Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 17:34, доклад
Ливия, Ливия Араб Социалистiк Халықтық Жамаһириясы – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км2. Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка.
Перу ливиялық билік шерушілерге күш көрсеткені үшін Ливиямен елшілік қатынастарын үзді. Сербия Ливиямен әскери-экономикалық серіктестікті уақытша тоқтатты. Ресей Ливия басшылығының әрекеттерін айыптап, Каддафи әрекеттерін өрескел деп бағалады. АҚШ Ливиямен елшілік қатынастарды тоқтатып, оған қарсы санкциялар енгізетінін хабарлады. Ел Президенті Барак Обама Муаммар Каддафиден биліктен кетуді талап етті.
Франции Президенті Николя Саркози «Каддафи кетуі тиіс. Ливиядағы қырғын тоқтауы қажет » деді.
Венесуэла
Президенті Каддафимен достық қарым-қатынастағы
Уго Чавес оны адам өлтіргіш деп санамайтынын
және оны айыптамайтынын хабарлады. Ол
АҚШ Ливияға мұнайын иемдену үшін кіріп
алуы мүмкіндігі туралы ескертті. Никарагуа
Президенті Даниэль Ортега Каддафиге
ынтымақтастық білдіріп, Ливияға «империялық
интервенция» қаупі туралы ойын айтты.
ЮНЕСКО Ливиямен серіктестікті үзді.
Ұйымның бас директоры Ирина Бокованың
айтуынша бұл адам құқығының тапталуы
және ел басқарушыларының бейбіт тұрғындарға
қарсы күш қолдануымен байланысты.
6. Ливия ішіндегі жауап
Шерушілерге күш көрсетуге қарсылық ретінде Бангладеш, Ұлыбритания, Индия, Индонезия, Қытай, Польшадағы елшілері орындарынан кетті. Араб мемлекеттерінің лигасындағы Ливия өкілі және Бас халық комитетінің хатшысы әділет министрі де осылай істеді. БҰҰ-дағы Ливия елшісінің орынбасары Ибрагим Даббаши болып жатқан нәрселерді «геноцид» және «Ливия халқына соғыс жариялау» деп атап, Гаагада халықаралық трибуналдан Каддафи қылмыстарын зерттеуді талап ететінін айтты.
ІІМ басшысы көтерілісшілердің жағына өтіп, Ливия азаматтарын соңынан еруге шақырды.
Ливияның
бас прокуроры
7. Жалданушылар рөлі
ІІМ басшысы бүлікшілердің жағына өткен соң 22 ақпаннан кейін көтерілген ливиялық халықтың жаулары ретінде жалданған әскерилер жарияланды. Ассошейтед пресстің анонимді көздері Бенгазидегі жалданушылардың пышақтар мен үлкен калиберлі қаруды пайдаланып жасаған қатыгездігі туралы 20 ақпанда хабарлаған. Бүлікшілер Бенгазиді 24 ақпанда басып алған соң «халықтық жасақтар» жағының африкандық және араб елдерінен жалданған әскерилерге жазалап жатқаны туралы хабарлар келіп түскен. 25 ақпанда жалданушылар Триполидің шығыс маңындағы шерушілерге оқ жаудырып жатқандығы хабарланды.
8. Көтеріліс бейнелемесі
Бенгазидегі
орталық қалалық соттың ғимаратында көтерілісшілер
Ливияның сол кездегі туын алып тастап,
1969 жылы Каддафи келгенге дейінгі Ливия
Корольдігінің туын көтерді. Шерушілер
ливиялық Джамахирияның жасыл туын ливиялық
шетелдік өкілдіктердің ғимараттарында
бұрынғы монархияның қызыл-қара-жасыл
туына ауыстырды. 1951 жылдың туынан айырмашылығы
барлық үш жолақтың ені бірдей болып табылады
(монархия туында қара жолақ жалау енінің
жартысын құраған). БҰҰ Жоғарғы комиссар
Басқармасы өкілі Мелисса Флемингтің
мәліметтері бойынша 2 наурызда дау
болған ауданда қашқындардың саны 180 мың
адамға жеткен. Египетке 77 мың, Туниске
де 77 мың адам қашқан, ал тағы 30 мыңы шекарада
өз кезегін күтеді.
9. Муаммар аль Каддафи
Каддафи, Муамараль (1942жылы туған), Ливия президенті. Ол Ливияда жартылай көшпелі нда дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, Ливия университетіне, содан соң Ливиялық әскери академияға түсті. Боунингтон-Хис (Ұлыбритания) әскери мектебінде дайындықтан өтті. Студенттік кезде «Юнионист-социолист еркін офицерлері» құпия ұйымын құрды. Бұл ұйым Гамаль Абдель Насердің «Еркін офицерлер» ұйымы сияқты билікті басып алуды мақсат етті. 1969 жылдың қыркүйегінде капитан Каддафи және оның жақтастары Идрис аль-Сенуси королінің режимін құлатып, Ливияны араб мемлекеті деп жариялады. Революциялық команда басқармасы Кеңесінің басшысы және қарулы кұштердің бас қолбасшысы болып, Каддафи Ливия территориясынан британдық және американдық базалардың кетуіне қол жеткізіп, Абдель Насермен тығыз қатынас орнатты. 1970 жж басында Каддафи Египет, Сирия және Туниспен федерация құруға тырысты, Палестинаны азат ету Ұйымының қарулы акцияларын қолдады. 1973 жылдан бастап Египеттен алшақтай бастады, 1977 жылдан бастап Ануар Садаттың Израельмен бейбіт қатынас орнату бағытына қарсы екенін көрсете бастады. Каддафи үкіметі Израельмен келіссөз жүргізуге қарсы шығып жүрген Палестинадағы экстремистік топтарды қолдады. Ливияда Каддафи негізі халық комитеттері мен хиналыстары болып табылатын режим орнатты.
1977 жылы
«халық мемлекетін» (