Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 15:08, курсовая работа

Описание

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".

Содержание

КІРІСПЕ
І тарау. Нақыл сөздер (афоризмдер) туралы жалпы түсінік
1.1. Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы
1.2. Абайдың қара сөздері мен нақылдары
ІІ тарау. Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы
2.1. Абай қара сөздеріндегі ақыл мен нақыл ислами тұрғыда
2.2. Абайдың философиялық ойлары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Абай нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы.docx

— 45.07 Кб (Скачать документ)

      «Абайдың қара сөздері» – Абайдың прозалық шығармасы. Барлығы 45 сөз және «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы. «А. қ. с-нің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жарияланып келеді. Қара сөздер Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын кеткен мәтіндегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз проза деген мағынада айтылған. Әдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде: «Қазаққа қара сөзге дес бермедім» (Абай, т. 1, 47-б.; А., 1995) – деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Сірә, Абай өзінің ақындығының сол заман болсын, кейінгі заман оқырмандары болсын түсінуге қиындығын сезсе керек. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мыс., «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің айтар ойлары бір бағытта, бірінде ой поэзия тілінде, бірінде проза тілінде жеткізілген. Кеңестік заманда Абайдың қара сөздерін нақыл, ғибрат тұрғысында қабылдау басым болған, соның салдары ретінде қара сөздері орысшаға «Слова назидания» деп аударылып кетті. Абай ақыл айтушы «тәрбиеші» ғана емес, ол хакім, әр істің себебін іздеуші – ойшыл. Сондықтан қара сөздерді ағартушылық әдебиет ретінде қабылдау ғылымға жат пікір. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген. Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай, оны түсіндірген. Отыз сегізінші сөзінде «хакім дегендер әрбір істің себебін іздеушілер» дей келе хакімдіктің мәртебесін: «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» деп нақтылаған. Ғалымнан хакімді жоғары қоя отырып, Абай нақылия және ғақылия деген ұғымдарға түсінік береді. Ғақылия – хакімнің сөзі, нақылия – ғалымның сөзі. Абайдың қырық бес қара сөзі, негізінен, бәрі дерлік ғақылиялық мазмұнда, бірақ нақылиялық та сәттер бар. Мұсылмандық дүниетаным мәселелеріне тоқтала келе Абай «Ғалымдардың нақылиясы бірлән мұсылман иман тақлиди кәсіп қылады. Хакімдердің ғақылияти бірлән жетсе, иман якини болады» (Абай. т. 2, 203-б.; А., 1995). Иман тақлиди және иман якини дегендерге Абайға он үшінші сөзінде толық түсінік берген. Абай философия деген ұғымды білсе де, оны қолданбаған, ол оның орнына хакім, хакімдік ғақылият сөзін пайдаланған. Сондықтан оның сөздерін метафиз. ой-толғамдары деп түсінген абзал. Себебі, Абай өзі хакім деп таныған Аристотель сияқты өз дүниетанымдық ойлау жүйесін әлемнің басталуы және оның себептеріне негізделген, бұл философия тарихындағы метафиз. дәстүр. Бұл батыстық философияға қарағанда, шығыс перипатетизмі – пәлсапаға жақын. Кезінде М.О.Әуезов нақтылап айта алмаса да, қара сөздер туралы сол заман үшін өте құнды пікір білдірген еді: «Жалпы алғанда, Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» (М.Әуезов. т. 20, 218–219-б.; А., 1985). Ой білдірудің мұндай дәстүрі мәдениетте бар дәстүр. Бірақ Абай жанрлық ерекшелікті өзінше әрі халыққа түсінікті формада тапқан. Абай қара сөздеріне ұқсастықты М.Монтеньнің «Тәжірибелерінен», Б.Паскальдің «Ойларынан», Ф.Ницшенің «Афоризмдерінен», А.Шопенгауэрдің «Тұрмыстық афоризмдерінен», Борхестің «Философияық тәсілдерінен», Жебранның «Шағын ойларынан», т.б. табуға болады. Қара сөзді зерттеушілер қалыптасқан ізге салып, оны тақырыптарға топтастырғандар болған. Қара сөздердің тақырыбы біреу-ақ, ол – адам болмысы. Ал әрбір сөз осы тақырыпты ашудағы бір-бір идея. Абайдың қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан заман ғұламаларын толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан Абайдың қара сөздері әлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра.

     ІІ  тарау. Абайдың нақыл  сөздерінің тәлім-тәрбиелік  маңызы

     Абай  қазақтың салт-дәстүрлерінің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын  үнемі айыптап отырған. Мысалы, «асқа, тойға баратұғын» деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын  қорғауға аттанған ердің қапыда жау  қолынан қаза табуы, оң жақта отырған  қалыңдықтың зар еңіреп жесір  қалуы, адал махаббаттың иесі арудың сүйген жарының қазасына шыдай алмай  өлуі жырланады. Ақын бұл арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жастарды өзгеге үлгі-өнеге  етуді мақсат тұтады. Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа  арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі болды. Ақын халықтың үлкені мен кішісіне өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер-білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен  де жеткізе білді. Ойшыл ақынның  ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық  тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз  азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу  мақсатынан туындаған.

     Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында ''… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір  көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері  бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай  философиясын» діншілдігі басым  әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз). vКөрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, 30 көкек).    

     Абайдың тәлім-тәрбиесі өз өмір сүрген ортасымен  етене байланысты болғаны анық. Оның бойындағы бар асыл қасиеттер  – даналық, данышпандық сол ұлтынан  берілген, сол ұлтынан сіңген қасиет. Сондықтан да, Абайды өзі туып, өмір сүрген ортасынан бөле-жара қарай  алмаймыз.    

       Абай өз халқының төл перзенті, сол ортада өсіп-өніп өзі өскен  ортасының тәлім-тәрбиесін алып, кейін сол ортаға қызмет етіп, оның жаманы мен жақсысын біліп,  ой елегінен өткізе отырып  әбден кемелденген кезінде өзінің  педагогикалық маңызы зор көзқарастарын  келер ұрпаққа білдіріп, беріп  отырған кеңесі болды. Сөйтіп, Абай енді ұлылық биігінен  халқының педагогикалық ой-парасатын  ақыл тезі, жүрек қылынан өткізе  келіп, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының  еңбектерімен таныса отырып, өз  жұртының келешек ұрпағына ғибрат  боларлық ой тастап кетті.    

       Абай «Жасымда ғылым бар деп  ескермедім» дегенде тек өз  басын ғана айтып отырған жоқ,  бүкіл сол кезге тән қоғамдық  олқылық ретінде мәселені әлеуметтік  дәржеге көтеріп, халқының мешеулеп  қалған жай –күйіне келешек  ұрпақтың назарын аударып ескерту  жасайды.    

       Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана  озған сайын маңызы, әсері қаншалықты  күшейе түскенін зер салып  байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет. Олай болса, Абай шығармалары өз дәуірінің шеңберінде қалып қоятын құбылыс емес, ол талай заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал әсері арта беретін және дами беретін халықтың асыл мұрасы болып қалмақ. 

     2.1. Абай қара сөздеріндегі ақыл мен нақыл ислами тұрғыда

     Ұлы Абайдың діни көзқарасы, оның туындыларының  исламмен астасқан тұстары толық айқындалып болған жоқ дер едім. Бұл кең әрі арнаулы зерттеуді керексінетін тақырып. Біз сөз еткелі отырған ақыл мен нақыл ақида ілімінің термин ұғымы. Ақиданың исламтанудағы негізгі пәндердің бірі екені мәлім. Ақиданы қазақша аударғанда «сенім» деген мағына білдіреді. Абай оқып, тәлім алған ескі медреселерде «Ақида» пәні жүргізілген.

     Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде ақынның  діни, ақидалық көзқарасы, иманға қатысты  пайымы айқын көрінеді. Мұнда ойшыл  Алланың сипаттары мен есімдеріне тоқтала келіп: «Нақлия дәлелім  – жоғарыдағы жазылмыш Алла Тағаланың есімдері. Ғақлия дәлелім – құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісі бірлән жаратқан анан басқа бірінен-бірі пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ғақылды инсанды жаратыпты», – дейді. Бұл мәтіндерден ғақыл мен нақыл – таным жолдары екендігін аңдаймыз.

     Енді  исламдағы калам, ақида іліміндегі ақыл мен нақылға байланысты әр кездегі ой-толғам, пікірталастар желісіне тоқтала кетелік.

     Ақылға нақты түсінік бола алатын анықтама беру оңай емес. Оның терминдік анықтамасын ислам ой-пікірі сөздіктерінен кездестіруге болады. Ақыл жайлы түсінікке келгенде, ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Философтардың өзінің ішінде көптеген пікірлер айтылып, тіпті ол пікірлер бір-бірімен қайшы келіп, шатасып жатады. Өйткені олар ақылдың жаратылу мәселесіне тоқталған еді. Демек, тек қана пікірлермен сипаттау оңай емес. Қалай болғанда ақылға түсінікті түрде анықтама беруге тырысқан пікірлердің барлығы да ой-пікірден туған еді, оны тану жолдары да сол түсініктер арқылы қалыптасты. Ол анықтамалар Кәләм жолын ұстанушылар, усул ул-фиқһ ғалымдары және де фиқһ ғалымдарының пікірінше, материалдық, ал сопылардың пікірінше ішкі сезімдік ождани таным болып табылады. Философтардың түсінігінде де сол пікір қалыптасқан. Исламтанушылар арасында ақылдың анықтамасы да пікір алшақтығын тудырған. Ақылдың болмысы жайындағы анықтамадан пайда болмағандығы сияқты, онымен нәпсінің және рухтың айырмашылығы, ақыл мен білімнің бір-бірінен асып түсуі жайындағы пікірлер де сондай түрлі ой-тұжырымдарға негіз болған.

     Нақыл жайында Ислам ой-пікірінде екі түсінік бар:

     А) жалпы түсінік: білімге, ислам дінінің  екі каусар бұлағы болып табылатын  Құран мен сүннетке негізделген  түсінік. Бұл түсінігінде исламтанушылар арасында ешқандай келіс-пеушілік жоқ.

     Ә) жеке түсінік: нақылға қатысты тәсілдерге негізделген түсінік. Бұл – Ислам  ой-пікіріндегі таластың арқауына айналған. Бұл талас Ислам ой-пікіріне үлкен әсер ете отыра, әр түрлі мәселелер және де Ислам ой-пікіріндегі нақылға негізделген әр түрлі жеке түсінікті бағыттар пайда болуымен көптеген қиыншылықтар тудырды. Мысалға, муғтазилалық ой-пікірден пайда болған «Құранның жаратылуы» мәселесі, сонымен қатар сопылық ой-пікірде «Сопылық таным теория», философиялық ой-пікірдегі «Ақыл танымы», шиғалық ой-пікірдегі «имамдық» мәселесі.

     Ал  сүннеттің төңірегіндегі пікірталас та көп. Оған байланысты сүннеттік дәлелдер әр түрлі екі жолдың бойында түйісті. Олар: сүннет - тек пікір және шиғалық «имамдық» пікір. Оның себебі, сүннетті қабылдау мен қабылдамау сияқты әр түрлі екі пікірдің болуында. Сонымен қоса, хабарды сынға алу барысында да пікірлердің әр түрлі болып, риуаятшылардың әділдігін сынға алу сияқты мәселелер де көтерілді.

     Төртіншіден, ақыл мен нақылдың дәлелдік күші мәселесі Ислам ой-пікіріндегі кең ауқымдағы таластардың орын алуына себеп болды. Ол таластардың нәтижелері мына түрде болды:

     А) Ақида және Кәләм ілімі салаларында  ақыл мен нақылдың дәлелдік мәселесі турасында әр түрлі екі пікір пайда болды:

     1) сәләфилік пікір ақылды дәлелді  нақылдан төмен қоятын Кәләм жолын ұстанушы қарсыластарының ұстанымдарын айыптайды

     2) кәләмдік пікір негізгі басшылықты және кең ауқымды көлемде көптеген шешімдерінде, сенімдік тұрғыдағы дәлелдерінде ақылға қарағанда, көбіне нақылға сүйенеді – сәләфилік қарсыластарының ақылға сүйенетін ұстанымдарын сынайды. 

     2.2. Абайдың философиялық ойлары

     Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы  кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі  мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар  да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен  айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді  де толғандыратын терең сырлы  сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың  мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

     Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты  екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз  не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп  көрсетеді.

     Абайдың айтуы бойынша жан жүректе  орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның  іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының  бақыты оның жүрегінің тазалығымен  тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл –  адамның ішкі нәзік болмысын тазарту  деген сөз.

     Абай  өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың  түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір  адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай  алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды  болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік  береді.

Информация о работе Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы