Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 17:34, доклад
Ливия, Ливия Араб Социалистiк Халықтық Жамаһириясы – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км2. Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка.
Ливия,
Ливия Араб Социалистiк Халықтық
Жамаһириясы – Солтүстік
Ливиядағы толқыныстар — ел басшысы Муаммар Каддафидің жақтастары мен қарсыластары арасындағы қарулы соқтығыс. Бұл соғыс 2011 жылдың ақпанында көршілес Тунис пен Египеттегі революцияға жауап ретінде басталған болатын. Наразылық білдірушілер алдымен 1969 жылдан билік басында отырған ел басшысы Муаммар Каддафиге қарсы шықты және премьер-министр Багдади Махмудидің орнын босатуын талап етті. Уақыт өте келе толқыныстар азаматтық соғысқа әкеліп соқты. Каддафидің қарсыластары елдің шығысындағы бірқатар қалаларды басып алып, бақылауында ел астанасы бар Каддафидің жақтастарымен және әр түрлі елдің жалдамалы сарбаздарымен (көбінесе Қара Африка елдерінен – Чад, Гвинея, Нигерия, Кот д’Ивуар) қатаң қақтығыстар жүргізді.
1.Тарих басы (предыстория)
2010 жылдың жазында, азаматтық соғыс басталардан жарты жыл бұрын Ливияда «Жаңа Дубай» деп аталатын үлкен құрылыс басталды. Бенгазияда американдық AECOM құрылыс компаниясы қатысқан құрылыс қарқынды басталды. Астаналық әуежайдың үлкен масштабтағы қайта қалпына келтіру жұмыстары, Жерорта теңізі жағалауы бойында InterContinental, Sheraton және Marriott қонақүйлерінің құрылысы басталады деп жоспарланған болатын. ХВҚ есептеулері бойынша Ливия экономикасының өсімі 5,4 %-ды құраған. Қақтығыстар алдында Ливия Африканың неғұрлым сәтті елдерінің бірі деп есептелген болатын. Адами әлеуеттің даму индексі 2010 жылы 0,755 құраса, жан басына шаққандағы ЖІӨ $14,878 болды. ЖІӨ көрсеткіші революция болып өткен Египет пен Туниске қарағанда жоғары. Халықтың білім деңгейі 87 % болаған, алайда жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болды, 2009 жыл мәліметтері бойынша 20,7 % құраған. 15 ақпанда 213 интеллигенция өкілі Муаммар Каддафидің кетуін, елдің бейбіт эволюциясын және 17 ақпанда өтетін шараның қатысушыларының ізіне түспеуін талап етті. Аль-Джазира мәліметтері бойынша бұл үндеуді шетелдік оппозициялық фракциялар – Ұлттық қорғау фронты, Ливия ислами бірлестігі, «Хулас» қозғалысы, демократия және әлеуметтік әділдік үшін күресетін республикандықтардың Одағы, құқық қорғаушылардың тобы, мәдениет қайраткерлері мен жазушылар Лигасы.
2. Басталуы
Ливиядағы
толқыныстарға Бенгази
3. «Ашу күні»
17 ақпанда Бенгази, Бевида, Зентан, Ружбан және Дерна қалаларында жаппай шерулер болды. Штаб-пәтері Женевада орналасқан HumanRightSolidarity ливиялық құқық қорғау ұйымы шерулердің 13 құрбаны жөнінде хабарлады. Куәлердің сөзіне сілтеме жасап, HumanRightSolidarity үйлердің шатырларында отырыплы хабарлады. Ливиядағы «Ашу күні» Бенгазиядағы Италия елшілігінің алдында өткен, өту барысында 10 адам қайтыс болған наразылық акциясының крикатуралық жанжалының бесжылдығына ұштастырылды. Триполи астанасында Каддафи жақтастарының митингі өтті.
4. Хабарлар
Киренаики қаласындағы көшедегі толқыныстары (18-20 ақпан)
Ашу күнінен
кейін көше толқыныстары Киренаики
қаласына да жетті. 18 ақпан жұма күні
шерушілер полиция қорғанысын бұзып,
Аль-Байда қаласын өз бақылауына
алды. Көшедегі қақтығыстар Бенгазияда
да болды, мұнда 18 ақпанда жергілікті
радиостанция өртеліп, 20 ақпан жексенбі
күні орталықтағы әскери база құлаған
соң қала наразылық білдірушілердің толық
бақылауына өтті. Египеттегідей Ливияда
19 ақпан сенбі күні билік басындағылар
интернетті өшіріп тастады.
4.2. Соғыстың басталуы
2011 жылдың 20 ақпанында әскерилер үлкен клибрлі пулеметтердің көмегімен Муаммар Каддафиге қарсы шерулерді басуға тырысып көрді. Аль-Джазира телеканалының ливиялық құқық қорғаушыларға сілтеме жасаған хабарлары бойынша 200 адам қайтыс болып, 800 – і жарақаттанған. Шерушілерге қарсы артиллерия мен әскери тікұшақтар қолданылған. Оқиғаның куәсі Бенгазия көшелерінде бұлқан-талқаны шыққан үш танкті көрген.
Шерушілердің жағына өткен Ливия әскерінің подполковнигі Мохаммед аль-Маджбари үкіметтік күштер басқа африкандық жалдамалы әскерилердің көмегімен Бенгазияда «қырғын жасады» деп хабарлаған болатын.
1) Бенгазия қаласы көтерілісшілердің қолында, әскери база басып алынған, шерулер Триполиде басталды, астана көшелеріндегі атыс, кешке телеорталық басып алынды, үкімет ғимаратын өртеп жіберген.
2) Астана әуежайы басып алынды, Каддафи әскері Триполиден кетті.
3) 21 ақпанда ливиялық басшылар көтерілісшілерге қарсы әскери ұшақтар қолданды. Ливиялық ӘӘК-інің екі ұшқышы Бенгазиядағы көтерілісшілере бомба тастау туралы бұйрықты алып, ұшақтарын Мальтаға айдап кетті. Триполидегі жарылыстар — 250 адам өлтірілді. Эль-Завия және Мисурата қалаларын бомбалады. Белгілі мұсылман уағызшысы шейх Юсеф аль-Кардауи әскерді Каддафиді өлтіруге щақырды: «ол өз халқының қанын төкті, жендет», бұған дейін Тунис және Египет президенттері тәрізді бейбіт түрде биліктен кетуін талап еткен.
4) 22 ақпан —Триполи әуе жолдары жабық, бұл шетелдіктерді құтқаруға кедергі болуы мүмкін. Египет шекарасындағы кеденшілер өздерінің посттарын тастады, Египет шекарасы ашық, қашқындар соғыстан Египетке кетңп жатыр, Тобрукте 10 египеттік қайтыс болды, қашқындардың Ливиядағы бейбіт тұрғындарды қырып-жоюына куә болуы, египеттік қашқындар үшін 2 лагерь құрды. Ливия әскери күштерінің бас командирі үй қамауында.
4.3. Елдің шығысындағы қарулы көтеріліс
21 ақпан (дүйсенбі) — Муаммар Каддафидің ұлы Саифаль-Ислам Каддафи мажергілікті теледидарда сөз сөйлеп, көтерілістерді аяғына дейін басуға уәде берді. Сонымен қатар ол бұл жағдайға сыртқы күштерді кінәлап, өлгендер саны асыра сілтеп жіберілген деді. Британдық ӘӘК хабарламалары бойынша қақтығыстар ел астанасы Триполиге ауысқан. Көтерілісшілер үкімет ғимаратын өртеп, астаналық әуежайды басып алған. Аль-Джазира телеканалының айтуы бойынша Ливия ӘӘК Триполидегі шерушілерге оқ жаудырған. Көтерілісшілердің талаптарын ливиялық аль-Зуайя тайпасының көсемі, Бенгазия маңында өмір сүретін Шайх Фарах аль-Зуай айтты. Жауап ретінде билік Бенгазиядағы шерушілер басып алған әуе базасына соққы жасады. Жағдайды әскери бүліктер ушықтырады, оның нәтижесінде ливиялық әскердің бөлімшелері оппозиция жағына ауысады.
22 ақпан — қарсыластар мен жақтастардың қақтығыстарында ерекше қаталдықта батыс журналистері «муртазактарды» кіналайды (Африка елдерінің жалдамалы әскерилері). Тобрук қаласы көтерілісшілердің қолына өтеді. Ливия ІІМ басшысы армия генералы Абдель Фаттах Юнес Каддафимен қарым-қатынасты үзіп, әскерді көтерілісшілердің жағына өтуге шақырды.
23 ақпан — Еуроодақ елдерінің елшілерімен кездесуінде ливиялық СІМ басшысының орынбасары Халед Каимнің айтуынша халықаралық террористік «Аль-Каида» тобы Ливияның шығысындағы Дерна қаласында ислам әмірлігін жариялаған. Елшінің айтуынша әмірлікті американдық Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқыны Абделькарим аль-Хасади (AbdelkarimAl-Hasadi) басқарған. Алайда, жергілікті тұрғындар әмірлік туралы сөздер шындыққа жанаспайды. Олардың ойынша мұндай жалған ақпаратты Муамар Каддафидің үкіметі Еуропаны қорқыту үшін таратқан. Катарлық «Аль-Джазира» телеарнасының айтуы бойынша Тобруктегі әскерді басқарып отырған генерал-майор Сулейман Мухаммад өзіне адал әскерімен бірге оппозицияның жағына өткен. Оппозиция лидерлерінің бірі Мухаммад Набус хабарлауынша Бенгазиде Триполиді басып алу үшін 5000 көтерілісші дайындалған.
24 ақпан — Киренаика көтерілісшілердің толық бақылуына өтті. Үкімет бұл аймақты қайтарып алу үшін ешқандай шаралар жасамай отыр. Көше қақтығыстары Эз-Завия қаласында да орын алған.
2 наурызда үкімет әскері Брег мұнай портына шабуыл жасады. Күні бойы қала үшін соғыс болып, нәтижесінде көтерілісшілер қаланы басып алды.Үкімет әскерін қудалай отырып, 3 наурызда Эль-Агейлаға жетті. 4 наурызда Рас-Лануф үшін шайқас болып, көтерілісшілер қаланы басып алды. 5 наурызда көтерілісшілер Сирт бағытында батысқа бет алды. Көтерілісшілер Ливия ӘӘК-нің Су-24 ұшағын атып түсірді. Кешке жақын Сиртке апаратын Бен Джавад кішігірім қаласы басып алынды.
6 наурыз — Сирт қаласы үшін шайқас жүрп жатқандығы туралы хабар алынды. Бір мәліметтер бойынша оны көтерілісшілер басып алса, келесілер бойынша ол үшін әлі де шайқас жүріп жатқан. Сол күні Бин-Джавад қаласы үшін қатаң қақтығыстар жүрді.
7 наурыз — үкімет әскері Сиртті алып қалды. Жексенбі күні бүлікшілер Бин-Джавад қаласын тастап кетті.
8 наурыз
- үкімет әскері көтерілісшілер
4 наурыздан бері ұстап отырған
Рас-Лануф қаласынан оларды қуып шығуға
әрекет жасады.
4.4. Елдің батыс бөлігіндегі оқиғалар
25 ақпан —Мисрата (ел шығысында) және Эз-Завия (ел батысында) қалалары үшін шайқастар.
26 ақпан —Ливия билігі Муаммар Каддафи жақтастарына қару бере бастады. Бенгазидегі бүлікшілер басшысы ретінде бұрынғы әділет министрі Мустафой Мухаммедом Абдель-Джалилді тағайындап, Ливияның уақытша үкіметін жариялады.
27 ақпан — бүлікшілер жексенбі күні шайқастан кейін Эз-Завия және Мисрата қалаларын басып алды. Ливия үкіметі адалдығын көрсетіп, әр жанұяға 400 доллардан ақша берді.
28 ақпан — Ливия әуе әскері Бенгази маңындағы қоймаларға соққы берді. Сол уақытта Мисрата маңында бір ұшақты құлатып түсірді.
1 наурыз — түнде Каддафи жақтастары танктер мен артиллерияны қолданып, көтерілісшілерден Эз-Завия қаласын тартып алмақ болды. Көтерілісшілер қаланы өз қолында ұстап қалды. АҚШ ӘТК Ливия жағалауларына Сомали жағалауларында теңіз қарақшыларымен күресуге арналған USS Enterprise соғыс ұшағын жіберді.
2 наурыз – үкімет әскерлері бірқатар шабуыл жасап, Триполидің маңындағы Гарьян және Сабрата жергілікті пунктерін өз бақылауына алды. Каддафи әскерлері Брега қаласына кірді: алдымен әскер қаланы өзіне қаратты деген хабар болғанымен, кейін көтерілісшілер оны өз қарамағына алды.
4 наурыз —Каддафи жақтастары Эз-Завия қаласына шабуылдады. Әскерилер қаланың батысын және шығысын бақылайды. Сол күні БҰҰ-дағы Ливия өкілі Каддафиден «халық революциясының қарсылығын тоқтатуды» талап етті.
5 наурыз —Эз-Завия қаласы үшін шайқастар жалғасуда. Қала молдалары Каддафиге джихад жариялады. Таңертең үкімет әскері қалаға екі бағыттан шабуыл жасады, бірақ бұларға тойтарыс беріліп, екі танк өртеліп жіберілді. Күн ортасында тағы бір шабуыл жасалды. Танктер қаланың орталығын атқылауда. Шайқас орталыққа ауысты. Көтерілісшілер мен қарапайым халық зардап шегуде.
6-7 наурыз — Эз-Завия қаласы үшін шайқастар жалғасуда. Үкімет әскері көтерілісшілер басқарып отырған Мисрата қаласына шабуылдауда.
8 наурыз — Эз-Завия қаласы үшін шайқастар жалғасуда. Үкімет әскері танктер мен әуе әскерін қолдануда.
5. Халықаралық жауаптар
Австралия Ливияға қарсы санкциялар енгізді. Ұлыбритания Ливияға және Бахрейнге қару және полиция жабдықтарын жеткізуден бас тартты. Триполидегі Британ елшілігі жабық. Италия Ливиямен арадағы шабуылдамау туралы бітім кіретін достық туралы келісімнің әрекетін тоқтатты. Испания Каддафи және оның жақтастарының шоттарын және активтерін қатырып тастады. Бұл шешім Ливияға 1995 жылы өткен Андалуссиядағы Коста-дель-Соль курорттық аймағына да қатысты болды.
Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад Ливиядағы Ливиядағы шерушілердің өліміне наразылығын білдіріп, үкімет әрекеттерін «ақылға қонымсыз» деді. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Муаммар Каддафиге телефон шалып, шерушілерге қарсы әрекеттерін тоқтатуды талап етті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ел халқына жасалып жатқан қатыгездігін айыптады. БҰҰ шетелдік елдерге кіруге тыйым салынған адамдардың «қара тізімін» жасады. Тізімге 16 дама кірген —Каддафи жанұясының мүшелері, Ливия қорғаныс қызметтерінің басшылары және қорғаныс министрі. Санкцияларға қару жеткізуге және Каддафи үкіметіне көмек көрсетуге тыйым кіреді.