Адамгешілік тәрбие туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 11:44, реферат

Описание

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.

Содержание

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ............................................................................................3
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік.......................................................3
Курстық жұмыстың мақсаты....................................................................6
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................7
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу...................7
Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі.......................................11
Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары...............15
Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу...............................................25
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат......................29
III. ІС ТӘЖІРИБЕ..............................................................................................31
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

referattar.kz_122381694.doc

— 204.50 Кб (Скачать документ)

 

ІІІ. Ой толғаныс

Эссе. Мәтіндегі күшікке қатысты сөз тіркестерін пайдаланып, шағын әңгіме құрастыру керек. Ол сөздер тіркестері төмендегідей: құртақандай күшік, аяқтары жуан, кеудесі тырсиған, қара ауыз, сұр күшік, тақтайды тырналайды, қыңсылайды, арсалаңдайды, дәндеп алды, күтіп отырады, қолдан жейді. Осы бойынша дайын болған эсселерін автор орындығына отырып оқиды.

Sinking – 5 жолды өлең. Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту.

  1. Не? – Күшік.
  2. Қандай? – Құртақандай, сүйкімді.
  3. Не істеді? – Еркеледі, арсалаңдады.
  4. Мағыналы сөйлем. – Сүйкімді күшік қолымды жалады.
  5. Мағыналас сөз. – Ит.

IV. Қорытындылау. Бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Осы мәтін бойынша  «Менің күшігім» тақырыбына сурет салуға тапсырма беру. Сонымен қатар, А.Байтұрсыновтың «Ата насихаты» әңгімесін оқыту барысында оқушыларды татулыққа, достыққа, бір-біріне қайырымды болуына мәтіндегі нақыл сөздерді оқып, талдап, негізгі ойды ашу арқылы баулу. Мысалы, «Әкесі балаларына тату тұрыңдар,-деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабау шыбықты алып келіп, балаларына беріп сындыруларын сұрайды. Бірақ балалар бірінен соң бірі алып сындырмақшы болып еді, сабаулары сынбайды. Содан соң әкесі сабаулары шешеді де, бір-бірлеп сындыруларын өтінеді. Балалар оп-оңай сындырады». Мұғалім осы үзіндіден қандай қорытынды жасауға болатындығын сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады.

Ал, С.Сарғасқаевтың «Қызғалдақ пен Қарасора» мысалын оқи  отырып, оқушыларға адамның бойындағы  жақсы қылықтар мен жат қылықтардың  айырмашылықтарын ажыратады. Оған мәтіннің желісі бойынша төмендегідей сұрақтар қойып, жауап алынады:

    • Қызғалдақ деген не? (гүл, өсімдік)
    • Қызғалдақтың адам үшін пайдасы бар ма? (адамдарға қуаныш, шаттық, хош иіс сыйлайды)
    • Ал Қарасора туралы не айтасыңдар? (Ол – арам шөп, гүлдердің жайқалып өсуіне кедергі келтіреді)
    • Қызғалдақ арқылы адам бойындағы қандай қасиеттерді байқауға болады? (әдепті, сыпайы, пайдалы т.б.)
    • Ал Қарасораның ше? (мақтаншақ, өркөкірек, маңғаз, паң т.б.)

Осылайша оқытудың сын  тұрғысынан ойлау технологиясын  қолдану арқылы балалардың бойында  қайырымдылық, қамқорлық, достық қасиеттерін тудыруға тырысамын.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігінің бірден-бір жолы – табиғатқа деген сүйіспеншілік. Оқушылардың бойында туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуді көздеймін. Жас ұрпақта өмір тәжірибесі, мейірбандық, жауапкершілік, табандылық осы табиғаттың сұлулығы, пәктігі арқылы қалыптасатындығын ашуды мақсат етемін. Демек, табиғатқа жанашыр болу – адамзаттың өз келешегіне, болашағына жанашырлық жасауы. Оны қорғау, аялау, оған қамқорлық жасауда «Біздің үй» бағдарламасы бойынша дүниетану сабағымен кіріктіріп «Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы. Таза ауа бәріне керек» атты ашық сабақ өткізуге болады. Осы сабақты түсіндіру кезеңінен үзінді:

    • Сонымен, әр жануар қалай көбейеді екен? (Балалары арқылы, ұрпақтары арқылы). Ал жабайы жануарлар туралы не білесіңдер, оларды қалай атаймыз? (қоян көжектейді, қасқыр балалайды). Ендеше, жаңағы қоректену тізбегіне назар аударайық. Олар бір-бірімен қоректенсе де, аңшылар ауласа да, жыртқыштар жесе де олар құрып кете ме? (Жоқ). Оның себебі неді? (Өйткені олар ұрпақ таратады). Ал үй жануарлары ше? (Олар да ұрпақ береді). Ендеше, балалар бүгінгі тақырыбымыз «Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы». Мына суретке көңіл аударайықшы.

 Балалар өздері  сурет желісі бойынша әңгімелейді:  тауықтың жұмыртқалайтынын, балапан  басатынын, ер жететінін, дәл өзі сияқты тауық болып шығатынын айтады. Сол сияқты басқа аңдардың, бунақденелілердің өсе беретіндігіне көздері жетеді. Осы жануарлардың бір-біріне қамқор болатындығы туралы әңгімелейді.

    • Қанша бір-біріне қамқор болса да, олардың кейбіреулері өте сирек кездеседі және мүлдем жойылып кететін қаупі бар. Осыны мемлекетіміз қалай қорғайды? («Қызыл кітапқа» енгізіледі. Оған енгізілген жануарлардың аттары аталып, суреттері көрсетіледі).
    • Балалар, осы жануарлар жойылып кетпеу үшін, тіршілік ету үшін не қажет? (Таза ауа).
    • Енді дәптердің 40-бетіндегі 1-тапсырма бойынша жұмыс жүргіземіз. Сөйлемдерді мағынасына қарай дұрыс орналастыру.
    • Ауаны тағы да не ластайды? (Ыс, түтін). Ыстың ауаға таратылатындығы туралы практикалық жұмыс: майшамды және сіріңкені жағу. Ауаны ластайтын осы ысқа, түтінге ұқсас қайнар көздерге не жатады? (Көліктің газы, мұржадан шыққан түтін, өрт, қоқыстарды жағу). Осы ыс-түтіннің қандай зияны бар? (Түрлі аурулар таратылады).
    • Ауаны тазарту үшін қандай жұмыстар жүргізу керек? (Гүл отырғызу, ағаш егу).
    • Енді осы 40-беттегі 2-тапсырма бойынша жұмыс: тік төртбұрыштарды ластанудың мөлшеріне сәйкес қызыл түспен бояу.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс, сұрақтарға жауап беру. Пәндік суреттермен ойын жүргізу.

Динамикалық картадағы  сурет бойынша әр топқа: өзеннің, үйдің жанында, орман алаңында қандай экологиялық апат болуы туралы әңгіме жүргізуге болады (Суретте кір жуғыш ұнтақты пайдаланып, машинасын жуып жатқан адамның бейнесі көрсетілген).

Алғашқы сабақтарды балалардың білетін оқиғалары немесе табиғат  құбылыстары туралы еркін айтып берулеріне арнауға болады. Балалар өз жолдастарының сөздерін тыңдауға, ұжым болып әңгіме өткізуге үйренеді.

Балалардың өзара қатынасы математика сабақтарында да болуы мүмкін. Балалар өзара қатынасы математика сабақтарында да болуы мүмкін. Балалар белгілі ережеге есептер мен мысалдар ойластырады, оларды бір-біріне шығаруға береді. Сұрақ немесе есепті кімге бергісі келетіндігін әркім өзі таңдап талуына болады. Бір партада отырған балалар мысалдардың жауабын өзара тексереді. Балалар өз күштерін біріктіруге, бір-бірінен көмек алуға үйренулері тиіс. Балалар ортақ жұмыстың ойдағыдай орындалуына қуанып, бірлесе тебіренуіне, олардың адамгершілікке тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.

Технология  сабағында адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор, қашанда толық пайдаланыла бермейтін мүмкіндіктер бар. Онда мұғалім еңбек мәдениетін, еңбекке дұрыс қатынас жасауға тәрбиелейді.

Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін нығайтуда, қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда мектептен  тыс және сыныптан тыс жұмыстардың  тәрбиелік мәні зор. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне:

    1. тақырыптық кештер, ертеңгіліктер;
    2. мектепке қонақ шақыру (кездесу);
    3. сайыстар, байқаулар, олимпиада, турне, фестивальдар;
    4. туристік, өлкетану жұмысы, мұражайларға бару;
    5. қызықты етіп шығарылған қабырға газетінің маңызы да зор;
    6. ұлттық дәстүрге мән беруге байланысты айтыстар және т.б. жатады.

Адамгершілікке тәрбиелеу процесі бір қалыпты процесс емес, оның талас туғызатын, шешуші күрделі жақтары да бар. Мысалы, кейбір жеке балалардың мінез-құлықтарында өзімшілдік, дөрекілік, үлкендерді сыйламаушылық, жалған сөйлеу, жауапсыздық, жағымпаздық сияқты моральға жат қылықтар кездесіп отырады. Кейбір оқушылардың мінездері мен іс-әрекеттеріндегі ұнамсыз белгілерді тәрбиешімен кеңесе отырып, қайта тәрбиелеуге тура келеді, ол қайта тәрбиелеудің тәрбиелеуден әлдеқайда қиын екені белгілі. Сондықтан да мүмкіндігінше балаларда жағымды қасиеттерді дер кезінде тәрбиелеуге көңіл бөлінгені жөн. Осыған орай адамгершілікке баулуда сыныптан тыс жүргізілетін түрлі тақырыптар ойластырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырып отыру қажет. Мысалы:

а) Достық деген не?

ә) Дастарқан  басындағы тәртіп.

б) Телефонмен қалай сөйлесеміз?

в) Ар-ұят –  адамгершілік өлшемі.

г) Егер біз  сыпайы болсақ...

ғ) Анамның  аялы алақаны.

д) Мінезімізді  қалыптастырып үйретейік.

е) Қарт адамдарға көмек.

ж) Қонақта  өзін-өзі ұстау тәртібі.

з) Қонақтарды қалай қарсы аламыз?

и) Жанжалды болдырмаудың жолдары.

к) Өзіңді және өзгені сыйлай біл.

 

Жоғарыда аталған тақырыптарды пікір-талас, әңгіме, кеңес, диспут, тәрбие сағаты, дөңгелек үстел басында т.б. жұмыстары түрінде өткізуге болады. Мұндай жұмыстардың адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор.

Адамгершілікке тәрбиелеудің күрделі және жан-жақты міндеттері, бірден толығынан шешіле қоймайды. Мектеп оқушылары бірте-бірте, жүйелі түрде жүргізілген тәрбие жұмысының барысында адамгершіліктің қарапайым нормалары мен ережелерін меңгереді, мінез-құлықтың жағымды дағдылары мен әдеттерін бойына сіңіреді.

Бүгінгі таңда «бала тәрбиесі – баршаның ісі» деген идеяны басшылыққа ала отырып, мектептен тыс мекемелер тәрбие жұмысын жүргізуді көбірек тәжірибеге енгізуде. Жастар мен балалардың адамгершілік тәрбиесін іске асыруда үлкен орын алатын мекемелердің бірі – балалар мен жасөспірімдер театры, музыка мектептері, балалар кітапханасы. Оқушының жан дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін арттыруда сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың ролі зор.

Қорыта келгенде, сабақ  үрдісіндегі оқушының жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеу тәрбиелік міндеттердің айқын белгіленуімен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу

 

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.с.

Келешек ұрпақтың жақсы  денсаулықта дүниеге келуі үшін тәрбиелік жұмысты бала анасының құрсағында жатқан кезден-ақ баланың биологиялық, психологиялық оқу процесін оның анасының көңіл-күйін жеткізіп отырған. Бала дүниеге келгеннен кейін тәрбие жолы күрделене түседі. Жас нәрестені 40 күндік тәрбие процесіне алу, ат қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, тіл дамыту процесі, атқа мінгізу, т.б. рәсімдерін халық әрқайсысын өз дәрежесінде дәстүрлі жолмен атқарып отырған. Аталарымыздың «баланы жастан» деп қалдырған ұлағатты нақыл сөзі бар. Мұның мәнін сезіну үшін табиғаттың биологиялық өсу заңдылығына зер салайық. Мысалы, бір талдың бұтағында екі жас шыбық өсіп тұр. Біріншісі біраз уақыт өскен – толықтау, ал екіншісі жаңа ғана бой көтеріп келе жатқан жас шыбық. Бірінші шыбық шебердің қиялынан шығатын дүниені жасауға көнбей, иілген кезде морт сынып кетеді. Ал екінші шыбық жас, буыны әлі қатпаған, шеберге көніп, ойлаған затын жасауға мүмкіндік жасайды.

Халқымыз «Әкеге қарап  ұл өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей жалпы отбасындағы  ұл бала тәрбиесінде әкенің орнын, қыз  бала тәрбиесінде шешенің орнын  ерекше бағалаған. Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті – қыз баланы сыйлап, қастерлеуі. «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай баланы байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қазақ халқы үшін өтірік айту, ұрлық істеу, қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан жас жеткіншекті «біреудің ала жібін аттама», «өтірік өрге бастырмайды», «ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген және бір, екі тентекті ауыл қариялары-ақ жөнге салған дәстүрін тәрбие беру тәжірибесін енгізу мақсатында «Аталар сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында кеш өткізуге болады. Мұндағы мақсат жас жеткіншектер бойында халқының қадір-қасиетін сіңіртіп, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, кішіге қамқоршы болып, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін салт-дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылыққа тәрбиелеу боды.

Мұғалім:

- Балалар, әр ұлттың  өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі,  діні, тілі болатыны белгілі. Біздің  тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен,  ана әлдиінен, атаның қасиетті  сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап, оынң сөздерін еске сақтап, құрметтеуіміз керек.

Оқушылар хормен «Әдептілік әліппесі» туралы әнді орындайды.

1-бастаушы:

    • Жерден ауыр не?
    • Судан терең не?
    • Оттан ыстық не?
    • Көктен биік не?

Оқушы: Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім, судан терең дегенім – оқу-ғылым, оттан ыстық дегенім – адам өмірі, көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі,- деп жауап береді.

2-бастаушы:

- Алты алаш деген  кім?

Оқушы: Алты алаш: Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан,-деп жауап береді.

1-бастаушы:

- Не жетім?

Оқушы: Жаңбыр жаумаса, жер жетім; басшысы болмаса, ел жетім; ұқпасқа айтылған сөз жетім,- деп жауап береді.

2-бастаушы:

    • Не тәтті?
    • Не жұмсақ?
    • Не қатты?

Оқушы: Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ, атаның жүрегі қатты.

Бастаушы мен оқушылар арасындағы сұрақ-жауап осылайша жалғаса береді. Кешке қатысып отырған қонағымыз оқушыларға бабалардың үлгі істерін өнеге ете отырып, өзінің өмір жолы туралы әңгімелеп, бата түрлері туралы мағлұмат береді. Сөзінің соңында балаларға бата оқиды.

Информация о работе Адамгешілік тәрбие туралы түсінік