Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 15:20, реферат
Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты
жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет
тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады.
Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі
табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай
мемлекеттік табиғат заказнигі.
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР
Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты
жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет
тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады.
Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі
табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай
мемлекеттік табиғат заказнигі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы «Мемлекеттік табиғи-қорық қоры
нысандарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына (№ 932, 28.09.2006) сәйкес, Ақтөбе
облысының аумағында республикалық
маңыздағы мемлекеттік табиғи-
керемет табиғи су нысандары, қазба байлық учаскелері, енді, олар ерекше экологиялық,
ғылыми, тарихи-мәдени, құнды геологиялық және геоморфологиялық нысандар болып
табылады.
3.1. Ырғыз-Торғай мемлекеттік
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 2007 жылы Ырғыз ауданының
аумағында құрылды, көлемі 763 549 га.
Резерват табиғи кешендерді, мекендеу орындарын (қыстау, жайлау, мал төлдету),
Бетпақдала жануары —
құстарының науқан кездерінде орын ауыстыратын Ырғыз-Торғай өзен-көл жүйесінің сулы-
батпақты жерлерін сақтау, қоқиқаздың, суда жүзетін және су маңын мекендейтін
құстардың ұя салуын, балықтардың уылдырық шашатын орындарын сақтау мақсатында
құрылды.
Қазақстанның физикалық-географиялық аудандарға бөлінуіне сәйкес, резерват
аумағы Қазақстанның жазықтарында жатыр, Каспий маңы-Тұран елдері белдеуінің
жартылай шөлейтті және шөлейтті ландшафтты зонасы шегінде орналасқан. Аумақтың
үлкен бөлігі Торғай-Орталық Қазақстан, Төменгі Торғай провинциясы, батыс Торғай округі,
Ырғыз-Ұлқаяқ және Торғай аудандарына қарайды. Аумақтың оңтүстік бөлігінің аз бөлігі
Арал маңы-Сырдария облысына, Солтүстік Арал маңы провинциясына, Солтүстік-шығыс
Арал маңы округіне, Арал маңы қарақұм ауданына кіреді.Ақтөбе облысының табиғи байлығы
116
Геологиялық жағынан аумақ Тұран тақтасына (плитасына) жатады, ерекшеленетін
екі кешенді түрге ие:кембрийге дейінгі және палезой түрлері. Көлбеу жатқан мезозой-
кайнозой қалдықтары білінеді, платформалы қап секілді. Жоғарғы қабаты генезисі
бойынша ширектік және континентальды неоген-палеогенді құмды-сазды әртүрлі
құрылымды болып келеді. Төрттік шөгінділер кең таралған және аллювиалды, көлді, көлді-
аллювиалды, эолды: әртүрлі түйіршікті құм, қиыршық тас, малтатас, құмдақтар, саздақтар,
саз, алевролиттер бар.
Геоморфологиялық аудандарға бөлуге сәйкес резерват аумағы Торғай
құрылымдық-денудациялық жазыққа жатады [ ], оған өзендер аралығындағы жазықтық
тән. Биік жерлері 100 метрден 130 метрге дейін ауытқиды, ал Торғай өзенінің төменгі
сағасында олар 80-90 метрге дейін төмендейді. Жер бедерінің төмендеуінен ескі суағар
жылғаларының ізімен меридианды бағытта тізбекше тартылған тұйық көлдер
қазандықтары мол. Жазықтықта жекелеген тау жұрнақтары жиі кездеседі. Торғай өзенінің
және оның салаларының жайылма үсті террасаларымен берілген аккумулятивті
жазықтықтар кеңінен тараған. Ұлқаяқ өзенінің аңғарына денудациялық жазықтықтар
учаскелері орайластырылған.
3.1.1. сурет. Торғай өзенінің
бөлігіндегі сортаңдар арасындағы атқылап тұрған ұңғыма
Резерваттың солтүстік-шығыс бөлігінде субендікті бағытта ірі тау жұрнағының
қырқасы – ұзындығы 150 км Шалқарнұра тауы тартылады. Оның 190-нан 230 метрге
дейінгі абсолютті биіктіктері бар оңтүстік бөлігі ең жоғарғысы болып табылады. Қырқаның
батыс бөлігі биіктігі 30-50 м эрозиялық кертпешпен шектелген. Таудың оңтүстігінде биіктігі Ақтөбе облысының табиғи байлығы
117
120-140 м жартастар Шалқартеңіз сортаңды ойпаңына төніп тұр. Шалқартеңіз ойпаңы
Торғай өзенінің және көптеген құрғақ және кеуіп қалатын салаларының суағатын орны
болып табылады.
Торғай өзені мен Шалқарнұра тауы арасындағы жазықтық өзен аңғарына қарай
еңкіш болатын көптеген ағынсыз түбі жайпақ қазандықтары бар төбешікті жер бетін
көрсетеді. Төбелер басы тегіс, стол тәріздес немесе күмбез тәріздес. Қазандықтар түптері
батпақты шалғын өсімдіктерімен, қамыспен немесе сортаңдармен және тақырлармен
тоған. Жазықтықтың батысында, Торғай өзенінің бойында жартылай бұталы және
шөптесін өсімдіктермен бекітілген кішігірім төбешікті құм алаптары орналасқан (3.1.2.
сурет).
3.1.2. сурет. Бұталы-шөп
Климаты шұғыл континенталды, жауын-шашын мөлшері аз (200 мм жуық), күн
радиациясы мол, құрғақ және буланы процестері қарқынды және маусымдық пен тәуліктік
температуралардың ауытқуы елеулі.
Жазы бірқалыпты ыстық, ашық күндері басым. Шілдедегі басым температура күндіз
+25+30°С, түнде +12+18°С. Барынша ыстық кездері +43-44°С жетуі мүмкін.
Қысы суық, ұзақ, қаңтардағы орташа айлық температура -17°С. Қатты қыстары
температураның –43-45°С дейін төмендеуі мүмкін. Қар жабынының барынша қалыңдығы
42-44 см. Ақтөбе облысының табиғи байлығы
118
Қыста солтүстік-шығыс бағытынан соғатын желдер басым. Желдің орташа жылдық
жылдамдығы – 3,8-5,1 м/с. күзде және қыста кездесетін жылдамдығы 15 м/с және одан
жоғары күшті желдер боран мен бұрқасын тудырады; жазда шаңды дауылмен ілеседі.
Климаттық қолайлы жағдайлар ауыспалы маусымдарда: сәуір-мамырда, қыркүйек-
қазанда қалыптасады, оларды қоса алғандағы ұзақтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 43-
48-ден 60-64 күнге дейін. Бұл
мерзімдер демалыс үшін
аса қолайлылары өзендерге, көлдерге
жақын учаскелер болып
Гидрографикалық желі Торғай және Өлкейік өзендерімен берілген. Өзендер
тармақтарға құйыла отырып, басым бөлігі Торғай жылғасы бойымен ағады, көптеген
көлдер мен ескі арналарды құрады. Бассейндік қатыстылығы бойынша көлдер екі жүйеге:
1 – Торғай өзеніне (Қоғакөл, Жарқамыс, Келтекөл, Реңкөл және басқалары) және 2 –
Өлкейік (Алакөл, Алабұғыкөл, Егінкөл, Сарықамыс және басқалары) бөлінеді.
Өзендер мен көлдер қарашаның басында қатады, сәуірдің алғашқы онкүндігінде
ашылады, жылымдардағы мұздың қалыңдығы 1 метрге жетеді, ал суы тяаздары қатып
қалады.
Өзендердегі көктемгі су тасқыны 1 аптаға жуық созылады. Бұл уақытта су аңғардың
төменгі жерлерін және сондағы көлдер мен ескі арналарды толтырады.
Жер асты сулары Арал-Торғай гидрогеологиялық ауданына жатады және
ылғалдың үнемі тапшылығын, нашар су алмасу және буланудың жоғарылығы жағдайында
болады, бұл суларда минералданудың артуына әкеліп соғады. Минералдылығы 3-5-тен
10-15 г/л дейін болатын сортаңды және тұзды жер асты сулары басым таралған.
өзендердің аңғарларын атқаратын
аллювиальды төрттік
г/л дейінгі және одан жоғары сортаңды су болады.
Эолалы түзілістерден құрылған ірі құмды алқаптардағы жер асты сулары іс жүзінде
қызығушылық туғызады. Су сиятын түзілістер қуаты 4-тен 20 метрге дейін, орташа 10-13 м
құрайды. Ұңғымалар дебиті 0,5-нан 4,5 л/с дейін өзгеріп отырады. Суларының
минералдануы 0,1-0,6 г/л, тұщы, құрамы гидрокарбонаты-сульфатты натрийлі.
Топырақ жамылғысы. Аумақ сұр
топырақ қосымша аймағында
Топырақ жамылғысының ерекшелігі күшті тұздануы болып табылады, жеңіл механикалық
құрам тән және кең таралған гидроморфтық топырақтар, сортаңдар мен сорлар кеңінен
таралған. Қалыпты қоңыр және жеңіл саздақты және құмайт топырақты механикалық
құрам мен олардың шөлді сортаңды кешендері тән сортаңды қоңыр топырақ таралған.
Өзендер аңғарларында – шалғынды және көбінесе сортаңды және сор болатын
аллювиальды-шалғынды топырақ, сортаңдар немесе сор болатын шалғынды қоңыр
сортаңды топырақ.Ақтөбе облысының табиғи байлығы
119
Өсімдік жамылғысы. Ботаникалық-географиялық жағынан аумақ Батыс-
Қазақстандық далалық провинцияға, Мұғалжар-Торғай қосымша провинциясына, Торғай
флоралы ауданының нағыз дала қосымша аймағына жатады. Мұнда құмды топырақта
еркек-көкжусанды дала, сазды-құмды топырақта еркек-ақжусанды шөл және эфемерлі-
ақжусанды шөл таралған. Ылғалды
жақсы сіңіретін бос-құм
алғанда далалық типтің шымтезекті-астық тұқымдас өсімдіктері қалыптасады.
Бекітіліңкіреген құмды топырақта өсімдік аймақтық шөлге жақындайды: басында еркек-
ақжусанды, сонан соң эфемерлі-ақжусанды (баданалы қоңырбас, бозжусан) өсімдіктер.
Бос ертеэолалық құмдарда бетеге, боз, еркек және жусандардың қатысуымен далалық
қауымдас өсімдіктер өседі.
Торғай және Өлкейік өзендерінің аңғарларындағы өсімдіктер кешені
эфемерлермен, еркектермен, ақжусандармен және көкжусандармен берілген.
Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген: аса ірісі
жұлдызгүл тұқымдастар (64 түр) – мыңжапырақты түймешетен, бөрте жусан, көбенқұйрық,
сортаңды шұбаршөб және басқалары; алабұта тұқымдастар (29 түр), қияқөлең
тұқымдастар (24 түр).
Жағалық-су өсімдіктерінен қамыс, қоға, түйнекқамыс, теңгебас, кербезгүл,
оқжапырақ, су сарғалдағы, кірпібас, қырықбуын, мүк; нағыз су өсімдіктерінен – тұңғиық,
балықот, шылаң, егеушөп, арамот, торсылдақ, мүйізжапырақ, харофиттердің 9 түрі және
басым болатын кішкентай балдырлардың түрлері мен үлгілерінің 42 түрі байқалды (3.1.3.
сурет).
3.1.3. сурет. Жағалық су өсімдіктері
Ақтөбе облысының табиғи
120
Жануарлар әлемі. Қазақстанның зоогеографиялық аудандарға бөлінуіне сәйкес
резерват аумағы Орталық Азия қосымша облысына, Қазақстан-Моңғол провинциясына,
Қазақстандық округке, шөлейтті аймақтың батыс бөлігінің учаскесіне жатады [ ].
Резерват аумағында сүт қоректілердің 29 түрі, құстардың 250 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 14 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және балықтың 10 түрі кездеседі.
Ихтиофауна он түрмен берілген: сазан, алтын мөңке, бозша мөңке, аққайраң,
торта, табан, оңғақ, алабұға, таутан, шортан. Арал сазаны, оңғақ, табан сырттан әкелінген
және жерсіндірілген түрлер болып табылады.
Қосмекенділер кәдуілгі тарбақа, көкбақа, көлбақамен және сүйріктұмсықты бақамен
берілген.
Бауырымен жорғалаушылар – батпақ және орта азиялық тасбақалар, шиқылдауық
кесіртке, сидамсаусақты кесірткелер, тақыр, құлақты және домалақбасты құйқылжық,
жылдам және түрлі-түсті аусыл, өрнекті абжылан, оқжылан, дала сұржыланы, сужылан.
Құстар, негізінен, 109 түрі есептелген сулы-батпақты кешен өкілдерімен берілген.
Маусымдық миграция және түлеу кезінде мұнда суда жүзетін және су маңы түрлерінен
кемінде 2-3 млн. құстар ұшып өтеді. Торғай тұқымдастар кеңінен берілген (90 түрі),
негізінен жадырақ торғай, бау және сұр сандуғаш, көк және кішкентай шыбыншы торғай,
шақшақайлар (шөл дала, тазшақшақай және бишікеш). Бұталар арасында сарыторғай
және сұр тағанақ кездеседі.