Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:21, курсовая работа

Описание

Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Содержание

Жоспар
І. Кіріспе................................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................
1. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.............................5-8
1.1. Сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер.......................5-6
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту әдістері............................7-8
2. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту.......................9
2.1. Ойын арқылы дамыту ................................................................................9-13
2.2. Байланыстыра сөйлеу арқылы дамыту ..................................................13-15
2.3. Сөз әдебін қалыптастыра отырып дамыту .............................................15-16
2.4. Шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту ....................................17-19
2.5. Сөздік қорын молайту арқылы дамыту ..................................................19-22
2.6. Көркем әдебиетті оқу арқылы дамыту ..................................................22-24
Қорытынды .....................................................................................................25-27
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................28

Работа состоит из  1 файл

негізгі бөлім.docx

— 75.75 Кб (Скачать документ)

Ойынды зерттеу мәселесімен  педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар  т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі  саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері  көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, крассворд, викторина, психологиялық  жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас  ерекшеліктеріне қарай күрделене  түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі. Ал мектеп оқушысы болуда ойынның әсері баланың таным белсендігі мен дүниеге көзқарасына қоса, сөйлеу тілін жетілдіретіні сөзсіз.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бipi- ұлт ойындары.

Ұлттық ойындар халықтың элеуметтік- экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ, халқының ұлттык, ойындарымен таныса отырып, көзімізден әбден жетеді.

Уакыт мұғалімдерге мектепке дайындық үстіндегі баланы жаңа заман талаптарына сай, әpi озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipгe әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, ата-салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпак; тәрбиелеуді талап етуде.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегежейлі  білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес, бала отбасы тәрбие және өзін коршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттайтын балаларға ана тілін оқыту мен сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Сөйлеу тілін дамытуда ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз маганасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.

Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау- жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тіл мүкістігін танып түзетудің, баланың жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін кеңейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.

Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалаған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын   білген.   Саусақ   ойының   ойнай   отырып,   балалар   қоршаған

ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды  бейнелей алады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері  болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, eciн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ол, әрине, сөйлеу мәдениетімен сөзсіз байланысты. Мектепке дейінгі мекемедегі сабақ уақытында пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту сәттері, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар баланың сөздік қорын жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бip түpi ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

a) балаларға өзінің қабілетін  көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен сөздік жарысын қалыптастыра білу;

в) ойын барысында балаға жаңа сөздердің мағынасын түсінуге   жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, 
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы    керсетілген   сұраныстардың    ішінде    балалардың    сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда маңызы зор. Дамытушы   ойындардың   ішінде   оқушылардың   өздері   қолдан   жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.

Өйткені, өздері ойын барысында  жаңа сөздермен танысып, олардың сөз мәдениеті дамиды.

 

2.2. Байланыстыра  сөйлеу арқылы дамыту

 

Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген  сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, морфемаларды үйренеді, яғни оларды айтылып  жатқан сөз ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған  сөздерді игеру–оның компоненттерін–сөйлемдерді, сөздерді және т.б. мүшелерін – даралап  айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Баланың осы қабілетін  дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуі  жеңілдету үшін дидактикалық тілдік материалдарды әзірлеу кезінде  әдетте қиындық тудыратын сөз  тудыру мен грамматикалық тұлғалардың  кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.

    1. Тілдік белгілердің  байланысуы осы тіркесте қолданылған  тілдік белгілердің әрқайсысының  мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға  ие болады. Морфемалардан сөздер, сөздерден сөз тіркестерін, сөз  тіркестерінен сөйлем жасау кезінде  жеке сөздердің мәні, элементтердің  мағынасы интеграцияға ұшырайды (тұтас бір бүтінге сіңіседі).

    Мысалы, баға деген  түбір морфемаға сөз тудырушы  –лы, -ла қосымшалары қосылса,  жаңа сөздер (бағалы, бағала) пайда болады. Көрсетілген морфеманың тіркестері лексикалық мағынасы жағынан бір-бірінен өзгеше үш түрлі белгі жасайды: жалпылауыш сөз (баға) сапа (бағалы), әрекет (бағала).

    Бұл сөздердің  әрқайсысы (баға, бағалы, бағала) көп мағыналы, олар өздері қатысқан сөз тіркесі мағынасының бір ғана бөлігін құрайды. Сонымен, баға сөзі сөз тіркестерінде мынандай мағыналарды білдіруі мүмкін: 1) баға – товардың сапасына қойылатын өлшем, 2) баға – білім сапасына берілетін өлшем, 3) баға – істелген еңбектің сапасына берілетін өлшем және т.б.

Байланыстыра сөйлеудің  екі типі бар: диалогтық (немесе диалог) және монологтық (монолог).

    Диалог–екі не  одан да көп адамның әңгімесі. Әңгіменің мақсаты, әдетте, бір  нәрсе жайында сұрап, оған жауап  беруге, белгілі бір әрекетке  түрткі болуға шақыру.

    Монолог–бір адамның  байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың  мақсаты – белгілі бір факт  жөнінде баяндау.

    Диалог стилі  жағынан негізінен ауызекі сөйлеу  тіліне тән.

    Л.В. Щерба ауызекі  «өзара қатынасқа түскен екі  индивидтің бір-біріне жасаған  реакциясынан, белгілі бір ситуациямен  немесе сөйлеушінің айтуымен  анықталған әдеттегі ішкі себептерден  пайда болған реакциядан тұрады. Диалог – бұл шын мәнінде  жауап беру тізбегі», - деп жазды.

    Монолог, әдетте, кітап (жазу) стилінің тілі.

    «...Әдеби тілдің  негізінде, - деп жалғастырады Л.В.  Щерба, - монолог, әңгіме, диалогқа  қарама-қарсы болып келетін ауызекі  сөйлеу тілі жатады. Монолог – бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе. Монологтың барлығы да көркем шығарманың нышаны...».

Диалогқа қатысушының  әрбір жекелеген репликасында аяқталған  ой жоқ, тек олардың бәрі «диалогтық бірлікте» деп ұғынылады.

 

2.3. Сөз әдебін  қалыптастыра отырып дамыту 

 

Бала тәрбиесі — баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да,   мектептің де мақсат — мүддесі біреу, ол — болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата — ана құшағы. Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» немесе «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген де осының айғағы. Яғни, ата — әженің, әке  - шешенің өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.

Десек те, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін мектепке дейінгі мекеме айқындап, ата — аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру тиянақты жұмыс болып атыблады.  Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңдал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір тәрбиеші, педагог, ата-ананың міндеті деуге болады. 
           Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл — адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым — қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек.  
        Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы, сыпайы болып өсетініне өмір тәжірбиесі куә. Міне, біздің кішкентай ботақандарымыз тіл шұрайының шырын — балын татып өссе екен дейміз. Сөйтіп, ұлттық сөздің кәсарымен сусындаған бала мектеп жасына жеткенде де, тіл дамытуда қиыншылыққа ұшырамас еді.  
             Бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де  қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады. 
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым — қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды аңғартады. Сөз әдебі бүлдіршіндердің адамдармен қарым — қатынас жасауы үшін, онан соң, тәриеші ұстаздың бір міндеттерінің бірі – мектепке даярлауға септігін тигізеді. 

2.4. Шығармашылық  тапсырмалар арқылы дамыту

 

Баланы мектепке дайындауда ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде тәрбиешілер мен педагогтардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Қазіргі заман талабына сай  білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға  қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты  дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға  жол ашып отыр.  Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен  шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады. 

«Білім туралы Қазақстан  Республикасының Заңында»:

«Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау  арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің  мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді  де айқындайды .

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілі сабағында бүлдіршіндерге сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге  жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар балалардың ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. «...барлық жаттығулар балалардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы негізінен тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Баланың сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі баланың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Атақты ғалым С.И.Ожегов ол туралы төмендегіше анықтама береді: «Высокая культура речи – это умение правильно, точно и выразительно передавать мысли средствами языка. Высокая культура речи заключается не только в следований нормам языка. Она заключается еще и в умении найти не только точное средство для выражения своей мысли, но и наиболее доходчивое (т.е. самое подходящее для данного случая)».

 Ендеше, тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.

Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Тамаша педагог В.Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі  мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен  қарауға үйрету»-деп атап көрсеткен.

Информация о работе Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары