Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 11:44, реферат
Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ............................................................................................3
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік.......................................................3
Курстық жұмыстың мақсаты....................................................................6
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................7
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу...................7
Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі.......................................11
Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары...............15
Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу...............................................25
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат......................29
III. ІС ТӘЖІРИБЕ..............................................................................................31
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................38
Мұғалім: Қазақта «Жақсы адам мақалшыл келеді» деген нақыл сөз бар. Мына бір аталы сөздерді оқып, мағынасын түсінелік (плакатқа жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді).
1-бастаушы:
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сені сонша аңсап ел,
Би биле де, ән сап бер!
Кеш оқушылардың ән айтып, би билеуімен жалғасады.
Мұғалім: Міне, балалар, біз тәрбие алатын аталы сөздер көп екен. Әлі де оқып-таныса береміз. Үлкен кісіні тыңдап, сыйлай білу керек.
Осындай кештердің өткізілуі жас жеткіншектердің бойына ұлтжандылықты, ұлттық мәдениеттілікті құрметтеуге тәрбиелейді.
Бабаларымыз ұрпақ бойына еңбекті сүю, қиыншылыққа төзе білу, ата-тегін, дәстүрін сақтау, жасы үлкенге құрмет көрсету, қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу сияқты игі қасиеттерді сіңіруді мақсат тұтты. «Сәлем – сөздің анасы» деп халық бекер айтпаған. Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет, инабаттылық, адамгершілік деп білген жөн. Игі адамгершілік қасиеттерді балаларға жас кезінен жанұяда қалыптастыру керек. Әрбір адам өз балалары арқылы өзін қайталайды, бұл ата-тегін жалғастыру емес, сондай-ақ адамгершілік сапалары жоғары жаңа қоғам адамын дайындау деген сөз.
Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті қалыптастыруы тиіс.
5. Оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу –
Адамгершілік тәрбиесіне мақсатқа негізделге көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі,- деген анықтама берілген.
Мораль нормалары баланың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана адамгершілік субъектісіне айналады.
Л.Х.Салимованың айтуынша: «адамгершілік тәрбие жеткіншектердің адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруге, оларда адамгершілік сезімдерді дамытуға, адамгершілік сана мен сенімдерді қалыптастыруға, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, іскерліктерді шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдіс. Бұл үрдістің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі».
Адамгершілікке тәрбиелеу жеткіншектер үшін маңызды және тартымды. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, іс-әрекеттер барысында мынандай шарттарды орындауына байланысты:
Қазіргі педагогикада жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиелігінің өлшемдерін анықтауда бірнеше көзқарастар бар. Мәселен, Е.В.Бондаревская, И.С.Мариенко, Б.Т.Лихачевтың еңбектерінде адамгершілік тәрбиелігінің өлшемі ретінде жеке тұлғаның қоршаған шындыққа (әлеуметтік орта, еңбек іс-әрекеті, ұжым және т.б.) қарым-қатынасы саналады.
Н.И.Монахов, Н.И.Болдырев болса, оқушының адамгершілік тәрбиелілігін жеке тұлғаның белгілі бір адамгершілік сапаларының жиынтығы ретінде қарастырады. Өйткені, адамгершілік қасиеттердің құрылымдық түрлері: адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері болып табылады.
Е.С.Богданова, Н.А.Каировтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сана, сезім және мінез-құлық деңгейі ретінде қарастыруды ұсынады.
Адамгершілік тәрбиесі
оқушылардың нақты жас
Жалпы әлеуметтік тәрбие үш түрлі функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырылады. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі жеткіншек ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізуден көрінеді. Ал оның теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз етеді.
ІІІ. ІС-ТӘЖІРИБЕ
Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ұмтылушылыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа, қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелеп жаттықтырудың да маңызы зор. Олай болса, тәрбие жұмысының барысында тәрбиешілер оқушыларда осындай адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру ісіне жете көңіл аударған жөн. Мектепте адамгершілікке тәрбиелеу оқушыларда игі қасиеттерді қалыптастыруды көздеп қана қоймай, сонымен бірге балалардың мінезі мен іс-әрекетіндегі бұрын қалыптасып қалған ұнамсыз жақтарын да жоюды көздеп отырған абзал. Оған дәлел ретінде сыныпта «Әдептілік - әдемілік» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізуге болады.
***
Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың көрнекілігі: Сөздер жазылған карточкалар.
Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу әдісі.
Сабақтың барысы:
Сабақтың тақырыбы хабарланып, бүгінгі сынып сағатында не туралы, қандай тақырыпта әңгіме жүргізілетіндігі жайлы айтып өту.
Кіріспе әңгіме.
- Құрметті, балалар! Сендер
болашақ өмірдің
Мектепте:
Көшеде:
Үйде:
Сиқырлы сөздер.
Рақмет! Кешіріңіз! Рақым етіңіз! Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз!
2. Бекіту.
- Балалар, енді сендермен
мынадай жұмбақ-тақпақтар
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әкелді.
Не деп барып жеу керек? (Рұқсат па?)
Балалар жүр көшеде
Естіледі шу-айғай.
Сен де шықтың көшеге
Қағып кеттің байқамай.
Мұнда не деу керек? (Кешіріңіз)
Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді? (Сәлеметсіз бе?)
Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?
Әжең сенің түскі асқа,
Қасықтарды қойды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Бұрын қолды салдың сен.
Жөн еді не айтқаның?
- Балалар, енді мына
бір жұмбақ әңгіме оқып
(Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз!)
(Кешіріңіз)