Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:45, дипломная работа
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте»*3.
В. С. Курочкин «Чернышевскийдің пәтерінде болып, онымен шахмат клубында бірнеше рет кездесіп «Земля и воля» құпия қоғамның жұмысына қатысты. Ол тыйым салынған мақалаларының бірқатарында Н. Г. Чернышевский бастаған ұлы іс жолында аянбай күресуге шақырды»*117.
Василий Степанов Курочкин (бүркеншік аттары - Знаменский, Темный) 60-шы жылдардағы белгілі ақындардың бірі болды. Шоқан Уәлихановтың достарының бірі - В. С. Курочкиннің бауыры Николай Степанович онымен дүниеден өткенше байланысын үзбеді. Ол ақын және журналист болған (Скорпионов, Преображенский деген лақап атпен жазды). 1861 жылдан бастап ағайынды Курочкиндер «Земля и воля» қоғамының мүшесі болды.1862 жылдан бастап «Лондон насихатшыларымен байланыстары үшін айыпталған адамдар жөніндегі», яғни, А. И. Герцен мен Н. П. Огаревпен байланысы үшін қозғалған істің салдарынан патша күзетінің бақылауында болды. Александр II-ге жасалған қастандық әрекеттен кейін ағайынды Курочкиндер тұтқынға алынып, біраз уақыт Петропавл бекінісінде қамауда отырды.
1861-1862 жылдары Н. С. Курочкин
«Иллюстрация» журналының
Көрнекті орыс жазушыларымен және ғалымдарымен күнделікті араласа жүріп, Шоқан олардың Орта Азия мен Қазақстанға қызығушылығын оятып, шет аймақ халықтарына деген олардың достық сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік жасады. Ол кейбір ақындарға шығыс өмірінен тақырыптар берді. Ш. Уәлихановпен болған әңгімелердің әсерінен ақын А. Н. Майков «В степях», «Альпийские ледники», «Емшан» атты өлеңдер жазды.
Оның материалдары мен кеңестерін көп авторлар пайдаланды, мысалы, Ыстықкөл, Орта Азия мен Қазақстан туралы жазған Бас штабтың офицерлері А. Ф. Голубев пен Д. И. Романовский, Ш. Уәлиханов материалдарын П. П. Семенов Тянь-Шаньский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П. Ковалевский мен А. А. Татаринов, П. И. Лерх және басқа да көптеген ғалымдар пайдаланды.
Шоқан әзілдегенді, қоршаған ортасындағы
кемшіліктерді әжуалағанды жақс
1861 жылдың көктемінде ауыр науқас
Шоқан Уәлихановты Петербордан
кетуге мәжбүр етеді.
Петерборда Уәлиханов бір
Ш. Уәлихановтың елге қайтып оралуы туыстары үшін қуанышты хабар болды. Онымен бірге достары - Мәскеу университетінің студенті (аты-жөні белгісіз), татардың ғалым-ағартушысы Хұсайын Файзхан, Шоқанның жақын досы И. И. Ибрагимов және басқалар ере келеді.
Олардың келу қарсаңында Уәлихановтар ауылы жайлауға көшіп, жаңа Бүрлік жайылымына қоныстанған еді. Бұл жерде Шоқанның зиян келген денсаулығын жақсартуға, демалуына барлық жағдай бар болатын. Ш. Уәлихановтың өкпе ауруынан жазылуына бірден-бір ем деп есептеген таза ауа, қымыз, қой еті бар болатын *118.
Жергілікті Көкшетау облысы қазақтарының естеліктері бойынша, Шоқан үйінің маңайы ылғи абыр-сабыр, адамдарға толы болған. Көрші ауылдың адамдары жас ғалымның қолын алып, сәлем беруге ағылып келіп жатты. Көбі әртүрлі мәселелер бойынша ақыл-кеңес алуға келетін.
Ауылда Шоқан әрдайым халық ақындарының, аңыз-ертегі айтатындардың, музыканттардың (қобызғышы, сыбызғышы домбырашы), әншілердің, өткір тілді әзілкештер мен қуақы адамдардың арасында болды. Олар өздерінің ән-жырларымен, ойындарымен, көріністерімен оның көңілін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, оған бай ғылыми материал берді. Мұндай ойын-сауықтар кейде түннің бір уағына дейін жалғасатын. И. И. Ибрагимов: «кешкі уақыттарда Шоқан қырғыздардың әндері мен әңгімелерін тыңдап ұзақ отыратын», - деп еске алады*119.
Шоқан, әсіресе, қобызшы Құрымбай Қанғожанинді, әнші Көке Әлжановты, Шәкенді, жыршы Кәркені, акробат Әбе Тоғжановтарды қатты ұнатты. Атақты қобызшы, Шоқанның атасы, халық күйлері мен лирикалық әуен-дерді сыбызғы мен домбырада шебер орындайтын Қанғожаның өнері оны жан рахатына бөледі. Шоқанның: «Бақыт - менікі, өнер - Қанғожанікі», - деген нақыл сөзі әлі күнге дейін сақталған. Шоқан Қанғожаға «Балбырауын», «Тарғыл бұқа» күйлерін үнемі тартқызып отырған.
Шоқан Сырымбетке таяу Тұранғұл көлінің маңында тұрған атақты Тулақ қобызшының баласы Төлепбергеннің де өнеріне тәнті болды. Ол халық әуендерін қобыз бен сыбызғыда келістіре орындайтын дарынды жас болды. Олар туралы әкелі-балалы күйшілер Тұранғұлда күй тартқанда, қобыз бен сыбызғының дауысы Сырымбет тауына жетіп жатады деген аңыз бар.
Ақындар мен жыршылардан Шөже мен Тоғжан, Орынбай мен Арыстанбай, ақын Ажар қыз, әйгілі Шал ақынның ұрпағы Соқыр жырау Шоқанға жиі келіп тұрған. Шоқан ауылда болғанда, Шыңғыс әрқашан ең үздік әншілерді олардың әндерін баласы жазып алу үшін шақыратын болған.
Ауылда өмір сүре жүріп ғалым-ағартушы артта қалған мешеуліктің мұңды көрінісіне, екі жақтан езгіде қалған халықтың қасіретімен тағы да бетпе-бет келді. Ол отарлаушы шенеуніктердің жүгенсіз озбырлығы мен қазақ феодалдарының әділетсіздігін көрді. Ол мұндай зорлыққа төзе алмады. Халықтың құқығын қорғап, зорлық-зомбылыққа қарсы тұрады. Бірақ ол утопиялық идеяларға беріліп, «халық бақытын» жоғарыдан, «өкімет билігімен» орнатуға болады деген қате пікірде болды. Оны Атбасар эпизодынан (1862 ж.), Уәлиханов өз кандидатурасын Атбасардың аға сұлтаны болуға сайлауда ұсынуынан көруге болады. «Мен сұлтан болып өз отандастарыма пайда келтіріп, оларды шенеуніктер мен қазақ байларының озбырлығынан қорғайын деп ойладым, - деді Шоқан өзінің Ф. М. Достоевскийге жазған хатында*120.
- Сондағы бар ойлағаным - өзімнің
үлгім арқы-лы жерлестеріме
Шоқан, әрине, сұлтан болып халықтың жағдайын жеңілдетіп, оларды жүгенсіздік пен заңсыздықтан қорғаймын деп текке үміттенді.
Дегенмен де Ш. Уәлиханов езушілерге қарсы күресінде сол кездегі құқықсыз қазақ халқының мүддесі мен мұқтажын білдірді. Ш. Уәлиханов мешеу көзқарастармен жігерлі күресіп, феодалдық-патриархтық құрылыс тудырып, қолдап отырған ескі нанымдар мен әдеттерге қарсы шықты.
А. Н. Майковқа жазған хатында Шоқан: «Менің туыстарым... көптеген ұлттық та, таптық та ескілік шырмауында. Әсіресе, бірбеткейлік, даңққұмарлық бірден көзге шалынады. Осыдан-ақ олардың өздері туралы өздерінің ақылдылығы туралы және басқалар басқалар туралы жоғары пікірде болатыны түсінікті. Әр түрлі ақыл-кеңестер немесе дау-дамай олардың менмендігін тек тітіркендіреді және қасарушылықтарын нығайтады.
Көппен жалғыз алысуға шама келмесіне көзім жетті, шындық қанша нұрлы болғанымен, адасқан ақылға сәуле түсіре алмайды екен, уақыттың өзі соған себепкер болса амал бар ма?»*121 - деп жазды.
Ағайын-туыстарымен келісе алмаған соң Шоқан Омбыға кетіп қалды. Мұнда ол облыстық басқарманың заң комиссиясының жұмысына араласып, қазақтың сот реформасы мәселелерімен айналысты.
1864 жылдың көктемінде Ш.
Әрине, Шоқан Уәлиханов мұндай қатыгез адамның қол астында қызметін жалғастыра алмады. 1864 жылдың шілде айында ол М. Г. Черняевтың әрекеттеріне наразы бір топ офицерлермен бірге Верный қаласына қайтты.
Мұрағат құжаттары бұл кезде Сібір казак әскерлерінің арасында саяси наразылық, патша өкіметінің әрекеттеріне қарсылық күшейе түскенін көрсетеді. Сібір казак әскерлері офицерлерінің саяси сенімділігін тексеру үшін Петербордан Омбыға ерекше комиссия жіберілді. Оның міндеттеріне қатаң жазалау шараларын қолданудан басқа, офицерлерден ант алу кірді.
Қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Шоқан Омбыға барудың қажеттілігі жоқ деп шешеді. Ол Верныйдан кетіп, албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барды. Сонда тұрып, оның қарындасына үйленді.
Ауылда тұрып Шоқан Ұлы жүз қазақтарының тарихи аңыздарын зерттеп, Батыс Қытайдағы дұңған көтерілісі жайлы сұрастырып, Петербор және Батыс Сібір әкімшілігімен байланысып отырды.
Ол өмірінің соңына дейін Бас штаб пен Азия департаментінің қызметкері ретінде қызметте тіркеліп тұрды*123.
Шоқан Уәлиханов өзінің меңдей түскен науқасынан айыға алмады. 1865 жылдың сәуір айында Тезек төренің ауылында, Алтын Емел жотасына жақын Көшен-тоған деген жерде қайтыс болады*124.
Дүниеден қайтардан біраз
Шоқан әкесіне жолдаған ең соңғы хатында: «Жетісуға келіп, бейшара Айсараны (әйелі) елге алып қайтыңыз, оны қараусыз қалдырмаңыз», - деп жазған еді. Шоқанның осы ақырғы тілегін орындау үшін 1865 жылдың жазында Көкшетаудан Алтын Емелге керуен жіберілді.
Керуенмен келгендер Ш. Уәлиханов зиратының басына күйдірген кірпіштен күмбез орнатты. Бұл зираттың фотосуреті*125 мен Г. Н. По-таниннің қарындашпен салған суреті сақталған*126. Керуен Шоқанның әйелін алып кейін қайтты.
Шоқан Уәлихановтың бейнесін оның достары мен жолдастары Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, Г. А. Колпаковский, И. И. Ибрагимов, Н. Ф. Усов және басқалар мәңгі естерінде сақтады. Шоқан Уәлихановтың ғылым саласына сіңірген еңбегін есте қалдыру үшін генерал К. П. Кауфманның тапсырмасы бойынша және сәулетші П. Зенковтың көмегімен XIX ғасырдың 70-ші жылдары Ш. Уәлихановтың кесенесіне қазақ және орыс тілдерінде жазылған мәрмәр тақта орнатылды. Бұл жазбаның сөздерін К. П. Кауфманның*127 өзі жазып, қазақ тіліне И. И. Ибрагимов (1891 ж. Хиджазда ресейлік консул қызметінде қайтыс болды) аударды. К. П. Кауфманның тапсырмасында: «... жазудың сөздерін мұқият және қатесіз орналастырып, іскер шеберді іздестіру керек» делінген*128. Мәрмәр тақтаны Екатеринбургтен алдыртып, Алтын Емелге Омбы мен Семей арқылы жеткізіп, Шоқан Уәлихановтың зиратына орнатты. Тақтадағы жазуда: «Бұл жерде 1865 жылы дүниеден өткен штабс-ротмистр Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың сүйегі жатыр. Бұл ескерткішті Уәлихановтың ғылымдағы еңбегі ескеріліп, Түркістан генерал-губернаторы Кауфман I-ң тілегі бойынша генерал-лейтенант Колпаковский 1881 жылы орнатты» делінген*129.
Жазудың алғашқы нұсқасында бұдан әрі «Бұл құлпытас бәрімізге сүйікті және құрметті марқұм Шоқан Уәлихановқа қойылды», - деген жазу болған*130, кейін бұл сөздер алынып тасталған.
Содан бері жүз жылдан астам уақыт өтті, Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш әлдеқашан қирап, бүлінді. Бірақ қазақ халқының тамаша асыл перзентін бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. 1958 жылы Шоқан Уәлихановтың зиратына зәулім ескерткіш орнатылды. Оның 150 жылдық мерейтойының қарсаңында, Шоқан атындағы колхоз жанында мемориалды кешен салынды (музей, ескерткіш, обелиск).
Қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы Ш. Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби мұра қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, сондай-ақ едәуір көлемде қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған еңбектер жазып үлгерді. Ол терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым еді. Деректі материалдардың кең қамтылуы, қаралатын мәселелердің кеңдігі, көптеген шешімдердің негізділігі қазіргі зерттеушілерді дереккөздердің біркелкілігі ретінде оның еңбектеріне көңіл бөлуде ерекше жігерлендірді. Ш. Уәлихановтың шығармаларынан нақты қорытынды және өзі жүргізген зерттеулерді де, ертеде өткен, халық зердесінде сақталған мәліметтерді таба аламыз. Халықтық дәстүрлер мен аңыз-әңгімелерді, көптеген деректі материалдарды білу оған Қазақстан тарихының ең қасіретті кезеңде кең көлемде және терең зерттеуге мүмкіндік берді*131.
Өзінің ғылыми қызметін Ш. Уәлиханов кадет корпусында оқып жүрген кезде-ақ бастаған болатын. Шығыстанушы И. Н. Березиннің еңбектеріне қызығушылық білдіріп, Ш. Уәлиханов онымен хат жазысып және оның тапсыруымен қазақ тілі саласы бойынша біраз ізденіс жасады. Ш. Уәлиханов сонымен бірге, И. Н. Березиннің «Хан жарлықтары» еңбегіне сын-пікір жазды, ол оның тұңғыш ғылыми еңбегі болды. Қадырғали Жалайырдың «Джами'ат-тауарихынан» көп нәрселер алып, алғаш рет оның негізгі тарауларын орыс тіліне аударып, түсініктер беріп, аудармаға қосымша шығыс терминдерінің сөздігін жасады. Ол «Шейбани-наме» мен «Шежіре-и-түрктің» (И. Н. Березин басылымы) көптеген жерлерін жазып алып, солардың негізінде теориялық жағынан маңызды «Қырғыздың шежіресі» атты еңбегін жазды.
«Джами'ат-тауарихты» Уәлиханов сирек ұшырасатын тарихи шығарма, XV, XVI ғасырлардағы қазақтың тарихи аңыздар жинағы ретінде бағалады. «Қырғыздың шығу тегі туралы аңыздар, - деп жазды ол, - Ұлы жүздің жалайыр руынан шыққан қырғыз жазған «Джами' ат-тауарих» пен «Шейбани-намеде» айтылған жайлармен дәлелденеді».
Информация о работе Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары