Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 21:31, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.
Курстық жұмысымыздың өзектілігі: Қабілет – бір іс-әрекет орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен бірге іс-әрекетті берілген уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкіндік беретін сапалар, мүмкіндік, білік, тәжірибе, шеберлік, талант т.б.

Содержание

Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер
2.2. Нышан белгілерінің мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі…….......................................................................
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі…………………………………………………………………….....
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық практикада қабілетті балалармен жұмыстарым...

Сабақ тақырыбы:   Туған жерім - тұғырым,                               

     өскен елім - өзегім.

Сабақ мақсаты:   а) Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау.      Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін тиянақтап бекіту.  

 ә) Оқушылар өздігінен жұмыс  істеуге, туған жерін, елін  сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.  

 б) Логикалық ойлау қабілетін  және өзін-өзі бақылауды үйрету.

Сабақ әдісі: Сабақ дамытушылық  түрде өтіп, ой қозғау, сұрақ-жауап  әдістері қолданылады.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ән сабағы, бейнелеу өнері.

Сабақ көрнекілігі: мақал-мәтел, сандық, бақылау картасы, тест,   жалаушалар, ғажайып үштік, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:     

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын өзіме аударып, сыныпты үшке бөліп отырғызамын.

1.      “Қабілет” тобы

2.      “Дарын” тобы

3.      “Білім” тобы

(Әр топтың білімділігін, іскерлігін, қабілетін, тапқырлығын алған  жалаушалар саны арқылы анықтап  отыру)

I.  Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару.

1-топ: т, о, н, а                              Отан - Родина

е, т, к, е, м, п                                 мектеп - школа

2-топ: й, б, д, и, а                          бидай - пшено

е, ж, р                                             жер - земля

3-топ: с, а, н, а, т, а                        Астана - Астана

к, н, ү                                              күн - солнце

II.     Ғажайып үштік.

Үш топ өздерінің қалаған  сандарын таңдап алып, берілген сұрақтарға жауап береді.

1-топ:

1. Қазақтың тұңғыш президенті кім?

2. “Дегелеңдегі жарылыс” әңгімесін  кім жазған?   

 Басты кейіпкері кім?

3. “Отан” өлеңін жатқа айт.

2-топ:

1. Атырау облысында өсетін өсімдіктерді  ата.

2. “Бақшада” әңгімесінің авторы  кім? Осы әңгімеде қандай көкөністер  туралы айтылады.

3. “Туған жер” өлеңін жатқа айт.

3-топ:

1. Қазақстан жер көлемі жағынан  дүние жүзінде нешінші орында?

2. “Құмырсқалар” әңгімесінің авторы  кім?

3. “Аппақ қыс” өлеңін жатқа  айт.

III.              Бақылау картасы.

Сұрақ

 

Жауап

1

Қазақстан Республикасынеының рәміздері.

1.

Ақын.

2

Көк бұйра бір бұлақ.

Тіл қатар былдырап,

Тастарды ұлғылап

Ағады құлдырлап.

2.

Отан – оттанда ыстық.

3

Кәкімбек Салықов.

3.

Жаңылтпаш.

4

Мақал – мәтел.

4.

Елтаңба, әнұран, ту.


 

 

Сұрақ

 

Жауап

1

Жаңылтпаш.

1.

Ұлы жазушы.

2

Қарабатыр кімнің әңгімесі.

2.

Қазақ, түрік, орыс, неміс, кәріс, қырғыз, украин, татар, тәжік.

3

Атырау облысын мекендейтін  ұлт өкілдері.

3.

Бозда боз ат мінген атам,

Бозда боздап жүрген атам.

4

М. Әуезов кім?

4.

Ыбырай Алтынсарин.


 

Сұрақ

 

Жауап

1

Суықторғай.

1.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2

Ыбырай Алтынсарин кім?

2.

Саға Жиенбаев.

3

Мақал – мәтел.

3.

Максим Зверев.

4

“Ұшып келем” оның авторы кім?

4.

Ағартушы, алғашқы ұстаз.


 

 

IV.             Сергіту сәті. (ән) Қалдыбай Нұх.

V.                Кім жылдам ойыны.  

1-топ.                     2-топ                      3-топ

1. Кітап                  1. Мектеп               1. Жылқы

2. Сырдария          2. Сызғыш              2. Қазыбек

3. А. Құнанбаев    3. Аққу                    3. Қаңтар

4. Күз                     4. Атырау            4. Ә. Молдағалиев

5. Күшіңе сенбе,   5. Ақ тай ақ па,       5.  Үй үстінде алтын тас,

Біліміңе сен.            Қара тай ақ па.     Алайын десен табылмас.

6. Орындық           6. Текемет                6. Қаламсап

7. Қой                     7. Жаңбыр               7. Жел

VI.             Оймен жұмыс істеу.

1-топ:

Атырау  қаласы туралы шағын әңгіме жаз.

2-топ:

“Қыс”  мезгіліне байланысты сурет салу.

3-топ:

“Туған жер”  туралы өлең жаз.

(бір шумақ)

VII.           Жұмбақ айт. Сандық ішіндегі заттарды мұғалім сипаттап айтады, оқушы жауап береді. Ол не?

1-топ:

Табиғат байлығы өзі қатты, түсі қара, жанғыштық қасиеті бар.

2-топ:

Дәнді дақылдардың бірі, түсі сары, тағам ретінде пайдаланамыз.

3-топ:

Бөлменің, сыныптың сәні, көмірқышқыл газын өзіне тартып, оттегін бөліп тұрады.

VIII.        Тапсырма.

Үш топқа да “Қарлығаш” деген  сөз беріледі. Сол сөзден бір минут  ішінде бірнеше сөз құрастыру  керек. 

IX. Ұйқасын тап.

1-топ:

Шота!

Арам шөпті ота.

2-топ:

Дина!

Сөз маржанын жина.

3-топ:

Жұрын!

Қайда оқыдың бұрын?

1-топ:

Оңдасын!

Көп пе сенің жолдасың?

2-топ:

Ажар!

Жүрген жерің базар.

3-топ:

Айбала!

Өкпелеткен қай бала?

X.Қорыту.

Қалдыбай Нұх. (ән)  

XI. Үйге тапсырма:

1.      Тарау материалдарын қайталау.

2.      Өлең жолдарды толықтыру.

3.      Суретті аяқтау.

4.      Әңгімені жалғастыру.

3-сынып   

 Сабақтың тақырыбы: ЖЕМІС БАҒЫНДА    

 Сабақтың мақсаты:

Адам және табиғаттың байланысты екендігін  пысықтау.

Жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары, соның ішінде жеміс бағы туралы түсініктерін кеңейту.

Әр түрлі ой дамыту стратегиялары  арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал  ету.   

 Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Табиғатты қорғауға, жасыл өсімдіктерді  күтуге тәрбиелеу. Жасыл ағаштардың  адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру.   

 Сабақтың түрі: Дамытушылық  сабақ.   

 Көрнекіліктер: Алма түрлері  және суреті, таблицалар, карточкалар,  ватман қағаз, жыл мезгілдеріне  байланысты сюжетті суреттер, кітаптар  т.б. заттар.   

 Сабақта қолданылатын әдістер:  Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, Sinkuein 5 жолды өлең, топпен жұмыс, салыстыру кестесі.   

 Пән аралық байланыс: дүниетану,  қазақ тілі, математика; өмірмен,  қоршаған ортамен байланыс, халық  педагогикасын пайдалану, көрнекілік  қолдану.   

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аударту.    

2. Үй тапсырмасын тексеру.   

 І. Психологиялық дай ындық:    

 а) жұмбақ өлең оқу (жауабы: күз).   

 ә) күз туралы суреттер  көрсету, әңгімелеу.   

 Үй тапсырмасы сұралады: “Орман  суреттері” әңгімесңн мәнерлеп оқу, суретін салу, әңгімелеу. Борсық, қоян, тиінді суреттеу тапсырылған. Жеке оқушылар сұралады. Салған суреттері қабырғаға ілінеді (жыл мезгілдері туралы Абайдың өлеңдері сұралады, табиғат лирикасына арналған).   

 Жаңа сабақ: Татар халық жазушысы Н.Базиденнің “Жеміс бағында” атты әңгімесін оқимыз. Тақтаға жазу.   

 Ой қозғау: Сюжетті суреттермен  жұмыс. Балалар жаңа сабақты  бастамас бұрын сурет туралы  ой қозғайық. Бұл қай мезгілді  білдіріп тұр? Қазір қай мезгіл? – Күз мезгілі. Күз мезгіліндегі заттарды атату. Күз – берек, байлық деу себебіміз не?   

 Неге алтын күз дейміз? Табиғаттағы  құбылыстарды айтқызу, орман,  тоғай, бау-бақшадағы өзгерістерді  айту. Табиғат пен адамның байлынысн  атап өту. Пәнаралық байланыс.    

 Жыл мезгілдері туралы  қандай тақпақтар білесіңдер? Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін еске түсіру, жарыс ретінде айтқызу. Енді тақтамен жұмыс.

Жеміс бағында не өседі?

Жеміс ағаштары өседі.   

 Ол бау, бақша болып бөлінеді. Салыстыру кестесі бойынша салыстыру.  Бай, бақшаның айырмашылығы неде?

Салыстыру кестесі

Бау              Бақша

Ағаштар              Көкөністер

Алма              Қияр, капуста

Алмұрт              Қызамық, сәбіз

Шие, жүзім              Картоп, пияз

Жаңғақ              Қызылша

Айырмашылығы:

Бұтақта, ағашта өседі.              Жерде өседі.    

 Жұмбақтар жасыру.   

 Тақтаға сюжетті суреттер  ілу, пысықтау.   

 Диалог: Сұрақ-жауап.   

 Түртіп алу жүйесімен жұмыс  істеу: +, ?, v, – белгілерімен сөздік  жұмыс жүргізу, өздерінен сұрату, жауап алу, оқушылар түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі.   

 Топпен жұмыс: (Ой толғаныс). Карточка таратылады.   

 І топ: Жыл мезгілдері туралы  не білесің?   

 ІІ топ:  Бауда қандай жеміс ағаштары өседі? 

ІІІ топ: Алма бауының күзгі  көріністерін суретте.  

 ІV топ: Алма жинау, еңбек  ету, көктем туралы айтып бер.

V топ: Қандай алма түрлерін  білесің?   

VІ топ: Жеміс-жидектердің қандай  пайдасы бар?   

 Топпен жұмыс жүргізіп болған  соң топ басшысы т.б. оқушылар  жауап береді. Енді Sinkuein   (5 жолды өлең) тақтаға алманың суретін ілу, таблицаны т.б.

Не? – Алма.

Қандай? – Тәтті, домалақ, қызыл.

Не істейді? – Өседі, қызарады, піседі.

Алма – витамин.

Алма – денсаулытың көзі, сүйікті  жеміс.   

 Пән аралық байланыс, синтездеу,  әрі өздері өлең жазып, тақтаға қорытынды өлең жазады.   

 Алманың пайдасы туралы айтып  өту. Жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер  айтқызу.

Логогриф жасыру:              Алмада болса,

Алшада жоқ.

Алшада болса,

Алмада жоқ.   

 Сабақты қорыту. Жұппен жұмыс,  жалпы ортақ ойды тақтаға ақ ватман қағазға жазамын. Жалпы жасыл өсімдіктердің пайдасы туралы айту, қорыту. Жұмбақ жасыру.

Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.

Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.   

 Бағалау кезеңі.   

 Үйге тапсырма: Өздері жақсы  көретін жемістерінің суретін салу, сол туралы шағын әңгіме, өлең т.б. жазып келу. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

Қорытынды      

 Көптеген ғасырлар бойына  таланттылық, шығармашылық қабілет  табиғаттың «сыйы» ретінде қолданылып  келгенімен, қазіргі таңда балалардың  қабілетін ашып, дамытуға жан  жақты жағдай жасау үшін оқыту жүйесінде көптеген педагогикалық жаңа технологиялар сынақтан өтуде..Тек мұғалім оқушылардың қабілет деңгейіне, дамыту мақсатына қарай тиімділерін алып, орынды, саналы, жүйелі қолданып, әр сабағын осы әдістер жүйесімен өткізіп отырғаны дұрыс.Әр сабақ – шығармашылық ізденіс десек, шығармашылықпен жұмыс істей алатын балаларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, білмге деген құштарлығын арттыру – мұғалімнің басты парызы.      

Информация о работе Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары