Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 23:40, курсовая работа
Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу
Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Кіріспе
1 Бөлім. Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу
1.1. бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру
2 Бөлім. Бейнелеу өнері арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
2.1. бейнелеу өнері сабағында эстетиканы қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик
Е.А.Букетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік
Университеті
Кәсіби көркем өнер факультеті
Бейнелеу
өнері және дизайн
кафедрасы
Курстық
жұмыс
Пәні:
Оқушылырдың көркем
шығармашылық ұйымдастыру
ахмеологиялық негізі
Тақырыбы:
« БАСТАУЫШ
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БЕЙНЕЛЕУ
ӨНЕРІ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ
БАУЛУ
»
Орындаған: БӨЖС 31 қ/б студенті Алдажуманова А.Н.
Ғылыми
кеңесші: Балкенов Ж.Ш
Қарағанды 2011
ЖОСПАР
Кіріспе
1
Бөлім. Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу
өнері арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу
1.1. бейнелеу
өнері сабағында эстетикалық
тәрбие беру
2
Бөлім. Бейнелеу өнері арқылы балалардың
эстетикалық талғамын қалыптастыру
2.1. бейнелеу
өнері сабағында эстетиканы қолдану
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Қосымша
Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу
Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.
Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұщтасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер ( «Түстерді ажырат», «Кім алғыр», «Үйлестіре біл», т.б.ойындар)тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады.
Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді, оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская, Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген.
Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев, С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов, Ж.Балкенов М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.
Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял – сезімін шарықтату болып табылады.
Балалардың
эстетикалық тәрбиесінің
Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім – саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік – қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк –жасыл орман – тоғай, сылдыраған су, шексіз – түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.
Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу –тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т.б.) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып, ұнаған жерлерді суретке түсіру.
Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.
Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі, Ілияс Жансүгіровтың «Жетісуды суреттеуі» т.б.
Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты, өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиеге баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің, сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.
Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан –жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың, әсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.
Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде шеберліктің небір сан –саласын, асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.
Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу өнері жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қояды. Сурет салуды сүю -өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол мектеп оқушысының ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Халық
шеберлері ою - өрнек салу тәсілін
белгілі – бір ізбен
Бейнелеу өнері –ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген. Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнер.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу