Интерактивті тақтамен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:10, реферат

Описание

Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

Работа состоит из  1 файл

интерактивти такта.docx

— 25.25 Кб (Скачать документ)

Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Білім берудің негізгі  мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген  қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  белсенділігін  арттыру мақсатында интерактивті тақтаны  пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар:

Біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге болады;

Екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады;

Үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. көптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты үнемді пайдалануға болады.

Интерактивті тақта –  бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен  қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері  бар. Олардың ішінде білім саласында  қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) –  ACTIVstudio программасы арқылы іске  қосылады. Бұл құрылғы компьютер,  мультимедиялық проектор және  ақпараттарды енгізуге арналған  активті қаламнан тұрады.

Aктивті қалам – бұл  меңзерді басқару құрылғысы және  компьютер мен тақта арасындағы  байланысты іске асырушы құрылғы.

Электронды ACTIVwand указкасының  ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен  кішкентайларға да қол жеткізуге  мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ  батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс  жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. “Оң қол” сонмен бірге “сол қолмен”  жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен  аудиторияларда қолдануға өте  қолайлы, онда үлкен экранға  проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы  қарындаштың көмегімен дисплейде  жазылған жазулар компьютер арқылы  тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл  зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз  – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді  үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады,  сурет салады, жазу жазады –  бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға  жатады.

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы  топпен жүргізілетін конференцияға  қатысушылардың белсенді қатысуына  мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда  еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен  тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet планшет қарапайым  тышқанның қызметін атқара алады,  презентация мен конференция  материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде  дайындауға мүмкіндік бетерін  құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт  арқылы қосылады, бағдарламаның  барлық функцияларын қолдануға  болады. Арнайы батареясыз қаламмен  флипчарт беттерінде жазу жаза  алады.

ACTIVote тестілеу жүйесі  конференцияның барлық қатысушыларына  сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың  нұсқаларынан желісіз радио пульттің  батырмасын басу әдісімен жауап  беруге мүмкіндік береді. Пульттың  көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды  және де өңделіп конференция  қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге  өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест  жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде  тест сұрақтары кітапханада сақталады  да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің  жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт  жасауға болады

ACTIVstudio PE программасы арнайы  презентацияларды өткізуге және  оны сабақ барысында қолдануға  негізделген программа. Бұл программа

ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен  жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері  өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды  құруға, өткізуге, материалдарға арнайы  эффектілерқосуға, негізгі кезеңдерді  көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге  және басқа да көптеген мүмкіндіктері  бар.

Флипчарт – бұл бірнеше  қажетті беттерден тұратын негізгі  жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны  құруға және оны көрсетуге қажетті  құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

 «Активті экран» кешені  білім үрдісінде қолданылатын  ақпаратты көрсетуге және оны  компьютермен басқаруға тағайындалған  әмбебап интерактивтік жүйе болып  табылады.

 «Активті экран» бағдарламалық  – техникалық кешенінің дидактикалық  мақсатта пайдалану барысында  олардың негізгі қызметі –  жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті  жетілдіру бағытында қолданып, сонымен  қатар бұл құралдың оқушылардың,  ойлау және ойын қысқа және  түсінікті түрде жеткізе білу  қабілетін, арттырып өз ойларын  жаңа технология құралдары көмегімен  жүзеге асыруын қалыптастыруды  қамтамасыз ете алатыны белгілі  болды.

 Бағдарламалық – техникалық  кешеннің құрамына кіретін интерактивтік  тақтаны оқытушыға сабақты қызықты  және динамикалық түрде мультимедиялық  құралдар көмегімен оқушылардың  қызығушылықтарын тудыратындай  оқуға мүмкіндік беретін визулды  қор деп те атауға болады. Сабақты  түсіндіру барысында мұғалім  тақта алдында тұрып, бір мезетте  мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын  қолдана алады. Бұл кезде мұғалім  қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін  мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

 Интерактивті құралдарды  сабаққа пайдаланғанда дидактикалық  бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі  :

- Пән бойынша базалық  білімді меңгеру ;

- Алған білімді жүйелеу  ;

- Өзін – өзі бақылау  дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген  ынтасын арттыру

- Оқушыларға оқу материалдарымен  өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік  көмек беру.

 Бұл технологияны оқу  материалын хабарлау және оқушылардың  ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру  арқылы, көзбен көру жадын іске  қосқанда арта түсетін қабылдау  мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін  әдіс деп қарауға болады.

 Оқушылардың көпшілігі  естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио  – және видеоақпаратты бір  мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

 Қазіргі кезде сабаққа  дайындалу барысында мұғалім  сабақ мазмұны оқушылар үшін  танымдылығы жағынан қызықты  әрі жаңаша өтуі үшін өзінің  бағалы уақытын қажетті материалды  іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша  мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары  пакетінің болуы мұғалімге «  мұғалім – оқушы » жүйесінде  ақпаратты беруді, өңдеуді және  қайталауды жаңаша ұйымдастыруына  мүмкіндік береді. Бірақ , мұның  барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім  компьютерлік оқыту технологиясы  бойынша білімдер мен іскерліктерді  игеруі қажет. Бұл дайындық  диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін  компьютерді оқыту үрдісінде  пайдалану әр түрлі сипатқа  ие.

 Ғылым ғасырының табалдырығынан  аттағалы тұрған қазіргі таңда  компьютер өмірдің барлық саласына  кеңінен енуде.

 Сабақта уақытты үнемдеу,  демонстрациялық материалдар даярлау  мақсатында интерактивті тақтаны  пайдаланған тиімді. Интерактивті  тақтаның үш режимінде де жұмыс  жасауға болады.

 Ақ тақта режимі  – ең қарапайым режим. Ақ  тақта режимін қолданғанда оны  ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай  және тақырыпқа қажетті жерін  белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

 Екінші режим –  Office режимі. Бұл режим сабаққа  қажетті дайындық жұмыстарын, яғни  материалдар даярлауға ыңғайлы.  Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық  кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы  болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен  төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды  қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын  немесе амалдардың дұрыс тізбегін  көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды  сурет салу панелінің « төртбұрыш  » объектілерімен жасырамыз. Сабақта  қажет кезде бұл құжатты интерактивті  тақтаның Office режимінде ашу қажет.  Бұл режим Microsoft Office – нің барлық  мүмкіншілігін ұсынады. Сондай  мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған  құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен  емес құжатпен тікелей жұмыс  жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны  тестілік тапсырмаға жазбаша  жауап беруге тақтаға шығарып,  оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен  салыстыра алады ( « тік төртбұрыш  » объектісін жылжыту немесе  жою арқылы ) және дайындалған  материалды шаблон ретінде келесі  сабақтарды пайдалану үшін сақтап  қоюға болады.

 Үшінші режим –  тақтаның интерактивті режимдегі  жұмысы.

 Сабақтарды жүргізуде  өткен материалды қайталау қажет,  сондай жағдайда интерактивті  тақтаның сілтеме жасауға арналған  компонентін қолдануға болады. Бұл  компонент арқылы Microsoft Office құралдары  арқылы құрылған құжаттарға, графиктік  редакторлардың немесе программалау  ортасының көмегімен құрылған  файлдарға, интернет беттеріне  сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік  береді.

Прожектор және Шторка құралдары  экранның белгілі бір кішігірім  аумағын көрсетуге арналған. Прожектор  құралы аудиторияның назарын бір  объектіге аударуға арналған. Экран  бетінде бір мезгілде бірнеше  объектілер орналасқан болса, оның қажет  объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып  қоюға арналған. Шторка экранның бір  бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше  тақтаның қажет бөлігін көрсету.

 Қазіргі уақытта «  қоғамды ақпараттандыру », «білім  беруді ақпараттандыру » деген  сөз тіркестері біздің сөздік  қорымызға еніп кетті. Олай  болса, қоғамды ақпараттандыру  дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру  дегеніміз – ғылыми техникалық  прогресс жетістіктерінің күнделікті  тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс – әрекеттің  интеллектуалды түрлерінің жан  – жақты әсер етуі мен ролінің  жоғарылауына байланысты объективті  процесс.

 Ол оқыту мазмұны,  әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің  өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі  негізгі мәселе білім берудің  мазмұны мен мақсатын өзгерту  болып табылады, ал оны технологиялық  жағынан қамтамасыз ету – өндірістік  мәселе.

 Қоғамды индустрияландыру  кезеңінде білім беру жүйесі  алдыңғы кезекте, маманданған  сауатты тұтынушыларды дайындауға  бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру  жағдайында бұл мәселе білім  берудің негізгі мақсатына ауысады.  Мұндағы негізгі мақсат – оқушының  қоршаған әлем жайында табиғи  ғылыми болжамын қалыптастырумен  жалпы ізгілікті адамгершілікке  дайындау болып саналады.

 Қазіргі заман мұғалімнен  тек өз пәнінің терең білгірі  болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық  – психологиялық сауаттылық, саяси  экономикалық білімділік және  ақпараттық сауаттылық талап  етілуде. Ол заман талабына  сай білім беруде жаңалыққа  жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс  істеп, оқу мен тәрбие ісіне  еніп, оқытудың жаңа технологиясын  шебер меңгерген жан болғанда  ғана білігі мен білімі жоғары  жетекші тұлға ретінде ұлағатты  саналады.

Информация о работе Интерактивті тақтамен жұмыс