Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:16, реферат
Тұрғындар саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 588,9 мың адамды, немесе республика тұрғындарының жалпы санынан 3,6 пайыз құрайды.
Қала тұрғындарының саны 238,5 мың адамды немесе 40,5 пайызды құрайды, ауылдық — 350,4 мың адамды немесе 59,5 пайызды құрайды.
Ұлттық құрамы бойынша ол келесі сипаттағы түрде* (2010 ж.01.01. жағдай бойынша облыс бойынша санға қатысты — 643,3 мың адам):
Кіріспе бөлім
Солтүстік Қазақстан облысының құрылуы
Негізгі бөлім
1.Тарихына қысқаша шолу.
2. Географиялық, экологиялық, демографиялық жағдайы.
3. Экономикалық ахуалы
3. Қорытынды бөлім
Қазіргі кезеңдегі деңгейі
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мазмұны
Солтүстік Қазақстан облысының құрылуы
1.Тарихына қысқаша шолу.
2. Географиялық, экологиялық, демографиялық жағдайы.
3. Экономикалық ахуалы
3. Қорытынды бөлім
Қазіргі кезеңдегі деңгейі
Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған.
Тұрғындар саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 588,9 мың адамды, немесе республика тұрғындарының жалпы санынан 3,6 пайыз құрайды.
Қала тұрғындарының саны 238,5 мың адамды немесе 40,5 пайызды құрайды, ауылдық — 350,4 мың адамды немесе 59,5 пайызды құрайды.
Ұлттық құрамы бойынша ол келесі сипаттағы түрде* (2010 ж.01.01. жағдай бойынша облыс бойынша санға қатысты — 643,3 мың адам):
қазақтар |
218,0 мың адам |
33,9 пайыз |
орыстар |
310,4 мың адам |
48,3 пайыз |
украиндер |
35,7 мың адам |
5,5 пайыз |
немістер |
23,8 мың адам |
3,7 пайыз |
поляктар |
15,3 мың адам |
2,4 пайыз |
татарлар |
14,4 мың адам |
2,2 пайыз |
Басқа ұлттар |
25,7 мың адам |
4,0 пайыз |
Облыс тұрғындарының орташа тұрғындары 1 ш. км 6,0 адамды құрайды (СҚО Статистика департаментінің жедел мәліметі бойынша).
Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.
Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.
Әкімшілік бөлінісі
Қазақстан аумағында адам 1 млн. жылдан астам уақытта пайда болды, оны табылған көне палеолит дәуiрiнiң еңбек құралдары дәлелдейдi. Ада мустьер дәуiрiнде қазақстандық ұсақ шоқыларының солтүстiгiне дейiн және жоғары палеолитте (35–40 мың жыл бұрын) қазiргi Қазақстанның солтүстiк шекарасына дейiнгi жерлерде қоныстанған. 1940 жылы Петерфельд с. құдық қазған кезде 18 метр тереңдiкте ағаш көмiрi, тастан жасалған құралдар және өңдеудiң iздерi бар мамонт сүйегi табылды. Бұл олжалы заттың қай уақытқа жататынын айқындау қиын, алайда ол палеолит мұз кезеңiне жататыны даусыз.
Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи жағдайы, оның ландшафты, климаты, флорасы мен фаунасы плейстоцен және голоцен дәуiрлерi аралығында адамдардың белсендi қоныстауына қолайлы жағдай жасады. Оған тиiстi гирдо жүйенiң болуымен қатар, негiзi өзендер — Есiл, Тобыл және Ертiс ағындарының меридиандық бағыты ықпалын тигiздi. Атап айтқанда, Есiл меридиандық бағытында Солтүстiк Қазақстанның екi облысын кесiп өтiп, ерекше экологиялық гибрид құрып, дала және орманды даланың әртүрлi орфографиялық аудандарын бiрiктiредi. Көне халық Есiл алқабының қолайлы жағдайларын өмiр сүру үшiн кеңiнен пайдаланды. Оны Есiл маңының тас дәуiрiндегi ескерткiштердiң археологиялық картасы дәлелдейдi. Тас ғасырының тұрғылықты орындары мен шеберханалары көне адамдардың тұрмыс құруына, шаруашылық жүргiзуiне барынша қолайлы шағын аудандарды шоғырландырылады.
… 18 ғасыр басын қазақтың атақты оқымыстысы, Солтүстiк Қазақстанның тумасы Шоқан Уәлиханов қазақ халқы өмiрiнiң ең сорақы кезi деп, ал 1723 жылды — Ұлы жұт жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кiруi адамдардың, малдардың өлiмiне, қыстаулардың қирауына, халықтың солтүстiк және батыс жақтарға жаппай көшуiне әкелiп соқты. Қиын сыртқы саясат жағдайында қалған қазақ хандығының билеушiлерi бұдан шығу жолы Ресей мемлекетiнiң протекциясын мойындап, қол астарына өту деп бiлдi.
Петропавл қаласы транзиттiк сауда-айырбас
операцияларының арқасында
Өңiрде экономикалық инфрақұрылымның
дамуына 1894 жылы ашылған өңiрдiң тауар
айналымы мүмкiндiктерiн барынша
кеңейткен Петропавл
1894 жылы Петропавл қаласы арқылы
нәтижесiнде қаланы елдiң
Ресейдегi 1917 жылғы Қазақ төңкерiсi жағдайлары Солтүстiк Қазақстандағы жағдайға өз әсерiн тигiздi. 1917 жылдың 8 қарашасында Петропавл Кеңесi Петропавлдық Уақытша Үкiметiнiң коалиция комитетiн құра бастады. Уақытша революциялық Комитет құрылды. Оған қаладағы және уездегi бар билiк өтедi. 1918 жылдың көктемiнде өңiр азаматтық қақтығыстың отына оранды. 1918 жылдың күзiнде облыста партизандық қозғалыс дамиды. Солтүстiк Қазақстанды босату жолындағы Қызыл әскердiң тартыстық қимыл қозғалыстары азаматтық соғыс тарихына Петропавл операциясы деген атпен ендi. Ол 1919 жылдың 20 тамызынан 3 қарашасына дейiнгi уақытта М.Н.Тухачевскийдiң басқаруымен болған едi.
Елде орналасқан тоталитарлық жүйе Солтүстiк Қазақстанда да жаппай қуғын сүргiнге алып келдi. 1930 жылдан ұжымдастыру былай айтқанда «көпестiктi жою» басталды. Петропавл өңiрiндегi 5367 шаруашылықтың 1544-i (29%) орташалар мен кедейлердiкi болып шықты. өңiр ауылдарында жергiлiктi тұрғындарды елдi мекендерге көшiру саясаты белсендi жүргiзiлдi. Күшпен жасалған ұжымдастыру, жасанды аштық өңiр тұрғындарының көршi өңiрлерге және қалаларға жаппай көшулерiне алып келдi.
Елдегi индустрия облыстың экономикалық дамуына оң әсер еттi. Iскер алдындағы бесжылдықтар үшiн өңiрдегi өнеркәсiп рөлiнiң өсуi сипатты. Тiптi бiрiншi бесжылдықта өңiрдегi жетекшi кәсiпорын консервi, былғары, қой терiсi және механикалық зауыттарды реконструкциялауға мүмкiндiк болды. 1930-32 жылдары Петропавлда кiрпiш зауыты құрылды. Бiрiншi бесжылдық жылдарында облыс кәсiпорындарындағы жұмысшылардың жалпы саны 18 есе өстi. 1921 жылы Петропавл Көкшетау темiржолының құрылысы басталды, 1927 жылы бұл жолақ Бурабай курорты стансасына дейiн ұзартылды, 1935 жылдың ақпанында Приишимьеде «АН» типтес жеңiл ұшақтың уақытылы пошталық жолаушылық рейстерi ашылды.
Советтiк мемлекеттермен өткiзiлген
мәдени революция ұлттық интеллигенция
қатынасындағы қуғын
20-30 жылдары облыста атақты ақын, жазушылар М.Жұмабаев, И.П.Шухов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов, С.Марков, В.Иванов, Г.Тверитин, М.Дәулетбаев, Ж.Сыздықов және т.б. еңбек еттi. 1937 жылы Петропавлдық мұғалiмдер институты ашылды. 30 жылдары облыста техникумдар жұмыс ңстедi: ет- өнеркәсiптiк, темiржол, жерге құрылысы, жоспарлық- экономикалық, ветеринарлық, құрылыстық, кооперативтiк, ауылшаруашылық, ормандық және 4 педагогикалық.
30 жылдары облыс аумағында 30 аурухана құрылды. 1932 жылы Петропавлда физикалық әдiспен емдейтiн Қазақ өңiрлiк институт ашылды. Институт жетекшiлерiнiң бiрi невропатолог, облыстағы халық денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы П.А.Нефедов боды.
30-40 жылдары Сталиндiк қуғын-сүргiн Солтүстiк Қазақстанға да әсерiн тигiздi. Осы уақытта мыңдаған солтүстiк қазақстандықтар қуғынға ұшырады (соның iшiнде М.Жұмабаев, Ж.Тiлеулин, А.Рамазанов, М.Аммосов және басқа да көрнектi тұлғалар).
Ұлы Отан соғысы басында облысқа 20 өнеркәсiптiк кәсiпорын қондырғылары көшiрiлдi. Соғыстың алғашқы күндерi Петропавлда 314 атқыштар дивизиясы құрылды. Солтүстiк Қазақстандықтар соғысқа 120 мың адам шығарып салды, еңбек әскерiне 55 мың, оның 45 мыңнан астамы соғыста қаза тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында 53 солтүстiк қазақстандық Совет Одағының Батыры атағына ие болды, 11 Даңқ орденiнiң толық иегерлерi атанды. Петропавлда әскери өндiрiстiк кешен құрылды, ТЭЦ 1 салынды.
Бұрынғы Одақ билiгi 1954 жылғы тың және тыңайған жерлердi игеру есебiнен соғыстан кейiнгi ауыл шаруашылықтарын қайта қалпына келтiру қиындықтарын жою туралы шешiм қабылдады. Тың игерушiлердiң I отряды Солтүстiк Қазақстан облысына 1954 жылдың 1 наурызында Алматы қаласынан келдi, екiншi эшелон Мәскеуден. Тың игеру жылдары 19 жаңа совхоз ұйымдастырылды.
50-60 жылдары өңiрде машина жасау
және халық тұтынатын тауар
өнiмдерiн өндiруде
Тұрғын үй құрылысының бiршама өсуiне қарамастан, Петропавлда әр азаматқа бары 3,2 шаршы метр жер алаңы келдi.
«Тың игеру» шығындарын қайтара бастады. 1957 жылға қарай жаңа совхздар оларды ұйымдастыруға шығындарды жауып, 26 млн.рубль табыс әкелдi. Облыс Қазақстандағы iрi астық өндiрушiлер қатарына қосылды.
70-80 жылдары өнеркәсiптiк өндiрiсте, транспортта, құрылыс салаларында өсу байқалды. Облыста 92 өнеркәсiптiк кәсiпорын есепке алынды, оның iшiнде 14 одақтың және 38 республиканың қарамағында. Машинажасау өнiмi басты болып есептелдi. Оның үлес салмағы облыстағы жалпы өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң 46 пайызын құрады. Екiншi орын тамақ өнеркәсiп саласына 34,8 тиесiлi. Басқалары жеңiл өнеркәсiп, энергетика және т.б.салаларға тиесiлi.
Облыс тұрғындары 100 шақты ұлт өкiлдерiнен құралды. Бiрiншi қоныстанушылар: орыс шаруалары, Солтүстiк Қазақстанда қазақтар 18 ғасыр 50 жылдарының екiншi жартысында Горький жолағының жандануынан кейiн пайда болды. Приишимьеге Тобыл губерниясы шаруаларының оңтүстiк өңiрлерiнде орналасқан ұрпақтары көшiрiлдi. Ең бiрiншi көшiп келген ауылдар қатарына Соколовка, Вагулино, Красный Яр жатады.
19 ғасырдың екiншi жартысында реформа
жүргiзiлгеннен кейiн Ресейдiң
орталық аудандарынан, Украинаның
солтүстiк губерниясынан
Қазiргi немiс ата бабалары Солтүстiк Қазақстанда 18 ғасырда ақ пайда болды. 1908 жылы Петропавлдан алыс емес жерде Петерфельд деген бiрiншi немiс елдi мекенi құрылды. 1941 жылы КСРО-на гитлерлiк Германияның шабуылынан кейiн Поволожье немiс автономия республикасында тұрған немiстер Қазақстанға, соның iшiнде Солтүстiк Қазақстанға күштеп көшiрiлдi.