің бойында көптеген СЭС-тер салынған. өзен суы балыққа өте бай. Балықтың мыңға жуық түрі бар. Кеме жүзуге жарамды бөлігінің ұзындығы 2 мың км. Жағалаудығы ірі қалалар : Букама, Конгола, нишиду, Киншала.
Нигер -Батыс Африкадағы өзен алабы мен ұзындығы Конго мен Нілден кейінгі үшінші орында. Гвения , Мали, Нигер, Нигерия мемлекеттері арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 4160 км , алабының аумағы 2,1 млн. км 2 жылдың орташа су ағыны 12000 м3\с.
Солтүстік Гвения қыратынан басталып атлант мұхитындағы Гвинея шығанағына атырау жасап құяды. Басты салалры: Бани (оң),сокото, кадуна,-және Бенуэ(сол) жоғары және төменгі ағысы климатты құрғақ аумақта өзенде Камиджи СЭС-і мен бөген салынған. Жеке бөліктерінде кеме жүзеді. Балық ауланады. Сахарамен іргелес өңірде кең көлемді жер суаруға пайдаланады. Нигер бойындағы ірі қалалар Куруса, бамасо, Томбукту, Джибба. Порт. Теңіз порты бар.
Замбези- Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км2.бастауын Кого Замбези үстіртінен 1100 м биіктіктен асады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазына құяды. Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200км бойы Боротсе жазығынан бойлай ағады. Луангин саласының құрылысынан төмен қарай икөптеген сарқырамалар шоңғалдар кездеседі.ең ірісі дүниежүзілік аса ірі сарқырама бірі Виктория.
Төменгі ағысында аңғарлары мен арнасы барынша кеңейеді арнаның ені 5-8 км-ге дейін Мозамбик ойпатын юасып ағады да қиылысында аумағы 80 сың км2 болатын атырау түзеді, негіщзінен жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3\с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяска көлі де кіреді.
Өзен су қуаты қорына өте бай бірақ оның шағын ғана бөлігі пайдаланылады. Нариба шатқалында ірі СЭС пен бөгендер салынған. Су мөлшерінің күрт ауытқып тұруы және шоңғалдар кеме қатынасына кедергі келтіреді. Ірі кемелер сағасынан 450 км-ге дейін жүзе алады.
Виктория сарқарамасы-Оңтүстік Африка Замбези өзеніндегі сарқарама. Дүниежүзіндегі ең ірі және биік сарқарамалардың бірі. Ені 1800 м.су 120 м. биіктіктен құлайды. Сарқарамға СЭС салынған. Виктория сарқырамасының аумағанда Фалс ( Зимбабведе) және Моси-оа. Тунья ( Замбия) ұлттық табиғат саябақтары ұйымдастырылған. Туризм жақсы дамыған. Викторияны 1855 жылы ағылшын саяхатшысы Д. Ливингсон ашқан.
Гамбия өзені-Батыс Африкадағы өзен,Гвения Сенегал және Гамбия мемлекеттері жерімен ағады. Ұзындығы 1200 км . Су жиналатын алабы 180 мың км 2. Фута-Джаллан тауларынан басталып ,сағасынада ені 20-30 км-ге жететін эстуарий жасап, Атлант мұхитына құяды. Арнасында аралдар мен шоңғалдар көп. Жылдың жаңбырлы мезгілінде (маусым-қазан) су тасқыны болып тұрады..Көп жылдық орташа су ағыны 2000 м3\с.Теңіз суының толысуы сағасынан 150 км-ге дейін таралады, 350 км-ге дейін жүзеді. Сағасында Банеджун порты (Гамбия) орналасқан.
Шари өзені- Орталық Африкадағы өзен.Орталық Африка республикасы аумағындағы Уан және ФаФа өендері қосылған тұсынан басталады. Ұзындығы 1400-1500 км, су жиналатын алабының ауданы 700 мың км2. жоғары ағысында Бахр-Сара орта ағысында Грибинги өзенмен қосылған жерден кеңейе түседі. Негізгі бөлігі Чад Республикасы аумағымен біршама жері Камерунмен арадағы шекараны бойлай ағады. Өзен Логоне саласымен бір атырау жасап , Чад көліне құяды. Суы негізінен ьжазғы жаңбырлы ьмаусымда орта және төмеңгі ағысында күз айларында тасиды. Орташа су ағыны 1230 м\с. Бахр-Сара өзенімен Батанграфо қаласына (ОАР) дейін және Гринбинги өзенімен Форт-Крампель қаласына дейін кеме жүзеді. Балық ауланады. Шари өзені бойында Нджалена қаласы ( Чад астанасы ) орналасқан.
Сенегал өзені- Батыс Африкадағы Гвения , Мали Сенегал Мавритани жерімен ағып өтетін өзен. Футо-Джамантау масивінен Бафинг өзені болып басталып Бақой саласы қосылған тжерден Сенегал деп аталады. Ұзындығы 1430 км ( Бафингті қосқанда ) Сужиналатын алабының аумағы 441 км2, жоғары ағысы су құламаларын жасай шоңғалды аймақпен ,төиенгі ағысы жазықпен ағып өтеді. Атлант мұхитына атырау жасап құяды. Сағасы жағалық құмбел орташа су ағына 1500м\с. Су тасу маусымында ( маусым-мамыр) Каир қаласына дейін ( 888км деңгейі) төмен кезде Подор қаласына дейін ( 283 км) кеме жүзеді суын ауыл шаруашылығына кеңінен павдйланады. Өзен бойында СЭС-тер салынған. Балық ауланады. Жағалауындағы ірі қалалар : Каел, (мали), сағасында Сен- Руи ( Сенегел) теңіз порты бар.
ІІ.3. Африканың көлдері.
Африканың ірі көлдерінің барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жазықтарының бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері созылыңқы болып келеді. Көлдер өте терең , жан-жағын тік беткейлі биік таулар қоршай орналасқан.
Танганьика көлі- Шығыс Африкадағы көл; Конго, Демократиялық Респудликасы ,Танзания;Замбияжәне Бурунди жерінде Шығыс Африка Ұлы жарықтары құрамына кіретін тауаралық тектон ойысты орналасқан. Ауданы 35 мың км 2,ұзындығы 670 км, ені 22-72 км. Танганьика көлі жер бетіндегі Байкалдан кейінгі екінші көл (1470 м). Көлге мамагараси, Рузизи т.б. өзендер құяды. Су деңгейі көлге құятын өзен ағыны мен жауын-шашын мөлшеріне тәуелді. Беткі су температурасы 23-27 0С. 400 км тереңдіктен табанына бейін тұрақты температура 23,10С сақталады.Көл суына балықтар (73 % энедмиктер) су құстары, қолтырауындар мен қосмекенділер тіршілік етеді. Жағалауында Сумбу (Замбия), Гоме-Стрим (Танзания ) т.б.ұлттық парк орналасқан. Ормандар мен саванна таралған. Кейбір жағалауларында қант құрағы, күріш, жүгері, плантациялары бар. Балық аулау кеме қатынасы үшін және туристік бағытта пайдаланылады. Көлдің шығыс жағалауындағы Нигома портының жемісі арқылы Үнді мұхитының жағалауындағы Дар-Эс-Салам портымен жалғасады. Порттары :Бужумбура (Бурунди), Калима (Конго Демократиялық Республика), Танганьиканы 1858 жылы ағылшын саяхатшылары Р. Бертон мен Дж Спик ашқан.
Ньяса (Малаби)-оңтүстік -шығыс Африкадағы Мозамбик, Танзания, Малаби жеріндегі көһл. Шығыс Африка тау қыратындағы тектоникалық жарылымда 472 м биіктікте орналасқан. Ньяса дүниежүзіндегі аса ірі әрі терең көлдердің қатарына кіреді. (тереңдігі 580 км, ені 80 км, ) жағалаулары тік жартасты өзен мен жауын-шашын көлге жылына 72 км 3су қосады. Оның 6,6 км3-і булануға кетеді. Қалғаны Шире өзені арқылы Замбезиге қосылады. Көлде қолдтырауын , бегомот және су құстары көп. Балыққа өте бай . Ерте заманнан бері су жолы ретінде пайдаланып келеді.
Чад көлі-Орталық Африкадағы Камерун жерінде ұзындығы 270 км, ені 150 км орналасқан. Климат ылғалдылық жағынан (бұдан)5-6 мың жыл бұрын) көл ауданы 400 мың км2-ге жеткен. Қазіргі ауданы 10 мың км 2-ден (маусым-мамыр) 26 мың км 2-ге көл айдыны ауытқып отырады.240 м биіктіктегі жайпақ қазаңшұңқырда орналасқан. Батыс және Оңтүстік жағалаулары жазық әрі батпақты . Солтүстік -шығыс және шығыс жағасы күштітілімделген. Көптеген аралдары бар. Көлге Шари және Комадугу-Йобе өзендері құяды. Өзендермен жалғасқан жерлерінің суы тұщы қалған бөлігі тұзды. Чад теңізінің суы жақын маңдағы ауданның грунт суын толықтырып үнемі жанарып тұрады. Жануарлардан бегомот, үйрек, көкқұтан т.б. мекендейді. Балақ ауланады. Шари және Комадугу Йобе өһзендері аралығында кеме қатынайды.Көлдің жағалары өте батпақты.
Тана-Цана Дембеа-Африкадағы 1830 м биіктіктегі көл. . Эфиопия таулы үстіртінде орналасқан .Ауданы 3,1-3,6 мың км 2( жыл маусымына қарай аумағы өзгеріп отырады).Тереңдігі 70м көл шарасында көптеген аралдар ( ең ірісі -Дэк) бар. Тана бірнеше өзен құяды. Ең үлкені Кіші Абай өзені . Көлден Аббай (көгілдір Ніл) өзені ағып шығады. Балақ кәсіпшілігі дамыған кеме қатынастары бар.Ең порттары Горгора, Бахр-Дар.
Виктория көлі- Виктория -Ньянза Укереве Африканың Угагнда мемлекеттері аралығында жатқан көл. Ол шығыс Африка платформасының солтүстік бөлігіндегі тектон иінді ойыста 1134 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлемі боынша дүниежүзінде екінші Байкалдан кейінгі тұщы көл.Аумағы 68 мың км2 орташа тереңдігі (ең терен жері 80м) жағалалары көбіне құмтасты жайпақ шығанақтармен тілімделген. Ірі шығанағы- Кавиранда мен Спиня көлде аралдар көп. Олардың жалпы аумағы 6 мың км Рубонда аралында (Танзания) ұлттық табиғи саябақ бар. Көл атмосфералық жауын-шашын және көптеген өзендердің суымен толысады. Су деңгейінің жыодық орташа ауытқуы 0,3 м. Көлге Ніл өзенінің бастауы болып саналатын сукы мол Кагера құйып,одан Виктория Ніл өһзені ағып шығады.Мұнда кеме жжүзіп балық ауланады. Басты порттары Эттеббе (Уганда), Мванза Бунобо (Танзагния), Нисуму (Кения) және Уганданың астанасы – Кампала. Виктория көлін 1858 жылы ағылшын саяхатшысы Дж. Спик ашты. Көл Ұлыбританияның корелевасы Викторияның құрметіне аталған.
Африка көлдерінің шаруашылық маңызы зор. Шығыста ірі көлдер кеме қатынасына пайдаланылады. Көлдер балықтарға өте бай. Солтүстік жарты шардағы жылы жаққа ұшатын құстардың басым көпшілігі осы көлдерге қыстап шығады. Шығыс Африкадағы табиғаты көркем көл жағалауында дүниенің әр түкпірінен келетін туристер саны жыл сайын артуда.
ІІ.4.Африканың жер асты суларына сипаттау.