Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 15:20, реферат
Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты
жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет
тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады.
Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі
табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай
мемлекеттік табиғат заказнигі.
Ашық ландшафтарды жыртқыш құстар артық көреді: дала құладыны, дала және
кәдуілгі күйкентай, бүркіт, қарақұс, дала қыраны және басқалары, барлығы 30 түр.
Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан
құстардың 32 түрі кездеседі: қызғылт және бұйра бірқазан, қалбағай, қарабай, кішкентай
аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу, қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек,
ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық
шалшықшы, қарабас өгізшағала, қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын,
ителгі, аққұйрық субүркіт және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы
бүркіт, балықшы тұйғын, үкі ұя салады (3.1.4. сурет).Ақтөбе облысының табиғи байлығы
121
3.1.4. мурет. Шалқартеңіз ойпатының үстіндегі қоқиқаз
Сүтқоректілер – аса көп таралған кеміргіштер - кішкентай саршұнақ, түз тышқаны,
кәдуілгі тоқалтіс, суыр, дала тышқаны, шықылдақ, сазды жазықтықта – майқұйрық қосаяқ,
тақырлар мен сортаңдарда – тікқұлақ қосаяқ, жеңіл топырақта – сары суыр және
тақылдағыш қосаяқ; өзендер мен көлдер жағаларындағы таяз сулы учаскелердегі
қамыстар мен қоға нуындасу тышқаны, ондатр, қабан таралған. Жыртқыштардан қарсақ,
дала күзені, мекендейді, солармен бірге түлкі, кей жерлерде қасқыр таралған.
Резерваттың оңтүстік бөлігінде ареалы мен саны жағынан Қазақстандағы аса ірісі
бетпақдаланың өкілі – киік мекендейді. Негізгі қыстайтын және төлдейтін жері – Торғай
өзені мен Шалқарнұра тауының арасындағы жазықтық.
Қызыл кітапқа енген сирек түрлерден Бобринский маймұрыны, Қазақстандық
эндемик және Қазақстан фаунасындағы саны аз сирек кездесетін шағыл мысығы бар.
Қорғау объектілері мен тәртібі
Табиғи резерват Торғай мемлекеттік табиғи заказнигімен (зоологиялық) бөлінген
екі өңірлік – солтүстік және оңтүстік бөлімшелерден тұрады.
Көлемі 89 040 га солтүстік өңірлік бөлімшеге Өлкейік көлдер тобы мен Өлкейік
өзенінің аңғары кіреді.
Көлемі 674 509 га оңтүстік өңірлік бөлімшеге халықаралық маңыздағы сулы-
батпақты алқаптар, Торғай өзеніндегі көлдер жүйесі, Шалқартеңіз жазықтық ойпаты,
Шалқарнұра тауы, Торғай өзенінің төменгі сағаларындағы Құрдым, Қаракөл және
Бақшакөл көлдері кіреді.
Резерват аумағында
122
· Табиғи ландшафтары жақсы сақталынған халықаралық маңыздағы
сулы-батпақты алқаптар;
· Маусымдық миграция мен түлеу уақытында сулы-батпақты
құстардың аса көп жиналатын жерлері;
· Өлкейік өзеніндегі көлдер тобы, мұнда ұшып өткенде суда жүзетін
және су маңы құстарының көп мөлшері мекендейді және кәсіптік балықтардың
уылдырық шашатын орны шоғырланған;
· Бетпақдала киігінің мекендейтін, қыстайтын, жайлайтын және
төлдейтін жерлері;
· Шалқартеңіз ойпатының жазық учаскелеріндегі сексеуіл алқаптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі №
932 қаулысымен суда жүзетін және су маңы құстарының мекендейтін және ұя
салатын бірегей табиғи сулы объектілері, кәсіптік балықтардың уылдырық
шашатын жері ретінде бекітілген және Республикалық маңыздағы мемлекеттік
табиғи-қорықтық қор Тізбесіне енгізілген Құрдым, Қулыкөл көлдері;
· Аумақтың геологиялық дамуын зерттеу үшін геоморфологиялық
объекті ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі №
932 қаулысымен бекітілген, және
республикалық маңыздағы
қорықтық қор Тізбесіне
· Қызыл кітапқа енгізілген құстардың - қызғылт және бұйра бірқазан,
қалбағай, қарабай, кішкентай аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу,
қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек, ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ,
жорға дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас өгізшағала,
қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық субүркіт
және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы
тұйғын, үкілердің мекен ететін жерлері;
· Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сүт қоректілердің –
Бобринский маймұрыны, Қазақстандық эндемик және Қазақстан фаунасындағы
саны аз сирек кездесетін шағыл мысығы мекен ететін жерлері.
Қорықтық және заказды қорғау тәртібімен аумақты функционалдық аймақтарға
бөлуге сәйкес экожүйелердің табиғи жағдайын бұзуға соқтыратын кез-келген қызметке
тыйым салынады.
Болуы мүмкін қолайсыз факторлардан резерваттың ерекше бағалы табиғи
кешендерін қорғауды және күзетуді және табиғи кешендердің экологиялық тұтастығын
сақтауды қамтамасыз ету үшін резерваттың айналасында барлық периметр бойымен ені
кемінде 2 км қорғау аймағы құрылды. Қорғау аймағы шегінде резерваттың экологиялық Ақтөбе облысының табиғи байлығы
123
жүйелерінің жағдайына және қалпына келтіруге және оларда орналасқан табиғи-қорықтық
қор объектілерінекері әсер ететін кез-келген қызмет шектелінеді.
3.2. Торғай мемлекеттік табиғи заказнигі
Республикалық маңыздағы Торғай мемлекеттік заказнигі 1967 жылы Ырғыз
ауданының аумағында құрылды. Қазіргі уақытта заказник көлемі 296 000 га құрайды.
Заказник Ырғыз-Торғай-Өлкейік өзендерінің арасында бағалы, сирек және
жойылып бара жатқан құстар мен аңдардың түрлерін сақтау және қалпына келтіру, Ырғыз-
Торғай көлдерінің ерекше бағалы биоценоздарын қорғау мақсатында құрылды.
Қазақстанды физикалық-географикалық аудандарға бөлуге [ ] сәйкес заказник
аумағы Қазақстан жазығына жатады және елдің Каспий маңы-Торғай, Торғай-Орталық
Қазақстан облысы, Төменгі Торғай провинциясы, Батыс Торғай округі, Ырғыз-Өлкейік
ауданының бірқалыпты белдеуінің шөлейтті ландшафтық аймағының шегінде орналасқан.
Аумақ Оңтүстік Торғай жазықтығына жатады, оның беті генезисі бойынша әртүрлі
төрттік және континенталдық неоген-палеогендік құмды-сазды құрылымдарынан тұрады.
Палеозой фундаменті 1000-2000 метрге дейін тереңге кеткен.
Жер бедері заказниктің негізгі
құндылығы болып табылатын
төбелі жазықтықты көрсетеді. Көптеген ағынсыз түбі жайпақ қазандықтары бар жазықтық
беті өзендер аңғарларына қарай еңкіш. Төбелер шығыс және солтүстік-шығыс бағытқа
тартылған. Төбелер басы тегіс, стол тәріздес немесе күмбез тәріздес Қазандықтар түптері
батпақты шалғын өсімдіктерімен, қамыспен немесе сортаңдармен және тақырлармен
толған. Жазықтықтың батысында, Торғай өзенінің бойында жартылай бұталы және
шөптесін өсімдіктермен бекітілген кішігірім төбешікті құм алаптары орналасқан (3.2.1.
сурет). Климаты шұғыл континентальды. Қысы суық, қары аз, бұрқасын, қарлы боран
байқалады. Жазы құрғақ, ыстық. Жауын-шашын аз, жылына 200 мм шамасында.
Қаңтардағы орташа температура -15,5°С, төменгісі – минус 43°С. Шілдеде +25°С,
жоғарғысы +44°С. Қар жабынының барынша биіктігі 42-44 см. Желдің орташа жылдық
жылдамдығы 3,8-5,1 м/сек, солтүстік-шығыс бағыттағы жел басым.
Гидрографикалық желі Торғай, Ырғыз, Өлкейік өзендерімен берілген. Торғайдың ірі
сағалары заказник аумағындағы Телқара және Сарыөзек өзендері. Өзендер көлдер
жүйесін құрайтын көптеген көлдерге құяды. Торғай аңғарындағы аса ірісі көлемі 5230 га
және жағалау бойымен ұзындығы 70 км асатын Байтақкөл көлі болып табылады.
Ырғыз өзенінің бассейнінде орналасқан Малайдаркөл, Тайпақкөл, Сасықкөл
көлдері көлемінің шағындығымен және тереңдігінің түрлілігімен ерекшеленеді, ұзынша
түрде, өзен бойымен созылған. Аса тереңі – Малайдаркөл көлі.
Жер асты суларынан сортаңдылары және тұздылары басым, минералдылығы 3-5-
тен 10-15 г/л дейін. Ұңғымалар дебиттері 0,5 л/с аз, жекелеген учаскелерде 2,5 л/с дейін
артады. Сулары минералды құрамының шұбарлығымен және таралу көлемінің аздығымен
ерекшеленеді.
Топырақ қабаты қоңыр топырақпен берілген. Топырақ құрайтын жыныстар – жеңіл
саздақтар, құмдақтар. Сортаңды сорлар немесе сортаңдар басым болатын қоңыр
сортаңды топырақ таралған.
Өсімдіктері құмды топырақта еркек-
ақжусанды және эфемерлі-ақжусанмен берілген. Ылғал жақсы сіңетін бос-құм топырақта
көкжусанның жартылай бұталарын қоса алғанда далалық типтің шымтезекті-астық
тұқымдас өсімдіктері
Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген: аса ірісі
жұлдызгүл тұқымдастар (64 түр) – мыңжапырақты түймешетен, бөрте жусан, көбенқұйрық,
сортаңды шұбаршөб және басқалары; алабұта тұқымдастар (29 түр), қияқөлең
тұқымдастар (24 түр). Сирек түрлері: сасыр, жуа, таспа.
Животный мир заказника представлен 29 видами млекопитающих, 170 видами
птиц, из которых 30 занесены в Красную книгу РК, 14 видами пресмыкающихся, 4 видами
земноводных и 11 видами рыб.
Заказниктің жануарлар әлемі сүт қоректілердің 29 түрімен, құстардың 170 түрімен,
олардың 30 ҚР Қызыл кітабына енгізілген, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрімен,
қосмекенділердің 4 түрімен және балықтың 11 түрімен берілген.
Кең өскен қамыс нуының арқасында заказникте бағалы кәсіптік-аулау түрі болып
табылатын қабанның саны жоғары, табиғи бөлініп орналасу есебінен жақын алқаптардағы
оның санының тұрақтылығы
3.2.2. сурет. Қабандар үйірі
Заказниктің сулы алқаптары барлық жерде орналасқан ондатр үшін қолайлы.
Құстардың ішіндегі ең көптері суда жүзетін құстар – үйректер, қаздар, қасқалдақтар. Күзгі
миграция кезінде көлдер демалып жатқан және тамақтанып жатқан құстар үйірлерінің
мамықтарынан көрінбей қалады. Заказник аумағында көкқаз, үйректердің барлық түрлері,
қасқалдақ, тырна, құзғын, шалшықшы ұя салады (3.2.3 сурет). Мұнда Қазақстанның Қызыл
кітабына енгізілген түрлерден: сұңқылдақ аққу, қалбағай, қарабай, бұйра бірқазан,
қарабауыр бұлдырық, ақбас тырна, жорға дуадақ, дала қыраны, аққұйрық субүркіт,
балықшы тұйғын, ақбас үйрек ұя салады. Ұшып өтетін уақытта кішкентай аққу, қоқиқаз,
қызылтамақ қарашақаз, дуадақ, ірі қыран және қазіргі уақытта өте сирек ақтырна тұрақты
кездеседі.
3.2.3. сурет. Заказинк көлдеріндегі аққулар
Заказниктің су қоймаларының үлкен балық кәсіпшілігік маңызы бар. Кәсіпшілік
түрлерінің аса маңыздылары сазан, мөңке, шортан, аққайраң болып табылады. Суда
жүзетін құстарды қорғау және ұя салатын және жас ұяластарын шығару уақытында
мазасыздық факторларын азайту мақсатында заказник аумағында 15 сәуірден 1 қыркүйек
аралығы мерзімінде кәсіптік балық аулауға тыйым салынады.
Қорғау объектілері мен
Торғай мемлекеттік табиғи заказнигі аумағы өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті
қолдау және ортаны құрайтындарды, оның ішінде жаратылыстық табиғи кешендердің
суды қорғау функцияларын сақтау үшін табиғатты қорғаудың жоғары маңызына ие.
Заказник алқаптарының маңыздылығы оның жыл құстарының басым көпшілігінің ұшып
өтетін, көпшілігінің осы жерде ұя салатын, негізгі жолдарының бірінде орналасуы.
Заказинк аумағында мынадай объектілер қорғалынады:
· Маусымдық миграция мен түлеу уақытында сулы-батпақты құстардың аса
көп жиналатын жерлері;