Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:45, реферат
«Тіл біліміне кіріспе» курсы бастапқы, пропедевтикалық курс болып саналады. Бұл лингвистикалық курс гуманитарлық мамандық студенттеріне тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат/ ақпарат береді. Курстың мақсаты – бірінші курс студенттерін негізгі тілдік терминдер және ұғымдармен таныстыру, оларды лингвистиканың күрделі мәселелерін талқылауға дайындау.
Тілдік таңбалар қоғам мүшелеріне бағынышты емес. Мысалы, қара, сары деген сөздерді адамдар келісіп жасаған жоқ. Тым ерте замандарда ата-бабаларымыз қара, сары түсті де солай атаған. Әрбір жаңа ұрпақ қалыптасқан сөзді сол күйінде қабылдайды, сол күйінде үйренеді. Ол ешқашан өзгермейді. Егер өзгере қалса, келісім бойынша емес, тілдің даму заңдары бойынша ғана өзгереді. Мысалы: сарық > сарығ > сары;
4) барлық шартты таңбалар сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді, олардың мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін тіл арқылы: "қызыл шам - өтуге болмайды деген белгі" деп, қызыл шам өздігінен еш нәрсені білдіре алмаған болар еді. Сонымен тілдік таңбалардың қызметі, мәні зор екен; оның ауқымы кең. Шартты таңбалар тілдік таңбалардың кызметін атқара алмайды.
4. 2. Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты
Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән. Бұлардың өзіне тән, нақтылы мазмұны болады. Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік. Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің, қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады.
Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер : і) дыбыс (фонема), 2) морфема, 3) сөз, 4) сөз тіркесі,
5) сөйлем, 6) мәтін.
Дыбыстар (фонемалар) - есту мүшелері арқылы кабылданатын, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п, с, т, д, м, н дыбыстары пән, сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр. Морфема — дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік элемент. Морфеманың түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық; ағаш+тың бүтағ+ғы) деген түрлері бар. Бұлардың, яғни жұрнактар мен жалғаулардың әрқайсысының білдіретін мағыналары болады. Мысалы, сөз тудырушы мағына, сөз түрлендіруші мағына (яғни сөздердің байланысын, бір-біріне қатынасын білдіретін мағына) т.б. Морфема бір ғана фонемадан да құралуы мүмкін. Мысалы: бар+са+м, бар+са+ң, бар+а+ды.
Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметін — номинативті (атау болу) қызмет деп атайды.
Сөйлем ойды, байымдауды білдіреді, бір нәрсені хабарлау қызметін атқарады. Сөз номинативтік қызмет атқарса, сөйлем коммуникативтік (пікір алысу, сөйлесу) қызметін атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін сөйлемдер арқылы іске асырады.
Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір қабатының (деңгейінің — уровень), мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз кұрылымы, өз жүйесі болады. Әр құрылым мен жүйенің, мәселен, фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді.
Олай болса, жүйе дегеніміз не?
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердін бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни жүйе - рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас кұбылыс (бірлік). Жүйе материя мен құрылымның бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады.
Сондай ақ, жүйе дегенді — өзіне тән айрықша кұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деп те айтуға болады. Тіл құрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін құрайды.
Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында "дауысты дыбыстардың жүйесі", «дауыссыз дыбыстардың жүйесі" деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі.
Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса, екінші белгісі бойынша олар біртектес больш келеді. Мысалы: ы мен і дыбыстары тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарсы дыбыстар (ы - жуан, і - жіңішке), ал еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік). Бұл сияқты жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы, П мен Б дауыс қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-үяң), ал жасалу орны жағынан - біртектес дыбыстар (екеуі де ерін дауыссыздары).
Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші бір элементтің болуын аңғартады. Мысалы, септелудің жүйесі кемінде екі септеудің, жіктелудің жүйесі кемінде екі жақтың (1-жақ, 2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден болса, онда олар жүйе құрай алмаған болар еді.
Әрбір сөз өзінше
өзгеріп, өзінше түрленбейді. Олардың
өзгеруі мен түрленуінің
Құрылымдық, жүйелілік қасиет тілдің синтаксис саласынан да айқын көрінеді. Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер (формалар) арқылы іске асады. Тіл-тілде сөздердің тіркесуінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу деп аталатын тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес, тіркесуші сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды. Сөйтіп, сөздердің байланысу тәсілдерінің жүйесін кұрайды.
Тілдің әр түрлі қабаттары (деңгейлері) және олардың элементтері өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалға, терезе деген сөзді алалық. Ол т, е, р, е, з, е деген дыбыстардың тіркесінен жасалған, бұл оның фонетикалық жағы; аталған сөз – зат есім, атау септігінде тұр, жекеше, бұл оның грамматикалық мағынасы; ол сөздің "үйге жарық түсіретін әйнегі бар жақтау" деген мағынасы тағы бар; бұл оның лексика-семантикалық жағы. Демек, әрбір сөзде тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтары (аспектілері) ұштасып келеді.
Септік категориясы - негізінен алғаңда, морфологиялык категория. Дегенмен, оның синтаксистік жағын мойындамау дұрыс болмаған болар еді. Септіктер сөздерді бір-бірімен байланыстырып, қызмет атқарады.
Сонымен, тілге құрылымдық, жүйелілік сипат тән. Тілдік жүйе тілдік элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Құрылым - жүйедегі тілдік элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы. Ендеше, бұл тақырыптағы әңгіме тілдік жүйелердің құрылымы туралы болуы керек. Яғни тілдік құрылым – тілдік жүйенің құрамдас бөлігі. Тілдік элементтер арасындағы қатынастардың мынадай түрлері болады:
I) синтагмалык қатынас және 2) парадигмалық қатынас. Синтагмалық қатынас деп - көлденең бағыттағы қатынасты, ал парадигмалық қатынас деп — тік бағыттағы қатынасты айтамыз.
Парадигматика |
Синтагматика |
Мен киноға бара+мын (Я иду в кино). Сен театр+ға бара+сың (Ты идешь в театр). Ол үй+ге бара+ды (Он идет домой). Біз танысымыз+ға бара+мыз (Мы идем к знакомым). |
Осындай тілдік элементтер мен тілдік қатынастар, байланыстар болғандықтан да біз тілді оқып үйрене аламыз. Тіл білімін оқып үйрену – сайып келгенде, тілдік элементтер мен жүйлерді, олардың құрылымы мен қатынастарын оқып үйрену, меңгеру болып шығады.
4.3. Синхрония және диахрония
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеру мен дамуын зерттейді. Әрине, бұл екеуі бір нәрсе емес. Тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын, жүйесін зерттеуді — синхрондық тіл білімі, ал тілдің тарихи өзгеруі мен дамуын зерттеуді - диахрондық тіл білімі деп атайды. Басқаша айтқанда, тіл өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпына сипаттама беру арқылы зерттелсе, оны сипаттама немесе статикалық (синхрондық) тіл білімі деп, ал тіл шығуы, өзгеруі және дамуы тұрғысынан зерттелсе, оны тарихи (диахрондық) тіл білімі деп атауға болады.
Жоғарыда аталған синхрония деген термин тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалпын, яғни Ф.де Соссюрдің сөзімен айтқаңда, оның "бір мезгілдік" (одновременность) күйін қарастыру дегенді білдірсе, диахрония деген әр түрлі кезде бірінен кейін бірі болатын (разновременность) тілдік құбылыстарды қарастыру дегенді білдіреді. Синхрония бойынша, бір мезгілде қатар өмір сүріп тұрған тілдік құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады да, диахрония бойынша әлгі тілдік құбылыстардың тарих (уақыт) бойындағы өзгерістері қарастырылады.
Ф.де Соссюр синхронияны жүйемен байланыстырса, диахронияны жүйеден тыс деп біледі. Оның пікірінше, синхрондык тіл білімі тілді жүйелі құбылыс ретінде, яғни тілдегі құбылыстарды бір-бірімен байланысында, бірақ дамудан тыс қарастырғаны жөн екен, ал диахрондық тіл білімі тілдегі құбылыстарды даму тұрғысында, бірақ өзара байланыстан тыс, ягни тілдік элементтерді бір-бірінен ажыратып, бөлек зерттегені орынды сияқты. Сайып келгенде, синхрония мен диахронияны бір-біріне қарама-қарсы қою деген сөз. Әрине, мұндай пікір дұрыс болып табылмайды. Өйткені, диалектикалық материализм әрбір құбылысты шығуы мен дамуы басқа құбылыстармен байланысында зерттегенде ғана оның табиғатын жете түсінуге болады деп үйретеді.
Олай болса, тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды синхрониялық тұрғыдан да, диахрониялық тұрғыдан да қарастыру дұрыс және ол өте-мөте қажет. Себебі тілді ғылыми тұрғыдан тану үшін, оны тарихи тұрғыдан да, сипаттамалы тұрғыдан да зерттеудің мәні өте зор. Мұндай екі жақты зерттеу болмаған жерде тіл білімінің толық мағынасында ғылым болуы мүмкін емес. Мысалы, казақ тіліндегі сарғай деген етістіктің кұрамына талдау жасау керек болды делік. Ол үшін мәселеге алдымен тарихи түрғыдан карау керек. Егер оған тарихи тұрғыдан келсек, бұл сөздің түбірін — сары, қосымшасын - ғай деуге болмайды. Оның түбірі - сары емес, сарығ. Ал жұрнағы — ғай емес, -ай (азай, көбей дегендердегі -ай, -ей).
Бұдан шығатын
қорытынды: тілдің жүйесі (
Сонымен, тіл, тілдік
кұрылым, тілдік жүйе, уақыт озған сайын
жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде
оған тек қазіргі қалпы тұрғысынан
(статикалық тұрғыдан) қарау
жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу
тегі, дамуы тұрғысынан да (динамикалық
тұрғыдан) қарау кажет. Демек, тілді зерттеуде
ғалымдардың, біріншіден, оны кұрастырушы
элементтердің байланысы тұрғысынан,
екіншіден, олардың шығуы, тарихи дамуы,
өзгеруі тұрғысынан қарастырғаны
жөн.
5. Бісінші дәріс Морфология
5.1 Морфологияның жалпы мәселелері
Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда ойды білдіре алмайды. Егер олар сөйлем ішінде бір-бірімен байланысса, онда ойды білдіре алады. Сөздердің бір-бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы, нақтырақ айтсақ, морфология мен синтаксис арқылы іске асады.
Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді.
Грамматиканың екі саласы бар: морфология және синтаксис. Морфология — сөздердің морфологиялық кұрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары, сөз таптары туралы ілім. Ал синтаксис - сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемдегі қызметі, сөйлем мүшелері туралы ілім.
5.2 Сөздің морфологиялық құрылымы
Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема - дегендер.
Морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік морфема болып екіге бөлінеді. Мысалы, оның анасы кім? дегендегі ана+сы сөзінде екі морфема бар. Ана — түбір морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) — аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о — түбір морфема, ның — аффикстік морфема, кім - түбір морфема. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. |Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, үйшіктерге деген сөзінің құрамында төрт морфема бар. Оның біріншісі — үй, ол заттық мағынаны білдіреді; екіншісі - шік, бұл кішірейткіш мағынаны білдіреді, үшіншісі — тер, көптік мағынаны білдіреді, төртіншісі — ге, бағыт мағынасын білдіреді. Бұлардың ішіндегі үй морфемасы түбір сөз болғандықтан - заттық, лексикалық мағынаны, үйшік туынды түбір болғандықтан - лексика-грамматикалық мағынаны, ал қалғандары (-тер, -ге) аффикстік морфемалар болғандықтан - грамматикалық мағыналарды білдіріп түр. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар — аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Түрлі тілдердегі түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысал үшін қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып көрелік. Қазақ тіліндегі жаз+у, жаз+ба, жаз+ыл+ған деген сөздерді орыс тіліндегі пис+ать, за+пис+ка, пере+пись деген сөздермен салыстырсақ, қазақ сөздерінің түбірі жаз — орысша сөздердің түбірі - пис. Жаз түбірі өздігінен жеке, сөз ретінде қолданыла алады, ал орыс тіліндегі пис- түбірі өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана (письмо, писание, письменный) қолданылады. Оның үстіне пис- түбірі тек заттық мағынаны ғана білдірсе, жаз түбірі әрі заттық мағынаны (жаз ісі), әрі лексикалық мағынаны (бір нәрсені хатқа түсіру), әрі грамматикалық мағынаны (етістіктің бүйрық райы, екінші жақ) білдіреді.
Информация о работе Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары