Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:45, дипломная работа
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте»*3.
Осыдан бұрын айтылып өткендей, Ш. Уәлиханов бірнеше шығыстық және еуропалық тілдерді жақсы білді. Соның арқасында ол көне дереккөздерді түпнұсқада оқуға мүмкіндік алды. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының географиясына, тарихына қатысты материалдардың орыс тіліндегісінен басқа, барлық еуропалық және шығыстық дереккөздермен де қиналмай таныса алды. Ол ұзақ та мұқият қарастырған парсы, араб, түрік тілдеріндегі дереккөздер оған жақсы таныс болды. Кейіннен Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде пайдаланған белгілі «Бабырнама», «Тарих и Рашиди», «Тазкира и Ходжаған» (Қожалар тарихы) деректерін зерттеді.
1854 жылы К. К. Гутковскийдің
экспедициясына қатысқан Ш.
Ғылыми салада Ш. Уәлиханов үшін 1856-1858 жылдар аса жемісті болды. Жетісу өлкесінде ол көне Алматы, Қойлық, Алмалық қалашықтарын зерттеп, көне тиын ақшалар коллекциясын жинады, Таңбалы тас (Іле өзенінде), Шолақтаудағы және Жоңғар қақпасы маңындағы тасқа қашалған суреттерді, Ыстықкөлдің солтүстік жағасы мен Аягөз өзеніндегі балбал тастардың түр-кескінін қағазға түсіреді.
Оның Ыстықкөл, Құлжа, Қашғар сапарларында жазған тамаша күнделіктері, «Көкетай ханның өлімі», «Оңтүстік Сібір тайпалары-ның тарихы туралы ескертпелер» (№1 жазба) осы кезеңге жатады.
Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға арналған тарихи-географиялық шолу түріндегі - «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Алтышар немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының хал-жайы туралы», (Кіші Бұхара ) еңбектері үлкен қызығушылық туғызды.
Ш. Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы зерттеулері, сондай-ақ қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарға байланысты мақалаларының ғылыми маңызы зор. Бұлар - «Абылай», «Қырғыздардың шежіресі», «Көне дәуірдегі қазақтардың қару-жарағы мен әскери жабдықтары», «Шона батыр», «Сот реформасы туралы жазба», «Қырдағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы шамандық қалдықтары», «Қырғыздардың көші-қоны туралы» және т. б.
Кейбір еңбектерде Шоқан тарихшы,
этнограф қана емес, әдебиетші, публицист,
тамаша сөз зергері екенін де танытады.
Қазақ халық поэзиясының
Қазақ әдебиетінің тарихы үшін Ш. Уәлихановтың эпистолярлық мұрасы, орыстың көрнекті жазушылары мен ғалымдарымен хат алмасуы - ерекше маңызды. Бұл хаттарда күнделіктеріндегідей Уәлихановтың публистикалық дарыны айқын аңғарылады. «Егер Шоқанның еңбектерін қазақ халқының арасында оқи алатын ортасы болғанда, - деп жазды Г. Н. Потанин, - ол өз халқының кемеңгері болып, өзімен пікірлестердің әдебиет жағынан жандануларына негіз салған болар еді».
Ш. Уәлиханов күнделіктері көркем очерк мәнерінде жазылған, кейде лирикалық шегіністер жасап отырады («Құлжа сапарының күнделігі», «Қашғар сапарының күнделігі»). Бұл күнделіктерде табиғатты халық өмірін терең білу арқылы жанды, тартымды етіп бейнелеу бар. Құлжа күнделігінде Шыңжан халықтарының елеулі тарихи кезеңдері, тұрмысы мен мәдениеті, олардың көне дәуірден XIX ғасырға дейінгі мәдени байланыстары айтылған. Онда Тянь-Шань мен шекаралық Жоңғария халықтарының тұрмысын жанды қабылдау мен қызыға бақылау бар.
Ш. Уәлиханов сонымен қатар, Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген халықтардың ауыз әдебиетін, сирек қолжазбалары мен нумизматикалық ескерткіштерін, сфрагистика, қолөнер үлгілерін қажымай-талмай жинаушы ретінде де танымал. П. П. Семенов Тянь-Шаньский мен Ф. Р. Остен-Сакен былай деп жазды: «Бұл материалдарды жинау үшін Уәлиханов аянбай еңбектеніп, қаржысын да жұмсап, өз халқының аңыз, жыр-дастандарын мұқият жазып алып жүрді. Орта Азия халықтарының диалектілерін зерттей жүріп, көне мұраларды қымбатқа сатып алды, өлімге бас тігіп будда монастырларынан сирек кездесетін қолжазбаларды алды»*132.
Ш. Уәлихановтың Орта Азия мен Шығыс Түркістанды зерттеуші ретінде ғылымға сіңірген еңбегін дүниежүзі ғылымы тегіс мойындады. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде жарияланды. Ғалымдар оларды лайықты бағалады, бәрінен бұрын П. П. Семенов Тянь-Шаньский, И. В. Мушкетов, М. И. Венюков, Н. А. Аристов Шоқанның бұл еңбектеріне жоғары баға берді. И. В. Мушкетов атап өткендей, Уәлихановтың Тянь-Шань мен Жетісу географиясы жөніндегі еңбектері «ғылыми маңызы зор, автордың білімпаздығы мен байқампаздығын танытады». М. И. Венюков таулы Тянь-Шань елін ғылыми тұрғыда зерттеу, шынында да, Уәлиханов пен Голубев еңбегі деп бағалады. «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды, - деп жазды белгілі ғалым В. И. Веселовский, - Орыс шығыстанушылары оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде аса маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді»*133. Ресейдің ірі шығыстанушы-ғалымдарының бірі - Веселовскийдің бұл қанатты сөздері Ш. Уәлиханов қызметін көпшілік мойындаған баға болып танылды.
Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді... Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр*134», - деп көрсетті.
Сонымен қатар, Ресейдің өзінде де шеткі ұлт аймақтарының экономикалық және саяси дамуына елеулі әсер еткен маңызды оқиғалар өтіп жатты. XIX ғ. ортасында басыбайлық дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес шиеленісе түсті. Халық күресінің күшейе түсуіне байланысты Ресейде басыбайлық жүйені жойып, дамудың демократиялық жолына түсу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Қазақстандағы, сондай-ақ, Ресейдегі саяси жағдайдың шиеленісуі мен күрделене түсуі жалпы алғанда Ш. Уәлихановтың көзқарасына әсер етпей қоймады. Оның шығармаларында қазақ халқының жанды мәселелері көтеріліп, ол халықтың қиын тауқыметін жеңілдетудің жолын іздеді. Оны қазақ халқының, Ресейдің басқа халықтарының тағдыры толғандырды.
Жарияланған шығармалар мен мұрағат
материалдарына жасалған әлеуметтік талдау
Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Ресейдегі патшалық-басыбайлық құрылымға,
патшалық үкіметтің отаршыл саясатына
қарсы алдыңғы қатарлы
Ш. Уәлихановтың ағартушы-демократ ретіндегі дүниетанымы патша үкіметінің қазақ даласына жер аударған орыс қоғамының бір бөлігі - декабристер мен петрашевскийшілердің ықпалы арқасында, сондай-ақ орыстың революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовтардың да ықпалының нәтижесінде қалыптасты. Ш. Уәлиханов дүниетанымы қалыптасуының тағы бір көзі - қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті, оның саяси тарихы, бостандық пен тәуелсіздік жолындағы халық күресі болды.
Ш. Уәлихановтың көптеген шығармаларына қазақ қоғамының бұдан арғы тарихи даму жолдары туралы ой алтын арқау болды. Ш. Уәлиханов жас кезі-ақ тек орыс халқының көмегі, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениетімен байланыста болу арқылы ғана қазақ халқы экономикалық, саяси және мәдени ілгерілеу жолына түсе алады деген тоқтамға келген еді.
Ол өзінің көптеген шығармаларында өз халқының артта қалғандығы туралы жаны ауырып, халық әлі күнге қоғамдық дамудың «жасанды емес кезеңі» формасында өмір сүріп жатқанын айтады*135. Ш. Уәлиханов Ресеймен байланысты одан әрі нығайту қазақтарға жан-жақты экономикалық және мәдени дамудың көкжиегін ашады деп санады. Халық мүддесін көздеп, ол ұлттық тұйықталу мен шектеушілікке ашықтан-ашық қарсы болды, халықтар достығы, алдыңғы қатарлы ең дамыған ұлттардың артта қалған халықтармен байланыста болу идеяларын қолдады.
Қазақстанның артта
Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов қазақ даласында бүліншілік пен заңсыздық орнатқан патшалық отаршыл өкіметті батыл сынады. Көптеген шығармаларында, әсіресе, орыс достарына жазған хаттарында ол қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып ашықтан-ашық тонап жатқан патша шенеуніктері туралы өте ашына жазды. «Ашықтан-ашық аямай сорады...» *137, - деп дала әкімшілігі жайлы ызамен жазды.
Алайда, Ш. Уәлиханов қоғамды түпкілікті қайта құру үшін радикалды шаралардың қажет екенін түсінбеді, ол жамандық тұтас отарлық жүйеде емес, патшалық әкімшіліктің кейбір өкілдерінде деп қате ұғынды. Осыдан келіп оның әлденеше рет реакцияшыл шенеуніктерді либералды көзқарастағы адамдармен алмастыру әрекеттерін жасайды.
Ш. Уәлиханов қоғамдық үрдістерді түсіндіруде тұтастай алғанда идеалистік бағыт ұстанды, оның шығармаларында терең және таза ойлар сақталған... Осы тұрғыдан алғанда, оның «Сот реформасы жайында» деген еңбегі көп қызығушылық тудырады. Бұл еңбегінде ол қалың бұқараның мүддесін көздеп, үстем таптың жүргізіп отырған реформаларының мән-мағынасы жайлы мәселе көтерген.
Қазақ даласындағы әзірленіп жатқан сот реформасы жайлы өз пікірін айта келіп, Ш. Уәлиханов реформаларды жүргізгенде қоғамдық-тарихи процесті ескеріп, қоғамдық өмірдегі әртүрлі факторлардың рөлін сараптау керек деп жазды. Қоғамдық реформа жүргізудің маңызын ескере келіп, Ш. Уәлиханов әлеуметтік іс-шаралардың негізінде жатқан түрлі теорияларға сын көзбен қарау қажет екендігін атап көрсетті. Ол былай деп жазды: «...халық реформасынан жоғары тұратын маңызды қоғамдық реформа жоқ. Барлық заң шығарушылар мен реформаторлардың қоғамға пайданы көздеп келгені және көздейтіні күмәнсіз, бірақ қоғам дамуына пайдалы, зиян деген түсінік әр ғасырда әртүрлі болды. Қазір біздің арамызда бағзы замандардан бері көпшілік санасына сіңіп, бұлжымас аксиомаға айналып, күнделікті тірлік пен дағдыға сай қалыптасып кеткен көптеген жабайы гипотезалар бар, ғылым олардың қателігі мен заманға сай келмейтінін дәлелдеп отыр»*138.
Реформаның табиғаты туралы айта келіп, Ш. Уәлиханов бұл мәселенің «экономикалық және әлеуметтік» жағына баса назар аударды, ол «халықтың ең маңызды қажеттіліктеріне қатысты» екенін айта келіп, ал «саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды жүргізу құралы ғана, себебі әрбір жеке тұлға және тұтас адамзат қоғамы ең басты мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын жақсартуға ұмтылады, даму дегеніміз осы. Осы тұрғыдан алғанда, адамның тұрмысын жақсартатын реформалар ғана пайдалы, ал сол мақсатқа жетуге кедергі болатын реформалар зиянды»*139 - деп түйіндеді.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән беруі, қоғамның алға басуының шарты - қоғамның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету екенін түсінгенін байқатады. Алайда, оның бұл ойлары дұрыс жобаланған әлеуметтік жоба түрінде қалыптаса алмады.
«Прогресс» ұғымының мазмұнын адамдардың
материалдық әл-ауқатын
Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды ағартушылық тұрғыда түсіндіреді. Сол тарихи кезеңде мұндай көзқараста болуы оның көрегендігін байқатады, өйткені ағартушылық қараңғылықпен күресуге жетелеп, зайырлы білімнің таралуына ықпал етіп, қазақ халқының түпкір-түпкіріне алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің таралуына қол жеткізді.
Сот реформасының халыққа қарсы табиғатын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов байлар мен кедейлердің мүддесі екі бөлек екенін айтады. Таптық күрестің қоғамды қозғаушы күш екенін түсінбесе де, Ш. Уәлиханов қазақ патриархалдық-феодалдық қоғамының таптарға бөлінуін: қоғамның ерекше құқықтарға ие табы - сұлтандар, билер, байлар, қожалар бір жақта және Ш. Уәлиханов айтқандай, «қыр пролетарлары» кедейлер екінші жақта екенін анық байқай алды. Бұл таптардың мүдделері мүлдем керғар «...ақсүйектер мен байлардың мүддесі, тіпті мәдениеті жоғары қоғамда болсын, көбінесе қалың бұқара мүддесіне дұшпандық сипатта болады»*141. Ш. Уәлихановтың көздегені - халық мүддесіне жауап беретін қазақ феодалдарның тобына емес, «...сұлтандар мен билердің көзқарастары назар аударуға тұрарлық емес, - деп көрсетті ол, - өйткені бүкіл ұлттың мүддесі қай жағынан алып қараса да, жекелеген топтың пайдасынан басым тұруы қажет»*142.
Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік ұстанымдарда болса да, ол, жоғарыда аталғандай, бірқатар мәселелер бойынша сол замандағы ақиқат құбылыстарды түсінуде материалистік ұстанымдарға көтеріле алды.
Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарасы көңіл аударуға тұрарлық, әсіресе оның адамдардың діни сенімі туралы пікірлері қызықты...
Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін
түсіндіруі, әсіресе, қазақтардың шамандығы
туралы айта келіп, философияның негізгі
мәселесі - материя мен сана байланысын
материалистік тұрғыда
Информация о работе Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары