Интерактивті тақтамен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:10, реферат

Описание

Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

Работа состоит из  1 файл

интерактивти такта.docx

— 25.25 Кб (Скачать документ)

 Орта білім беру  жүйесін ақпараттандырудың негізгі  мақсаты оқушылардың ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты  орындау барысында оқушылардың  ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда  жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі  туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған  қоғам қажеттілігін қанағаттандыру  үшін білім беру саласында  төмендегідей міндеттерді шешу  көзделіп отыр : компьютерлік техниканы,  интернет, компьютерлік желі, электрондық  және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық  оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді  пайдалану арқылы білім сапасын  көтеру.

 Еліміздегі саяси,  әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге  сай білім беруді ақпараттандыру  бағытында мектебімізде жүргізіліп  жатқан жұмыстар ақпараттандырудың  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  жүзеге асырылуда.

XXI ғасыр – ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа  компьютерлік сауаттылық қажет.  Бүгінгі таңда мектеп пәндерін  компьютер, интерактивті құралдардың  көмегімен оқыту нәтижелерін  зерттеудегі ғылыми проблемаларды  шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

 Білім беру жүйесін  ақпараттандыру білім беру үшін  үлкен перспективалар ашады. Соңғы  жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық  техника мен технологиялардың  қоғам өміріндегі ролі мен  орнында түбегейлі өзгерістер  болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық  технологияларды игеру қазіргі  заманда әрбір жеке тұлға оқу  және жазу қабілеті сияқты  сапалармен бірге қатарға және  әрбір адам үшін қажетті шартқа  айналды.

 Әрбір елдің технологиялық  даму дәрежесіне оның экономикалық  қуаты мен халқының тұрмыс  деңгейі ғана емес, сол елдің  әлемдік қоғамдастықта алатын  орны, басқа елдермен экономикалық  және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері,  сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік  мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде  қазіргі технологияның дамуы  мен қолдануының деңгейі оның  материалдық базасының дамуымен  қатар емес, негізінен қоғамды  парасаттандыру деңгейімен, оның  жаңа білімді туындату, игеру  және қолдана білу қабілетімен  де анықталады.

 Жедел дамып отырған  ғылыми – техникалық прогресс  қоғам өмірінің барлық салаларын  ақпараттандырудың ғаламдық процесінің  негізіне айналады. Ақпараттық –  технологиялық дамуға және оның  қарқынына экономиканың жағдайы,  адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық  қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік  қауымдастықтағы мемлекеттің ролі  тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру  мен қоғамдастықтар, жеке адам  мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың  өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды  қамтамасыз етуде ақпараттық  – телекоммуникациялық технологиялар  маңызды роль атқарады.

 Ғылым мен техниканың  даму қарқыны оқу – ағарту  саласының оқыту үрдісіне жаңа  технологиялық әдістер оның ішінде  интерактивті құралдарды кең  көлемде қолдануды қажет етеді.

 Қазақстанның тәуелсіз  мемлекет ретінде қалыптасуы  орта білім беру жүйесінің  дамуымен тығыз байланысты. Қай  халықтың, қай ұлттың болсын толығып  өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына  басты ықпал жасайтын тірегі  де, түп қазығыда – мектеп.

 Мектептердің білім  деңгейін көтеру және онда  интерактивті құралдарды пайдалану  арқылы оқу – тәрбие процесін  тиісті деңгейге көтеру, мектеп  ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық  ұжжымның жүйелі басшылыққа алған  бағыты деп есептейміз. Интерактивті  құралдарды қолдану негізінде  мектепте жаратылыстану бағытының  пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру  жүйелі түрде іске асады деуге  болады. Мектепті ақпараттандыруға  осылай мемлекет тарапынан үлкен  экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

 «Қазіргі заманда жастарға  ақпараттық технологиямен байланысты  әлемдік стандартқа сай мүдделі  жаңа білім беру өте қажет  » деп, Ел басы атап көрсеткендей  жас ұрпаққа білім беру жолында  ақпараттық технологияны оқу  үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін  арттырудың маңызы зор.

 Компьютер және интерактивті  құралдар арқылы жасалып жатқан  оқыту процесі оқушының жаңаша  ойлау қабілетін қалыптастырып,  оларды жүйелік байланыстармен  заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде  – өздерінің кәсіби потенциалдарының  қалыптасуына жол ашу керек.  Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам  аймағында, оқушылардың ойлау  қабілетін қалыптастыратын және  компьютерлік оқыту ісін дамытатын  жалпы заңдылықтардан тарайтын  педагогикалық технологияларды  ғана тиімді деп санауға болады.

 Оқушылардың интерактивті  құралдар көмегімен қалыптасатын  және жүзеге асырылатын ойлау  қабілеті бұрынғы технологиялар  арқылы берілетін ойлау жүйесінен  өзгеше болатындықтан, тек ойлау  қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы  деңгейде болады.Интерактивті құралдардың  келесі ерекшеліктерін атап өтуге  болады:

1.Бормен тақтаға жазылған  кескінді интерактивті тақтадағы  түрлі – түсті айқын, ұқыпты  кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың  көмегімен әр түрлі қосымшалары  бар жұмысты түсіндіру қиын  әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта  қателер жіберілсе, тез арада  түзетуге болады

4. Сабақта ACTIVote тестілеу  жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін  қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының көмегімен  тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға  да қол жеткізуге мүмкіндік  береді.

6. Сабақта көрнекілікті  қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі  артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне  оң әсер етеді

Әдебиеттер тізімі

1.“Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдану жолдары және оның пайдасы” Астана қаласы, «Асу» гуманитарлық-техникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Шакиров Ғалиахмет Ришатұлы, электрондық оқулығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

  1. Интерактивті тақта құралы
  2. Интерактивті тақтаның рижимдері
  3. Әдебиеттер тізімі

Информация о работе Интерактивті тақтамен жұмыс