Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 21:31, курсовая работа
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.
Курстық жұмысымыздың өзектілігі: Қабілет – бір іс-әрекет орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен бірге іс-әрекетті берілген уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкіндік беретін сапалар, мүмкіндік, білік, тәжірибе, шеберлік, талант т.б.
Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер
2.2. Нышан белгілерінің мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі…….......................................................................
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі…………………………………………………………………….....
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар
Елден ерекше дарынды балалар адам біткенді сондай таңқалдыратын кездері болады.Олар өз қатарынан даму жағынан оқ бойы озып кететіні сонша, оларды «вундеркинд (wunderkinler- немісше;чудо ребенок-орысша) таңғажайып қабілет иесі деген мағынада атайды.
Белгілі психолог Н.С.Лейтис
қабілетті баланың негізгі
-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің
тұрақтылығы, еңбек ету
-ақыл-ой, логикалық ойлауының
-барлық күш қуатын жұмсап тынымсыз еңбек етуі.
Осы аталған қағидаларды басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы қабілетті дамытуға болады. Дарынды бала өзге балалардан өте ерте оянған қабілетінен басқа ешқандай айырмашылығы жоқ. Ол да бала, оның да жазуы нашар болуы, жазуды ұнатпауы мүмкін. Ондай балалар кішкене кезінен-ақ білуге, санауға, оқуға қызыға ұмтылады, оның қызығу аясы үнемі өзгеріп тұрады.Мұндай балалардың өз қатарынан көш ілгері дамығанына қарамастан, жай сыныпта өз қатарларымен оқитындары кездеседі.
Олар ақыл-ой жүктемесіне қанағаттанбай,
Ол қиын тапсырмаға қуанып,орындауға белсенді кіріседі, оның көңілінде эмоциялық серпіліс туып, шешім табу барысында инициатива көтеріп, тапқырлық көрсетеді.Ол өзге балаға қиын болып көрінетін іске ойын ретінде қарап, үнемі осындай тапсырмалар орындауға даяр тұрады.Ондай балалар еріну, жалығу дегенді білмейді.Олардың білгісі келетін сұрағынан үлкендер шаршайды, не айтарын білмей тоқырап та қалады.Еске сақтау қабілеті, қызыққан нәрсесіне зейінділігі, қиялының байлығы, ашықтығы, әділетсіздікке төзбейтіндігі оларды одан әрі дамыту қажет екенін негіздейді.
Оқу іс-әрекетінде дарынды балалар :
1.Оқу барысында өз-өзін
2.Өзбетінше іс-әрекетке бейім.
3.Қоршаған шындықты сыни
4.Өмір, өлім, дін, дүние туралы философиялық проблемалар оларды толғандырып, жауап іздейді, пікір айтады.
5.Үнемі ісін сапалы етіп, жақсы
орындауға тырысады (перфекционизм).
Осыдан келіп мүмкіндігінен
6. Проблема толғантқан кезде ешбір басқа нәрсеге назар аудармай, алаңдамай бар зейінін шоғырландыра алады.
7.Өзінің жинаған білім,
8.Оқу, сабақ ізденіс, зерттеуге құрылған жағдайда ол үшін өте қызықты да пайдалы.
Алайда барлық адамдар секілді дарынды баланың да кемшіліктері бар.Олар:
1.Эгоцентризм, басқа адамның
, әсіресе интеллектуалдық
2. Егер оқу бағдарламасы оңай, іш пыстырар болса, мектепке деген жағымсыз қатынас қалыптасады.
3. Интеллектуалдық іс-әрекетпен
айналысуға көп уақыт
4.Сөйлесу мәдениеті ақсаңқырай
5.Барлық жерде бірінші болуға
тырысып, компромисске бара
6.Өз қатарына бұйырып, басшы болуға ұмтылуы.
Міне, осы сапалары дарынды баланы өз қатарының жақтырмай, алыстауын тудыруы мүмкін.Сыныпта мұндай балалар мұғалімнің назарын өзіне аударуды талап етеді.Олай болмаса бала өзін керек емес сезініп, тауы шағылады. Сондықтан, жай сыныптағы дарынды баламен арнайы бағдарламамен жұмыс жасау керек. Немесе сондай дарынды балалармен бірге оқитын мектепке жіберу керек.
Үйірме, олимпиада, ғылыми жұмыстар, КВН, дәстүрлі емес сабақтар, конференциялар, физика-математикалық кештер, бұқаралық ақпараттық құралдар оқу, т.б. арқылы дарынды баланы дамыта түсуге болады.
Бейімділік дегеніміз – жеке
тұлғаның қандай да бір іс -
әрекетті орындауға
Белгілі іс - әрекетке бейімділік
пен қабілеттілік бір –
Нышандар – мидың, жүйке
жүйесінің, анализаторлардың
Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын
типологиялық ерекшеліктер
Жүйке үрдістерінің күші
ұстамдылықпен, және
Мәселен вундеркинд (таңғажайып, дарынды бала) – ерекше математикалық қабілеттілігін аңғартқан жеті жасар қыз бала туралы мақала әлі есімізде.
Сирек кездесетін әдемі даусымен италиялық жас баланың Роберто Лореттидің салған әні әлі есімізден кеткен жоқ. Жас Пушкиннің Царскосельск лицейінде өз тыңдаушыларын таң қалдырған, әсіресе, Державиннің жоғары бағалауы, белгілі математик Сергей Мергеляннің өмірбаянының таңқаларлық ғажайып анкеталық деректерін келтіруге болады: 1928 жылы туған; университетті 19 жасында 1947 жылы бітіреді; 20 жасында физика-математика ғылымдарының докторы; 24 жаста КСРО Мемлкеттік сыйлығының иегері; 25 жаста КСРО Ғылым академиясының мүше-корреспонденті; 28 жасында Армян КСР Ғылым академиясының академигі.
Қабілеттілік адамға ерте де, кеш те берілуі мүмкін. Атақты композиторлар Н.А. Римский-Корсаковтың музыкалық дарындылығы 2 жасында, М.И. Глинка мен С. Прокофьев қабілеттері 7 жаста, әйгілі суретшілер И.Е. Репин мен В.А. Серовтың қабілеттілігі 3 жаста байқалған.
В. Моцарт 3 жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.
Нышандар – тек қабілеттіліктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышаны, ғажайып дарындылық туралы мысал келтіретін болсақ, 1951 жылы Америкада кибернетиканың атасы, ұлы математик Норберт Винердің ғұмырнамалық деректерінің І томы жарық көрді, кітап «Бұрынғы вундеркинд» деп аталды. «Вундеркинд» - неміс сөзі, Wunder – ғажайып, kind – бала деген екі сөзінен құралған. Одан оның өмірінің таңғажайып деректерін көруге болады: 9 жасында кішкентай Норберт ерекше дарындылық байқатып, 8 жылдық мектепке бармай, орта мектепке оқуға түсті. 12 жасында университет студенті, 14 жасында бакалавр ғылыми дәрежесін, ал 18 жасында ол Гарвард университетінен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.
Дарынды балалардың психологиясын зерттеумен көп жылдар бойы москвалық психолог, психология ғылымдарының докторы Н.С. Лейтес айналысқан болатын. Ол өзінің «Ақыл-ой қабілеттіліктері жас кезеңдерінің алғышарттары» атты мақаласында арнаулы қабілеттіліктер туралы емес (мысалы, музыкаға, суретке), жалпы немесе ақыл-ой қабілеттіліктері деп аталатын қабілеттіліктер туралы сөз болады. Н.С. Лейтестің айтуынша, жас ерекшеліктері қабілеттіліктердің компоненттері ретінде қарастырылады.
Қабілеттіліктердің негізгі
Ерекше қабілеттіліктер мен таланттың өте кеш берілуі туралы көптеген мысалдар келтіруге болады:
Көрнекті жазушы Вячеслав Шишков, мысалы, еңбектерін 40 жасында жариялай бастады, белгілі шығармасы «Угрюм реканы» 60 жасында жазды. «Емельян Пугачев» кітабын 72 жасында аяқтады. Мысалы, Симбирск губерниясының алыста орналасқан селосында дүниеге келген. Е.И. Гусева жасы 40-қа келгенде сауатын ашқан. Одан кейін жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, өзінің баласымен бірге жоғары оқу орнын бітірген, кейін ғылым кандидаты, ал 73 жасында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.
Бастауыш сынып оқушысының қабілетін дамытуға қолайлы мүмкіншіліктер
Балаларда қабілеттілікті дамыту белгілі бір іс - әрекетте олардың қабілеттіліктерінің нығаюына тікелей байланысты. Белгілі бір іске өте күшті
және тұрақты бейімділік осы
іс - әрекетке қатысты негізгі қабілеттілікті
Жас ерекшелігі – белгілі бір жасқа тән дене, таным, ақыл-ой, қызығу, сезімдік қасиеттердің комплексі. Жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің медициналық, психологиялық, педагогикалық үлгілері бар. Сонымен қатар көптеген көрнекі педагогтар жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің өзіндік үлгілерін ұсынған (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо т.б.). Әрбір жас кезеңі дене дамуы, таным әрекетінің объектісі, психиканың басым дамитын бөлігі, жетекші әрекет, сол жасқа тән жаңа құрылымдармен ерекшеленеді. Бала дамуына байланысты ішкі және сыртқы қайшылықтардың әсерінен кризистік кезең пайда болады, сол сияқты белгілі бір қасиет, іскерліктердің дамуына, қалыптасуына қолайлы кезеңдер болады, оны сензитивті кезең деп атайды. Жас өспірім шақта баланың дене, психикалық дамуында болатын жеделдеу – акселерация деп аталады.
Кіші мектеп жасында салмағы, бойы, миының көлемі артып, нерв жүйесі жетіледі. Ақыл-ойы дамып, білім алуға бағытталған әрекеті қалыптасады. Таным белсенділігі, іс-әрекетін жоспарлау іскерліктері,ерік күштері, қиялы қарқынды дамиды. Қарым-қатынас аймағы кеңейеді. Ересектердің үлгісімен өзін-өзі, басқаны бағалауы қалыптасады.
Дамудың жас және жеке ерекшеліктерін педагогикалық процесте есепке алу үшін диагностика жүргізіледі. Диагностика – зерттелуші объект немесе процесс жөнінде күн ілгері ақпарат алудың жалпы тәсілі. Оқушының дене, рухани-әлеуметтік, психикалық дамуы арнаулы әдістер арқылы зерттеледі (тест, бақылау, анкета, арнаулы тапсырмалар т.б.)
Психофизиологиялық даму әр жаста әркелкі жүреді. Л. С. Выготский-біркелкі (стабильный) және кризистік жас кезеңдерін айырған. Стабильдік уақыт – даму біртіндеп, аз өзгеріспен өтеді. Кризистік уақыт – аз уақыт ішінде үлкен өзгерістермен денеге, психикаға өзгеріс әкелумен ерекшеленеді.
Мысалы:
1. Алғашқы жыл кризисі;
2. Үш жас кризисі;
3. 6-7 жас кризисі;
4. жеткіншектік кризис;
5. (Мүшел жас кризистік кезең-
мысалы,13 жаста балалықтан
жеткіншектік кезеңге өтеді, т.с.с. )
Озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ХХІ ғасыр – білім ғасыры, бәсеке ғасыры, еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры.
Қабілетсіз бала болмайды,ашылмаған, дамымаған қабілет иесі болады, деген психологтар ұстанымы бар.
Заман алға жылжыған сайын мектеп дамуы үрдісін зерттеп, халық ағарту ісінің озық тәжірибесін қалыптастыратын білім мен ғылымның жаңа саласы педагогикалық инновация өз артықшылығын күнбе – күн таныта түсіп келеді. Бұл мұғалімнің алдына зор міндеттер қойып отыр. Ұстаздың міндеті қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру үшін, баланың жанына терең бойлап, оның жасырын жатқан ынта – қабілетін оята біліп, жан – жақты ашып, әркімді жеке тұлға ретінде жетер биігіне жетелеп, ғылыми негізінде өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Көптеген ғасырлар бойына таланттылық, шығармашылық қабілет табиғаттың «сыйы» ретінде қолданылып келгенімен, қазіргі таңда балалардың қабілетін ашып, дамытуға жан жақты жағдай жасау үшін оқыту жүйесінде көптеген педагогикалық жаңа технологиялар сынақтан өтуде. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек.
Информация о работе Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары