Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:58, реферат

Описание

Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішіндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері.............
2. Ішкі сулары, топырағы................................................................
3. Тұран жазығының органикалық дүниесі....................................
4. Табиғат байлықтары және оларды пайдалануға байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер.................................................
Қорытынды.......................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Тұран ойпатының қысқартылған.docx

— 40.52 Кб (Скачать документ)

   Өзендері мен көлдері.Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орта Азияреспубликаларының шексіз мақта плантациаларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.

   Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас оларда Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғыстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін  өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда қарасуларға,ұсақ көлдерге бөлініп  тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Алакөл, Қопа сияқты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері- Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде.

   Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде. Арал теңізі тартыла бастады. Балқаштың деңгейі де төмендеуде. Тұран жазығының су проблемасын шешуде жер асты суларының маңызы үлкен. Мұнда еспе су 20-50 м терендікте ғана жатыр. Ал, артезиан суы одан тереңдеу қабаттарда. Шөлді аймақтарда ауыз су да,шаруашылық үшін қажетті су да жер астынан өндіріледі. 
 

3. Тұран жазығының  табиғат зоналары  мен провинциялары. 

     Тұран жазығының табиғат зоналары. Тұран  жазығының қиыр солтүстігінен басқа  бөліктері толығымен шөл зонасында  орналасқан.

     Торғай  үстіртінің ені 100-150 шақырымнан аспайтын жіңішке алқабы ғана дала зонасына енеді. Дала зонасының ауданы 150 мың  шаршы шақырым шөлейт зонасының  ауданы 40-45 мың шаршы шақырым. [1]

     Дала  зонасы Торғай үстіртінің оңтүстік шеті мен Торғай қолатының Торғай өзенінің ендігіне дейінгі шағын жіңішке  алқапты алып жатыр. Зонаның шегіндегі  қаңтардың орташа температурасы -16...-18°С шілденікі +21...+23°С, жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 300-500мм. Оның 70% жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Торғай дөңесті – қалдық үстірті мен Торғай қолатының беткі қабатын палеогеннің гипсті және тұзды сазды шөгінділері оның үстін төрттік дәуірдің жұқа шөгінділері жауып жатыр. Судың нашар сіңуіне байланысты сортаңды далалық ландшафтлар кешені кең тараған. Олар әсіресе Торғай қолатында көп кездеседі. Олардың негізін бетегелі – тарлаулы, Жусанды – бетегелі өсімдіктер бірлестіктері құрайды.

     Құмды сазды жыныстардағы күңгірт қызыл  қоңыр топырақта Бетегелі – бозды  дала өсімдіктері тараған. Олардың  ішінде мезоксерофитті және ксерофитті әртүрлі шөптесін өсімдіктер де кездеседі. Құм шауыт және Құмды жерлерде далаға тән псамморфитті қызыл бетегелі әртүрлі шөптесін өсімдіктер бірлестігі тараған. Зонаның басым бөлігі жыртылған. Торғай қолатында құмды алқаптағы  реликтілі Қарағайлы орманды  қорғау мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған.

     Шөлейт  зонасы Торғай, Ырғыз өзендерінің  орта және төменгі ағыстарын алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -15...-16°С шілденікі +24...+25°С құрайды. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300мм. Зонаның аумағын дала зонасындағыдай палеоген мен төрттік дәуірлердің шөгінді жыныстарынан тұратын белесті – жонды, жонды жазықтар алып жатыр. Аумақтың басым бөлігін Сортаңды – сорлы жерлерде өсетін жусанды – сортаң шөпті галафитті өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Сортаңды ашық қызыл – қоңыр топырақта ақ, сұр жусаннан, Лессинг бетегесінен тұратын жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер өссе, сортаңды қоңыр топырақта Қаражусан, Құмшауыт топырақтарда жусандар мен бұйырғындар таралады. Шөл зонасы 48°С солтүстік ендіктен Тянь – Шань, Памир, Копетдаг тауларының етегіне дейін собтүстіктен оңтүстікке 1500 шақырымға созылып жатыр. Зона қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің шегінде орналасқан.

     Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін  қыс тән. Жазда құрғақ жауын –  шашынсыз ауа райы басым болады. 0°С жоғары аязсыз күндердің саны 160-230 күнге дейін созылады. +10°С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3400-5600 жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-200мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын – шашынның бір жыл ішіндегі таралуы Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде әркелкі болуымен ерекшеленеді. Субтропиктік белдеуде қысы жұмсақ және қоңыржай жұмсақ әрі тұрақсыз қыста. Қаңтардың орташа температурасы - 4°Сдан +2...+4°С аралық тарында ауытқиды. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы - 15°Стен 0°С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама төмен болады. Қоңыржай белдеуде + 26...+ 30°С субтропиктік белдеуде +30...+ 32°С. Климатының ерекшеліктеріне сай табиғат шөл табиғатындағы топырақ пен биокомпоненттерінің дамуында айырмашылықтар байқалады. Бұл солтүстік және оңтүстік зона тармақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар Тұран ойпатының шөл зонасын Қоңыржай және субтропиктік белдеудің шөлдері деп екі бөлікке бөліп қарастырады. [2, 15]

     1983 жылы жарық көрген КСРО –  ның үлкен атласында Мильков  пен Гвоздецкий Тұран жазығының  қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің  шекарасын Қарабұғаз – Гол  мен Қаратау жотасының солтүстік  бөлігі арқылы жүргізеді. Жылу  ресурстарының молдығымен ылғалдың  жетіспеуіне байланысты шөлдің  аумағындағы экологиялық жағдай  климаттың зоналық ауысуына ғана  емес, жердің беткі қабатын түзетін  тау жыныстары субстраттық ылғалды  сіңіргіштігі, Капиллярлығы, ауадағы  аз ылғалды жұта білу қасиеттері  айқындайды. Сондықтан субстраттық  сипаты шөлдің аумақтық табиғат  кешендерінің орналасуымен таралуында  ерекше орын алады. Белгілі  ғалымдар Г.И.Борщов, А.Ф.Мидендорф,  А. Н.Краснов, Л.С.Берег Тұран  жазығының шөлдерін құмды, сазды,  тасты (қиыршық тасты) сортаң  және Лессті деп бес топқа  бөледі. Кейіннен 1934 жылы Е.Л.Коровин  ботаникалық белгілеріне қарай  эфемерлі, псаммофитті, гифсофитті  және галофитті деп төрт топқа  бөлді. Жоғарыда аталған екі  топтастыруды бір – бірімен  салыстыра отырып, субстраттың әрбір  түріне үш немесе төрт түрлі  өсімдіктер тобы басым болатыны  айқындалды. 

     Лессті  сазды шөлдерде – ксерофитті эфемерлі, құмды шөлдерде – псаммофитті, тасты  шөлдерде – гипсофитті, сорлар мен  сортаң шөлдерде – галафитті өсімдіктер бірлестіктері тарайды. Ұсақ түйіршікті Лессті жыныстардан тұратын жазықтарда (субстраттарда) оңтүстік зона тармағында эфемерлі және жусанды эфемерлі, солтүстік  зона тармағында жусанды – сортаң шөпті, сортаң шөпті – жусанды  шөлдер қалыптасады. Тұран жазығының  аумағында басқа шөлдерде геоботаникалық провинция негіздегі өсімдіктер бірлестіктерінде аздаған ауытсулар болғанымен сол қалпында сақталады. Солтүстік зона тармағында болғанымен оңтүстік зона тармағында эфемерлер мен эфемеройдтар басым болады.

     2.3.1. Лессті Эфемерлі шөлдер.

     Батхиз  Қарабел үстірті мен Мырза  шөлдегі Лессті, Лессті – сазды  және сазды жазықтарда эфемерлі шөлдер таралған. Шөлдің бұлтинының шегінде  оңтүстік субтропиктік шөлге тән  барлық белгілер сақталған. Эфемерлі шөлдер бір жыл ішінде жауын – шашынның біркелкі таралмауының нәтижесінде  түзіледі. Жауын – шашын мол  түсетін наурыз – сәуір айларында  жіңішке жапырақтың қоңырбастың, көкнәрдің, жауқазынның сарғалдақтардың жиі  өскен шүйгін шөпті кілемі жабады. Бұл кезеңде температура + 10…+18°С аралығында ауытқитындықтан булану онша жоғары емес. Жауған жауын – шашын суы топырақтың беткі қабатына сіңіп жақсы ылғалдандырады. Топырақтың бетіндегі жеңіл еритін тұздар мен корбинаттар сілтісізденіп немесе шайылып кетеді. Жоғарыда талған сазды, Лессті сазды шөлдерде сұр топырақ қалыптасады. Өсімдіктердің өсіп өнуі жақсы байқалатын көктемде шөл жануарларының да қарқындылығымен артады. Көптеген кемрушілер мен тасбақалар қарқынды тіршілік әрекетіне көшеді. Жыл құстары ұшып келеді. Эфемерлі шөлдерге тән жануарлардың қатарына сарысұртышқан, дала тасбақасы, Эверсманның құмтышқаны, дикобраз әртүрлі кесірткелер мен жыландар термиттер мен қоңыздардың жекелеген түрлері жатады. Эфемерлі шөлдердің көктемгі қарқындылығы 2-2,5 айдан аспайтын қысқа болады. Мамырда жауын – шашын тоқтайтындықтан эфемерлер мен эфемеройдтар күн қызуының артуына байланысты қурап қалады. Жауын – шашынның 95-98% көктемде түсетіндіктен жазда топырақ қатып қалады. Кейбір эфемерлер мен эфемеройдтар күзгі жаңбырдан соң қайта өсіп өне бастайды.  

     2.3.2. Сазды – Жусанды және Сортаң  шөпті – жусанды шөлдер.

     Солтүстік зона тармағына тән шөлдердің  қатарына жатады. Олар үстіртте, Арал маңының  солтүстік бөлігі мен Бетпақдалада таралған. Онда оңтүстік тармағындағыдай  көктемгі жауын – шашынды кезең  айқын байқалмайды. Маусым мен қыркүйек аралығындағы жылы кезеңде айына 10-15 милимертден жауын – шашынның біркелкі таралуы оңтүстік шөлге  қарағанда буланудың біршама  аз болуымен температураның аздап төмен  болуы вегатациялық кезеңде топырақта  аздаған мөлшерде ылғалдың сақталуы өсімдіктердің өсіп - өнуіне қолайлы  жағдайлар тудырады. Саздан жусанды, сортаң шөпті – жусанды шөлдерге жусан, бұйырғын көкпек байалыш итсигек  сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тән. Онда жусандар басым болғандықтан жиырмадан астам түрі өседі. Камфосма және алабота тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Қар еріген кезде температура  төмен болып топырақтың беті қызып  үлгермейтіндіктен эфемерлер мен  эфемеройдтар аз болады. Жауын –  шашынның аздығы топырақтың қимасында  карбонаттардың мөлшерінің шамалы болуына  қарамастан беткі қабатының шайылуына, жылдам қозғалатын суда жақсы еритін тұздардан арылуына онша әсер етпейді. Сазды шөлдерде аз карбонатты қоңыр  – сұр топырақ басым болады. Суды нашар өткізуі мен капиллярлығының  жоғары болуы топырақ қабаттарының тұзданып, сортаңдар мен сорлардың дамуына қолайды жағдай тудырады. Бұл шөлге тән басты ерекшелік топырақ - өсімдік жамылғысының бір – бірінен айқын байқалатын кешенділігінде.

     Сазды шөлдерге тән жануарлардың қатарына жылдам жүгіретін бөкен, қарақұйрық сияқты тұяқты жануарлар мен кеміруші тышқандар басым болады. Құстардан  бұлдырық, қырғи, баурымен жорғалаушылардан тақыр және торлы дөңгелекбас  кесіртке кең тараған.  

     2.3.3. Құмды псаммофитті шөлдер.

     Құмды шөлдер Тұран жазығының басым  бөлігін алып жатыр. Оған Қарақұм, Қызылқұмның  басым бөлігі, Арал маңы Қарақұмы, Үлкен  және Кіші борсыққұм, Мойынқұм кіреді. Құмды шөлдердің өсімдіктер жамылғысында эндемиктердің үлесі үлкен роль атқарады. Өсімдіктер жамылғысының таралуы  мен дамуына субстраттың қозғалғыштығымен басқа шөлдерге қарағанда ылғалды  жақсы ұстайтын екі қасиеті әсер етеді. Ол құмның сулы – физикалық  қасиетімен тығыз байланысты. Құмның сусымалы болуымен борпылдақтығына  байланысты атмосфералық ылғал құмға  толығымен сіңіп кетеді де 1-1,5 метрге дейінгі қабатын сулайды. Капиллярлығының  аздығына байланысты құм қабаттарына  жиналған ылғалды тамыры арқылы өсімдіктер транспирациялайды. Температураның тәуліктік  ауытқуы жоғары болғандықтан түнде  ауадағы су буы конценсацияланып құмға сіңеді. Аталған белгілердің  барлығы 100-140 см-ге дейінгі құм қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуына  тікелей әсер етеді.

     Жоғарыда  көрсетілген құмды шөлдердің  ерекшеліктері шөлдің басқа типтеріне  қарағанда өсімдіктер жамылғысының мол болуына әсер етеді. Құмды  шөлдердің өсімдіктерін жүзгін, құм  қарағайы, тамарикс сияқты бұталар, Сексеуіл, эфемерлер мен эфемеройдты шөптесін өсімдіктер құрайды. Эфемерлердің кең  таралуына сазға қарағанда құмның жылдам жылынуы әсер етеді. Құмды  шөлдердің өсімдіктері субстраттың  қозғалғыштығына жақсы бейімделген. Мұндай қасиеттерге ие болған құм  сүйгіш өсімдіктер ерекше псаммофиттер тобын құрайды. Олар тез өсіп қосымша  өркендер түзуге, сабағында қосалқы  тамырдың болуымен ерекшеленеді. Құмды  жел үрлегенде жер бетіне шығып  қалатындықтан күн сәулесінің тіршілікті жоятын әсерінен сақтайтын тамырларында арнайы жабын қабығы болады. Тұқымдары  мен жемістерінде құм көміп қалудан  сақтайтын қабыршықты қанаттары  болатындықтан желмен жеңіл таралып, құмның бетіне бекіп қалуға бейімделген. Тұран жазығындағы құмдардың  беку дәрежесіне сай өсімдіктер дамудың  әркелкі сатысында болады. Желдің үрлеуі күшті байқалатын құм жолдарының төбесінде шым түзетін астық  тұқымдас өсімдік семн, құм қарағайы, жүзгін өседі. Құм жолдарының бекіген  ұсақ сазды жыныстардың бөлшектері кездесетін беткейлерінде ақ немесе құм сексеуілі, ағаш тәрізді шеркез, жүзгіннің кейбір түрлері, құм қоңырбасы  басқада эфемерлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жаларалық ойыстарда құмдар біршама тығыз әрі жалаңаш  болып келеді. Онда көптеген бір  жылдық шөптесін өсімдіктер өсіп, тамырлары  шым түзеді.

     Құмды шөлдердің жануакрлар дүниесі алуан  түрлілігімен ерекшеленеді. Әрі басқа  түрлеріне қарағанда түр құрамына бай болады. Олардың көпшілігі  эндемиктер. Олардың қатарына жіңішке саусақты сұртышқан аяғы түкті тышқан, үлкен құм тышқаны, құлақты кірпілер, ешкілердің бірнеше түрі жатады. Құмдар құлақты және домалақбас құм кесірткесі, агама, ескек саусақты геккон, сұр варан, құм эфасы, құм айдаҺары, оқ жылан сияқты баурымен жорғалаушыларға бай. Жыландар мен кесірткелердің санының көп болуы құмды шөлдерге тән басты ерекшеліктердің бірі. Ірі бұталар мен аласа ағаштардың болуы сексеуіл торғайы, сексеуіл сойкасы, басқада құстардың ұя салуына қолайлы жағдай тудырады. Мұнда шөл бүркіті, үкі Қыран бөктері сияқты жыртқыш құстар да көптеп кездеседі.

     2.3.4. Тасты Галофитті шөлдер мен  тақырлар.

     Тасты шөлдер Қызылқұм мен Маңғыстаудың орталық  бөлігі мен Бетпақдаланың шығыс  бөлігінде, Сармат әктастарынан құралған үстірт пен Маңғыстау үстіртінің батыс бөлігінде тараған. Өсімдіктердің  таралуына әсер ететін басты жағдай топырақ қабаттарында гипстің жинауы. Топырақтың арнайы қабатындағы гипс топырақ құрамындағы саз бен  құмды жыныстардың ұсақ бөлшектерін  желімдеп қатырып тастайды. Топырақ  құрамындағы гипс көптеген өсімдіктердің  өсіп өнуіне мүмкіндік бермейтіндіктен  өте сирек болатындықтан біртұтас бірлестік түзбейді. Тасты шөлдерде сұр, тұран, майкара жусандары, жапырағы етженді суккуленттер сияқты гипсофиттермен қатар қылшалар, теріскендер өседі. Тасты шөлдерде 100-120 тарта эндемик  өсімдіктер өседі. Тасты шөлдердің  бетін қиыршық тастар мен бір  – бірімен желімделген сазды  жыныстар алып жатады. Тығыз қабыршақты тасты шөл топырағында кең  тараған өсімдіктердің қатарына баялыш пен көкпекті тасбұйырғынды  жатқызуға болады. Шөлдің бұл түрі жануарлар дүниесіне өте кедей.

Информация о работе Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі